Сүйіспеншілікпен сусыңдалған тәрбие

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сүйіспеншілікпен сусыңдалған тәрбие

Материал туралы қысқаша түсінік
Заман талабына сай білім беру жүйесі өзінің басым бағдарын жеке тұлғаның рухани адамгершілік тұрғыдан кемелденуіне назар аудара бастады. Демек, тұлғаның адамды адам ете түсетін қасиетін ашып көрсету, яғни руханилығын дамыту – заман талабы. Рухани құндылықтар мәңгілік және адамзаттық. Қай халықтың болмасын өзіне ғана дараланып тұратын ерекшелігінің бірі – рухани құндылықтар жүйесі. Рухани құндылықтардың мәнін ашу арқылы оқушылардың рухани-адамгершілік тәрбиесі мен білім деңгейін жетілдіруде «Өзін-өзі тану» пәнінің мәні мен маңыздылығы ерекше болып отыр. «Өзін-өзі тану» пәнінде оқушы өзін-өзі тану ғана емес, ол рухани білім мен таным мәдениетін, қоғамдық талапқа сай ізгілікті, инабаттылықты, адамгершілік қатынастар мен мінез-құлықтарды және өзін-өзі меңгеру әдебін үйренеді. Мектеп жасына дейінгі кезеңнен бастап балалар адамгершілік құндылық бағдарын, қарым-қатынас мәдениетін , өз Отаны мен туған өлкесіне сүйіспеншілік, Мемлекеттік рәміздерге, отбасы, түрлі ұлт тілдеріне адамгершілікпен,
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Өзін-өзі тану пәні адамның өзін-өзі тануына, өзінің ең жақсы

қасиеттерін анықтауға, өз ар-ұжданын сақтап, әрқашанда

АДАМ деген атқа лайық болуына ықпал етеді»

С.А.Назарбаева


Заман талабына сай білім беру жүйесі өзінің басым бағдарын жеке тұлғаның рухани адамгершілік тұрғыдан кемелденуіне назар аудара бастады. Демек, тұлғаның адамды адам ете түсетін қасиетін ашып көрсету, яғни руханилығын дамыту – заман талабы. Рухани құндылықтар мәңгілік және адамзаттық. Қай халықтың болмасын өзіне ғана дараланып тұратын ерекшелігінің бірі – рухани құндылықтар жүйесі. Рухани құндылықтардың мәнін ашу арқылы оқушылардың рухани-адамгершілік тәрбиесі мен білім деңгейін жетілдіруде «Өзін-өзі тану» пәнінің мәні мен маңыздылығы ерекше болып отыр. «Өзін-өзі тану» пәнінде оқушы өзін-өзі тану ғана емес, ол рухани білім мен таным мәдениетін, қоғамдық талапқа сай ізгілікті, инабаттылықты, адамгершілік қатынастар мен мінез-құлықтарды және өзін-өзі меңгеру әдебін үйренеді. Мектеп жасына дейінгі кезеңнен бастап балалар адамгершілік құндылық бағдарын, қарым-қатынас мәдениетін , өз Отаны мен туған өлкесіне сүйіспеншілік, Мемлекеттік рәміздерге, отбасы, түрлі ұлт тілдеріне адамгершілікпен, сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиеленеді. Баланың танып-білуге қызығушылығын арттырады. Сабақ барысында мектепке дейінгі кезеңде балаларға ертегі, аңыз-әңгімелер, мақалдар арқылы мейірімділікке, қайырымды болуға жалпы адамзаттық құндылықтардың бастапқы түсініктері беріледі. Түрлі ойын тәсілдері қолданылады. Ал бастауыш сыныптардан бастап, «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың бағдарламалық мазмұны мен әдістемелік әдіс-тәсілдері оқушылардың жас ерекшеліктеріне, танымдық іс-әрекеттеріне қарай күрделене береді. Бастауыш сынып оқушылары сабақта мейірімділік, сезімталдық, тілектестік, ынтымақтастық дағдыларына төселеді. Оқу үрдісінде ойын әрекеттері, әңгімелесу, сергіту жаттығулары, рольдік ойындар, шығармашылық- практикалық жұмыстар, жағдаяттарды талдау әдіс-тәсілдері қолданылады. Осындай жұмыстардың нәтижесінде балалар өз мінез-құлықтары мен қоршаған орта, адамдардың қылықтары мен әдеттері туралы, өз бойындағы жақсы үлгілерді жетілдіру тілектерін дамытуға ықпал етеді. Сабақтағы түрлі әдіс-тәсілдер арқылы берілген біліммен, талданған тақырып, дәйексөздер баланың өз басында жауапкершілік сезімін және өзіне-өзі талап қоя білуді, үлкендерді сыйлауға, әдептілікке, қоршаған ортаны түсінуге қамқор болуға үйренеді.
Сонымен қатар, «Өзін-өзі тану» пәнінен оқушылар халқымыздың рухани әлемде өзіндік орны бар А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, М.Мақатаев, Ж.Аймауытов, Б.Момышұлы, Ш.Уәлиханов , М.Әуезов, Қ.Мырза-Әлі, Т.Айбергенов, Ш.Сариев т.б сынды қаламгерлердің рухани адамгершілік құндылықтары негізінде жазылған өлеңдер, дәйексөздер, ой-толғаулары мәтіндері оқушыларға өмірдің өзгермелі, қиын да күрделі екенін айтады. Күреске толы адамдық құндылықтарды ту етіп қана, оған жол табарлық терең сырлы әлем екенін аңғартады. Сабақта оқушыларға қосымша көркем әдебиеттер де пайдалану тапсырылады. Бұл оқушылардың логикалық ойлау мен шығармашылығын дамытады.

Жалпы «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білім мен тәрбие беру сабағының нәтижесінде оқушыларға ойлау, сөйлеу мәдениетін қалыптастырады:

- Рухани адамгершілік құндылықтар артады;

-Салауатты өмір сүруге баулиды;
-Шығармашылық қабілетін дамытады;
-Ғылымға бейімделеді;
-Әсемдікпен қаруланған ұлттық тәрбие нәрімен сусындайды;
-Халық игілігін жасаушы болашақ азаматты жан-жақты етіп тәрбиелейді.

Сонымен, бүгінгі таңда осындай тамаша идеяға сай нақтыланған «Өзін –өзі тану» барлық білім деңгейлерінде міндетті оқытылатын оқу пәні болып енгізіліп отыр. Алайда бұл жеткіліксіз. Рухани – адамгершілік жүйесі тек бір пәнмен шектелмей, бүкіл білім кеңістігі ізгілендіру құралына айналдыру – бүгінгі таңдағы өзекті мәселе.

Өзін – өзі тану рухани – адамгершілік білімін ұйымдастыру кеңістігі



Shape1




Қорыта келенде, жас ұрпақтың тағдырын рухани-адамгершілікпен сабақтастырған, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін, руханияттық жаңа, ізгі ілімді үйретуге қадам жасаған «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білім-рухани өркендеудің түп тамыры, бастауы екені даусыз.



Омарова Динара Асқарқызы

Педагог-психолог, өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.06.2018
698
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі