Материалдар / "Су - тіршілік көзі" тәрбие сағаты
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Су - тіршілік көзі" тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
"Су - тіршілік көзі" тәрбие сағаты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қараша 2023
510
6 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
450 тг 338 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие сағаты жоспары

Мектеп:

20 З.Шүкіров атындағы орта мектеп

Күні:

05.09.2023 жыл

Мұғалімнің аты-жөні

Матығұлова Нұрсара

Сынып: 5

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тақырыбы:

«Су - тіршілік көзі»

Мақсаты:

Судың табиғат пен адамзат үшін маңызы туралы әңгімелеу. Сусыз тіршілік жоқ екенін ұғындыру, судың ерекшеліктері туралы сипаттау.Суды қорғауға және үнемдеуге үйрету.

Құндылықтарды дарыту

Қоршаған ортаға мейірімділік танытуға, суды ластамауға және үнемдеп ұқыптылықпен пайдалануға тәрбиелеу.

Барысы:


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Сабақтың басы

І Ұйымдастыру кезеңі


2 мин

















4 мин
















2 мин

Қызығушылықты ояту. Психологиялық ахуал туғызу.

3) “Шаттық шеңбері” әдісі. Мұғалім оқушыларды шаттық шеңберіне шығарады.«Бір күнгі танысыңа қырық күн сәлем» дегендей бүгін дәстүрден тыс амандасуды шаттық шеңберінде көрсетеді.Мұғалім: «Қәне, оқушылар бір-бірімізге күлімсірей қарап, барлығымыз алақандарымызды бір-біріне түйістірейік. Оң қолдарыңызбен көршілеріміздің иығына қолымызды қойып,оң жақтағы көршіміздің басын сипайық. Сол қолдарыңызбен көршілеріңіздің иығына қолыңызды қойып,сол жақтағы көршісңіздің басын сипаңыздар.Бір-бірлеріңіздің арқаңыздан сипап,құшақтаса амандасыңыздар».

2) Релаксация жаттығуы.

Оқушылар ортадағы шеңберді бұзбай, көздерін жұмып тұрды. «Табиғат үні» музыкасы ойнап тұрады.Мұғалім: Құрметті оқушылар, көзімізді жұмып, терең дем аламыз, денемізді бос ұстаймыз, жақсы істерді көз алдымызға елестетеміз.Сіздер, мен де бармын араларыңызда.Біз керемет, әрі сиқырлы, мейірімділік пен сүйіспеншілікке толы жаңбырлы әлемге саяхат жасаймыз.Бұл әлемде «Біз бақытты жанбыз» деп қуанып,бір бірімізге қолымызды созып қолшатыр ұсынып, қалықтап жүрміз.Сүйіспеншілік, мейірімділік, ізгілік нұры бізге қонып, жан дүниемізді осы жақсы сезімге толтырды. Енді бәріміз көзімізді ашайық.Жұпар иісі аңқыған керемет табиғат көрінісінен кейін «Сәттілік тамшыларының» біреуін ала қайтайық.Оқушылар алған тамшыларын жанындағы оқушыларға сыйлап Үнтаспадан естілген тамшылар тырсылымен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

3) Топқа бөлу.

Оқушылар релаксация жаттығуы барысында алған су тамшыларының артында жасырылған сурет түрлеріне қарай үш топқа бөлініп отырды.

І топ – Мөлдір бұлақ

ІІ топ – Ғажайып мұздық

ІІІ топ – Көңілді бу

Оқушыларға топтық тапсырмаларды орындау барысында, әр жауап берген ұпай саны су тамшыларымен есептелетіндігі түсіндіріледі.Әр топ су тапшыларын өздеріне берілген ыдысқа жинайды. 1 ұпай - 1 су тамшысына тең.


Оқушылар «Шаттық шеңберіне» шығып бір-біріне күлімсірей қарап, мұғалімнің нұсқауын орындау арқылы бір-бірімен көңілді түрде амандасады.






Табиғат үнімен терең тыныс алып, демалады.Кейін қолшатырға ілінген “Сәттілік тамшыларын” алып бір-біріне жылы тілектер тілейді.












Суреттер арқылы топқа бөлініп отырады.




Компьютер, интербелсенді тақта











Қолшатыр, қағаздан жасалған жаңбыр тамшылары, үнтаспа.















Жаңбыр тамшыларның суреті және топқа байланысты суреттер, топ атауы жазылған парақтар.

Сабақтың ортасы

ІІ Жаңа білім.

2 мин





8 мин




3 мин



ІІІ Жаңа білімді игеру.

10 мин














2 мин


ІҮ. Бекіту тапсырмасы



7 мин






1. “Миға шабуыл” әдісі арқылы оқушыларға жұмбақ жасыру, жаңа тақырыпты ашу.

Аяқсыз - ақ жорғалайды, жүреді.

Аузыда жоқ, сыңғырлайды, күледі.

Онсыз бірақ жер бетінде тіршілік жоқ,

Айтыңдаршы осыны кім біледі? “Су”

Яғни, біздің бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы “Су - тіршілік көзі” екен балалар.

