Материалдар / Сүйінбай Аронұлы 10-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ
Осы тақырыптағы материалдардың барлығын көріңіз!

Сүйінбай Аронұлы 10-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
1303
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақ әдебиеті Сынып 10 «А»

Сабақтың тақырыбы: Сүйінбай Аронұлы

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың мақсаты: Сүйінбай Аронұлы жайлы жаңа білім, тың деректер ала отырып, өмірі және шығармашылығымен танысады. Жаңа мағлұматтар, деректер алады.

Сабақтың міндеті:

  • Сүйінбай Аронұлының қазақ әдебиетіндегі орнын анықтап шығармаларына талдау жасайды. Өлеңдерін талқылап, тақырыбы мен идеясын айқындайды

  • Сүйінбай Аронұлы өлеңдеріне талдау жасай отырып, теориялық білімдері беки түседі. Талдау дағдылары жетілдіріледі, шығармашылық қабілеттері шыңдалады, ойлау, таным белсенділіктері арттырылады.

  • Ұлттық рухани құндылықтарды бағалай білуге, адамгершілік қасиеттерін ұштай отырып бірін-бірі сыйлауға, пікіріне құрметпен қарауға қалыптасады.

Әдіс-тәсілдері:Тапсырмамен жұмыс, сұрақ жауап.

Көрнекіліктер: Сүйінбай Аронұлы портреті, Таратпа кестелер.

Сабақ барысы:

І. Қызығушылығын ояту

а) Психологиялық дайындық – тренинг Мен және әлем

ә) Үй жұмысын тексеру.

- 1-2 оқушыға дауыстап оқыту

Стратегия: ББҮ

Сүйінбай Аронұлы жайлы не білесің?


Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

+

+



ІІ. Мағынаны ашу

Біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз Сүйінбай Аронұлы өмірімен танысу, өлеңдерін оқып, талдау»

Сүйінбай ақын Алматы облысының Жамбыл ауданы, Қарақыстақ ауылында дүниеге келген, сонда қайтыс болды. Қазақ халқының ақыны, айтыс өнерінің шебері. Аронұлы Сүйінбай (1815 - 1898) – қазақтың әйгілі ақыны, айтыс өнерінің майталман жүйрігі. Туып өскен жері Алматы маңы, Жамбыл ауданына қарасты Қарақыстақ елді мекені. Осы өңірден топырақ бұйырған. Шыққан тегі Ұлы жүз Шапырашты тайпасының ішіндегі Екей руы. Шежіре дерегі бойынша арғы атасы Күсеп дәулескер қобызшы болған. Күсептен Арон, одан Сүйінбай туған. Сүйінбайдан туған Малыбай, Бағыжан, Жетібай есімді балаларының ұрпағы өсіп өнген.

Сүйінбайдың ақындық дарының алтын бесігі халқының ежелден қалыптасқан өнерпаздық дәстүрі. Әсіресе, ел ішінің сөз өнерін әспеттеген ұлы дәстүріне жастайынан ерте ұштап, төңірегіне ерте танылады.

Сүйінбайдың даңқын елге жайған, ауыздан ауызға тараған шығармаларының бір шоғыры өз кезіндегі хан қара, би төре, бай манаптарға, көз көрген замандастарына қарата айтылған өлеңдері. Бұл өлеңдері, ол бір жағынан елдің мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын, табанды да турашыл азаматтың тұлғасын танытып отырса, екінші жағынан айтар ойын ұрымтал образ, ұтқыр ой арқылы жеткізуге шебер ақынның тегеурінді қарымын танытады.

«Хан емессің, күйіксің,

Қалың елді айдап жеп,

Теріңе зорға сиыпсың,

Ұры қары залымның,

Жаныңа бәрін жиыпсың...

Дүниені жұтса тоймайтын,

Түпсіз жатқан ұйықсың,

Қадірің жоқ халыққа,

Аққан судай сұйықсың», дейді Сүйінбай.


Құнарлы сөз, кесек ой, келелі уәж оның поэзиясына, эпикалық қарым, көркемдік сипат дарытып отырады.

Сүйінбайдың, әсіресе, айтысқа түскенде қынынан суырылған қылыштай жарқылдап, өзінің туа біткен ақындық дарынмен қауышқандай әсерге бөлеп отырады. Оның Майлықожамен, Тезек төремен, Қатағанмен, Арыстанбекпен айтыстары нағыз шашасына шаң жуытпайтын жүйріктің айғағы. Сүйінбай поэзиясы арқылы қазақтың айтыс өнерінің өрісі анағұрлым ұзарып, биіктеді, тақырып аясы кеңейіп, әлеуметтене түсті.

Эпикалық қарымдағы ақын ретінде Сүйінбай халықтың әр түрлі жыр дастандарын таңды таңға ұрып айтып, «Манас», «Көрұғлы», «Рүстем Дастан», «Тотынама» сияқты туындыларды шығармашылықпен өзінше жырлаған.

