Шұбат жаңға қуат

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шұбат жаңға қуат

Материал туралы қысқаша түсінік
Шұбат туралы сынып сағатына оқушыларға ақпарат береді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дайындаған: Ергалиева Қымбат Жолдығұлқызы

Тақырыбы: Шұбат – жанға қуат

Мақсаты: Қазақтың ұлттық сусыны – шұбаттың құрамын, маңызын ашып көрсету,

ұлттық тәрбие беру

Жүрісі: І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Негізгі бөлім

І-жүргізуші: Хош келдіңіздер, қадамдарыңызға гүл бітсін. Өрістеріңіз төрт түлік малға толсын. Төрт түлік мал қазақтың күнкөрісінің негізі. Ол – сүт, шұбат, қымыз, ет, кисе киім, мінсе көлік, сондықтан қазақ малды аса қадірлеп, жырға қосқан.

ІІ-жүргізуші: Адам – табиғат перзенті. Табиғаттан тыс өмір сүре алмайды. Сол табиғаттың жанды көрінісінің бірі – түйе. Қой қоздап, түйе боздап дегендей ауыздары аққа тиіп, адамдар мәз болады. Сол ақтың бірі – шұбат.

ІІІ-жүргізуші: Халқымыз сүйсініп ішетін, кез келген жолаушыға шын ниетімен ұсынатын ұлттық сусыны – шұбаттың құрамы, пайдасы және қасиетімен танысайық.

Оқушылар:

  1. Қазақ халқы кеңпейіл, қонақжай, еңбекқор.Мал шаруашылығымен айналысқан. Төрт түлік малдың бәрін өсірген. Бір-бірімен амандасқанда да «Ассалаумағалейкум, мал-жан аман ба?» деп сұраған. Бірақ малын жанынан, жанын арынан аямаған.

  2. Түйені күш-көлік ретінде әрі етін, сүтін, терісін, жүнін де пайдаланған. Қос өркешті түйенің аталығын – інген, төлін – бота дейді, өркештісін – нар, оның аталығын – үлек, аналығын – аруана деп атайды.

  3. Шұбатты күбіде немесе торсықта пісіп даярлаған. Шұбатты шараға құйып әкеліп, ағаш ожаумен сапырып, ағаш тостағанмен ұсынған. Ағаш, тері ыдыстар шұбаттың табиғи құрамын жақсы сақтайды.

  4. Ешкі, сиыр, қой сүттерін пісірмей ішуге бола ма? Әрине жоқү Ал түйе сүтін пісірмей-ақ ішеді. Оны ашытады. Пісудің маңызы зор. Піскенде шұбат іртігі жоқ, бірыңғай көпірген сусынға айналады. Сүйсініп ішетіндігіміз де сондықтан.

Әже: Иә, айналайындар, шұбат ішіңдер! Түйе баққалы шұбат ішіп, ыңқыл-сыңқылым басылып, өзімді жеңіл сезініп жүрмін.

Ал, енді, сендер де тостағанмен шұбат ішіңдер.

І-жүргізуші: Апа, «Күнде ішсең шұбат, аларсың күш-қуат» демекші, сөзді Шұбатқа берейік.

Шұбат: Мен - Шұбат деген сусынмын

Сусыныңды қандырамын,

Есте сақтау қабілетін арттырамын,

Сүйектеріңді қатайтамын,

Денсаулықты нығайтамын,

Асқазанды аялаймын,

Қанды денеге айдаймын,

Ішкен асты қорытқызамын,

Беттеріңді ағартып,

Сұлу да, сүйкімді етемін,

Шаштарыңды толқындатып,

Белдеріңе түсіремін.

ІІ-жүргізуші: Енді, шұбаттың құрамымен таныс болайық.\

Ақуыз: Мен – ақуызбын,

Денені құрайтын кірпішпін,

Май: Мен маймын,

Өзім жаймын,

Шұбатты құнарлы ғып,

Денені серпімді етіп,

Зат алмасуды күшейтіп жүрген жайым бар.

Көмірсу: Көмірсумын, көмірсумын,

Күш-қуат көзімін,

Керекпін ғой, керекпін.

Дәрумендер: Дәрумендер атынан сөйлеймін,

Сөйлегенде бүй деймін

Дәрумен деген не?

Вита деген өмір ғой,

Оны ұсынған Функ қой,

Дерттен қорғар қалқан ғой,

Шұбаттың құрамында ол толық қой,

Ал, сайраңдар, дәрумендер!

А: Мен болмасам егер де,

Көзің жақсы көрер ме?

Жетіспесем ағзаңда

Бойың биік өсер ме?

В: Менсіз жүйке шаршайды,

Ашуланып саларсың айқайды.

Қан азайып, әлсірейді жүрегің,

Асқазаның ас қорыта алмайды

С: Мен болмасам бойыңда,

Тісің дұрыс өспейді

Ішкен асың бойыңа

Жөнімен тарап сіңбейді.

Д: Мен жетіспей қалғанда

Мешел болып өсерсің

Қаңқаң қисық болғанда

Өкінумен өтерсің.

Бәрі: Күнде ішсең – шұбат,

Аларсың күш-қуат,

Ішіңдер, шұбат,

Жанға - қуат.

Әже: Ой, айналайындар, ішіңдер, шұбат. Көрдіңдер ғой шұбаттың қасиетін,құрамында көптеген дәрумен бар екен. Ал, балалар, өздерің, түйе туралы қандай ән, өлең білесіңдер? Өз өнерлеріңді ортаға салыңдар.

Ән: «Ақтайлақ»

Би : «Боз жорға»

Өлең: Түйе

ІІІ-жүргізуші: Апа, мына жерде «Аруана» және «Ақбота» топтары түйе туралы сұраққа жауап беру арқылы білімдерін сынаспақшы, тыңдап көрсек қайтеді?

«Ақбота» «Аруана»

Аруанадан тараған, Ойсылқара баласы

Алға үмітпен қараған, Адамның болған панасы,

Маң-маң басқан ботамыз «Аруана» біз боламыз

Мейірімділікті қалаған Ақ ботаның анасы.

Ұрандары:

Күнде ішсең шұбат Ішіңіздер шұбат

Аларсың күш-қуат. Жанға қуат

Әндері: «Елім менің» «Қазақстан»

Сұрақ-жауап:

  1. Түйе неге шөлге шыдамды?

  2. Түйе төлін неше ай көтереді?

  3. Түйелер тобын қалай атайды?

  4. Түйе шудасының қандай емдік пайдасы бар?

  5. Қос өркешті түйе

  6. Шұбат сақтайтын теріден жасалған ыдыс

  7. Шұбатты қандай ыдыстарда сақтайды?

  8. Шұбатты қандай ыдысқа құйып ішеді?

  9. Бір өркешті түйе

  10. Түйені қалай шақырады?

  11. Түйенің сүйіп жейтін шөбі


ІІІ. Қорытынды бөлім

Екі топтың бағасын беру, жеңімпаздарды анықтау, марапаттау.

Әженің ақ батасы























































23 . 02. 2018ж

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.11.2018
608
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі