ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»
Бөлімі: Экология негіздері
Тақырыбы: «Су - тіршілік нәрі»
Мақсаты: балаларға судың қасиеттерін және суды сақтау қажеттілігін түсіндіру, өз ойларын айта білуге, сөйлемді дұрыс құрастыруға үйрету. Тәжірибе арқылы балалардың су туралы білімдерін бекіту және қорытынды жасатуға үйрету. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану арқылы сөздік қорларын байыту, көру, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Еңбекке баулу, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: су, мөлдір, түссіз, дәмсіз
Керекті құралдар: стақандар, қасықтар,су, лас су, қант, тұз, ноутбук
|
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің әрекеті |
Балалардың әрекеті |
|
Мотивациялық-қозғаушылық |
Шаттық шеңбері Біз қандаймыз, қандаймыз, Шұғылалы таңдаймыз. Күлімдеген күндейміз Ренжуді білмейміз. Қуанамын мен де, Қуанасын сен де, Қуанайық, достарым, Арайланып атқан таңға! Балаларға судың дыбысы бар үнтаспаны тыңдатып, ненің дыбысы екенін сұрайды. Бүгін зертханамызда су туралы әңгімелесейік. Дидактикалық ойыны: «Су - неге қажет? » Ноутбукты қолдана отырып, өз ойларын жинақтап, толық сөйлеммен жауап беруді талап ету. Хабарлама келген дауысты естиді. Балалар алтын балық бізге хабарлама жіберіпті. «Балалар маған көмектесіңдерші. Менің суым ластанып, қоқыстан көрінбейді.» |
Үстелді жағалай отырады. Балалар өз жобасын қорғайды. Назарларын хабарламаға аударып, мұқият тыңдайды. Көмекке беруге дайын екендерін білдіреді. |
|
Ұйымдастыру– іздестіру |
Алтын балыққа көмектесу үшін су қандай екенін, оның қасиеттерін зерттейік. Қазір зертханамызда №1 тәжірибемізді өткізейік. Сұрақтар қояды: - Стақанның ішінде не бар? - Судың түсі қандай? -Ал, су түссіз, мөлдір екенін қалай анықтадыңдар? - Екінші стақанымызда не бар? - Су қандай деп ойлайсыңдар? - Енді тәжірибе жасайық. Стақандарға қасық салып көрейік. Екі сұйықтықтарда қандай айырмашылықтары бар? Бұл суды ішуге бола ма? Біздің алтын балығымызға да, ластанған су өте зиян екен. Релаксация. Балалар көзімізді жұмып, өзімізді көл жағалауында сезінейік. (су дыбысын ноутбуктан естиді.) Тәжірибемізді жалғастырайық Тәжірибе №2. - Фильтрдің көмегімен кір суды тазалаймыз. Фильтр дегеніміз не? (фильтр туралы мағлұматты көрсетеді) Не көрдік? Қандай қорытындыға келдік?
Сергіту сәті: Тұп-тұнық таза суда Балық жүзіп ойнауда Біресе суда керіледі. Біресе жиырылады. Бірде құмға тығылады. Балалар №1 тәжірибе арқылы қандай қорытындыға келдік? Ал, №2 тәжірибе қандай қасиеті бар? Тәжірибе№3 Балалар судың дәмі бола ма? Енді суға қантты қосайық, жақсылап араластырамыз.
Қандай қорытынды жасадық? Балалар қалай ойласыңдар, біздің Алтын балыққа қандай су ұнайды?
Алтын балықтың суын тазарттық, енді оның су, таза тұзды су. Ол қуанып, сендерге бір тілектерінді орындаймын дейді. |
Стақанның ішінде су бар. Судың түссіз, мөлдір, сұйық зат. Стақанның сыртынан көздің көмегі арқылы анықтадық. Екінші стақанымызда су бар. Бұл кір су. Қасықты стақанға салады. Таза түссіз суда қасық көрінеді,өйткені су түссіз. Ал, кір суда қасық көрінбейді, өйткені су ластанған. Кір суды ішуге болмайды, өйткені ол біздің ағзамызға зиян. Сылдырлайды мөлдір су, Мөлдір суға қолынды жу. Жусаң сен әрдайым Аппақ бетін, маңдайын. Судың ішіндегі кір заттарды өткізбей фильтрдің үстінде қалды, ал стақанның ішінде таза су. Суды фильтрдің көмегімен тазалауға болады. Музыкалық әуенді тыңдай отырып, қимылды жасайды. Судың түссіз екені. Суды фильтрдің көмегімен тазалауға болады. -Жоқ судың дәмі болмайды. Қант қосылған судың дәмі тәтті. Тұз қосылған судың дәмі ашты болды. Судың дәмі жоқ.
Балалар жауабы. |
|
Рефлексивті– түзету |
Сұрақтар қояды:
Су туралы мақал-мәтел кім біледі? Су туралы қандай тыйым сөздер
білеміз? Алтын балық сендерге рахметін айтып, сыйлық беріп жібердім деп қоштасады. Бүгінгі зертханмыздағы қай тәжірибе ұнаса, сол жерге су көпіршіктерін қоямыз. Мақтап- мадақтау. |
Сұрақтарға жауап береді. Алтын балыққа көмектесе отырып, суды зерттеп,тәжірибе жасадық. Су түссіз, дәмі жоқ, сұйық зат. Сулы жер – нұрлы жер. Бұлақты жер - тұрақты жер. Су бар жерде ырыс бар. Ұстап балық жейсің, Сумен суғарып өсіріп, Ақ бидайдың нанын жейсің. Суға қоқыс тастама. Суды ластама. Суға түкірме. Суды бекер шашпа. Суды босқа ағызба. Судың бұрандасын жауып жүр. Өзен, көлдерді таза ұстаңдар, ластамаңдар! Экранға назар аударады. Өз шешімдерін көпіршікпен көрсетеді. |
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Су адамға не үшін керек, судың қасиеті
Болу керек: судың түсі, дәмі туралы, түсінік беру. Суда көптеген заттардың еритінін айтып үйрету. Суды үнемдеу керек екенін түсіндіру
Істей білу керек: өз ойларын айта білу, қорытынды жасай білу, салыстыру, тәжірибе жасай білу, Судың қасиеттерін анықтайтын сөздерді пайдалану (мөлдір, түссіз) тәрбиешінің тапсырмасын орындауды. Жаңа технология арқылы іс-әрекет жасай алу
Тәрбиеші: Исаева Жазира Максутканкызы
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Су- тіршілік нәрі

шағым қалдыра аласыз