Материалдар / Шығармашылық есеп
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Шығармашылық есеп

Материал туралы қысқаша түсінік
Менің пәнді оқытудағы мақсатым- Жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Өз ойын нақты жеткізіп, шешен де ойлы сөйлей білетін рухани бай, дүниетанымы жан-жақты дамыған, өзін-өзі басқаруға, бір-бірінің пікірін тыңдап, бағалай білуге қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу; Әдебиет, қазақ тілі сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру және дамытудың тиімді әдісін қалыптастыра білу; Алдыма қойған міндеттерім- * Оқытудың жаңа әдістерін сабақ түріне, оқушының жас ерекшелігіне сай таңдай отыра, оқушыларының білімін арттыру; * Оқушылардың өз бетімен ойлауы мен қиялына тиімді жағдай жасау және өзгермелі өмірде еркін өмір сүруге бағыттау; * Ынтымақтастықпен жұмыс жасайтын, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын бүгінгі заманға сай азамат тәрбиелеу; * Білімі мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қаңтар 2018
7112
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Мариногорка орта мектебі» КММ


















Шығармашылық есеп










Кайынбаева Альмира Адылкановна

Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі
















2016-2017 оқу жылы



Кайынбаева Альмира Адылкановнаның

шығармашылық есебі

ШҚО Көкпекті ауданы Мариногорка ауылы

Мариногорка орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Туған жылы: 19 желтоқсан 1980 жылы

Білімі: жоғары

Диплом бойынша мамандығы: қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Бітірген оқу орны:

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті.

Еңбек өтілі: 12 жыл

Біліктілік санаты: екінші

Әдістемелік тақырыбым:

«Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында оқушылардың тіл байлықтарын арттыру»

Мұғалім ретінде-

Оқушылардың қазақ тілі мен әдебиет пәнін терең игеруіне құштарлығын, алғырлығын арттыру, ойлау қабілетін жетілдіру, пәнге деген қызығушылығын арттыру, сабақ барысында терең де, тиянақты білім беру мақсатын көздеймін.

Менің педагогикалық ұстанымым-

«Біліп қана қою аз, сол білгеніңді үйрете білуің керек, ниеттеніп қана қою аз, сол ниетіңді іске асыра білуің керек»

Гете.

Менің пәнді оқытудағы мақсатым-

Жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Өз ойын нақты жеткізіп, шешен де ойлы сөйлей білетін рухани бай, дүниетанымы жан-жақты дамыған, өзін-өзі басқаруға, бір-бірінің пікірін тыңдап, бағалай білуге қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу;

Әдебиет, қазақ тілі сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру және дамытудың тиімді әдісін қалыптастыра білу;

Алдыма қойған міндеттерім-

* Оқытудың жаңа әдістерін сабақ түріне, оқушының жас ерекшелігіне сай таңдай отыра, оқушыларының білімін арттыру;

* Оқушылардың өз бетімен ойлауы мен қиялына тиімді жағдай жасау және өзгермелі өмірде еркін өмір сүруге бағыттау;

* Ынтымақтастықпен жұмыс жасайтын, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын бүгінгі заманға сай азамат тәрбиелеу;

* Білімі мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу.

Мақсат пен міндеттерді орындаудың құралдары-

1. Әдістемелік құралдар:

* «Қазақ тілі мен әдебиет» әдістеме жұрналы

* «Қазақ, орыс мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» әдістеме жұрналы

* Әдебиеті оқыту әдістемелері

* Дидактикалық материалдар

* «Сыныптағы тәрбие» жұрналы

* «Аңыз адам» жұрналы

2. Жұмыс түрлері:

Топтық, жекелей, жалпы сыныптық оқыту, тест, деңгейлік тапсырмалар, шығармашылық жұмыс, графикалық диктант, сызбалармен, кестелермен жұмыс, зерттеу жұмыстары, сайыс кештер, коллаж жасау, постер құру одан басқа да әдіс-тәсілдерді қолданып, қазіргі өмірмен байланыстыра оқыту.

