Шығарма "Ә. Марғұлан өмірім арманыма арналған"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шығарма "Ә. Марғұлан өмірім арманыма арналған"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ә. Марғұлан өмірім арманыма арналған

Марғұлан Әлкей Хақанұлы – ғалым, ұлттық археология мектебінің негізін қалаушы‚ шығыстанушы, әдебиеттанушы, өнертанушы, филология ғылымдарының докторы (1945), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (1958), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1961), Қазақстан Ғылым Академиясының Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлығының (1967), Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының (1982) лауреаты. 1904 ж. 11-мамырда Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келген. Бастапқы білімді ауыл мектебінен алды. Павлодар қаласындағы мұғалімдер курсын бітіріп, туған ауылында мұғалім болып істеді. 1921 – 25 ж. Семей педагогикалық техникумында оқи жүріп, “Таң” журналы мен “Қазақ тілі” газетінің редакцияларында қызмет атқарды. Осы жылдары ол Мұхтар Әуезовпен‚ Мағжан Жұмабаевпен танысты. 1925 – 29 ж. Ленинградтағы (қазіргі Санкт-Петербург) Шығыстану институтында оқыды. 1930 – 31 ж. Терминологиялық комиссияның ғалым хатшысы, 1931 – 35 ж. Ленинградта аспирант‚ әрі Шығыстану институтының оқытушысы, 1936 – 38 ж. Мәскеудегі материалдық мәдениет тарихы институтының ғылыми қызметкері болды. 1939 – 41 ж. КСРО Ғылым Академиясының Қазақ бөлімшесі Тарих институтының аға ғылыми қызметкері болған. Ә.Марғұлан өзінің ізденгіштігі мен тапқыштығының маңызды айғағы дерлік үлкен бір табысы – Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов еңбектерін іздестіру, табу, қалпына келтіру, жариялау жолындағы қажырлылық. Ұзақ жылдар бойына талмай іздену нәтижесінеде Марғұлан бастаған Шоқанды зерттеушілер оның бес томдық шығармалар жинағын бастырып шығарды. Сонымен, өмірінің ең ұтымды сәттерін Әлекең Шоқанның өмірі мен шығармашылығын зерттеуге, ұлы ғұламаның еңбектерін басып шығаруға арнаған болатын. Жүз жыл бұрын өткен адамның әр жерде шашылып жатқан, тіпті кейбір қолды болған еңбектерді жинап, замандастарының өзі оқып шыға алмаған қолжазбаның мағынасын ашу, асқан табандылықты, ерлікті даналықты керек етті. Ал оған санаулы өмірдегі қаншама уақыт кетті десеңші. Анадан ешкім де дана болып тумайды. Бірақ та Әлкей Марғұлан тумысымен, болмысымен, бітімімен, тұлғасымен, содан кейін барып білмімен даналық мәйегінен сусындаған ақылдың кені сияқты. Далада туған даналардың ең соңғы тұяғының бірі – осы Әлекең, академик Әлкей Марғұлан деп білеміз.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
30.12.2017
483
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі