Қ.Аухадиев орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Ибраева Бахыт Сериковнаның шығармашылық
есебі
Мен Ибраева Бахыт Сериковна алғашқы еңбек жолымды 2012 жылы
Теректі ауылының Қ.Аухадиев орта мектебінің мектепалды даярлық
тобында тәрбиеші болып 3 жыл қызмет еттім. 2015 жылдан бастап
бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет жасап келемін. Еңбек
өтілім
5
жыл.
Еліміздің қоғамдық — экономикалық, саяси, мәдени
дамуына үлес қосатын, әлемдік өркениетке көтерілетін білімді де
мәдениетті, денсаулығы мықты, парасатты азамат тәрбиелеп шығару —
мектептің, ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы баға жетпес міндеті.
Жеке тұлғаны даярлау үшін әр оқушының қабілетін танып, біліп,
дамытып, шыңдап, жол сілтеп, болашаққа жетелеу керек. Жеке
тұлғалықтың мәні оның қажеттілігі мен қызығушылығын
қанағаттандыруға, баланың өзіне тән тұлғалық сапалары, мұғалім мен
оқушы арасындағы өзіндік қарым-қатынасты қалыптастыруды ұстаздық
міндетім деп білемін.
Ғасырлар тоғысындағы қоғамдағы күрделі
өзгерістер білім беру сапасына жаңа көзқарас,жаңа ағым,жаңа сапалық
деңгейге көтеретін іс-әрекет әкелгені-заңды құбылыс. Қазіргі кезде
мектеп оқушыларына терең де,тиянақты білім беруді заман талап
етеді.Бұны іске асыру үшін оқу-тәрбие барысының ең басты маңызды
мәселесі-сабақта жаңа бағытағы әдістерді пайдалану арқылы оқушыға
қалай оқу керектігін үйрету.
Оқу нәтижесін арттыру үшін ең алдымен нені
оқыту, қалай оқыту керек деген сұрақтар төңірегінде үнемі ізденісте
жүремін. Өзімнің тәжірибемде оқыту барысында алдыма қойған мақсатым
— оқушыны субъект ретінде оқу ісіне өзінше қызықтыратын, оған
қабілетін арттыратын жағдай туғызу. Ең бастысы оқу үрдісін жаңаша
ұйымдастыру, оқушылардың оқудағы іс- әрекеті арқылы ойлау
дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу процесінде бірлесе
әрекет ету.
Ізденіс тақырыбым:бастауышта оқытуда
инновациялық технологияларды пайдалану. Оқытудың инновациялық әдіс
–тәсілдерінің сабақтың нәтижесіне, оқушының білім сапасына әсері
молдығын өз тәжірибемде сынап көрген өткен оқу жылдарындағы
оқушыларымның пәндік білім көрсеткіштерінен көруге болады. Өзім
оқытатын сыныптардағы білім сапасы
Пән
аты
|
2015-2016 оқу жылы
|
2016-2017 оқу жылы
|
Ана
тілі
|
70 о/о
|
94
о/о
|
Математика
|
76
о/о
|
82
о/о
|
Қазақ
тілі
|
70
о/о
|
82
о/о
|
Дүниетану
|
88
о/о
|
88
о/о
|
Еңбекке баулу
|
100
о/о
|
100
о/о
|
|
|
|
Баланың өмірлік тәжірибесі қоршаған ортасына,
жанұясына және мұғалімдеріне байланысты. Қабілеттер тек іс-әрекетте
анықталады. Оқушыларға білім беріп қана қою жеткіліксіз, оларды
сабақ үстінде де, сыныптан тыс жұмыстарда да, өз беттерінше
ізденуге, белгілі бір бағытқа, заман талабына сай бәсекелестікке
қарсы тұра білуге баулуды өзімнің маңызды міндетім деп
ойлаймын.
Оқушыларға білім беруде олимпиадаға, пәндік
сайыстарға дайындау мақсатында олимпиадалық топ жұмысын жүйелі
жүргізіп отырамын. Сыныптағы ынталы оқушылардан тұратын топ
мүшелері арнайы жоспар бойынша дайындалады. Онда қосымша теориялық
материалды меңгерту, тәжірибелік дағдыларын шыңдау мақсатындағы
жұмыстарды жүйелі ұйымдастырып отырамын. Нәтижесінде оқушыларым
түрлі сайыстарда өз білімдерінің орнықтылығын дәлелдеп
келеді.
