Материалдар / Стратегиялық жоспарлау
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Стратегиялық жоспарлау

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал оқытушылар мен студенттерге сабақ барысында қолданылуға ыңғайлы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қараша 2020
905
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Көпшілік қауымға белгілі “Стратеия” термині, гректің “Strategos”сөзінен туындаған,өз тілімізге аударғанда “ генерал өнері” деген түсініктерді беріп,болашақта мақсатты бағытталған және шешуші іс-қимыл тобын,жиынтығын көрсетеді.Стратегия іске асырылуы мақсатқа жетуді қамтамассыз ететін бөлшекті,жан жақты және кешенді жоспар.Көне Қытайда біздің дәуірімізге дейінгі 480 жылдары “ Стратегия өнері ”атты кітап жазылған,бұдан біз стратегия ұғымды адам,қоғам өмірінде өте ерте кезден қолданылып келе жатқанын көреміз.

Стратегиялық жоспарлау – бұл  фирманың мақсаттары, оның маркетинг сферасындағы потенциалды мүмкіндіктері мен үміттері арасындағы стратегиялық сәйкестікті жасау және қолдаудың басқарушылық процесі. Маркетинг көзқарасынан стратегиялық жоспар, фирманың қандай маркетингтік әрекеттерін қабылдау керектігін, олардың неліктен қажет екендігін, оларды іске асыру үшін кімнің жауап беретінін, олардың қайда аяқталатынын көрсетеді. Стратегиялық жоспарлау кәсіпорын қызметінің бағыттарын негіздеуді қамтамасыз етеді және оның маркетингтік зерттеулер құрылымын, өнімді жоспарлау, жылжыту және өткізу процестерін жақсы түсінуіне мүмкіндік береді, ұйымның әрбір бөлімшесіне нақты мақсаттарды қамтамасыз етеді; әр түрлі функционалдық бағыттардың күштерін үйлестіруді ынталандырады. Стратегиялық жоспарлау ұйымға өзінің күшті және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіптерін  бағалатады.

Стратегиялық жоспарлау басшылықпен қабылданатын әрекеттер мен шешімдердің жинағын  білдіреді.

Стратегиялық жоспарлау процесінде төрт негізгі міндет шешіледі: ресурстарды үлестіру; сыртқы ортаға бейімделу; ішкі үйлестіру; ұйымдастырушылық стратегиялық алдын ала болжау.

Стратегиялық жоспар компанияның үнемі өзгеріп отыратын ортада өзінің мүмкіндіктерін пайдалануына көмектесу үшін әзірленеді. Бұл бір жағынан, компанияның мақсаттары мен мүмкіндіктері, және компания шеңберінде қалған түрлер үшін өзгеретін қажеттіліктер арасындағы стратегиялық сәйкестікті анықтау және сақтау процесі.


Фирмада стратегиялық жоспарды әзірлеу кезеңдері

 

Фирманың қызметі үнемі фирмамен бақыланатын және бақыланбайтын әр түрлі факторлардың әсерінде болады. Оларды үйлестіру және шешімдер қабылдау үшін негіз құру үшін, стратегиялық жоспарлаудың жүйелі процесін пайдалану пайдалы болады.

Фирманың стратегиялық жоспарын әзірлеу кезеңдеріне 1-суретте келтірілген, келесі компоненттер қосылады.

 

 

1 - сурет – Стратегиялық жоспар кезеңдері. Бұл кезеңдер туралы қысқаша айтсақ

 

а) Фирманың бағдарламасы – миссия

Жоспарлаудың алғашқы пунктінің фирманың миссиясы ретінде болатын,  ұйымның  жалпы  мақсаты  болады. Миссия – бұл  қызметтің қандай да бір түріне  ұзақ мерзімді  бағдарлану  және рыноктағы сәйкес орын.

Миссияны  құру –  кез келген  ұйымның қызметіндегі  түйінді момент. Миссия қызметтің негізгі түрлерін анықтауға, бизнесті дамытудың басты бағытын әзірлейді, сыртқы ортаға қатынасы бойынша міндеттерді қою үшін бағдарлар береді. Мысалы, «Қарағанды конфеттері» Қарағанды кондитер фабрикасының әлеуметтік-маңызды миссиясы, – «сатып алушылардың сапалы кондитер өнімдеріндегі сұраныстарын қамтамасыз ету».

Ресей рыногында «Довгань» компаниясы – нақты тұжырымдалған және әлеуметтік-маңызды миссиясымен ерекшеленеді, – «сатып алушылардың отандық сапалы тамақ өнімдеріндегі сұраныстарын қамтамасыз ету». Әдетте фирмалар өз қызметтерін өндірістік тауарлар   позициясынан сипаттайды.

Мысалы, біз компьютерлер немесе технология позициясынан «біз -химиялық компания».

Гарвард университетінің жетекші профессоры Теодор Левитт, оның пікірі бойынша, компаниялардың сипаттамасы, оның тауарлық немесе  технологиялық көзқарастарына қарағанда, рыноктық қызмет тарапынан дәлірек және толығырақ болып шығады деп мәлімдейді. Ол  фирмаға сол немесе басқа тауарларды өндірушіге сияқты емес, клиенттердің қажеттіліктері мен сұраныстарын қанағаттандырушыға сияқты қарау керек дейді. Ақырында рыноктың негізгі қажеттіліктері мен сұраныстары мәңгі өзгермейтін болып қалғанда, тауарлар мен технологиялар ескіруі мүмкін.

 

Маркетинг стратегиясын құру. Маркетинг стратегиясын әзірлеу үшін  пайдаланылатын модельдер

 

Фирмалар стратегияны жоспарлауда төрт амалды пайдалануы мүмкін:

-  тауарлар мен рыноктар бойынша мүмкіндіктер матрицасы;

-  «Топтардың Бостон консалтингі» матрицасы;

-  рыноктық  стратегияның пайдаға әсер етуі (PIMS-талдау);

-  Портердің жалпы стратегиялық моделі.


Маркетинг жоспары — бұл нақты уақыт аралығында маркетинг мақсатына жету үшін жүйелік және бүтіндік бағдарламалардың жиынтығынан тұратын арнайы құрылған жоспарлы құжат. 

Маркетингті жоспарлауды келесі белгілер бойынша жіктеуге болады:

  1. Қамту масштабы бойынша жоспарлар:

    1. Ортақ жоспарлар - маркетингтің барлық бөлімшелері үшін мақсаттарды анықтайды.

    2. Ерекшеленген жоспар - маркетинг болімшелері бой­ынша жасалады. Мысалы, жарнама, өткізу, бағалар бөлімі және тағы басқалар. 

  1. Әсер ету мерзімдеріне байланысты:

2.1. Ұзақ мерзімді (5-20 жыл);

2.2. Орта мерзімді (2-5 жыл);

2.3. Қысқа мерзімді (жыл немесе тоқсан) болып бөлінеді.


  1. Маңыздылыққа байланысты:

3.1. Стратегиялық жоспар. Маркетингтің стратегиялық жоспарлары басты мақсаттарды анықтайды және фирма қызметінің негізгі бағдары қызметін көрсетеді

3.2. Тактикалық жоспарлау. Тактикалық маркетинг жоспары ағымдағы есептердің шешіміне бағытталған және жоспар мен болжамдарды құрастыруға қажет әдістер мен аспаптардың жиынтығынан тұрады.

Стратегиялық жоспар маркетингтің жылдық жоспарына ықпал етеді. Мысалы, маркетингтің жылдық жоспарын анықтау стратегиялық жоспарда көрсетілген кәсіпорынның мақсаттарының бес жылға қойылған мақсаттарынан шығады. Маркетинг жоспарын әзірлеуде әр түрлі жолдар қолданылады. Бір кәсіпорындар маркетинг жоспарын өнімнің белгілі бір түрлері үшін жасаса, ал басқасында — белгілі бір нарыққа кіру мақсатымен немесе оның жағдайын жақсарту ұшін, ал үшіншісінде — өнім түрлері бойынша, сонымен қатар әрбір нарық бойынша маркетинг жоспары жасалады. әзірлеу әдістері

Маркетинг стратегиясы – бұл кәсіпорынның стратегиялық басқарудың құрамды бөлігі. Стратегия мақсаты: ұзақ мерзімді бәсекелестік артықшылықтарға жету, олар компанияның жоғары үнемділігін қамтамасыздандырады.

Стратегиялық жоспар- компанияға өз мүддесі үшін өзергмелі сыртқы ортаның барлық мүмкіндіктерін қолдануға бағытталған. Бұл- компанияның мүмкіндіктері мен мақсаттары арасында стратегиялық байланыстар орнатуға бағытталған.

Стратегиялық жоспарлау- компанияның басқа да жоспарларының негізін қалайды. Ол жаһандық мақсаттар мен компания миссиясын анықтаудан басталады. Миссия деп- компания мақсаттарын белгілі бір нақышқа келтіруді айтады. Миссия компания ұжымын белгілі бір ортақ бағытқы қарай беттейді.

Стратегиялық жоспар - әрдайым өзгергіш ортада компанияға өз мүддесіне мүмкіндіктерді қолдануға көмек көрсету үшін құрылады. Ол терең мақсаттар мен компанияның борышын анықтаудан басталады, содан кейін SWOT-талдаудың нақты мақсаттары белгіленеді (компанияның мықты және әлсіз жақтары жайлы және мүмкін қауіп-қатер туралы есептеме).

Стратегиялық жоспарлауға бірнеше компоненттер кіреді:

- Борыш (компанияның негізгі мақсаты). Мыс: әр адамға компьютерлер сатып алуын ұсыну

- Стратегиялық аудит (экономикалық ортадағы бәсекелестіктер, мұнда ұйымдастыру, баланс, пайда мен шығындар есебіне талдау жасалады)

- SWOT-талдау (мықты, әлсіз жақтар және қауіп-қатер). SWOT-ТАЛДАУ- ұйымның мықты және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлерін анықтауға мүмкіндік береді.







ТАПСЫРМА

    1. Асқар мен Мадина биыл оқу бітірді. Екеуі де қызыл диплом алып ауылға келді. Асқар мал дәрігері, Мадина-бухгалтер. Екеуі осында мал шаруашылығымен айналыспақшы. Берілген жағдаятқа SWOT талдау жасаңыз!

    2. Өз оқу тобыңызға SWOT талдау жасаңыз!


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!