Ол айбынды айтыскер ақын және батырлық эпостарды жырлаудың шебері болған. Өтеген, Қарасай, Сұраншы, Саурық сынды қазақ батырлары турасында қаһармандық дастандарын дүниеге келтірді. Оның Тезек төре және Катаған ақындармен айтысы да дүйім жұртшылыққа мәлім. Бұл айтыстарда ол орын алған әлеуметтік мәселелерді арқау етіп, ерекше орындаушылық дарыны мен суырып салма ақын екенін паш етті.

|Ақынның бұлайша ел ісіне араласуы оның қоғамдық бетін айқындайды, бетіне адам қаратпаған әрі ақын, әрі әкім төренің аузын буып, оның төріне именбей шығып, табағынан ас, малынан бас беруге мәжбүр еткен — Сүйінбайдың тас жібітер өткір де батыл тілі. Табиғатынан талантты ақынға ел артқан сенім, ол көрсеткен сый-құрмет өшпес даңқ әперіп, бойындағы сарқылмас талант бұлағының көзін ашты. Ақын енді үй айналасыңдағы әкесінің шағын шаруашылығымен айналыспай, ағайын арасы ұсақ дау-шарға бөгелмей, ел кезіп, өмір көру, ділмар-шешен ақындармен кездесіп, олармен дидарласу арманын алға қояды.

Сүйінбай — халқымыздың поэтикасына жетік шебер тілді, жүйрік ақын. Бұған оның билер мен төрелердд сынап, мысқылдап айтқан өлеңдерінің өзі дәлел. Ақынның „Кәріілік" атты өлеңін еске алсақ, бұл да оның адамның қартая бастаған өмір белестерін айқын бейнелеп, шендестіре сөйлеуге ұста екенін танытады.

Ақынның бір арманы еліне әділетті өмір орнатып, еңбек адамын бақ-дәулетке ие ету. Берекелі, бейбіт елді, елі үшін еңіреп туған ерді көрсетіп, бұқара халықты әділ жолға бастар абзал басшыны, адал азаматты қадірлеу. Ел берекесі бірлікте екенін ескертіп, әсіресе, сыртқы жауға қарсы тұру үшін ауыз бірліктің маңызы ерекше екенін баса айтады.


Сүйінбайдың Тезек төремен кездесуі — кейінірек, ақынның ер жетіп, елге танылған шағы. Қалың бұқараға сүйенген ақын тайсалмай сөйлеп, Тезек төрені де жалайырдағы Солтанға ұқсатып ел алдында әшкерелеп, бас көтертпей жалынды сөзінің күшімен бөгеп отырады. Тіпті көрші қырғыз халқының қанды балақ, орақ ауыз Орман хан тұқымдарының орынсыз істерін де батыл сынайды. Ол шындық үшгін күресіп, хан-төре тұқымының қылмыстарын бетіне басадй. Әр түрлі дауға түсіп, әділ қазыдай әмірлі билік айтады. Дәл осы бойынша «Шығарма кестесін» жасап жіберейік.


Өлеңің аты

Негізгі әрекет

Кейіпкері

Кейіпкерге мағыналық балама

Сүйінбайдың Тезек төремен кездесуі


















Тіл көркемдігі

Мәтіннен үзінді

1

Метонимия


2

Метафора


3

Теңеу


4

Эпитет


5

Тұрақты тіркес


6

Мақал-мәтел



ІІІ Ой толғау

Стратегия:ББҮ

Бірінші сабақта бастаған кестенің «Үйрендім» деген бағанын толтырады.


Білемін

Білгім келеді

Үйрендім



+

Стратегия:пікір жинақтау

Өлеңдерін оқытып, талдайды. Сұрақтар алады. Сұрақ. Сүйінбай Аронұлы шығармаларының негізгі идеясы не? Болашақ ұрпақты жаман әдеттерден тыю, ұлттық рухымызды асқақ ұстауды ұрпаққа аманат еткен.

Әр оқушы дәптерге бүгінгі сабақтан алған ойлары мен әсерін жазады, сосын дәптер дөңгелек үстел шеңберімен кезектесіп айналымға түседі. Ал оқушы алдына келген әрбір ойды оқып пікір жазады, не сұрақ қояды. Бұл жұмыс дәптер шеңбер бойымен өз иесіне қайтып оралғанша істелінеді.

Стратегия:Соңы сөзді мен айтайыншы (қорытынды сөз)

Үйге:өлеңінен жаттауға беремін.

Сүйінбай Аронұлы «...» шығармасы бойынша «Шығарма кестесі»

Сыныбы ..........................................

Баланың аты-жөні......................................................................


Өлеңнің аты

Негізгі әрекет

Кейіпкері

Кейіпкерге мағыналық балама















Сүйінбай Аронұлы шығармасы бойынша тіл көркемдігін анықтау парағы.


Сыныбы..........................................

Баланың аты-жөні......................................................................


Тіл көркемдігі

Мәтінен үзінді














Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!