Материалдар / Спорттық ойындары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Спорттық ойындары

Материал туралы қысқаша түсінік
Спорттық ОйындарСпорттық ойындар - дене тәрбиесінің ғана емес, адамға ықпалетудің құралы. Ең бастысы - адамның әлеуметтік маңыздықасиеттерін тәрбиелеу - ұжымдық, саналы тәртіп, жекемүдделерден ортақ мүдделерді қалыптастыру мүмкіндігі.Ұжым - жеке тұлғаны қалыптастырудағы ең белсенді фактор .Оның ықпалы жоғары, күшті, оның мүшелерінің әрқайсысыбеделді.Спорттық ойын әрдайым күрделі және жиі қатал. Сондықтан,мұндай жағдайда жоғары адамгершілік қасиеттері көрінеді.Күресуде адалдық - моральдық жетілудің көріністерінің бірі. Кез-келген құны бойынша қол жеткізген жеңіс өмір сүруге құқығыжоқ, өйткені ол спорттың моральдық нормаларын бұзады.Қарсыласқа тек қана рұқсат етілген күрес әдістерін қолданаотырып құрметтеу - бұл спорттың алғашқы қадамдарынан қатаңтүрде қолданылатын нормалар.Сондықтан, оқыту мен тәрбиелеу процесін дұрыс ұйымдастыруөте маңызды, онда жаттықтырушы жетекші рөл атқарады. Оныңжұмысының ең маңызды міндеті өмірдің барлық салаларындажоғары адамгершілік қасиеттерін көрсетуге қабіле
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жоспары:

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

  1. Спорт ойындары

  2. Баскетбол

  3. Футбол

  4. Шаңғы спорты

  5. Суда жүзу

  6. Суға секіру

  1. ІІІ Қорытынды

  2. Пайдаланылған әдебиеттер






















Спорт ойындары


Ойынға тән белгілі бір қимыл – қозғалыс әрекеттерін нақты ереже бойынша орындауды спорт ойындары деп атайды.Спорт ойындарына әр түрлі спорт құралдары пайдаланылады.Мұндай ойындар өте қызықты болумен қатар,адамның қимыл – қозғалысын жетілдіріп,ақыл – ойын өсіреді.

1928 жылы Қазақстанда спорт ойындары бойынша алғаш рет жарыстар өткізілді. Олардың негізгілері футбол, баскетбол, волейбол болды.

1948 жылдан бері баскетбол командаларының арасында республикалық біріншіліктер өткізіліп келеді.


Волейбол

Волейбол ойынын ортасына биік тор керілген алаңда әрқайсысының құрамында алты ойыншысы бар екі команда ойнайды.

Қай команданың ойыншылары волейбол добын бір – біріне бере отырып,қарсыласының алаңына көп доп түсірсе, сол команда жеңіске жеткен болып есептеледі. Команда ойыншылары допты бір – біріне екі – ақ рет бере алады.Үшінші ойыншы допты міндетті түрде тордан асыруы керек.

Бастауыш сынып оқушылары волейбол ойынының жеңіл түрі – пионербол ойынын ойнайды.


Баскетбол

Баскетбол ойынында арнаулы алаңдағы екі команданың қайсысы қарсыласының себетіне көп доп түсірсе, сол жеңіске жетеді.

Ойынның аты – ағылшын сөзі.Баскет – себет,бол доп дегенді білдіреді.

Баскетбол ойынының қазіргі ережесі 1894 жылы Америка Құрама Штатында басылып, жарияланғандықтан, бұл спорт ойынының Отаны Америка болып есептеледі.

Баскетбол ойыны ойыншының күшін молайтып, ептілігін, төзімділігін шыңдайтын болғандықтан,ол бүкіл дүние жүзіне тараған.

Біздің елімізде баскетбол ойыны балабақшадан бастап арнаулы дене шынықтыру құралы және спорт ойындарының бірі ретінде пайдаланып келеді.

Бұл ойынды ұлдар бөлек, қыздар бөлек ойнайды.

Баскетболшы болу үшін бала жақсы секіретін,епті,денесін еркін билейтін болуы керек. Сонымен бірге бұл ойын адамды жалқау емес, еңбекқор, сергек болуға баулиды.


Футбол

Футбол – дүние жүзіне ең кең тараған спорт ойыны. Оның ережесі 1862 жылы Англияда бекітілген. Сондықтан футболдың шыққан жері Англия болып есептеледі.

Футбол командасының ойыншылары шабуылшылар, қорғаушылар және қақпашы болып үшке бөлінеді.

Қазақстанда 1913 жылы тұңғыш рет “Жарыс” фубол командасы құрылды. Оны ұйымдастырушылардың және команда ойыншыларының бірі Мұхтар Әуезов болды.

Қазір бізде балалар футбол ойынын балабақшадан бастап ойнайды.

Қазақстан футболының намысын көптеген жылдар бойы “Қайрат” командасы қорғап келді. Келешекте еліміздегі футбол спортының даңқын шығару – қазіргі оқушы жастардың міндеті.

Шаңғы спорты


Шаңғыны адам баласы ерте замандардан бастап пайдаланып келеді. Тарихи деректер бойынша шаңғы Алтай өңірінен шығып,

кейіннен дүние жүзіндегі басқа елдерге тарады деген де жорамал бар.

Қазіргі кезде шаңғы спортының отаны Норвегия деп есептеледі.Норвегияда 1733 жылы алғаш рет әскерлер шаңғы тебе білсін деген жарлық шығыпты.

1767 жылы Торма деген жерде шаңғыдан тұңғыш рет жарыс өткізілді.1924 жылы шаңғы спорты бойынша халықаралық ұйым құрылды.Ол ұйымға қазір 50 – ден астам мемлекет мүше болып отыр.

Шаңғы спортының мынадай түрлері бар:

  • шаңғымен сырғанау;

  • трамплиннен секіру;

  • шаңғы қос сайысы ( 15км қашықтықта сырғанау мен трамплиннен секіру );

  • биатлон ( 15км қашықтықта сырғанау мен трамплиннен секіру );

  • тау шаңғысы.

Шаңғымен сырғанау спортында ерлер бөлек,әйелдер бөлек жарысады.

Ер адамдар үшін шаңғымен сырғанап жарысу қашықтықтары мынадай:15 км;

30 км;50 км.Ал эстафеталық шаңғымен жүгіру қашықтығы – 4х10 км.

Әйелдер үшін шаңғымен сырғанап жарысу қашықтықтары 3 км – ден басталады.Ал олимпиадалық ойындардағы қашықтықтар: 5 км;10 км;20 км.

Эстафеталық шаңғымен жүгіру қашықтығы – 4х5 км.

Жарыс ережелері

  • Жарысқа қатысатын шаңғышылардың кеудесі мен арқасына байланатын матаға оның нөмірі жазып көрсетіледі.

  • Егер шаңғышы өзіне байланған нөмірді жоғалтса,оның жарыстағы көрсеткен нәтижесі есепке алынбайды.

  • Сөреден шаңғышылардың келесі топтарын әрбір 30 секундтан кейін жіберіп тұрады.

  • Шаңғышылардың мәреге жеткендегі көрсеткіштерін қол немесе электронды секундомерлермен анықтайды.

  • Шаңғышылардың жарыс жолы біркелкі тегіс болмай,өр мен ылди жерлер міндетті түрде араласып келіп отыруы қажет.

  • Жол бойындағы бұрылыстар арнаулы жалаушалармен белгіленеді.

  • Сөре мен сөре сызығынан 200 м жерде жарысқа қатысушылар бір – бірлеріне кедергі жасамаулары үшін арнаулы жалаушалардан «дәліз» жасап қойылады.

  • Шаңғымен жарысу екі тәсілмен сырғанау арқылы өтеді:классикалық (екі қол,екі аяқты кезек сілтеп) сырғанау және конькише сырғанау.

Шаңғымен сырғанау спорты Қазақстанға Солтүстік облыстардан бастап енді.

1934 жылы солтүстік облыстардың спортшылары қатысқан республиканың біріншілігі өткізілді. Сол жылдардан бастап Қазақстанда шаңғы спортымен шұғылданатын адамдардың саны біртіндеп көбейе берді. Соңғы жылдары шаңғымен әр түрлі қашықтықтарға сырғанау спорты Қазақстанды дүние жүзіндегі шаңғы спорты жақсы дамыған елдердің қатарына шығарды.


Суда жүзу

Суда жүзу Қазақстанда 1945 жылы дене шынықтыру институты ашылғанннан кейін ғана спорт түрі ретінде таныла бастады. Суда жүзу – техникалық жағынан өте күрделі спорт түрі. Спорттық жүзудің еркін жүзу, арқамен жүзу, брасс, баттерфляй дейтін түрлері бойынша жарыстар өткізіліп тұрады. Сондай-ақ спортшылар су астында жүзумен де айналысады. Сондықтан спорттың бұл түрімен өте ынталы , төзімді жастар мен оқушылар ғана шұғылдана алады.

1947 жылы Алматының қасындағы Тастақ селосының шағын көлінде Қазақстан бойынша суда жүзуден тұңғыш рет арнайы жарыс өткізілді.

1948 жылы Алматыдағы демалыс бағында Дене шынықтыру институтының жаттықтырушылары мен студенттерінің күшімен су толтырып, қайта ағызып жіберіп тұратын алғашқы жазғы әуіз ашылды.

Спорттық жүзуге арналған әуіз деп ағыны жоқ, ұзындығы 12, 5, 25, 50 метр, ені 2,5 метрлік бірнеше жолы бар су қоймасын айтады.

1957 жылы Қарағанды қаласында тұңғыш қысқы әуіз іске қосылды.

1963 жылы Алматыдағы Пионерлер сарайында, Кентауда жүзу әуіздері ашыла бастады. Осы кезден бері қарай суда жүзу спорты кеңінен таралып, балаларға суға түскенде өзін -өзі сақтандыра білуге, суда жүзу спортының жаттығуларын терең меңгеруге машықтанып келеді. Суда жүзу республикамыздың мектептеріндегі дене шынықтыру пәнінің ең негізгі бөлімдерінің біріне айналды.

Ал енді топтасып үйлесімді жүзу - қыздар арасында кең тараған су спортының бірі.

Қазір суда жүзумен еліміздің мыңдаған адамдары шұғылданады. Спорттың бұл түрі халқымыздың денсаулығын сақтап, нығайтуға өте пайдалы.

Суға секіру


Суға секіргенде спортшы әрқандай биіктік пен трамплиннен серпіле көтеріледі және ауада қалықтап келе жатқанда сәнді де күрделі көріністер жасап, суға екі қолын алға соза, суды шашыратпай басымен түседі .

Суға секіру трамплиндері мынадай :

  • 1метрлік трамплин;

  • 3метрлік трамплин;

  • 5 метрлік биіктіктегі секіру алаңы ;

  • 7,5 метрлік биіктіктегі секіру алаңы ;

  • 10 метрлік биіктіктегі секіру алаңы .

Суға секіруге арналған әуіздің тереңдігі 5 метрге дейін жетеді .

Елімізде суға секіру спортының ресми дүниеге келген уақыты бір топ жастардың суға секіру жаттығулары үйрене бастаған 1947 жыл болды. Оны дене шынықтыру институтының суда жүзу кафедрасы жаттықтырушылары ұйымдатырды. Содан бері елімізде көптеген балалар мен жасөспірімдер суға секіру арқылы қимыл – қозғалыстар үйлесімді, батыл, жігерлі, шыныққан азамат болып өсуге талпыныс жасап келеді . Олар сан алуна халықаралық жастарға қатысып, еліміздің өсіп келе жатқан спорт деңгейін дүние жүзінің көптеген елдеріне танытып жүр.


Пайдаланған әдебиеттер


  1. Качашкин В.Н. «Физическое воспитание в начальной школе» М. 1983.Асымбекова С. И.

  2. «Дене мәдениетінің ілімі және әдістемесі». Ә.К. Әбділлаев. Ж.К. Оңалбек. Түркістан. 2004 ж.

  3. Дене шынықтыру пәнін оқыту әдістемесі. Ұ. Мұхаметжанова Астана-2007ж


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!