3. Дидактикалық материалдар:

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатын жүзеге асыру үшін сабағымда: тірексызбалар, кестелер, суреттер, бүктемелер, постер, коллаж, интернет материалдары, флирпчаттар, слайдтар, аудио-видео материалдары, электронды оқулықтар, т.б. қолданамын және кері байланыс жасап, бірін-бірі және өз-өздерін бағалау алуын үйретемін.

Өз мақсатым мен міндеттерімді жүзеге асыру -

Мен ұстаздық жолымды 2004 жылы Жұмба орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімі болып бастадым. Ал 2008 жылдың қыркүйек айынан бастап осы Мариногорка орта мектебінде ұстаздық етіп келемін. Алғашында орыс сыныптарына бердім, сонымен қатар тәлімгер ретінде жұмыс атқардым.

Әр күні өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде замана көшінен қалып қоймай, уақыт талабына сай ертеңгі болашақ, жас ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу ұстаздарға зор жауапкершілікті жүктелетінін біліп қана қоймай, үздіксіз ізденуді, өз білімімді үнемі жетілдіріп отыруды талап еттім. Өйткені еліміздің ертеңі - жас ұрпақтың қолында.

«Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» деп орынды айтқан педагог К.Д.Ушинский. Сол себепті «білгенімнен білмегенім көп» дей отыра, білім саласындағы қандай да болса жаңалықтарды назардан тыс қалдырмай, үнемі ізденіс танытып, білімімді шыңдап келемін. Ұзақ мерзімді курстарға барып, жаңалықтардан хабардар болып, өз мектебімде бөлісіп, жиі тәжірибе алмасудамын. 2016 жылдың сәуір айында «Өрлеу» БАҰО АҚ «Қазақстан Республикасы орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында оқу орыс тілінде жүретін мектептердегі «Қазақ тілі» пәні бойынша» 160 сағаттық айлық курсты, тамамдап, заман талабына сай білімімді жан- жақты толықтырып, әр сабағыма жаңа әдіс-тәсілдерді енгізе отырып, оқушы жүрегіне жол тауып келемін. Сонымен қатар осы жылдың қараша айында ШҚОББ КҚМК «Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» «Қазақ тілін деңгейлік оқыту әдістемесі» атты мектеп мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін арттыру курсын (108 сағат) тәмамдап жаңа білімнің тиімді әдіс-тәсілдерін жан-жақты қолдана білуді үйреніп келдім.

Бүгінгі жас ұрпақты оқытып қана қою аз, оны жан-жақты дамыту, жаңаша оқыту, тәрбиелеу қажет. Сондықтан да қазіргі білім беру саласындағы өзгерістерді дұрыс қабылдап, оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, бүгінгі заман талабына сай ұстаз болу мүмкін емес. Мұғалімдердің ортақ мақсаты – жеке тұлғаны қалыптастыру болса, оқушы бойынан табылатын жақсы қасиеттердің бәрі мұғалімнің  де бойында болуы керек. Мұғалім өз білімін үнемі толықтырып отыруына, оқыту мен тәрбиелеудегі заманауи әдіс-тәсілдермен, ақпараттық құралдарды қолдану тәсілдерін меңгерген шығармашылықпен жұмыс жасауды мақсат ете білуі керек.

Жоғарыда аталған курстардың да мен үшін ықпалы зор болды. Әр түйген жаңалықтарымды іске асыру нәтижесінде баланың шығармашылығын шыңдап, пәніме қызықтырып, оқушылардың танымдық әрекетін арттыруды, әр оқушының бойындағы жеке қасиеттерін дамытуды көздеймін. Әрбір өткізген сабақтарымда оқушылар өздігінен ізденіп, тығыз қарым-қатынаста, өзара бірін-бірі толықтыра отырып білім алады. Қазіргі таңда мұғалім бағыт-бағдар беруші. Берілген тапсырмаларды өздігінен игеріп, бір-бірін бағалай отыра, ойларын еркін айта отыра бір-біріне деген сенімі арта түседі. Ал өзім оқушылардың білім деңгейін түрлі әдістер арқылы саралап, сараптап отырамын.

Бағытты білім беруде жаңа технологиялардың жеке тұлғаның дамуына әсері мол. Қазақ тілі және әдебиет пәндерін оқытуда жаңа технологиялардың элементтерін қолдана отырып, сыни тұрғысынан ойлау, деңгейлеп оқыту технологияларына ерекше көңіл бөлемін. Өйткені, бұл технологиялар баланың жеке мүмкіндігіне бағытталған.

Оқушыларды ойлауға үйретуде, тілдерін дамытуда INSERT, екі түрлі түсінік күнделігі, еркін жазу, дөңгелек үстел,үш қадамдық сұхбат, бес жолды өлең, эссе, түртіп алу сияқты стратегиялардың тиімді де ұтымды жақтары көп. Осы аталған стратегиялардың бірнешеуі әр сабағымда қолданыс табады. Мазмұны өте күрделі шығармалардың мәнін жете түсінуде, еске сақтауда сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары оқушыларға көп көмегін тигізеді.

Білім жолында өз тәжірибеммен бөлісу мақсатында мектепішілік, аудандық ашық сабақтарға, аудандық, облыстық семинарларға қатысып, коучингтер көріп өз тәжірибемді одан сайын шыңдай түстім. Мектептішілік әдістемелік пән бірлестігі отырыстарында бірнеше тақырыптық баяндамалар оқыдым:

1.«Дидактикалық ойындар мен сыныптан тыс сағаттар». Баяндама, әдістемелік пән бірлестігінің коферециясында оқылды.

2. «Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында оқушылардың тілін дамыту бойынша атқарылған жұмыс түрлері» әдестемелік бірлестік отырысында тәжірибемен бөлісу.

3.«Педагогтың баламен әрекеттесуінің ерекшеліктері». Баяндама, мектепішілік сынып жетекшілер отырысында оқылды.

4.«Сабақта оқытудың модульдік технологиясын пайдалану». Тәжірибемен бөлісу, тірек мектептердегі өткізілген педоқулар.

5.«Өздік жұмыс – тілдің құзіреттілігін қалыптастырудың бірден-бір жолы». Баяндама, әдістемелік пән бірлестігінің дөңгелек үстелінде талқыланды.

6. «Қазақ тілі сабақтарында жаңа инновациялық технологияларды пайдалану» тәжірибемен бөлісу.

7. «Жаңаша оқытудың білім беру жүйесіндегі маңызы» баяндамасы аудандық педоқуда оқылды.

Сонау ХХ ғасырдың басында Жүсіпбек Аймауытовтың «Сабақ беру бұл үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол- жаңадан жаңаны табатын өнер»,- деген екен. Сол пікір бүгінде жүзеге асып жатқандай. Сондықтан соңғы бес жылда «Музыка аспаптары», «Сын тұрғысынан ойлау», «Мемлекеттік тіл», «Жастар киімі» семинар сабағы , «Омоним» , «Менің елім», «Қыс айлары», «Үш қабатты мектеп», «Сілтеу есімдігі» атты ізденіс сабақтарым жаңа әдіс - тәсілдерді қолдану арқылы заманауи талапқа сай өз дәрежесінде өтті. Және «Өмірмен өзектес өнер» атты вариативтік сабағына жоспар жазып өткізгенім де бар, «Абайтану» қолданбалы курсында Ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығын оқушылармен жан-жақты танып, зерттеулермен танысып келеміз. Соңғы жылдар көлемінде өткізген пән бойынша сыныптан тыс «Білгірлер сайысы», «Білімпаз көшбасшы», «Тіл – халық мұрасы» «Біз қазақша сөйлейміз», «Сөзмерген», «Мемлекеттік тіл – менің тілім», «Тіл тағдыры – ел тағдыры», «Қызықты қазақ тілі әлемі», «Ойнайық та, ойлайық!» және мектепішілік «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз», «Тәуелсіздік күні», «Желбірей түс, Тәуелсіздік жалауы!» іс-шаралары өз дәрежесінде өтті. Сондай-ақ, жыл сайын өткізіліп келе жатқан апталықтар, Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына, Қанипа апамызды еске алу күніне орай өткізілген іс-шаралар, Абай, Махамбет оқулары да осы жолда жасалып жатқан жұмыстардың бір парасы дей аламын.

