Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру
Қазақстан Республикасы мемлекеттік істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 100 нақты қадам –Ұлт жоспарының қадамдарын практикалық тұрғыда іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 13- қадамының 9- тармағын орындау шеңберінде «Рухани-адамгершілік пен азаматтық –патриоттық тәрбие беру мәтінінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру» бағдарламасы аясында тәрбиелік-іс шараларды ұйымдастыру мақсатында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы құрылып, 20 оқушы мүшелікке қабылданды. «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелерінің қатысуымен үш секция бойынша жұмыстар жүргізіліп келеді.- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім секциясы; - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат секциясы;- Шығармашылық және мәдени іс-шаралар секциясы.Бұл секциялардың мақсаты: «Сыбайлас-жемқорлық» ұғымын түсіндіру, өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және оқушыларды әділдікке, адалдыққа тәрбиелеу және әр адам өзінің жан-дүниесін ұдайы таза, адал ұстауын қалыптастыру. Жалпы адамзаттық құндылықтарды кеңінен насихатау, баршаның заң алдындағы теңдігі, еңбексүйгіштігі және адалдығын насихаттау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, яғни сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтауға, оның ішінде мектеп оқушыларының заң талаптарын орындау, білім және мәдени деңгейін арттыру. Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыруда мектеп мұғалімдері, ата-аналар және оқушылар арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының жалпы ержелерін сақтау, сыбайлас жемқорлықтың өзекті мәселелері, оның пайда болу себептері, қылмыстық қол сұғуды болдырмау мақсатында ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді. «Жемқорлық- қоғамның дамуына кері әсер етуші фактор» тақырыбында дөңгелек үстел, «Адал және сатылмайтын еңбек» тақырыбында сурет байқауы, «Қоғамдық тәртіп негіздері» пікірталасы, «Қазақстан-құқықтық мелекет» айлығы, 1-4 сынып оқушылары арасында «Сынып басшысын сайлау» сюжеттік –рөлдік ойыны, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу» тақырыбында іскерлік ойыны өткізілді. Мұндағы мақсат: «Құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік» ұғымының мағынасын ашу, «тәртіпсіздіке мүлдем төзбеушілік» мәдениетін қалыптастыру. Құқықтық мемлекеттің негізгі қағидаттарын, құқықтық мемлекеттік қалыптасу кезеңдерін талқылау және топтық ойын барысында мемлекеттік қызмет түрін алу барысында кездесетін қиындықтарды көрсету, қызмет көрсетушілердің білімді, сыпайы, дөрекі, біліксіз мінез-құлықтары және көрсетілетін қызмет алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған іс-әрекеттері арқылы мәдениетті қалыптастыру. Қорыта келе, бүгінгі жас ұрпақты білімді, саналы етіп тәрбиелеумен қатар, сыбайлас жемқорлықтан таза тұлғаларды қалыптастыру бүгінгі мектеп ұстаздарының басты міндеттерінің бірі болып саналады. Мектебіміздегі жалпы қауым үшін арналған бірінші қабат дәлізіндегі ақпараттық «Парасатты азамат» бұрышы үнемі жаңартылады. Жемқорлықты болдырмау және алдын алуға арналған әрбір іс-шараның мақсаты: Елбасының саясатын қолдап «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының жұмыстарын нәтижелі етіп ұйымдастыру, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру.
Түркістан облысы, Арыс қаласы, «Монтайтас жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарыПияшова Назым Әбдіхалыққызы