Материалдар / Сүйіспеншілік-әрбір жүректе!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сүйіспеншілік-әрбір жүректе!

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп мұғалімдеріне,психологтарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қараша 2020
1812
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



39 «Қызылөзек» орта мектебі









Жалпы адамзаттық құндылық





Тақырыбы: «Сүйіспеншілік әрбір жүректе»























2019-2020 оқу жылы



Сабақтың тақырыбы: Сүйіспеншілік әрбір жүректе!

Сабақ мақсаты: ата-аналарға оқушыларға сүйіспеншіліктің өмір өзегі екендігін ұғындыра отырып сүйіспешілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

- оқушылардың риясыз сүйіспеншілік туралы түсініктерін кеңейту;

-оқушылардың бойында жақсы көру,қадірлеу,сыйластық қасиеттерін дамыту;

  • оқушыларды туған елін, жерін, ата-анасын және баршаны риясыз сүйіспеншілікпен жақсы көруге тәрбиелеу .

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

 1.Ұйымдастырукезеңi: Сәлемдесу.  

1.Тәртіп+сүйіспеншілік

2.Талап

3.Тыныштық

4.Тазалық

5.Татулық


Топқа бөлу әр түрлі өлең жолдары арқылы

Жан әке, шертіп сезім домбырасын,

Кеудемді қуанышқа толтырасың.

Арманның асқарына құлаш ұрсам,

Алдымда асқар тау боп сен тұрасың.



Мәңгі жарық күн сыйлаған маған,
Бір адам бар - ол өзіңсің, анам!
Мейірімге бір өзіңнен қанам,
Жылуды да жүрегіңнен алам.


Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

Келесі кезекті көріністі тамашалауға шақырамыз

1-жағдаят

Егер үйде құмыраны абайсызда әкесі сындырып алса, онда үйге «бақыт» келді дейді, ал баласы сындырып алса, «олақсың» деп жазғырады (баланың қолын байлау)

Баласы киноға барамын, достарыммен қыдырамын десе, «бармайсың» дептыйым салады (аяғын байлау)

Теледидар көргім келеді, компьютерде ойнағым келеді десе, «балаларға көруге болмайды» деп шектеу қоямыз (көзін байлау)

Мені мектепке шақырып жатыр, сізге де келсін деген десе, «аузыңды жап» деп сөйлетпейміз (аузын байлау)

  • Қалай ойлайсыздар, бұл бала өзін қалай сезініп отыр?

  • Осы көріністі қорытындылайық, біз балаға осылай қол-аяғын байлап жатқан жоқпыз ба

Тапсырма: Қолымызға берілген ақ парақтармен қайшыны пайдаланамыз

Шарты:Ақ парақты бүктеу арқылы әр жерінен қиып өтеміз


Дәйексөз:

Сүйіспеншілік – жүректен.


3.Тапсырма «Пияз» әдісі

Шарты:Қолымызға берілген пияз сураттерінің жоғары жағына яғни сабағына балаларымыздың жақсы қасиеттерін,төменгі жағына кемшіл тұстарын жазамыз

Қорытынды:Не айтқымыз келді?


Шығармашылық  жұмыс, топтық  жұмыс.

1-топ

Анамызға арнап, өзіміздің ішіміздегі білдіре алмай жүрген риясыз сүйіспеншілігімізді  хат арқылы жолдайық.

Оқушыларға махаббат, сүйіспеншілік ұғымдарына сәйкес келесі өлең жолдарын толықтыруды ұсыну.

(Балалар аналар шығармашылығы)

2-топ


Табиғат тақырыбында сурет салу шығармашылық жұмыс.Ата-ана балалар шығармашылығы


Топпен ән айту(Оқушылар орындарынан тұрып әнді орындайды.)

«Ана туралы жыр»

Сөзі Ғ.Қайырбектовтікі

әні Ш.Қалдаяқовтікі


Әлемнің жарығын сыйладың сен маған.

Даланың әр гүлін жинадың сен маған.

Сен бердің құстардың қанатын самғаған,

Балалық құштарым өзіңе арнаған.

Қайырмасы:

Әлдилеп, аялап, өсірген жемісін,

Самал жел, сая бақ құшағың мен үшін.

Есейіп кетсем де, мен саған сәбимін.

Көңіліңді көктемдей көзіңнен танимын.


Өтеуге борышың, анашым, жан сырым.

Іздедім сен үшін әлемнің асылын.

Әлемнің байлығын сыйлар ем, кеш мені,

Сыйлар ем ай күнін, қолыма түспеді.

Қайырмасы.

Ете гөр қанағат, әзірге берермін,

Балалық махаббат, балалық жүрегім.

Бол риза, анажан, қолдағы осы бар,

Өзіңе арнаған әнімді қосып ал.

Қайырмасы.


Тазалану әдісі


Бойымыздағы жаман қасиеттерді ақ қағазға түсіреміз, қар кесегіне айналдырамыз.Барлық жаман қасиеттерімізді қоқысқа саламыз.



1)«Ана махаббаты» аңыз әңгіме

Бір күні балалары бір келісімге келе алмай анасына келіп сұрақ қояды:

-Анашым, сіз біздердің қайсысымызды ерекше қатты жақсы көресіз?

Анасы үндеместен, шырақты жағып былай дейді:

-Мынау- шырақ, ол — мен!

Оның жалыны- менің сендерге деген сүйіспеншілігім.Осыдан кейін анасы тағы бір шырақты алып, өз шырағы арқылы жақты.

-Бұл менің- тұңғышым, оған мен өз жылуым мен сүйіспеншілігімді бердім. Қараңдаршы, екінші шырақты жағуыммен менің жылуым, сүйіспеншілігім азайды ма?

- Жоқ!

-Менің шырағымның жалыны бір қалыпты.

Сонымен анасы қанша баласы бар сонша шырақ жақты. Шырақтың жалыны көбейіп, одан сайын көп жылу берді…

Аналарың сендерді үнемі сүйіспеншілікке бөлейді, ал сендерде аналарыңды үнемі риясыз сүйіспеншілікке бөлеңдер!

Сұрақтар:

1.Балалар не себепті келісімге келе алмады?

2.Анасы балаларына өз сүйіспеншілігін қалай білдірді?

3. Риясыз сүйіспеншілік дегенді қалай түсінесіңдер?

4.Ананың мейірімі балаларына қалай әсер етті деп ойлайсыңдар?



Кері байланыс: Бүгінгі алған әсерлерімізді стикерге жазып,тілек ағашына жапсырамыз


Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу әуен қойылады.

Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық .  Жайлап, көздеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!

 




















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!