2.Оқушыларға “Су - тіршілік көзі” тақырыбында бейнебаян көрсету. Ал, оқушылар

1.Бейнебаян не туралы екен?

2.Бейнебаянды көре отырып қандай ой түйдіңдер?

3.“Серпілген сауал” әдісі арқылы әр топ допқа жаңа тақырып бойынша сұрақтар жазып лақтырады.Келесі топ мүшелері жауап береді.

4. “Ғажайып аквариум” әдісі арқылы әр топқа проблемалық сұрақтар беріледі.

1. Судың тіршіліктегі рөлі мен маңызы қандай? Жер шарындағы су айналымының маңызы неде?

2.Егер су болмаса жер бетіндегі барлық тіршілік иелері қандай өзгерістерге ұшырайды?

3.Күнделікті өмірде суды үнемдеу үшін қандай іс-әрекеттер жасауымыз қажет?

Ойлан-жұптас-бөліс” әдісі арқылы әр топ мүшелері біріге отырып сұраққа жауап іздеп ойласады, постер құрып өзара пікір алмасады.Дайындаған жұмыстарын өзге топтар алдында әңгімелеп, бөліседі. Оқушыларға қосымша мәліметтер кестесі құрылған “Google” конверттері көмекке келеді.

4.Сергіту жаттығуы.Бөтелкеге су құйып оңға, солға, жоғары, төмен қозғау арқылы балаларға жаттығу жасату.

1. “Spinner ойыны” әдісі. Дөңгелекті айналдыру арқылы бағыттағыш түскен сұрақтарға әр топ кезекпен жауап береді.

1.Су туралы қандай тыйым сөздер білесің?

2.Мақалды жалғастыр: Су қадірін ------ білер,

____ қадірін жүрген білер.

3. Тыйым сөзді аяқта:Су ішкен ----- -------.

4. Суда еритін заттарды ата.

5. Суда ерімейтін заттарды ата.

6. Ой толғаныс: Үстіне жүк артқан екі есек келе жатты.Біреуінің үстінде тұз, екіншісінде мақта. Олар терең өзеннен өту керек болды. Үстіне тұз артқаны судан шыға салып бүлкілдеп жорыта жөнелді. Ал жеп-жеңіл мақта салынғаны аяғын әрең басып, қабырғасы қайысып кетті.Неге? Себебін түсіндір.(4 және 5,6 сұрақтардың жауабының дұрыстығы тәжірибемен көрсетіледі.)

Оқушылар жұмбақтың жауабын тауып, тәрбие сағатының тақырыбын анықтайды.



Бейнебаян желісі бойынша ой білдіреді.

Сұрақтарға жауап береді.


Сұраққа жауап береді, пікірлеседі, әңгімелеседі. Бірге жұмыс жасап, сынып алдында өз жұмыстарын баяндап, білімдерімен бөліседі.Өз ойларын дәлелдейді.


Бөтелкедегі су оң жағына жылжыса оңға қарай бүгіледі т.б. қимылдар орындайды.

Әр топтан бір оқушы шығып дөңгелекті айналдырады. Белгішемен көрсетілген сұраққа тоқтағанда сұрақты оқып, жауап береді.

Интербелсенді тақта, слайд


Тақтаға жазылған тақырып



Интербелсенді тақта, бейнебаян, доп, маркер




Су құйылған бөтелкеге балықтарға жазылған сұрақтар салынады. “Google” конверттер.





Бос бөтелкеге құйылған су.Құйылған су еркін болуы керек.

Интербелсендітақта






Ү.Сабақтың соңы

2 мин







3 мин.

Кері байланыс. “Тіршілік нәрі” әдісі.Таратылған гүл күлтелеріне әр оқушы бүгінгі тәрбие сағатында алған әсерлері мен алған білімдері туралы өз ойын жазады. Содан кейін оларды бүктеп бос ыдыстарға салады. Кейін оны алған мұғалім үстіне су құйғанда бүктелген гүлдер ашылады.

Қорытынды.Бейнеролик көру.

Балалар бүгінгі тәрбие сағатымызда әр топқа ұпай санына су тамшыларын бергенмін. Қане, барлығымыз өз тобымыздың қаншалықты деңгейде ұпай жинағанын қарайық. Балалар, бұл тамшыларды мен сіздерге бекер жинатпадым.Тамшылар жиналып көп мөлшердегі суға айналды. Қазіргі қоғамдағы он мәселенің бірі “Су” екенін ұмытпайық балалар. “Су- тіршілік көзі”.Сусыз жер бетінде тіршілік жойылады.Өзге мемлекетте таза су тапшы екенін білдіңіздер.Алдағы уақытта таза суды үнемдеп, ұқыпты пайдаланайық. “Судың да сұрауы бар” деп дана халқымыз бекер айтпаса керек.

Әр оқушы бүгінгі тәрбие сағатында алған әсерлері мен алған білімдері туралы өз ойын жазады.







Қағаздан жасалған гүлдер.Бос ыдыстар және су.



Интербелсенді тақта

 



























Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!