Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Қамар сұлу» шығармасындағы көтерілген негізгі мәселе

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Қамар сұлу» шығармасындағы көтерілген негізгі мәселе

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ қыздарының теңсіздігі, өткен ғасырдағы дәуір шындығы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың “Қамар сұлу”шығармасында көтерілген негізгі мәселе

XX ғасырдың арпалыс заманында қазақ әдебиетінің ашық аспанында жарк етіп көрініп, жалт етіп ұшып түскен жарық жұлдыздарының бірі-Сұлтанмахмұт Торайғыров.Жоқшылықта өсіп, қиыншылықты көп көрген, нәтижесінде тіршілік-өмірден көргенін ақынның соңында қалдырған ұлан-ғайыр әдеби мұрасы оны қазақ әдебиетінің классиктері катарына косты. Қиын қыстау заманда небәрі жиырма жеті-ақ жыл ғұмыр кешкен ақынның осыншама еңбек калдыруы, шығармаларындағы ұлтжандылық рухтың күштілігі, ұлтының бақытты болашағы жолындағы қайтпас күрескерлігі, азаматтық арының биіктігі, дарынының дарқандығы таң қалдырады. С.Торайғыров шығармашылығының жаңа сапаға өткелі тұрғанын, көркемдік-идеялық ізденістерін анық көрсететін шығармасы –“ Қамар сұлу”.

Қамар сұлу” шығармасы 19-ғасырдағы қазақ халқының аувр трагедиясын суреттеген шоқтығы биік туынды. Жазушы шығарма фабуласын Алтай елінде болған кездерінде ел аузынан алған, романға өмірде болған уақиғалар негіз болған. Романның идеясы Қамар мен Ахмет арасындағы махаббаттың трагедиясынан ғана туындамайды. Торайғыров әйелдер тағдырын адамдық құқығын ескермеген қоғамдағы түрлі әлеуметтік күштердің осы проблемаға қарым-қатынасын да бейнелеп көрсетеді. Романда Қамар мен Ахмет бір-біріне ғашық болса да,қыздың туыстарының наразылығымен екеуі екі жаққа айырылып,оның жорға Нұрымға зорлықпен ұзатылған сәті әйел теңсіздігінің айрықша дәлелі. “Бай деп, кісі деп Нұрымды айт. Кәріліктің алды, жігіттіктің соңы” деп, шіркін ерледі ғой. Қамар секілді қосағаның тұс келуі сонысына қарай ғой. Ой, өркенің өссін! Алғаныңмен қоса ағар!” дегендегі Нұрым олардың сөзіндегідей қатарынан артық артық туған жан емес, ел ортасында “халқыңды қан жылаттың Жорға Нұрым” атанған ақсақ Нұрым. қаламгер барша жолсыздықтарға жол беріп, көнбеске көніп, тамақ аңдыған надан топтың жиынтық бейнесін береді, әшкерелей жазады. Адамдық құқытарын, ар-намыстарын аяқ-асты етіп отырған әлеуметтік топтар жолсыздығына селт етпеген жандарға, бәрін біліп, қорлық пен мазаққа төзген, көнбіс халыққа бұл әдет пен халінің сұмдық сиқын көрсетеді. Сондықтан да ол дүние қызығын малға сатып аламын, мақсатқа да мал арқылы жетемін дегендерді де, оларға жол беріп отырған тамақ аңдушыларды да сынға алады. Осы топ портретін, психологиясын шеберлікпен жазады.

Қамар - ауқатты ортадан шықкан қыз. Ахмет - кедей жігіт. Екеуі - екі ортаның адамдары. Оның үстіне қалыңсыз қыз берілмейтін қатал әдет заңы тағы бар. Қалыңмал берерлік Ахметте әл жоқ. Осы жайлар Қамарды да, Ахметті де катты ойландырады. Сондықтан Қамар теңім еді деп, Ахметке құлап түспей, екеуі қосыла алатын мүмкіндік жоғын айтып түсіндіреді. «Ахметті сүйемін-ақ... Сүйгенім үшін осынша күйемін-ақ. Ал, енді шыдамадым... Қараландым... Күні ертең ел-жұртым екеумізді екі айырып жібереді... Онда не болдым... Әке, ағаларым болса, оған бермек тұрсын, бұл жазғанын сезсе де, бұл күнімізді өзімізге көп қылады ғой», - деп ойлайды Қамар Ахметтен хат алғанда. Қыз ойының қорытындысы мынау болады:

« - Қой, бүйтіп күйік үстінде күйік-жалқын салмайын: өзімдікі қабірге бірге түсетін күйік қой, енді тағы Ахметті күйдіріп, кәрі әке-шешесінің обалына қалмайын; бірденеміз елге сезіліп қалса, Ахмет байғұстың талқаның шығарады ғой... Обалымыз қиюы жоқ, қисыны қашқан дүниеге, оңға баспай солға басқан қазақтың қара ғұрпына болсын!».

Осы үзіндіден Қамардың өз заманының әділетсіз тәртібіне, «оңға баспай,солға басқан қазақтың қара ғұрпына» деген наразылығы айқын көрінеді.

Жазушы Қамар бейнесі арқылы қазақ қызының басындағы ауыр халді көрсетіп, елдін ең ардақтысы Қамарды осындай ит-қорлықпен өлтіргенде, басқа қыздардың күйі не болмақ? деген сұраққа жауап іздейді. Осы мысал негізінде ескі ауылды құрт аурудай жайлап, есеңгіретіп бара жатқан әдет-ғұрып заңын айыптайды. Автордың бұл ойы - Қамардың өлердегі сөзінен айқын көрінеді.

Тоқтау бер, мұнан былай қазағыңа

Шалдардың қызды салмай мазағына!

Дуасы бейшараның қабыл деп ең,

Сол үшін мен разы азабына-дей келіп әрі қарай ойын жалғастырады:


Ғибрат ал мен сорлыдан, қазақ қызы!

Түйрейтін мал менен шал - саған бізі.

Оңбайды бұл әдетпен қазақ халқы,

Бол себеп ақырында қалмасқа ізі.

Қорытындыласақ, Ахмет пен Қамар арасындағы іңкәр сезімге үстем халық өкілдерінің қысымы, әлеуметтік теңсіздік пен надан халықтың жаңаша ойлай алмауы кесірін тигізді. Шығарма Қамар сұлу бейнесінде заман қасіретін көрсетті. Мазмұнында тек әйел теңсіздігі емес, астарында халықтың қараңғылығы мен байдың озбырлығы қыл тағдырында бейнеленген.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.04.2024
280
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі