Орындалатын тапсырмалар:
|
І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу |
Шәкәрімнің өз сөзіне жазылған «Анадан алғаш туғанда» атты төл әнін белгілі отбасылық дуэт Жазира мен Жанболаттың орындауында тыңдау. |
|
Топқа бөлу |
Оқушыларды санау арқылы бес топқа бөлу |
|
Білу |
2. Шәкәрімнің ақындық бұлағының көзін ашқан кім? Шәкәрім жеті жасқа келгенде әкесі Құдайберді қайтыс болады. Әке өліміне ол қатты қайғырады. Өзінің тұңғыш өлеңін осы әкесі қайтыс болғанда шығарады. Бұл туралы Шәкәрімнің мынадай естелігі бар: «Жазғытұры әкем өліп, ауылға ат қойып, келіп жатқан адамдар көп болды. Мен осы кезде есік алдындағы төбешікке отырып, тасқа өрмелеп бара жатқан құртты өлтірдім. Айтқаным бар. Сонда есте қалғаны… Өлтірдің, не таптың сен онан пайда, Өмір сүріп жүруші ем жазда сайда. Өлімнің қандайлығын көзің көрді. Кешегі тірі жүрген әкең қайда? Менің де жетім қалды балаларым, Олар да жылайды іздеп аналарын. Өзің жетім, жетімді аясаңшы, Жоқ екен басыңда ми — саналарың» Осы өлеңді балалар шешелеріне оқып бергенде, шешелері қатты жылайды. Олар Шәкәрімге енді өлең жазба деп тыйым салады. Сонда Абай «Жоқ, Шәкәрімге өлең жазба демеңдер, жазсын өлеңді, бүгіннен бастап оны өзім тәрбиелеймін,»- деген екен. |
|
Түсіну |
кезеңнің ащы шындығын суреттеген «Қалқаман-Мамыр» дастаны туралы не айтасыздар? 2. Дастанда Мамыр бейнесі қалай суреттеледі? 3. Жырда екі жасты жақындастыратын бір тосын оқиға болды, ол не? |
|
Қолдану |
Поэмада қандай салт-дәстүрлер кездеседі? Жырдан үзінділерді тауып оқыңыз.
|
|
Талдау |
Мамыр – поэмадағы басты қаһарман. Ол шынайы бейне, ауылда еркекшора болып өскен байдың қызы. Әйтсе де ол әке даңқымен бой түзеген ақылсыз да жан емес. Өзін қаншалықты еркін ұстап, қарына құрық іліп, жігіттермен қатар жылқы бағып жүрсе де, оның бойында қазақ қыздарына тән нәзіктік те, ибалық та, саналылық та байқалады. Қалқаман – поэманың басында батыр күйінде кездеспейді.Оның бойында толысқан ақыл мен ерекше батылдық бар.Қалқаманның туған елінен кетіп қалуы- сол кездегі әділет жолындағы күрестің бір түрі. Шарасыздықтан туған қарсылық әрекет. Әнет баба бейнесі – ішкі иірімдері мол трагедиялық сипаттағы бейне. Шығарманың басында ел ағасы, әрі би, әрі ғұлама кейпінде таныстырылатын дана қарт бұдан кейінгі Қалқаман мен Мамыр арасындағы ғашықтық хикаясы төңірегіндегі тартыстың тікелей басы-қасында жүреді. Поэмадағы күрделі кейіпкер- Көкенай. Дастандағы трагедиялық жағдайлар, кісі өлімі, ел ішінің дау –дамайы тікелей Көкенайдың қолымен жасалады. «Мамырды өз қолымен атып өлтірген, Қалқаманды оққа шалған Көкенайды «ұнамсыз кейіпкер» деп айту қиын,-дейді М.Мағауин. – Ол да өз заманының перзенті, рулық мораль сақшысы.» |
|
Жинақтау |
1. Қалқаман мен Мамырдың қосылғаны дұрыс па, бұрыс па? 2. Көкенайдың әрекетін қалай бағалайсыздар? 3. Қалқаманның ел ортасынан кеткені дұрыс па? “Тағдыр бізге кей кездері тым қатал, Күн орнына көкірегіңде мұң жатар. Махаббат, ол – ару аққу емес пе, Ал аққуға оқ атуға кім батар? « Ата салттан аттауға да болмас, Жүрек қалауын тастауға болмас». |
|
Бағалау |
Поэманың құндылығын бағалау |
|
Оқушыларды бағалау |
Өзін-өзі және өзара бағалау |
|
V. Рефлексия |
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша айтады. |
|
VІ. Үй жұмысы |
«Егер мен Қалқаман болсам...» эссе жазу |
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ш.Құдайбердіұлының " Қалқаман-Мамыр" поэмасы 8 сынып
