Материалдар / С.Торыайғыров ."Шәкірт ойы"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

С.Торыайғыров ."Шәкірт ойы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқу мақсатына сай тапсырмалар берілген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Ақпан 2024
112
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
450 тг 338 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мен балаң жарық күнде сәуле қуған...

Мектеп: «Маралды орта мектебі» КММ

Күні:18.01.2023.

Мұғалімнің аты-жөні: Бексолтанова А.Қ.

Сынып: 6 Т1

Қатысқан оқушылар саны: 8

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

С.Торайғыров «Шәкірт ойы»


Оқу бағдарламасына сілтеме

Т/Ж4. Көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу.

6.1.2.1 әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру;



Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар орындай алады:

С.Торайғыровтың «Шәкірт ойы» өлеңін мәнерлеп оқып,көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіреді;

Өлеңдегі автор бейнесін анықтайды.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Өлеңдегі көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіріп, өмірмен байланыстырады;

Өлеңдегі автор бейнесін анықтап, сипаттама жасайды.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Өлеңдегі көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіріп, сыни көзқарасын білдіреді;

Өлеңдегі автор бейнесін анықтап, өзіндік тұжырым жасайды.


Бағалау критерийлері

Білім алушы

  • орта көлемді өлеңдерден үзінділерді мәнерлеп оқиды;

  • орта көлемді өлеңдерден үзінділерді жатқа айтады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылардың жатқа оқу дағдысын қалыптастыру;

Сұрақтарға нақты жауап беруге дағдыландыру;

Өлеңнің мазмұнын сыни тұрғыдан талдауды үйрету.

Сабақта қамтылатын құндылықтар

Өмір бойы оқу, құрмет, ынтымақтастық


Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, Қазақстан тарихы

АКТ қолдану дағдылары

Оқушыларға берілетін тапсырмалар үшін презентация қолданылады.

Осыған дейін меңгерілген білім

С.Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып», «Шәкірт ойы»


Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Басы

3 минут


















2 минут

Қызығушылығын арттыру.

Оқушыларды топқа бөлу. Алдымен оқушылар өзімізге жақсы көңіл – күй сыйлап, «Мен қандаймын?» жаттығуын орындайық. Ол үшін сіздер өздеріңіздің бойыңыздағы бір жақсы қасиеттеріңізді айтыңыздар. Оқушылардан жақсы қасиеттерін айту сұралады, мысалы:

  • Мен ақкөңілмін,

  • Мен ақылдымын

  • Мен мейірімдімін.

Бәрі айтып болған соң тамаша екен деп айтып бір мезгілде бесбармағын көтеріп, қолдарын жоғары көтереді.

Мұғалім: Өте жақсы! Тамаша екен! Осындай жақсы қасиеттердің бойларыңыздан табылуына шын жүректен тілектеспін.

Үй тапсырмасы|:

Оқушылар С.Торайғыровтың «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңін жатқа айтады.

Дескриптор:

Білім алушы

  • Өлеңді жатқа айтады.

  • Мәнерлеп айтады.

Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттары хабарланады. Балалар тақырыбымыз қандай? Автор туралы не білеміз? Мақсатымыз не болмақ?
Жаңа сабақ

Мектеп - - Мұғалім - - Шәкірт деген тізбек бойынша мұғалім ой қорытып, жаңа тақырыпқа түседі

-Мұғалім – ол елдің аузында да, көзінде де жүретін өнегелі жан болуы тиіс. Ұстаз шәкірттерін алаламай тегіс үйретеді. Білім нәрімен сусындатады. Өмірге бағыт – бағдар сілтейді.

-Шәкірт – алған білімін әрі қарай дамыту, өмірде қолдана білу, бұл шәкірттің өз мүмкіндігіне байланысты.

«Білімді болу деген сөздің мағынасы – белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу» деген ұғым. Ендеше, білімді шәкірттеріміз көп болсын. Міне, бір – бірімен ажырамас үш сөзден тізбек жасай отырып, бүгінгі сабағымызды бастаймыз. Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: С.Торайғыровтың «Шәкірт ойы» өлеңі. Өлеңді мәнерлеп жатқа оқу.



Ортасы

5 минут




















10 минут

































10 минут



Мағынасын ашу

Ж Ж «Тізбектей оқу »әдісі арқылы өлеңді мәнерлеп оқиды

Миға шабуыл

1.Өлең неге «Шәкірт ойы»деп аталған?

2.Шәкірт нені армандайды?

3.Өлеңдегі басты кейіпкер кім?

