Материалдар / "Сүлік" мақала
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Сүлік" мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
Биология пән мұғалімдеріне арналған мақала
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Ақпан 2019
334
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мизамбаева К.У.

30 орта мектеп

Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Теректі ауылы

Дені саудың -жаны сау

Қазіргі заманда әр адам өз денсаулығын сақтау керек, бұл барлығымыздың қасиетті парызымыз.Оның негізгі тұтқасы - өзіміз тіршілік етіп отырған ауаны таза ұстау.Қоршаған орта әртүрлі зиянды қосылыстардан таза болса ғана халықтың дені сау болатынын естен шығармауымыз керек.

Адам денсаулығы,оны қорғау,сақтау қазіргі таңдағы ең бірінші отырған маңызды мәселелердің бірі.Қазақ халқы "Басты байлық- денсаулық"деп текке айтпаса керек.Біздің Теректі ауыл экологиялық жағдайы жағымсыз жағдайы халық денсаулығына әсер етеді деп ойлаймын.

Адам денсаулығын қорғауда,ауруды емдеу мен күресуде-медецина ғылымы ерекше орын алады.Соның ішінде халық мединицасының орны ерекше.Адамдар ерте кезден бастап, табиғаттан әртүрлі ауруларға ем іздеген.

Халық медецинасында жан-жануарларды,суды, топырақты да емге пайдаланады.Табиғатта бостан босқа ештеңе жаралмайды.медециналық сүлік табиғаттың адамға тартқан ерекше сыйы.

Сүлік салу ғылымда «гирудотерапия» деп аталады. Тері бетіне жабысып алып, қан соратын бұл жәндікті көргенде, денең түршігеді. Алайда медицина саласындағы сүліктің дәл осы қасиетінің пайдасын санамалай бастасаңыз, оның пайдалылығына еріксіз сүйсінесіз. Латын тілінен аударғанда «gerudis» сөзі сүлік дегенді білдіреді. Гирудотерапия қазіргі таңда кардиологияда, офтальмологияда, дерматологияда, хирургияда, гинекологияда, урологияда, неврологияда, герентологияда кеңінен қолданылып, күретамыр және қан тамыр ауруларына, тері ауруларына, өкпе, бас сақинасы, инфаркт, инсульт, глаукома секілді ауруларға таптырмас емге айналды. Тіпті соңғы кездері адамдар сүліктің көмегімен арықтап, адам жасын жасартатын «сиқырлы емші» ретінде де пайдалануда. Сүлікті қажет деген жерге тек арнайы маман ғана салады. Бұл жәндіктің емдік қасиетінің сыры адамның артық арам қанын сорып алып, қан айналысын жақсартатын артықшылығына қоса, тағы бір кереметтілігі оның биологиялық белсенді заттарға бай, түрлі ферменттерден тұратын сілекейінде. Түрлі ферменттермен қатар қанның ұюына тосқауыл қоятын гирудин және 100-ге жуық биологиялық пайдалы заттар сүлік сілекейінің басты артықшылығы болып саналады. Ол бір сағат ішінде адамның 15 мл-дей қанын сорып алады, одан соң өзі ажырайды. Шығыс медицинасында емшілер сүлікті саналылықпен пайдаланып, ерінбей, қиналмай ем қабылдағаннан кейін тазартып отырады. Яғни адам денесіне салынған сүлікті ем қабылдап болғаннан кейін таза тұзды суға салу керек. Сонда арам қанға тойған сүлік лоқсып құсады. Бірақ лоқсып құсқан құсқанына қанағаттанбай, сүлікті қолмен ұстап, ақырын жайлап қана аяқ жағынан басына қарай қан шығуын тоқтатқанша сығу қажет. Сондай жағдайда сүлік қаннан мүлде тазартылады. Тазартылған сүлікті таза суға кішкене шекер салып салып қою керек. Өмірде бір тіршілік иесінің екіншісі үшіншісі үшін құрбан болып жатуы бұл заңдылық. Сондықтан гирудотерапияның бұл әдісіне сәйкес сүлікті дұрыс, ұқыпты пайдалана білсе, адам денсаулығына тигізер пайдасы шексіз Жабысып алып, қан соратын бұл жәндікті көргенде, денең түршігеді. Алайда медицина саласындағы сүліктің дәл осы қасиетінің пайдасын санамалай бастасаңыз, оның пайдалылығына еріксіз сүйсінесіз. Латын тілінен аударғанда «gerudis» сөзі сүлік дегенді білдіреді.

Сүлік – буылтық құрттар типіне жататын арнайы кластың өкілі. Сүліктердің құрылысы мен тіршілік әрекеті ерекше назар аударады. Сүліктердің бас бөлігі нашар ажыратылады. Олардың денесінде буылтықтары болады. Бірақ буылтықтар саны ішкі бунақтарға сай келмейді. Қылтандары да жоқ. Сүліктер – қосжынысты (гермафродит) жәндіктер.Тура дамиды – ұрықтанған жұмыртқалардан жас сүліктер өрбиді.

Сүліктер – паразиттік жолмен де, жыртқыштықпен де тіршілік ететін жәндіктер. Олардың негізгі қорегі – әр түрлі су жәндіктері: былқылдақденелілер, бунақденелілердің дернәсілдері. Сондай-ақ өзге сүліктер, итшабақ және балық шабақтары, омыртқалы жануарлардың қанымен де қоректенеді. Сүліктер суда тіршілік етеді. Сүлік денесінің алдыңғы және соңғы ұштарында сорғыштары болады. Алдыңғы сорғышында үш тісті аузы бар. Суда кездескен адамға немесе омыртқалы жануарларға дененің алдыңғы жағындағы сорғышымен жабысады. Ол жануардың денесін тістеген кезде теріде үш бұрышты із қалады. Өткір тістер теріні теседі. Сүлік тіс орнынан аққан қанды сорады. Қан соратын сүліктің жұтқыншағына арнаулы бездерден «гирудин» деп аталатын ерекше зат бөлініп шығады. зат қанды сұйылтады, сондықтан жара аузындағы қан ұйымайды. Халықтық медицинада гирудиннің осы қасиеті пайдаланылады. Сүлікке тамыр бітелгенде, жүрек бұлшықеттері жансызданғанда, миға қан құйылғанда, емдік мақсатта пайдаланып, адамның қанын сорғызады.

Көпқылтанды буылтық құрттардың басым бөлігі суда тіршілік ететіндіктен, теңізде маңызды рөл атқарады. Олар балдырлармен, ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Ал өздері суда мекендейтін балықтарға, шаянтәрізділерге және басқа да теңіздегі мақұлықтарға жем болады. Олар су түбіндегі тұнбаны ішегі арқылы өте көп мөлшерде өткізеді.

Сөйтіп суқойма түбіндегі топырақ қабатына ықпалын тигізеді.

Сонымен бірге азқылтанды құрттар өсімдік шірінділерімен қоректенеді. Демек олар суқоймаларын өсімдіктердің шірінді қалдықтарынан тазартуда да маңызды рөл атқарады. 

Әдетте арнайы дәрігерлер сүлік салудың алғашқы сеанысында

сүлікті адам денесінің қарын аумағынан бастайды. Өйткені қарын аумағы дәрігердің де, емделуші адамның да көзбен көріп бақылауына өте қолайлы.

Сүлік өте кінәмшіл, кірпияз. Сондықтан оның жыландай суық денесінен шошымай, мейлінше еркіне жіберіп, емделуші адам қимылсыз жатуы керек. Қадалатын тұсты, яғни дененің ауыратын жерін сүлік өзі-ақ іздеп табады.

Сүлік қадалған жеріндегі нашар қанды немесе қан аралас керексіз сұйық затты (сары су не ірің) сорып тойғаннан кейін 3 минут пен 30 минуттың аралығында өзі түседі. Сүлікті уақытынан бұрын тартып алып тастауға болмайды. Себебі тістері қалып қоюы мүмкін.

Ағзаға микроб түспес үшін сүлік қадалған жерді арнайы дайындалған залалсыздандырылған дәкемен жауып, байлап қою керек. Жара орнынан 2 сағаттан 24 сағат аралығында қан ағып тұруы мүмкін. Кей кезде жараның орнында тек көгерген таңба таңба ғана қалады. Бірақ бұл адам үшін қауіпті емес, керісінше бұл сүлік салудың оң әсер ете бастағанының белгісі, яғни адамның иммундық жүйесі бірден қалпына келе бастайды деген сөз.

Сүлікті адамның кез-келген дене бөлігіне сала беруге болады. Сүлікті басауруына, тіс, қан қысымы көтерілгенде, денеде ісік пайда болғанда, зат алмасу бұзылғанда, сары сужиналғанда қорықпай-ақ пайдалана беруге болады. Қалай болған күнде де адамға оның ешқандай зияны жоқ.

Бар қасиет сүліктің сілекейінде. Сондықтан белгілі бір сырқат түрі асқынған болса, ауру адамның 8-10 процедура қабылдағаны дұрыс.

Әдетте мұндай жағдайда ауыратын дене мүшесіне 2-3 немесе 10 сүлікке

дейін салады. Егер сырқат асқынып кеткен жағдайда (тромбофлебит, гипертониялық дағдарыс және де басқа да ауыр кезеңдерде) процедураларды, яғни сүлік салуды жиі жүргізген жөн.

Сүлік салу емін тұрақты қабылдаған адам жылына бір рет осы емдеу, тәсілінің білгірі –гирудотерапевтке қаралып, тексерістен өтіп отыруы қажет. Емдеу тәсілінің оң нәтижесін беруі үшін 3-4 процестен тұратын қайталау курстарын қабылдап отырған өте пайдалы. Емдеу тәсілін әлденеше рет қабылдағаннан кейін қайталап салғанда сүлік бұрын қадалып жүрген адам денесінен қашқақтап жоламай қойса, жыйырылып тітіркенгендей белгі берсе, ағзаның аурудан құлан таза айыққаны деген белгісі.

Сүлік салудың адам ағзасы үшін пайдасы өте зор. Десек те емдеу барысында кейбір дәрігерлер сеанс қабылдағаннан кейін сүлікті өлтіреді, яғни бойына жинаған жағымсыз заттардан тазарту керек. Адам денесіндегі арам қандарды сорғандықтан ол өзі де өліп қалуы мүмкін. Бір қарағанда бұл қатыгездік екені даусыз.

Гирудотерапия қазіргі таңда кардиологияда, офтальмологияда, дерматологияда, хирургияда, гинекологияда, урологияда, неврологияда, герентологияда кеңінен қолданылып, күретамыр және қан тамыр ауруларына, тері ауруларына, өкпе, бас сақинасы, инфаркт, инсульт, глаукома секілді ауруларға таптырмас емге айналды. Тіпті соңғы кездері адамдар сүліктің көмегімен арықтап, адам жасын жасартатын «сиқырлы емші» ретінде де пайдалануда. Сүлікті қажет деген жерге тек арнайы маман ғана салады.Бұл жәндіктің емдік қасиетінің сыры адамның артық арам қанын сорып алып, қан айналысын жақсартатын артықшылығына қоса, тағы бір кереметтілігі оның биологиялық белсенді заттарға бай, түрлі ферменттерден тұратын сілекейінде. Түрлі ферменттермен қатар қанның ұюына тосқауыл қоятын гирудин және 100-ге жуық биологиялық пайдалы заттар сүлік сілекейінің басты артықшылығы болып саналады. Ол бір сағат ішінде адамның 15 мл-дей қанын сорып алады, одан соң өзі ажырайды.Сондай-ақ бүгінгі таңда ауырмай-ақ сүліктің көмегіне жүгінгісі келетін азаматтардың қатары да көбеюде. Себебі сүлік салу емінен кейін адамның дене қызуы қалпына келіп, қан қысымы, қандағы қант мөлшері төмендеп, ұсақ қан қатпалары жойылады, ісікке қарсы, ауырсыздандыру механизмдері іске қосылады екен. Негізінен, емге белсенді аш сүлікті пайдаланады.Егер қанды аздап алу қажет болса, кішкентай сүліктерді аз уақытқа ғана қояды. Бүгінде Қазақстанда сүлік салумен айналысатын медициналық орталықтардың саны артып келеді.

Сүлік туралы аңыз
Медициналық сүлік ретінде қолданылатын арқасында өрнегі бар сүлік туралы аңыз да бар екен. Ертеде Сүлеймен пайғамбар алыс жолдан шаршап-шалдығып, аяғы ісіп келе жатқан соң, жолда кездескен көлшікке аяғын салып демалады.

Сол арада мызғып кеткен пайғамбар ояна келе, аяғының ісігінің де кетіп, бойындағы ауырлықтың да жоғалғанын және денесі жеңілдеп қалғанын байқайды. Тек аяғының астында майда құрттар мен кішкене ғана қан ағып жатқанын көреді. Риза болған Сүлеймен пайғамбар құрттардың арқа тұсынан сипап, ризашылығын білдіреді. Бүгінде медициналық сүліктердің арқа тұсындағы өрнектердің пайғамбардың төрт саусағының іздерінен қалған белгі екен деген аңыз бүгінге жеткен екен.Қызық дерек
«гирудотерапия» деп аталады.Латын тілінен аударғанда «gerudis» сөзі сүлік дегенді білдіреді. Гирудотерапия кардиологияда, офтальмологияда, дерматологияда, хирургияда, урологияда, неврологияда тамаша нәтижелер береді екен. Сүлік салу күретамыр және қан тамыр ауруларына, тері ауруларына, өкпе, бас сақинасына, басқа да ауруларға тиімді ем болып жүр. Соңғы кезде адамдар сүліктің көмегімен целлюлитті емдеп, арықтап, тіпті жасарады.Бұл жәндіктің емдік қасиетінің сыры оның биологиялық белсенді заттарға бай, түрлі ферменттерден тұратын сілекейінде екен.

Қызық дерек.
Гирудотерапевт маманның айтуынша, дүниежүзіндегі сүлікпен айналысатын, ұдайы өздері де сүлік қолданып жүрген мамандардың барлығының дерлік жастары 80-нен асқан көрінеді. Бұл бәлкім сүліктің адам жасын жасартатынының анық дәлелі болса керек. Мәселен, сүлік саласын зерттейтін, көптеген ғалым-профессорлар: израйльдік профессор Рэгби, ресейлік ғалым Баскова, германиялық профессор Фриц, қытайлық профессор Ой секілді сүлікші ғалымдардың барлығының дерлік жастары 70-80-нен асып кеткен көрінеді. Ал Нәзігүл Нұрахметқызының осы саланы таңдауына себеп болған, талай жылдар сүлікті өзі де пайдаланған емші Бәкетай атасы 90 жасқа келген. Бұл жай сәйкестік пе әлде сүліктің сиқыры ма?!

Сондай-ақ бүгінгі таңда ауырмай-ақ сүліктің көмегіне жүгінгісі келетін азаматтардың қатары да көбеюде. Себебі сүлік салу емінен кейін адамның дене қызуы қалпына келіп, қан қысымы, қандағы қант мөлшері төмендеп, ұсақ қан қатпалары жойылады, ісікке қарсы, ауырсыздандыру механизмдері іске қосылады екен. Негізінен, емге белсенді аш сүлікті пайдаланады. Егер қанды аздап алу қажет болса, кішкентай сүліктерді аз уақытқа ғана қояды. Гирудотерапияны гинекологиялық ауруларға қолдану кезінде әйелдер ауруларынан айығып қана қоймай, гормондық-зат алмасу процестері жылдам қалпына келетіні байқалған. Екінші, бедеулік, эндометрит, эндометриоз тәрізді жатыр мен созылмалы аурулардың алдын алумен қатар, сүлік кейбір жағдайларда негізгі ем ретінде де қолданылады. Әсіресе сүлік операциялардан кейін тез жазылуға мүмкіндік береді. Сондықтан қазіргі таңда дәрігерлер операциядан соң, сүлік салдыруға кеңес береді. Сүлікті қолданғанда науқастың жасына, қосалқы ауруына, денесінің салмағына, қан мен қан қысымының көрсеткіштеріне және сүліктің жағдайына да көңіл бөлінеді. Жалпы, елімізде сүліктің 600 түрі белгілі болса, соның бір ғана түрі медициналық сүлік ретінде қолданылады. Емге бір рет қолданылған сүлікті екінші рет қолдануға болмайды, медициналық орталықтарда қолданылған сүліктер іле-шала жойылып отырады. Айта кетер жайт, сүлік емінің ең арзаны біздің елімізде екен. Мәселен, Ресейде бір сүліктің емі 5-10 доллар аралығында болса, Еуропада – 10-15 доллар, Америкада 20 долларға дейін баратын көрінеді. Ал бізде бар болғаны екі-үш доллар көлемінде екен. Бүгінде Қазақстанда сүлік салумен айналысатын медициналық орталықтардың саны артып келеді. Солардың бірі – 1998 жылдан бері жұмыс жасайтын Қазақстандағы бірінші медицина сүлігімен емдеу орталығы. Орталықтың директоры еліміздегі гирудотерапияның дәстүрлі негізін қалаушы мамандардың бірі – Қоңыртаева Нәзігүл Нұрахметқызы. Сүлікпен емделу үшін жылына орта есеппен 1000-ға жуық адам келеді екен. Сүлікпен жалпы емдеу құны сүліктің саны мен емдеу уақытысына байланысты 1500-15 000 теңге аралығында.

Жұрт аузында мұны «әулиеқұрт» деп атайды. Аталарымыз мұны су патшасы Сүлейменнің құрты деп атаған. Қазақстанда ең алғаш 1998 жылы сүлікті халық емінен дәстүрлі емге айналдырып, медициналық сүлікпен емдеу орталығын аштық. Ал осыған дейін 1991 жылдан 1998 жылға дейін сүлікті халық емі ретінде пайдаланылып келді. Сондай-ақ мұнымен емдейтін дәрігерлердің санын арттыру мақсатында Алматыдағы дәрігерлер білім жетілдіру институты мен біздің медициналық орталығымыз біріге отырып, 1998 жылдан бастап гирудотерапия саласының мамандарын оқыта бастадық. Қазіргі таңда гирудотерапевт мамандар еліміздің түкпір-түкпірінде осы сала бойынша еңбек етіп жатыр. Бұрын дүниежүзі бойынша гирудотерапевт маманы болмаған, ең алғаш 2003 жылы Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен елімізде гирудотерапевт маманы тіркелді. Дүниежүзі бойынша, ең алдымен, біздің еліміздің сүлік емін түсініп, оны ем ретінде қолдануға деген ұмтылысы біздің еліміз үшін үлкен жетістік болды. Ресей, Германия, Франция мемлекеттері бізден кейін ғана бұл салаға бет бұра бастады. Сүлік пайдалы үш қасиеті арқылы барлық ауру түрлеріне ем ретінде қолданылады. Сүлікті қанының көрсеткіштері сұйылып кеткен ауруларға мүлдем қолдануға болмайды. Сүлік – ерте заманнан келе жатқан ем. Соның мысалы Үндістанның көп қолды Дханвантари емші құдайының бір қолында сүліктің суреті болса, бір қолында шөптің суреті бейнеленген. Яғни бұл дінге дейінгі көне заманнан бастап емдік қасиеті белгілі болған ем.Адамдар сүлікпен емделуді мыңдаған ғасырлар бұрын пайдаланған,медеицинада әртүрлі ауруларда қолдану жолдарын зерттеу қажет.Себебі, бірінші байлық-денсаулық,денсаулық болса бәрі болады.

Пайдалынылған әдебиеттер тізімі:

  1. «Қазақстан әйелдері» журналы 2005ж №6



  1. «Жан дауа» газеті 2003, №45



  1. «Емші» журналы, 1997 ж №12



  1. «Денсаулық» журналы, 1997 № 6 18-19 беттер



  1. Биология оқулығы /8-сынып/ 2008ж

  2. Биология және салауттылық негізі журналы №4/2013



  1. Интернет желісі



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!