Ш.Құдайбердіұлының " Қалқаман-Мамыр" поэмасы 8 сынып
Орындалатын тапсырмалар:
|
І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу |
Шәкәрімнің өз сөзіне жазылған «Анадан алғаш туғанда» атты төл әнін белгілі отбасылық дуэт Жазира мен Жанболаттың орындауында тыңдау. |
|
Топқа бөлу |
Оқушыларды санау арқылы бес топқа бөлу |
|
Білу |
2. Шәкәрімнің ақындық бұлағының көзін ашқан кім? Шәкәрім жеті жасқа келгенде әкесі Құдайберді қайтыс болады. Әке өліміне ол қатты қайғырады. Өзінің тұңғыш өлеңін осы әкесі қайтыс болғанда шығарады. Бұл туралы Шәкәрімнің мынадай естелігі бар: «Жазғытұры әкем өліп, ауылға ат қойып, келіп жатқан адамдар көп болды. Мен осы кезде есік алдындағы төбешікке отырып, тасқа өрмелеп бара жатқан құртты өлтірдім. Айтқаным бар. Сонда есте қалғаны… Өлтірдің, не таптың сен онан пайда, Өмір сүріп жүруші ем жазда сайда. Өлімнің қандайлығын көзің көрді. Кешегі тірі жүрген әкең қайда? Менің де жетім қалды балаларым, Олар да жылайды іздеп аналарын. Өзің жетім, жетімді аясаңшы, Жоқ екен басыңда ми — саналарың» Осы өлеңді балалар шешелеріне оқып бергенде, шешелері қатты жылайды. Олар Шәкәрімге енді өлең жазба деп тыйым салады. Сонда Абай «Жоқ, Шәкәрімге өлең жазба демеңдер, жазсын өлеңді, бүгіннен бастап оны өзім тәрбиелеймін,»- деген екен. |
|
Түсіну |
кезеңнің ащы шындығын суреттеген «Қалқаман-Мамыр» дастаны туралы не айтасыздар? 2. Дастанда Мамыр бейнесі қалай суреттеледі? 3. Жырда екі жасты жақындастыратын бір тосын оқиға болды, ол не? |
|
Қолдану |
Поэмада қандай салт-дәстүрлер кездеседі? Жырдан үзінділерді тауып оқыңыз.
|
|
Талдау |
Мамыр – поэмадағы басты қаһарман. Ол шынайы бейне, ауылда еркекшора болып өскен байдың қызы. Әйтсе де ол әке даңқымен бой түзеген ақылсыз да жан емес. Өзін қаншалықты еркін ұстап, қарына құрық іліп, жігіттермен қатар жылқы бағып жүрсе де, оның бойында қазақ қыздарына тән нәзіктік те, ибалық та, саналылық та байқалады. Қалқаман – поэманың басында батыр күйінде кездеспейді.Оның бойында толысқан ақыл мен ерекше батылдық бар.Қалқаманның туған елінен кетіп қалуы- сол кездегі әділет жолындағы күрестің бір түрі. Шарасыздықтан туған қарсылық әрекет. Әнет баба бейнесі – ішкі иірімдері мол трагедиялық сипаттағы бейне. Шығарманың басында ел ағасы, әрі би, әрі ғұлама кейпінде таныстырылатын дана қарт бұдан кейінгі Қалқаман мен Мамыр арасындағы ғашықтық хикаясы төңірегіндегі тартыстың тікелей басы-қасында жүреді. Поэмадағы күрделі кейіпкер- Көкенай. Дастандағы трагедиялық жағдайлар, кісі өлімі, ел ішінің дау –дамайы тікелей Көкенайдың қолымен жасалады. «Мамырды өз қолымен атып өлтірген, Қалқаманды оққа шалған Көкенайды «ұнамсыз кейіпкер» деп айту қиын,-дейді М.Мағауин. – Ол да өз заманының перзенті, рулық мораль сақшысы.» |
|
Жинақтау |
1. Қалқаман мен Мамырдың қосылғаны дұрыс па, бұрыс па? 2. Көкенайдың әрекетін қалай бағалайсыздар? 3. Қалқаманның ел ортасынан кеткені дұрыс па? “Тағдыр бізге кей кездері тым қатал, Күн орнына көкірегіңде мұң жатар. Махаббат, ол – ару аққу емес пе, Ал аққуға оқ атуға кім батар? « Ата салттан аттауға да болмас, Жүрек қалауын тастауға болмас». |
|
Бағалау |
Поэманың құндылығын бағалау |
|
Оқушыларды бағалау |
Өзін-өзі және өзара бағалау |
|
V. Рефлексия |
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша айтады. |
|
VІ. Үй жұмысы |
«Егер мен Қалқаман болсам...» эссе жазу |
шағым қалдыра аласыз