Біз қашан да «Білім мен тәрбие егіз» дейміз. Шынында да, сапалы білім, саналы тәрбиені тал бойына сіңірген жас ұрпақ ұлт тірегі болары анық. Сол себепті де  2015 жылдан бері бүгінгі 9-сыныпқа сынып жетекшілік қызметін атқарып келем. Білім мен тәрбиені ұштастыру мақсатында сыныбымда тәрбие саласында түрлі жұмыстар атқарып келемін. Атап айтсам, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Денсаулық – зор байлық», өзін-өзі тәрбиелеу бағытында «Мінез – жанның айнасы», адамгершілік құндылықтарды насихаттау мақсатында «Мейірімді аналардың мерейі», патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында «Желбірей түс, Тәуелсіздік жалауы!» , «Елін сүйген елбасы» т.б. ашық тәрбие сағаттарын өткіздім.

Сонымен қатар сынып оқушыларымен бірге әртүрлі сыныптан тыс және мектепішілік іс-шараларға тұрақты әрі белсенді қатысып отырамыз.

Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған ұлы ойшыл Әбунасыр Әл Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі» деген екен. Ұлы ойшыл айтқандай, адамды жеке тұлға ретінде танытатын оның бойындағы барлық қасиеті ғана емес, сонымен қатар оның өзін-өзі танытуға деп қойған мақсатына ұмтылысы да ерекше қасиеттерінің бірі болып табылады.

Мұғалім шығармашылығының кәсіби іс – әрекетіне  деген қажеттіліктің  туындауына ықпал ететін мына шарттарды атап айтқан жөн.

–       қайшылықтарды  жеңе білу.

–       өзінің жеке тұлғалық кәсіби қасиеттерін танып білу.

–       іс-әрекеттің біріккен түрін қолдана білу. Оқыту процесінің өзекті мәселелері шеңберіндегі шығармашылық сипаттағы таңдалған тақырыптар әр мұғалімнің көздеген мақсатына қол жеткізу үшін тиімді ізденіс жұмыстарын ұтымды ұйымдастырып жүргізе білуге мол мүмкіндік туғызады. Мұғалімнің беделі өсіп, білім сапасы жақсарады. Елдің, жердің қамын ойлар жас буын тәрбиеленеді. Олардың білімге, ғылымға деген құлшынысы артады.

Ұстаз еңбегі оқушы білімімен өлшенеді десек, ұстаз еңбегінің күрделілігі әрбір оқушы жүрегінен жол таба білуінде. Әрбір баланың бойындағы қабілетті дамыту арқылы өзін, өмірді, әлемді танып білуге, қоғам алдындағы жауапкершілік қасиеттерін сезіндіре білуінде жатыр. Баланың жеке тұлғасын қалыптастыру – оның рухани әлемін байыту, жеке дарындылығын дамыту. Осы мақсатқа жету жолында да жұмыстар жасалуда. Осының дәлелі ретінде 8 сыныптан жетелеп келген 6 оқушым түгелімен ҰБТ-ны 100 пайызға тапсырып, сынақтан сүрінбей өтті. 2013  оқу жылында аудандық «Тіл шамшырақтары» атты пәндік конкурстан   Зайцева Анна ІІІ орын, облыстық интелектуалды «Айналайын» сайысында Мукушева Асем ІІІ орын, 2016 жылы ақпан айында аудандық «Махамбет оқуынан» Базарбеков Нұртас жүлделі ІІІ орынды иеленді. «Абай оқуларына» Ержүрек Айсауле қатысып, өз мүмкіндігін көрсете білді. «Бір халық – бір мүдде!» Елбасы күніне арналған республикалық интернет- байқауынан Тлебалдинова Аружанның эссесіне сертификат берілді. Насимолда Маржан ай сайын бір көркем шығарма оқып, өз ойын эссеге түсіріп, республикалық оқырмандар сайысына қатысып келеді. Қазіргі таңда өзім сабақ беретін 6 «А», 5 «А» сыныптарында оқитын Базарбеков Нұртас пен Тлебалдинова Аружан секілді оқушылардың шығармашылық қабілеттерін танып, жеке жұмыстар жүргізіп жүрмін. Олардың авторлық өлеңдері газет беттеріне басылып, ал Нұртастың өлеңдері «Ел Тәуелсіздігін – өрнектейді, көкпектілік жас өрен» атты аудандық жинақта жарық көрді. Сондай-ақ Ұлттық интернет олимпиадасының қазақ тілі пәнінен І дәрежелі дипломымен Базарбеков Нұртас және қазақ әдебиетінен ІІ дәрежелі дипломымен Тлебалдинова Аружан марапатталды. Қазақстанның қашықтықтан өткізілген олимпиадалар лигасының жеңімпаздары 9 «а» сыныбынан Насимолда Маржан, Досанова Карина, 6 «а» сыныбынан Ержүрек Айсауле, Зерембекова Сауле, 5 «а» сыныбынан Тлебалдинова Аружан мен Зерембекова Ақбілек І дәрежелі дипломмен марапатталды.

Сонымен қатар үлгерімі төмен оқушылармен де жоспар құрып, жекелей жұмыстар жүргіземін. Қосымша дәптер бастатып, қатемен жұмыстар жүргізіліп тұрады.

Соңғы 3 жыл ішіндегі қазақ тілі (2012-2013 оқу жылы 70%. 2013-2014 оқу жылы-71%, 2015-2016 оқу жылы-71%) және әдебиет (2013-2014 оқу жылы – 70%, 2015-2016 оқу жылы 72 пайыз, 2016-2017 оқу жылы -74 пайыз) пәндері бойынша сапа көрсеткіші мынадай болып отыр. Биыл алғашқы рет ОЖСБ-ға даярлап жүрмін, нәтижесін алдағы жылы көре жатармыз.

«Басқаларды үйрете жүріп, біз өзіміз үйренеміз» дегендей, тәжірибемен алмасу мақсатында «infourok.ru», «тәрбие.оrg» ұстаздар сайтына сабақтарымды жібергенім үшін сертификаттармен марапатталдым. Тіл мамандарының ерікті бірлестік сайтарында және Sabaktar.kz , «Копилка», «Инфоурок», «Мультиурок» , «Ұстаз.кз», «Кітап кз», «Білімленд» т.б. сайттарындағы материалдарды үнемі сабақтарымда қолданып отырамын.

Сондай-ақ, «Қазақ тілі мен әдебиеті қазақ, орыс сыныптарына» атты республикалық ғылыми-әдістемелік және педагогикалық журналдың 2015 жылдың № 5, 6 сандарында сабақтарым жарыққа шықты.

Былтырғы оқу жылында «Жас ұстаздар мектебіне», ал биылғы оқу жылында Гуманитарлық пәндер бірлестігінің жетекшісінің қызметін атқарудамын. Бірлесіп жұмыс істеп, бір–бірімізбен тәжірибе алмасамыз.

Шәкірт тәрбиелеуде жасаған еңбегім елеусіз қалған жоқ. Аудандық білім беру бөлімінен, жергілікті әкімшіліктен, мектеп тарапынан бірнеше мадақтауларға, алғыс хаттарға ие болдым. Сондай-ақ қашықтықтан өткізілген республикалық олимпиада жеңімпазы болып, І дәрежелі дипломмен және оқушылардың жетістіктері үшін алғыс хаттармен марапатталдым.