2015
оқу жылында халықаралық «Пони» конкурсына қатысып:Дарханқызы Дария,
Жаныбек Мадина, Манапов Ерсұлтан сертификатпен марапатталды,
Сулейменов Құрмет 1-этаптың қатысушысы ретінде дипломмен
марапатталды.
2015-2016 оқу жылында облыстық интелектуалдық «Асыл тас»
сайысына қатысып:Асылғожа Ділдә 3-орын, Дарханқызы Дария 3-орын,
Латфуллова Мадина 3-орын, Камбарова Камила 3-орын, Манапов Ерсұлтан
3-орын, Кизатоллин Алим 3-орын, Серіков Жасұлан 3-орын, Жаныбек
Мадина 3-орын, Сулейменов Құрмет 2-орынға ие болды.
2016
жылы облыстық интелектуалдық «Малахит» конкурсында: Асылғожа Ділдә
3-орын, Әбенов Бақытжан 3-орын, Дарханқызы Дария 3-орын, Камбарова
Камила 3-орын, Латфуллова Мадина 3-орын, Манапов Ерсұлтан 3-орын
Мухамеджанов Алижан 3-орын алғандары үшін грамотамен
марапатталды.
Халықаралық «Мириады открытий» атты инфоурок олимпиадасына
қатысып:Камбарова Камила математика пәнінен 1-орын, еңбекке баулу
пәнінен 1-орын, Латфуллова Мадина еңбекке баулу пәнінен 1-орын,
«Отан неден басталады» пәнінен 2-орын алып дипломмен
марапатталды.
«Білім мен тәрбие» егіз дегендей, шындығында да, сапалы
білім, саналы тәрбие астасқан ұлт тірегі. Осы тәрбие саласы бойынша
2015 жылдан бастап бастауыш сыныпта сынып жетекшілік қызметін
атқарып келемін. Сыныбымда түрлі тәрбие саласында тәрбие сағаттары
өтіледі. Атап айтсам «Білім күні», «Алтын күз», «Қош бол сүйікті
әліппе», «Қазақстан –ортақ үйіміз», т.б. ашық тәрбие сағаттарын
өткіздім. Сынып оқушыларымен бірге әртүрлі сыныптан тыс
іс-шараларға қатысып отырамыз.
Мұғалім ретіндегі ізгі мұратым - өз пәнімнен білім беріп
қана қоймай, әр баланың «менін» ашу, сол «менді» шығармашылық
тұлғаға жетелеу.
Өзімнің педагогикалық біліктілігім мен кәсіби
шеберлігімді түрлі деңгейдегі ғылыми- тәжірибелік, әдістемелік
конференциялар мен семинарларға қатысу, жинақтар мен интернет,
басылымдарға мақалалар жариялау арқылы шыңдап отырамын.
Әріптестеріммен оқыту мен оқу мәселелері бойынша
тәжірибе алмасамын.
Өз білімімді үздіксіз жетілдіру, кәсіби өсу
мақсатында төмендегідей білім жетілдіру курстарынан
өттім:
“Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр
ұялата алады”,-деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, мұғалімнің
кәсібилігі оның ізденісі, жан-жақтылығы құзіреттілігі арқылы
айқындалады. Құзіреттіліктің мазмұны- жеке кәсіптілік, интегралдық
сипаттама ретінде анықталады.
Озық іс-тәжірибеме тоқталсам.
2016 жылы желтоқсан айында «Педагогикалық идея» журналында
қазақ тілі пәнінен «Мәтіннің түрлері» аты мақалам
жарияланды.
Халқымыздың ұлы перзенті, әлемге әйгілі ғалым,
көрнекті ағартушы Шоқан Уәлиханов халық кемеліне келіп дамуы үшін
екі-ақ нәрсе керек деп ерекшелеп көрсеткен: оның біріншісі —
азаттық, екіншісі — білім. Бүгінгі күні осы қол жетпес байлықтың
екеуі де біздің қолымызда бар. Бізден ендігі күтілетін нәтиже - сол
құндылықтарды мәңгілік етуге білігі мен дағдысы жетерлік ұрпақ
тәрбиелеу. Үкілі үміт, асыл арман біздің келешекке деген
сенімімізді арттырып, болашаққа талпындырады.
Мұғалім ретіндегі жас жеткіншектің жан-жақты
дамуына, оның бойында жасырын жатқан шығармашылық қабілетті ашу
және белсенді әрекетке жетелеу жолындағы жұмысыммен қоса, өз
мектебімнің тиімді дамуына әсер ететін ұстаздықты абыроймен алып
жүрсем деген ұстаныммен еңбек ете бермекпін.