Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы
№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-
педагогіктік колледжі
Бердіханова Қаламқас Мұратқызы
Жоспар:
I.Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы (СҒЗЖ)
II.Студенттің ғылыми-зерттеу жұмысының басты мақсаты:
III. Студенттің жоғарғы оқу орындарының ұжымдық және шығармашылық жұмыстарының дағдыларын меңгеруі
IV. Студенттердің ғылыми зерттеу әрекетін үйрену,өзінің болашаққа бастар алғашқы қадамы...
I.Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы (СҒЗЖ)
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары жоғары білім берудің негізгі бөлігі және маман даярлау сапасын арттырудың тиімді тәсілі болып саналады.Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары студентте ғылыми-зерттеу еңбегінің дағдыларын қалыптастырып, қазіргі заманғы маман дайындау талабына сай зерттеуші (ғалым), басқарушы (менеджер), практик деңгейінде шығармашылық бастамаларын дамытып, ғылыми-техникалық үдеріс жетістіктерін тәжірибеде қолдануға бағытталуы қажет.
ҒЗЖ-ға қатысу студентті кәсіби пәнді терең меңгеруге, олардың ғылыми, техникалық және әлеуметтік дүниетанымын кеңейтуге, жаңа идеяларды өз бетінше игеруге, ғылыми ақпараттар тасқынында жедел әрі тиімді бағыт ұстануға бейімдейді.
II.Студенттің ғылыми-зерттеу жұмысының басты мақсаты:
- жоғары білімді мамандар даярлау сапасын нарықтық экономика талаптары сұранысына сәйкестендіре арттыру;
- таным мен зерттеудің ғылыми тәсілдерін қалыптасыра отырып, шығармашылық-кәсіби ойлау дағдысын қалыптастыру;
- бірыңғай білім (оқу және тәрбие), ғылым және тәжірибелік үдерістерді қамтамасыз ету;
- әр студентке шығармашылық тұлғасын қалыптастыруға, ғылыми зерттеу және ғылыми шығармашылық бағыттағы конкурстарға әрқайсысына сұранысқа сай және мақсатты ұстанымдары мен мүмкіндіктеріне орай толыққанды қатысуды қалыптастыру, құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық т.т. бағытта өсуіне жағдай жасау және оны дамыту,
СҒЖЗ-ның негізгі міндеттері:
- өз саласы бойынша пікірлер мен ой-пайым (1-ші мамандыққа сәйкес) қалыптастыру, дағдылар мен тәсілдерге баулу, (бірыңғай білім және ғылыми үдерістер аясында) ойлау жүйесін меңгерту;
- студенттерге ғылыми таным жүйесін меңгерту;
- студенттерді ғылыми зерттеу тәсілдерімен, тәжірибе жүргізу және шешім қабылдау теориясы методикасымен таныстыру;
- ғылыми және тәжірибелік тапсырмалар бойынша өз бетінше шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру;
- ғылыми ұжымда жұмыс істеу мен ондағы жұмысты ұйымдастыру тәсілдерімен танысу дағдыларын қалыптастыру;
- студентті шығармашылыққа қажеттілікке, өз бетімен білім алуға, өз білімін ұдайы жетілдіруге, ғылыми материалды тереңдей және шығармашылық тұрғыдан меңгеруге үйрету;
- отандық және шетелдік әдебиеттермен ұдайы жұмыс істеу қазжеттілігі мен дағдысын, патенттік қорлармен жұмыс істеу білуді қалыптастыру;
- қазіргі заманғы ақпараттық технология мен ақпараттық қарым-қатынас (Internet, электронды пошта, т.т) тәсілдерін меңгерту;
- қоғамның экономикалық, әлеуметтік немесе рухани өрлеуіне негіз болатын ғылыми бағыттар өзектілігін бағалауды қалыптастыру;
- студенттің қызығушылығын кафедраның білім-ғылым бағытымен тығыз қарым-қатынасқа бейімдеу, оқытудың бинарлық үдерісінде оқытушы мен оның студенттің шығармашылық байланысын шыңдау.