Жұптық жұмыс

Тақырыпқа сәйкес мақал-мәтелді толықтыру

Талаптыға ...........

Ер елі үшін..........., Елі үшін ............,

Тіліңмен жүгірме.................

Оқусыз білім жоқ.....................

Оқу –білім азығы, Білім-..............

Білімдіге дүние жарық, Білімсізге.................

Ақыл азбайды, .....................

1-топ«Шәкірт ойы» өлеңін бағыт бойынша талда.



1. Бірінші бағыт бойынша өлеңнің авторы кім?

2. Осы өлеңнің тақырыбы не?

3. Идеясы туралы не айтамыз?

4. Ақынның көзқарасы қандай?

5. Өлеңнің маңызы қандай?

6. Өлеңнің тәрбиелік мәні.

Өлеңдегі көркемдегіш сөздер.

Өрмелеп шығып күн болам

Надандықтың теңізі

2-топ

4-тапсырма. Деңгейлік тапсырмаларды орында.

І деңгей. Венн диаграммасымен жұмыс


ІІ деңгей. «Сұлтанмахмұт ағаға хат» жаз.


ІІІ деңгей. Шығармашылық жұмыс. Өлең жолдарын аяқтап, шумақ құрастырыңдар.

Тәуелсіз қазақ көгінде,

Самғаймын мен қырандай.

_______________________

_______________________

Дескриптор:

Білім алушы

  • Оқушы өз ойын білдіреді, сұрақтарға жауап береді, бір-бірімен ашық пікірлеседі.



Сабақтың соңы

5 минут






3 минут

- Сұлтанмахмұт Торайғыровтың қандай өлеңдерімен таныстық?

  • Өлеңдерін қай тақырыпта жазған екен?

  • Осы өлеңнің мазмұны қалай әсер етті?

  • Кім болуды армандайсыңдар?

  • Ақынның айтайын деген ойы не?

«Синкуэин »әдісі

Шәкірт

Кері байланыс. Кері байланыс: «Менің түйгенім» сауалнамасы

Сабақта маған ұнаған тапсырма...

Сабақтан үйренгенім...

Сабақта маған қиындық келтірген...

Сабақтан алған әсерім...
Бағалау.

Үйге тапсырма: «Менің арманым» тақырыбында ой толғау жазу.


Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау, берілетін уақыт, қолданатын дерек көздеріне байланысты бөліп оқыту. Бөліп оқыту сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. Топтағы оқушылардың жеке қабілет ерекшеліктерін ескере отырып, тапсырманы саралап (дифференциация) даярлау.

Бірнеше тапсырмаларды жоспарлау кезінде олардың бір-бірімен байланысты болуына баса назар аударамын. Мысалы, бірінші тапсырмада ақпарат берілсе, келесі тапсырманы сол алған ақпараттарды қолдануға құрамын.

Қазақ тілі мен қазақстан тарихы пәндерімен пәнаралық байланыс.

Өмір бойы білім алу, ынтымақтастық, құрмет құндылықтары көзделеді.

Оқушылардың денсаулығына көңіл бөлінеді: партада дұрыс отыру, тақтадағы ақпаратты жақсы көру үшін ыңғайлы отырғызу т.б.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Оқушылар Өмір бойы білім алу, ынтымақтастық, құрмет құндылықтарының маңызына көңіл бөле отырып, бұрынғы мен қазіргіні салыстырып, сыни тұрғыдан баға береді. Оқушылар С.Торайғыровтың «Шығамын тірі болсам адам болып» «Шәкірт ойы» өлеңдерінің мазмұнын толық меңгерді, мағынасы түсініксіз сөздерді меңгерді.

Тапсырмаларды орындауда ынтымақтаса жұмыс жасады. Жеке, жұпта, топта жасаған жұмыс түрлері де өз нәтижесін көрсетті. Тапсырмаларды орындауда оқушылар уақытты дұрыс пайдалана алды. Сабақ өтуде өмірмен байланыс тығыз болды.

Жалпы баға

Ең жақсы өткен екі дүниені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1: Ақын өлеңдерін салыстырып, бір-біріне сұрақ қоюы.

2: Оқушылар ақынның білімге құштарлығына байланысты талқылауы..

Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты)

1: Оқу-білім туралы өлең шығарту.

2: Оқу-білім туралы мақал-мәтелдерді еске түсірту.

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы қандай ақпаратты алдым?

Оқушыларға осындай шағын көлемдегі өлеңдерді оқыту мен жаттату және оған сабақ кезінде талдау жасау





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!