Материалдар / Су- өмір нәрі Ғылыми жоба
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Су- өмір нәрі Ғылыми жоба

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл жобада екінші сынып оқушысы Нұрахмет Нұрқанаттың ғылыми жоба "Су-өмір нәрі" тақырыбындағы материалдар берілген
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
804
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

9



Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Ащысай ауылы

«Ш. Уәлиханов атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік коммуналдық мекемесі



Зерде «Ғылыми жоба»



Жобаны дайындаған: Нұрахмет Нұрқанат Қайратұлы

2-сынып





Тақырыбы:

Су – өмір нәрі








Бағыты: жаратылыстану


Секция: бастауыш сынып





Жетекшісі: Сұлтанова Сейсехан

Бастауыш пән мұғалімі








2017-2018 оқу жылы


Жоспар

І.Кіріспе...............................................................


1.1. Су-өмір нәрі

ІІ.Негізгі бөлім.....................................................


2.1. Адамға судың пайдасы.................................


2.2. Су туралы нақыл сөз ...............................


2.2. Су туралы мақал-мәтел.................................


ІІІ.Қорытынды. Тыныштық сәтін өткізу...................

Қолданылған әдебиеттер тізімі.................................

Аннотация

Бұл жұмыс су туралы және оның адам өміріне пайдасы туралы деректер келтіре отырып зерттелінген.Оқушының жас ерекшелігіне сәйкес,су туралы мағлұмат алынған.Оқушы өзіне таныс затты пайдалана отырып,судың адам өміріне пайдасы туралы тың материалдармен тақырып өзектілігі ашылған.Судың қасиеті мен ерекшелігі,оның қоғамдағы қажеттілігі түсінікті,қарапайым тілмен ерекшелінгені көзге түседі.


























Өзектілігі: Адам өміріне қажетті зат-судың маңызы.

Мақсаты: Судың адам өміріндегі пайдасын зерттеу. Су-керемет сирек кездесетін материал.Ол қатты,Сұйық және газ сияқты күйде болатын жалғыз минералдардың бірі екендігін түсіндіру.

Міндеті: «Судың да сұрауы бар» нақыл сөздің мағанасын ашу.

Әдіс-тәсілі: Бақылау, сұрау, мағлұмат жинау, зерттеу, жүйелеу.

Болжамы: Егер біз суды үнемдеп жұмсай білсек,оның адам өміріндегі маңызын түсінсек, бүгінгі таңнан бастап әр адамзаттың көзін жеткізе білсек, судың қорын сақтап қаламыз.

Тәжірибелік мәні: Ғылыми жобада берілген « Су-өмір нәрі және судың адам өміріндегі пайдасын» оның салаларын, тағы басқа мәліметтерді жаратылыстану пәнінен, дүниетану пәндерінде кеңінен қолдануға болады.


















Кіріспе:



Өмірде сусыз тіршілік жоқ. Судың адам өміріндегі пайдасын білу-міндет. Адам денесінің 70 пайызы судан тұрады. Кез-келген адам күніне 1,5 – 2 литр таза су ішу керек. Су кез-келген тірі ағза үшін аса қажетті нәрсе.

  • Су – негізгі энергия көзі.

  • Су - мидың функциялары үшін күш және электрлік энергия көзі.

  • Жасушаларды бір-бірімен байланыстыратын желім тәріздес.


Негізгі бөлім:

Ол қатты,сұйық және мөлдір,газ сияқты күйде болатын жалғыз минералдардың бірі. Сусыз желінген азықтың денеге тигізетін пайдасы өте аз болып табылады.

Ауыз су- тіршілік көзі.Ол жер шарының ¾ бөлігін алады.Тірі ағзаның 60-70 пайызы, ал өсімдіктердің 90 пайызы судан тұрады.


* Су адам зейінің ашады.

* Жұмыс істеу қабілетін арттырады.

* Ешқандай кері әсері жоқ.

* Адам бойындағы күйзелісті басады.


  • Шаршағанды кетіреді.

  • Теріні жұмсартады.

  • Көздің көруін жақсартады.

  • Қанды сұйылтып,қанның қоюлануына жол бермейді.


Адам денесінде су қоймасы болмағандықтан, суды жиі ішіп тұру керек.

Ішектердің жұмысын реттейді,іш қатудың алдын алады.




Су туралы мақал-мәтел:


  1. Су жүрген жер береке

Ел жүрген жер мереке.

  1. Судың да сұрауы бар.


  1. Су- ырыстың көзі,

Еңбек- кірістің көзі.


  1. Алпыс күн тасыған су,

Алты күнде қайтар.


  1. Арық бар жерде, су бар.


  1. Өзен ақса-көл.

Дария ақса-сең.


  1. Ағын су арнасын табар.


  1. Көлдің көркі-құрақ.

Талдың көркі-бұлақ.


Нақыл сөз:

Мариям Хакімжанова: « Су жоқ жерде өмір жоқ, ол ақиқат»


Адам ағзасында көптеген таксиндік заттар кездеседі.

Пайдасыз тағам, көліктен шығатын шаң-тозаң, осының бәрі ағзамызда кездесетін жағымсыз заттардың бір бөлігі. Суды көп пайдалансақ, бүйректеріміз жақсы жұмыс істеп, несіппен бірге ағзадағы қажетсіз заттарды шығарады. Маңызды мүше бауырда сусыз жұмыс істей алмайды. Ағзаны қажетсіз заттардан тазартқыңыз келсе, су ішіңіз. Біздің ауыл Ащысайда таза су қоры жеткілікті. Сіздерге дәлел ретінде артеизанның таза суын өзіммен бірге ала келдім. Ауылдың таза суын ішіңіздер.

Әрбір арайлап атқан таңды сумен бастаңыз. Осылай , сіз ағзаның оянуына көмектесесіз. Су- миға күш береді.


Су-жүргізер тіршіліктің тамырын,

Су жоқ болса,тірлік болмас бауырым.

Судың мәнін,түсіндік түп маңызын,

Суды сақтап ұмытпайық қадірін.













Қорытынды:


Тыныштық сәті:


Көздеріңізді жұмыңыздар. Өздеріңізді көгілдір де ғажайып, мөлдір де таза, салқын су жағасына келдік деп елестетіңіздер. Су біздің жанымызға әсем ән сыйлап, сылдырай ағады. Тап-таза айнадай мөлдір судың бізге айтары бар сияқты. Біз су жағасына келіп, екі қолымызбен бір уыс су іліп алдық. Су бізге қарап жылт-жылт етеді. Тіпті, осы су тамшыларының бізге айтары бар сияқты. Біз алақандағы су тамшыларын төгіп алмайық деп, уысымызды аялай ұстап тұрмыз.

Ал енді, көзімізді ашайық.

  • Мен, алақанымдағы сумен, тәнім сұлу, таза болсын деп бетімді жуар едім.

  • Ал, сіздер не істер едіңіздер?

( Көрермендерден сұрау)














Қолданылған әдебиеттер тізімі:


  1. Қазақ Энциклопедиясы: І-том

  2. Әдебиеттік оқу пәні және дүниетану,жаратылыстану оқулығы. 1-4 сынып Атамұра баспасы. 2017жыл.

  3. Қазақтың ұлттық мақал-мәтелдері. Алматы: «ҚАЗАҚСТАН» 1990 жыл.

  4. Балдырған және Мөлдір бұлақ журналдары.2015-2016 жыл.

  5. Ғаламтор

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!