III. Студенттің жоғарғы оқу орындарының ұжымдық және шығармашылық жұмыстарының дағдыларын меңгеруі.Студенттер жоғарғы оқу орындарының ұжымдық шығармашылық және ұйымдасқан жұмыстардың дағдыларын үйрену мақсатында жоғары оқу орындарының лабораториялары мен кафедраларына, өзінің қызмет саласының ұйымдар мен мекемелеріне тәжірибелік көмек көрсететін ғылыми, техникалық, жобалау, экономикалық және басқа да ұйымдардың құрамында ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізе алады. Оқу үрдісін ұйымдастыру ғылымның қазіргі жетістіктерін, мәдениет, экономика, ғылым, техника мен технология салаларындағы өзгерістерді көрсететін білім берудің барлық қырларының жүйелі жаңаруын ескере отырып жүргізілуі керек. Бұл салада нақты нәтижелер алу үшін автордың жасына сәйкес түзетілген тәжірибеден өткізілген технологиялар, өзіндік ғылыми жұмыстар мен мақалаларына енгізілген теориялық және практикалық жағына ерекше назар аудару керек. Мамандықтар бойынша жоспар жасау қоғамдық ғылымдар, жалпы ғылыми, технологиялық мамандық пәндері кафедраларымен бірге жүргізіледі. Жұмысты алдын-ала білімге, дағдыға, іскерлікке маманның сапасына нақты талаптар қоятын бітіруші кафедра бақылайды [3]. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы міндетті есеп берумен, конференция, үйірме отырысында баяндаумен, курстық жұмыс және т.б жазумен аяқталады. Студенттердің сабақтан тыс уақытта табысты орындалған және оқу бағдарламасының талаптарына жауап беретін ғылыми-зерттеу, жобалау-конструкторлық және шығармашылық-орындаушылық жұмыстары сәйкес келетін курстық, лабораториялық жұмыстар, дипломдық жобалармен басқа да тапсырмалардың орнына есептелуі мүмкін. Оқу орындарындағы білім берудің зерттеушілік ұстанымы студенттерді ғылым саласында қолданылатын зерттеудің негізгі әдістерімен таныстыруға, зерттеу әдістемесінің тиімді элементтерін меңгеруге және құбылыстар мен үдерістерді зерттеу арқылы өз бетінше жаңа білімдерді игеруге мүмкіндік береді. Зерттеушілік принципті қолдану студенттердің танымдық қабілеттерін дамытады, білім алушылардың белсенділігін және өзбеттілігін арттыруға, танымдық қызметтің әдіс-тәсілдерін игеруге, қызығушылығын арттыруға септігін тигізеді. Ғылыми-зерттеу әлеуеті бар ғылым адамының, ғылыми ұжым мүшесінің қалыптасу үдерісінің бастапқы кезеңі –оқу орнына дейінгі және кәсіптік оқу орны кешендерінде жүзеге асырылады. Білім беру саласындағы алға қойылған мақсаттардың бірі — білім беру интеллектуалдық белсенділігін арттыру, сол арқылы білім беру жүйесінің дамуын жетілдіру. Оқу үрдісін ұйымдастыру ғылымның қазіргі жетістіктерін, мәдениет, экономика, ғылым, техника мен технология салаларындағы өзгерістерді көрсететін білім берудің барлық қырларының жүйелі жаңаруын ескере отырып жүргізілуі керек. Бұл салада нақты нәтижелер алу үшін автордың жасына сәйкес түзетілген тәжірибеден өткізілген технологиялар, өзіндік ғылыми жұмыстар мен мақалаларына енгізілген теориялық және практикалық жағына ерекше назар аудару керек. Мамандықтар бойынша жоспар жасау қоғамдық ғылымдар, жалпы ғылыми, технологиялық мамандық пәндері кафедраларымен бірге жүргізіледі. Жұмысты алдын-ала білімге, дағдыға, іскерлікке маманның сапасына нақты талаптар қоятын бітіруші кафедра бақылайды. Ғылыми-зерттеу жұмыстары саласында:мемлекетіміздің және біздің аймақтың ерекшелігіне байланысты гуманитарлық, әлеуметтік, экономикалық, техникалық бағыттарын зерттеп, мәдениет және өнер саласында өзекті мәселелерін шешуде ғылыми зерттеуді ұйымдастыру; Мәдениет