400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сұйықтар мен газдардағы қысым, Паскаль заңы

Материал туралы қысқаша түсінік
7.3.1.5 - сұйықтардағы гидростатикалық қысымның формуласын шығару және оны есептер шығаруда қолдану
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім:

Қысым. Жұмыс және қуат

Педагогтің аты-жөні

Оспанова Г. Т

Күні:

26.01.2024

Сынып: 7 А, В

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Сұйықтар мен газдардағы қысым, Паскаль заңы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

7.3.1.5 - сұйықтардағы гидростатикалық қысымның формуласын шығару және оны есептер шығаруда қолдану

Сабақтың мақсаты:

Сұйықтардағы гидростатикалық қысымның формуласына есептер шығарады

Құндылыққа баулу

АР-ҰЯТ: адал еңбекті құрметтеу

ТАЛАП: Жеке және командамен жұмыс істей білу

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

  1. минут


1. Сәлемдесу, оқушыларға жоқ оқушыларды түгелдеу

2. Өткенді қайталау

1. Дененің бір өлшем бетінің ауданына перпендикуляр бағытта түсетін күш.......... деп аталады. /қысым/

2. Сұйыққа немесе газға түсiрiлген қысым барлық бағыт бойынша өзгерiссiз берiледi. Бұл қағида .........деп аталады. /Паскаль заңы/

3. Бір заттың молекулаларының екінші бір зат молекулаларына еніп кету құбылысы ........ деп аталады. /диффузия/

4. ........ тұрақты көлемі мен нақты пішіні болмайды, ол берілген көлемді түгел қамтиды. /газ/

5.Сұйықтар мен газдар қысымды, қатты дене сияқты бір бағытта ғана емес, ................. бірдей таратады./барлық бағытқа/

6. ............... .................... – тек қана сұйық бағанының биiктiгiне және оның тығыздығына тәуелдi. /гидростатикалық қысым/

7. Қатты денелердің, сұйықтардың және газдардың барлық қасиеттері олардың ................... байланысты болады. /құрылымына/

Сәлемдеседі


Бос орындарды толтырады


Мұғалімнің кері байланысы





https://wordwall.net/ru/resource/67249615


10 минут





Жаңа тақырыпты презентация арқылы түсіндіру

Есептің шығарылуы түсіндіріледі

Биіктіктері бірдей 50 см ыдысқа құйылған су мен сұйық май берілген.Сұйықтықтарға түсірілетін қысымды анықта. Сұйықтарға түсірілген қысым бірдей ме? (еркін түсу үдеуі g=9,8м/с², сұйық майдың тығыздығы ρ=900кг/ м³)

Тапсырма№1 жұптық жұмыс

«Кестені сәйкестендіру» арқылы берілген мәліметтерді сәйкестендіреді

Қысым

T

Па

Жылдамдық

υ

Кг/м³

Дененің көлемі

F

С

Тығыздық

P

Н

Масса

V

Па

Уақыт

ρ

м³

Сұйықтардағы қысым

M

м/с

Күш

p

кг


Сабақ мазмұнымен танысады










Есептің шығару жолын түсінеді







Оқушылар жұппен берілген тапсырмаларды орындайды




















Дескриптор:

-физикалық шамалардың өлшем бірліктерін біледі

- физикалық шамалардың белгіленуін біледі

2 балл

ҚБ:Өзара кестелерді алмастыру арқылы бір-бірін бағалайды


Презентация




















Таратпа материал

Сабақтың

ортасы

20 минут
















Тапсырма№2

Топтық жұмыс

1. Цистернадағы мұнай бағанының биіктігі – 10 м, оның тығыздығы – 800 кг/м3. Мұнайдың цистерна түбіне түсіретін қысымын анықтау керек. /80кПа/

2. Сынап қандай биіктікте Қысымы 952 кПа болады? /7/




Тапсырма№3

Жеке жұмыс

Қалыптастырушы бағалау

Ц илиндр тәрізді ыдысқа массасы бірдей сынап және су құйылды. Сұйықтардың екеуінің жалпы деңгейлерінің биіктігі h1 = 2 см, h2 = 27,2 см. Сұйықтардың ыдыс түбіне түсіретін жалпы қысымын анықтаңыз.

(су 103 кг/м3, сын 13,6103 кг/м3)

Оқушылар топтасып есептерді шығарады













Оқушылар жеке құрылымдалған тапсырманы шешеді

Дескриптор:

  • гидростатикалық қысымның формуласын біледі.

  • Қысымды есептейді

  • Өлшем бірлітерді ХБЖ-не айналдыра алады

  • Биіктікті өрнектей алады

  • Биіктікті есептейді

5 балл


ҚБ: топтық өзара бағалау



Дескриптор:

  • сынаптың түсіретін қысымын есептейді;

  • судың түсіретін қысымын есептейді;

  • сұйықтардың жалпы түсіретін қысымын анықтайды.

3 балл

ҚБ: өзін-өзі бағалау

Презентация, таратпа материал










Сабақтың соңы:

5 мин


Кері байланыс

Рефлексия: Блоб ағашы

Үй тапсырмасы

Сұйықтар мен газдардағы қысым, Паскаль заңы.

Есеп шығару

Өлшемдері суретте көрсетілген аквариумның түбіне судың түсіретін қысымын және судың салмағын анықтаңыз. (су 103 кг/м3)



Ауызша кері байланыс береді.


Оқулық



Ресурст

Қосымша №3

Тапсырма №3

Паскаль шары


Тепе-теңдік күйде сұйық не газға әсер етілген қысым сол сұйық не газдың кез келген нүктесінде барлық бағыттарға бірдей таралды. Бұл заң француз философы Блез Паскаль есімімен аталынған.Паскаль заңын түсіну үшін «Паскаль шары»деп аталатын құралмен тәжірібие жасап көрейік .Ол бір жазықтық бойында орналасқан саңылаулары бар шардан ,поршеньді цилиндрден тұрады.Егер шарға су не түтін толтырып бассақ,шар саңылаулары арқылы су немесе түтін барлық бағытта бірдей ұзындыққа шашылып немесе будақтап шығатындығы байқалады.Бұдан қысым барлық бағытта бірдей таралып қоймай, оның мәнінің бірдей болатыны көрінеді. Блезь Паскаль –XVII ғасырда өмір сүрген француз математигі және физигі,гидростатиканың негізгі заңының авторы .Паскаль 12 жасынан бастап ғылыммен шұғылданды.Сол кездегі ғалымдармен бірдей ғылым туралы пікірлескен.Ол газбен сұйықтардың қасиеттерін көп зеріттеп ,заңдылығын тағайындап және атмосфералық қысымның бар екендігін өз тәжірибиесімен дәлелдеп берді.

  1. Паскаль заңына анықтама беріңіз.

  2. Қатты денелерге түсірілетін қысым мен сұйықтарға және газдарға түсірілетін қысымның айырмашылығы қандай?

  3. Қайнатылған және шикі жұмыртқалар берілсін.Тир оғымен жұмыртқаларды атқанда, қай жұмыртқада Паскаль заңы орындалады? Неліктен?

  4. Паскаль заңын пайдаланып, неліктен тіс пастасын тюбиктен қысып шығару оңай екендігін түсіндіріңдер?

  5. Қай күйдегі зат тек әсер етуші күш бағыты бойынша қысым түсіреді?

  6. Сұйықтыққа батырылған дене тереңдігі артқан сайын денеге түсірілген қысым қалай өзгереді?








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
28.05.2024
227
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі