Материалдар / Сүйіспеншілік педагогикасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сүйіспеншілік педагогикасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қазан 2020
726
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сүйіспеншілік педагогикасы

Тараз қаласы, Қаратай Тұрысов атындағы№53 мектеп-гимназиясы

директордың ғылыми-әдістемелік орынбасары,

педагог-зерттеуші Ертуганова Балжан Юлдашбековна


Заманауи білім беру парадигмалары мен оларды сүйемелдейтін технологиялар үнемі білімді адамның қалыптасуына жаңа тәсілдерді іздеуде. Білім беру бағдарламалары мен стандарттарды мемлекеттік деңгейде жаңғырту адамды өзгертпейді. Жасөспірімдер мен жастар арасында агрессия, зорлық-зомбылық, азаптау, суицидтік әрекеттер көбеюде. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен құралдар адамдарды бір-бірімен жақындастырмайды, оларды ажыратуға әкеліп соқтырады, ерте балалық кезеңнен бастап бала ойынды гаджетке, жалғыздыққа ауыстырады

Тәрбие мен оқытудағы адамгершілікке бағытталған идеалдар құндылықтар деп қарастырылады. Оларға: шындық, қайырымдылық, тұлға, бостандық, махаббат, шығармашылық және т.б. жатады. Құндылықтар идеалдарды қабылдау немесе қабылдамау сезімі арқылы айқындалып, ақыл-ой, сана арқылы қабылданады, құрметтеу, қошаметтеу, қабылдау тәрізді ұмтылысты білдіреді. Бұл сезім мен ақыл-ойдың ұштасуын және сол арқылы адамның іс-әрекетін белгілейді. Құндылықтар сезім арқылы қабылданады, сана арқылы түсінуге болады. Соның нәтижесінде тұлға құндылықты игереді де, іс-әрекет етеді. Осы аталмыш құндылықтардың бастау көзі халықтың мол мұрасында. Ол мұра – халық пайда болғалы онымен бірге жасасып, бірге дамып келе жатқан құнды дүниелер. Қазіргі күрделі әрі аумалы-төкпелі заманда құндылықтар жүйесінің алатын орны ерекше. Құндылықтарға бейімделу адамзатқа тән. Болмыс құбылыстарының құндылықтарынсыз әлеуметтік жан иесі ретіндегі адамның іс-әрекетінің де, өмірінің мәні де болмайды.

Жалпыадамзаттық құндылықтар -тұлғаға рухани-адамгершілік білім берудің негізгі өзегі болып табылады. Оқыту үрдісіне  жалпыадамзаттық құндылықтарды енгізу арқылы адамның рухани өсуіне ықпал жасауға болады. Мәңгілік құндылықтар білімнің негізгі өзегі болып табылады. Жалпыадамзаттық құндылықтарды адамның бойынан жарыққа шығару  ізгілікке апарады, яғни, мінезін өзгертуге болады. Адамның жақсылыққа ұмтылуы, ақиқатқа жүгінуі оның болмысынан ішкі жан дүниесінде бес құндылықтың бар екенінің дәлелі емес пе?

Көптеген мұғалімдер бүгінгі күндері өз тәжірибелерінде педагогикалық үрдісті ізгілендіру қажеттілігі мәселелерімен бетпе-бет келуде. Ізгілік ол адами құндылықтардың тұлға ретінде танитын көзқарастар жүйесі, оның бостандыққа, бақыт пен даму және барлық қабілеттерін аша білуге деген құқығы

Біздің ойымызша, сүйіспеншілік педагогикасы бір адамға арналған гуманистік уәделерді жүзеге асырудың маңызды бөлігіне айналуы керек.

Оқушының адамгершiлiк мәдениетi қай кезде де назардан тыс қалып көрген емес. Бүгiн де оқушылардың адамгершiлiк мәдениетi жоғары болуы маңызды мәселе ретiнде саналады
Осы орайда бабамыз Әбу-Насыр Әл-Фарабидiң “Адам алдымен ойлы, парасатты болуға, ақыл-ойдың жан-жақты дамуына көңiл бөлуi қажет. Шын мағынасындағы бiлiмдiлiк – тамаша адамгершiлiк сипат”- деген ұлағатты пiкiрiн мойындай отырып, жас ұрпақты бiлiм нәріне қандыру да педагогтық парыз екенін ұмытпағанымыз абзал .