керектілігн қамтамасыз ететін кәсіби мектепті қалыптастырып, дамыту және аймақтың ерекшелігіне байланысты әр аспектілі ғылыми жүйелерді тәжірибеде іске асыру;өзіндік, сонымен қатар, белгілі бір жетістікті шығармашылық жұмыстар, ғылыми зерттеулерді оқу-тәрбие үрдісіне кірістіру; -студенттердің ғылыми-зерттеушілік және шығармашылық жұмыстарын дамыту: көрмелер, концерттер, шебер кластар ұйымдастыру;жоғары оқу орындары арасында ғылыми-зерттеушілік және шығармашылық жұмыстарынан тәжірибе алмасу. Көптеген дереккөздерде ғылымның, ғылыми қызметтің белгілі бір құбылысты оған тән түрлерде сондай-ақ осы негізде оның қолданылуының болашақта тиімділігін алдын-ала көруге болады. Л.Клемент атап көрсеткендей, нәрселерді әдеттегідей түсініп, құбылыстардың ғылыми талдауына көшу зерттеушіге қиын болды. Сондықтан ғылым мақсаттарын қабылдау және меңгеру жеке зерттеуді тиімді ұйымдастырудың негізі болуы тиіс. Студенттердің сабақтан тыс уақытта табысты орындалған және оқу бағдарламасының талапттарына жауап беретін ғылыми-зерттеу, жобалау-конструкторлық және шығармашылық-орындаушылық жұмыстары сәйкес келетін курстық жұмыстар, лабораториялық жұмыстар, дипломдық жобалармен басқа тапсырмалардың орнына есептелуі мүмкін. Студенттердің ғылыми жұмыстары жыл сайын сәуірде өткізілетін студенттердің конференциясында баяндалады. Үздік «студенттік» жұмыстар жоғары оқу орындары студенттерінің конференциясына ұсынылады, ал бұл кезеңнен үздік деп танылған жұмыс аймақтық, республикалық байқауларға жіберіледі. Ғылыми зерттеуге қатыса отырып, студент алған білімдерін бекітеді, толықтырады және оны жоғары сатыға көтереді. Олар өз бетімен жұмыс жасаудың әдістерін меңгереді, ғылыми эксперименттің техникасын игереді, оның қорытындысын түсінікті әдіспен өңдеуді жүргізеді және алынған мәліметтерден қорытынды жасайды. Сонымен, ғылыми-зерттеу жұмыстары аясындағы білім, білік, дағды болашақ мамандарды дайындаудың іргетасы болып табылады және жеке тұлғаның дамуында маңызды орын алады. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі ұйымдастырылып жүргізілетін тиімді түрлеріне:оқу жоспары негізіндегі оқу-зерттеу жұмысы;ғылыми зерттеу жұмыстарының кей мәселелерін (элементтерін) жүргізілетін дәрістерге қосу;ғылыми бөліктерден немесе толықтай ғылыми зерттеуден тұратын дипломдық жұмыстар;оқытушылардың нақты жетекшілігімен белгілі бір ауқымды мәселелерді шешудегі студенттердің өзіндік зерттеу жұмыстары; - ғылыми-зерттеу жұмыстарын іс-тәжірибелерге қосу берілген тақырыпқа байланысты орындалатын ғылыми реферат жұмыстары;студенттердің ғылыми үйірмелері; белгілі бір мәселе төңірегінде жинақталған студенттік ғылыми топтар немесе лабораториялық не басқа да шығармашылық бірлестіктер студенттердің әр түрлі деңгейлерде өткізілетін айтулы іс-шараларға қатыстырылуы (оқу орнындагі, ЖОО-дағы, аймақтық, республикалық, халықаралық). Мұндай іс-шаралар студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүйесін тұрақты дамытуға, сондай-ақ әрбір студенттің шығармашылық деңгейін арттыруға септігін тигізеді. Оларға қатыстылар: Ғылыми-зерттеу жұмыстарына қабілеті бар студенттерден жинақталған топтарға арнайы өткізілетін дәрістер; Барлық оқу жоспарларына «Ғылыми зерттеулердің негізі» атты курстарды ендіре отырып, студенттердің өзіндік ғылыми жұмыстарының өз қабілеті шеңберінде орындалуын, жаңаша ғылыми жұмыстарының, ғылыми зерттеу жұмыстарының зерттеу әдіс-тәсілдерімен танысу; Түрлі ақпарат көздері негізінде студенттерді ғылыми-техникалық мәліметтермен қамтамасыз ету.
