Павлодар облысы, Ертіс ауданы,
Қарақұдық ЖОББМ-нің
бастауыш сынып мұғалімі
Рахметхан Тойлан
Дүниетану пәні
(4-сынып)
СУҒА ЖҮЗІП ҮЙРЕН,
БАЛАМ
Сабақтың
мақсаттары:
1.Білімділік: Су туралы алған білімдерін
пысықтай отырып, судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы
туралы түсініктерін жетілдіру.
2.
Дамытушылық: Судың адам үшін маңызын, сусыз
тіршілік жоқ екенін дәлелдеу және оқушылардың байқағыштық, танымдық
қабілетін дамыту;
3.
Тәрбиелік: Суды ластамай, суды үнемдеуді
пайдаға асыруға тәрбиелеу;
Сабақтың
типі: аралас
сабақ.
Сабақтың
түрі: дәстүрлі
Сабақтың
әдісі: сұрақ-жауап, баяндау,
түсіндірмелі, топтастыру, ой-толғау,
Пәнаралық
байланыс: қазақ тілі,
дүниетану.
Сабақтың
көрнекілігі: интербелсенді тақта, желкенді
қайық суреті.Ертіс өзенінің суреті.
Сабақтың
барысы:
I.Ұйымдастыру
кезеңі.
II.Үй тапсырмасын
тексеру.
1.Ауылға келген Ақбөпені әжесі
неге жолатпай жүр?( Арық)
2.Ақбөпе Сапаштың жанына
келгенде не деп әндетті?
(-Ақ балық-ау, ақ
балық,
Қармағымды қап,
балық!)
3.Тұраш қандай балық ұстапты?
(сұқ қолдай ақ шабақ)
4.Тұраш Ақбөпеге не екенсің
деді? (көкек)
5. Көкек деген не? (Біреудің
тапқанын тартып алған адамды көкек дейді)
6.Қамыс қайықтың жүзгеніне
еріп Ақбөпе қайда күмп етті? (арыққа)
7.Ақбөпе есін қайда жиды?
(жағада)
8.Ақбөпе осы оқиғадан қандай
қорытынды шығарды? (Үлкендерді тыңдауды, тіл
алуды)
III. Жаңа
сабақ.
А) Суретпен
жұмыс:
-Балалар, суретте не көріп
тұрмыз?
-Қандай өзен
?
- Балалар не істеп
жүр?
- Суға шомылғанда нені
ескерген жөн?
IV.Оқулықпен
жұмыс.
1.Өлеңді мәнерлеп оқытып,
талдау, әр шумақтың мағынасын ашу.
2.Түртіп алу стратегиясы
бойынша түсініксіз сөздермен жұмыс
жүргізу.
Қатер-қауіп.
Желкен – жел арқылы кеменің жүрісін
жылдамдатуға арналған құрылғы.
(матадан
жасалады).
Таңырқап-таңданып.
3.Қай шумақта судың қасиеттері
туралы айтылған? Үшінші шумақтағы буын санын
анықтау.
V.Мақалды жалғастырып
жарысайық.
1.Су – тіршілік ....
(көзі)
2.Судың да .... бар.
(сұрауы)
3.Бұлақ көрсең .... аш
(көзін)
4.Сулы жер - ..... жер
(нулы)
5.Ағын .... – өмір, тоқтау су
– өлім.
VI.Дәптерге
мақал-мәтелдерді жазып алу.
VI.Сергіту
сәті.
Судан неге
сасасың,
Судан неге
қашасың?
Сергітетін
бойыңды,
Сап-салқын су
жасасын.
VII.Жағдаят.
(Ой-толғау)
VIII.Тыйым сөздер білеміз
бе?
-
Суды
ластама.
-
Суды
үнемде.
-
Суға
түкірме.
-
Түнде суға
барма.
-
Судың бетін ашық
қалдырма.
IХ.Топпен
жұмыс.
1 топ: Судың қасиетін атаңдар.
(сұйық, иісі жоқ, түссіз, пішіні болмайды, мөлдір, жұғады, дәмі
жоқ, түсі жоқ т.б)
2 топ: Суда еритін және
ерімейтін заттарды атаңдар.
(Еритін: ас содасы, қант,
тұз;
Ерімейтін:
саз, бор,
құм)
3 топ: Жұмбақты шешіп, судың
қай күйіне жататынын анықтаңдар.
-
Жылт-жылт
етеді,
Жылғадан өтеді. (су - сұйық
күйі)
2. Өзі судан
жаралған,
Бірақ судан қорқады (мұз –
қатты күйі)
4 топ: Су туралы 4 жол өлең
құрастырыңдар.
Х.
Сабақты
қорытындылау:
Су бар жерде тіршілік бар,
жайқалып өскен бау-бақша, орман, тоғай бар. Су тіршілік қана емес,
тазалықтың да белгісі.
Қазақ халқы суды қадір тұтумен
қатар оны жалпы халыққа, жан-жануар дүниесіне, өсімдік әлеміне
тіршілік беруші деп санаған. Жер бетінің 70 % су алып жатыр. Ал
енді адам ағзасына күніне 10 литрдей су керек. Егер де адамның
денесінен 1,5 литр су ағзадан буланса немесе тер күйінде шықса,
адам шөлдейді. Адам баласы шөлге қарсы 3 тәуліктен артық күресе
алмайды. Егер адам денесіндегі судың 6-8 % азайса, адам жартылай
есінен танып қалады. 10 % азайса сілекей жұтады, ал 12 % кемісе
адам өліп кетеді.
ХI. Үйге тапсырма
беру: Өлеңнің ұнаған шумағын жаттап
алу. Судың маңызы
туралы шағын шығарма
жазу.
ХII. Бағалау.