Сондықтан да ұлы Абайдың 19-қара сөзiнде “Адам баласы туа сала естi болмайды. Естiп, көрiп, ұстап, татып, естiлердiң айтқандарын есте сақтап қана естiлер қатарында болады. Естiген нәрсенi есте сақтау, ғибрат алу ғана естi етедi”-деп ақыл-естiң, тәрбиенiң жемiсi арқылы жетiлетiнiн ғылыми тұрғыдан дәлелдеп бередi.

Мұғалімдер өздерінің және өзгелердің бәрін жақсы көреді, бәріне сүйіспеншілікпен қызмет етеді, бізді жек көретіндерді тіпті сүйіспеншілікпен қарсы алуы керек – бұл Сүйіспеншілік педагогикасының негізгі қағидаларының бірі. Сүйіспеншілік педагогикасының келесі қағидасы - мінезді тәрбиелеу, ол адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеудің және жалпы адамгершілік құндылықтардың көрінуінің негізі болып табылады. Туылғаннан бастап адамның рухани және адамгершілік құндылықтары болады , оны өмір жолына жұмсайды. Бүгінде білім беруде әлеуметтік институттар мен тәрбиелеу практикасына негізделген рухани-адамгершілік құндылықтар жойылған. Жаһандану идеясы тұтас алғанда барлық халықтарды біріктіру, адамзаттың жалпыға ортақ құндылықтарына негізделген бірыңғай білім беру кеңістігінде мобильді алмасу ретінде түсіндірілді. Әлемдік білім беруде Сүйіспеншілік педагогикасы мен рухани-адамгершілік құндылықтар мен құндылыққа ұмтылған сана болмады. Бұл шындық Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Біз болашақты түсіну және болашақтың сұлбасын көру үшін өткенді іздеуіміз керек »-деген сөздерімен расталады. Егер саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері өткен ғасыр дәстүріне қарап, өздерінің ұлттық салт-дәстүрлерін, мәдениетін сақтап , өскелең ұрпаққа данагөй, ағартущылар туралы айтып,өнеге етіп, олардың ұлттың байлық қосқан үлестері туралы Сүйіспеншілікпен жеткізіп отырса , халықтың менталитетіне сәйкес келмейтін бөтен мәдениеті енбес еді.Президентіміз іс жүзінде мемлекет басшысы ретінде өз ісінде де Сүйіспеншілік педагогикасын жүзеге асыруда деуге толық негіз бар.Мысалы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасында  Мемлекет басшысы аталмыш жаңғырудың негізгі қызметі мен ерекшеліктеріне ой жүгіртіп, бұл жаңғырудың маңыздылығына тоқталады: «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды». Яғни, адами құндылықтар, рухани қазына, жастарды тәрбиелеу, олардың бойына патриоттық рухты сіңіре білу жұмысында рухани салаға басымдық берудің қажеттілігін алға қойып отыр. «Мәңгілік ел» болуымыз үшін бізге ауадай қажетті қасиеттер мен құндылықтардың қайнары тоғысып, ақыл-парасаты толысқан, ғаламдық ғылымды игерген адамдар көп болса, еліміз өркениетті, бәсекеге қабілетті болатыны ақиқат. Мақалада: «Біз жаң­ғыру жолында баба­лар­дан мирас болып, қаны­мызға сің­­ген, бүгін­де тамы­ры­мыз­да бүл­кіл­­деп жатқан ізгі қасиеттерді қай­та түле­туіміз керек», – делінген. Расында, жастайынан дін мен дәстүрімізді, тағылымды тарихымызды оқып, сусындап өскен ұрпақ теріс ағымдар мен жат мәдениеттің жетегінде кетпейді.Сүйіспеншілік педагогикасы мәдениет құндылықтарын және басқа ұлттардың мәдениетін құрметтеуді қалыптастырады.

Махаббат пен шындыққа негізделген жаңа білім мен рухани-адамгершілік құндылықтарды ашуда оқушылардың мұғалімінің жанама педагогикалық сүйемелдеуімен өзіндік ізденуге деген сүйіспеншілікке негізделген мұндай тәсілдің негізі болып саналатын «Өзін-өзі тану» бағдарламасы да ізгілікке,сүйіспеншілікке бағытталған.

Еліміздегі болып жатқан өзгерістер жасөспірімдердің мінез - құлықтарында бәсекелестік қабілетті қалыптастыру жаһандану заманында сұранысы артып отыр. Жаңашылдық үстем құрған уақытта адамгершілік құндылықтары жүйесінің орны ауқымдылығымен сипатталуында. Мәселен, құндылықтарға бейімделу, мойындау, әрбір адамзатқа көңілінен орын алатын мәдениетті қарым-қатынас жасау жүйесі жеке тұлғаның өмірлік мәні, ой - санасы, бет-бейнесі болып табылады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!