IV. Студенттердің ғылыми зерттеу әрекетін үйрену,өзінің болашаққа бастар алғашқы қадамы...
Студенттердің түрлі жаңашыл ғылыми ізденістерге қатысуын қамтамасыз ету. Сонымен қатар, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуы үшін нақты ережелер де қарастырылады. Студенттердің ғылыми-зерттеу әрекеті үдерісі және нәтижелері туралы теориялық білімін жүйелеу және дамыту кезеңі қандай да бір білім саласында зерттеу жүргізу әдіснамасы және әдістемесі мәселелері бойынша білімді қалыптастыруға бағытталды. Жоғарыда талданып отырған мәселе күрделі болғандықтан, оның барлық салаларын терең қамту мүмкін емес. Студенттердің ғылыми-зерттеу әрекетін оқу орындарында қалыптастыру сияқты мәселенің айқындалған жақтары келешекте білім беретін оқу орны мен мамандықтың ерекшеліктерін есепке ала отырып студенттердің, болашақ мамандардың ғылыми-зерттеу жұмысына дайындығын жүйелі жүзеге асыру, орта мектепте бейіндік оқытуда жоғары сынып оқушыларын ғылыми-зерттеу жұмысына дайындау бағытындағы мәселелерді зерттеуге негіз бола алады деп есептейміз.
Қорытындалай келе,
«Талапкерміз-түлекпіз,
Алғаш келген ауылдан.
Түріміз де,киген киім,
Оқшау еді қауымнан.
Оқшау еді жүрісіміз,
Ерекше еді сөзіміз.
Тесілеміз кітапқа біз,
Үрей толы көзіміз.
Ертең сынақ деген күні,
Өтпей қойды түніміз.
Тест болатын сол бір сәтке,
Жеттік әрең, біліңіз.
Періштенің құлағына,
Ілініпті үніміз.
Бүгін біздің ең бақытты –
Ұйымға кірген күніміз!»
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Демченко, З. А. Научно-исследовательская школа студента исследователя/ З. А. Демченко // Высшее образование в России, 2010. — № 12. — С. 155–158. 2. Труувяли Э. Ю. В. Студенческая научная работа и ее исследование. — материалы научно-методич. конференции «Проблемы педагогики высшей школы». — Тарту: ТГУ, 1972, с. 80–82. 3. Бережнова Е. В. Основы учебно-исследовательской деятельности студентов: Учебник для студ. сред. пед. учеб. заведений / Е. В. Бережнова, В. В. Краевский. — М.: Издательский центр Академия, 2005. — 128с. 4. Петрова С. А. Основы исследовательской деятельности: Учебное пособие / С. А. Петрова, И. А. Ясинская. — М.: ФОРУМ, 2010. — 208с. — (Профессиональное образование)
Пожалуйста, не забудьте правильно оформить цитату:
Ибадуллаева С. Ж., Нургалиева А. А., Жусипова Г. Студенттердің ғылыми зерттеу жұмысының кешенді жүйесі // Молодой ученый. — 2015. — №7.1. — С. 45-47. — URL https://moluch.ru/archive/87/16673/ (дата обращения: 23.02.2020).