«Ұлт данышпандары арқылы ұлы мақсаттарға жетеді» деген сөзбен ойымды аяқтағым келеді.

Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде атқарылар жұмыс ауқымы өте көп, ал алда тұрған міндеттер одан да көп. Сол жолда еселі еңбегімді одан әрі жалғастыра беретініме сенімім мол.

Қорыта келе, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар демекші, оқушылардың жеке басының ерекшелігін ескере отырып, таным белсенділігін арттыру, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы баланың дүниеге көзқарасын қалыптастыруға жол ашу, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында жұмыс істеу – ұстаздың міндеті. Өйткені болашақ данышпандарды тәрбиелейтін, дарындыларды өмірге әкелетін, таланттың талабын танытатын, бұлақтың көзін ашатын, ұстаз екендігіне дау жоқ. Сол себепті оқу мен тәрбиені бала бойына қатар сіңіріп, болашақ ұрпақтың кірпіш болып қалануына әлі талай ат салысамын.

















«Мариногорка орта мектебі» КММ













Оқу-тәрбие қызметінің өзіндік сараптамасы

(2015-2016 оқу жылы бойынша)















Кайынбаева Альмира Адылкановна

Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі







Мен, Кайынбаева Альмира Адылкановна – қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімімін. Мариногорка орта мектебінде 2008 жылдан бері жұмыс істеп келемін, жалпы еңбек өтілім 12 жыл.

«Біліп қана қою аз, сол білгеніңді үйрете білуің керек, ниеттеніп қана қою аз, сол ниетіңді іске асыра білуің керек» (Гете) деген педагогикалық ұстаныммен жұмыс істеп келемін.

Менің пәнді оқытудағы мақсатым-

Жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Өз ойын нақты жеткізіп, шешен де ойлы сөйлей білетін рухани бай, дүниетанымы жан-жақты дамыған, өзін-өзі басқаруға, бір-бірінің пікірін тыңдап, бағалай білуге қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу;

Әдебиет, қазақ тілі сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру және дамытудың тиімді әдісін қалыптастыра білу;

Осы мақсаттарға сәйкес алдыма қойған міндеттерім -

* Оқытудың жаңа әдістерін сабақ түріне, оқушының жас ерекшелігіне сай таңдай отыра, оқушыларының білімін арттыру;

* Оқушылардың өз бетімен ойлауы мен қиялына тиімді жағдай жасау және өзгермелі өмірде еркін өмір сүруге бағыттау;

* Ынтымақтастықпен жұмыс жасайтын, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын бүгінгі заманға сай азамат тәрбиелеу;

* Білімі мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу.

1. Жұмыс түрлері:

Топтық, жекелей, жалпы сыныптық оқыту, тест, деңгейлік тапсырмалар, шығармашылық жұмыс, графикалық диктант, сызбалармен, кестелермен жұмыс, зерттеу жұмыстары, сайыс кештер, коллаж жасау, постер құру одан басқа да әдіс-тәсілдерді қолданып, қазіргі өмірмен байланыстыра оқыту.

2. Дидактикалық материалдар:

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатын жүзеге асыру үшін сабағымда: тірексызбалар, кестелер, суреттер, бүктемелер, постер, коллаж, интернет материалдары, флирпчаттар, слайдтар, аудио-видео материалдары, электронды оқулықтар, т.б. қолданамын және кері байланыс жасап, бірін-бірі және өз-өздерін бағалау алуын үйретемін.

Өз мақсатым мен міндеттерімді жүзеге асыру -

Әр күні өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде замана көшінен қалып қоймай, уақыт талабына сай ертеңгі болашақ, жас ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу ұстаздарға зор жауапкершілікті жүктелетінін біліп қана қоймай, үздіксіз ізденуді, өз білімімді үнемі жетілдіріп отыруды талап еттім. Өйткені еліміздің ертеңі - жас ұрпақтың қолында.

«Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» деп орынды айтқан педагог К.Д.Ушинский. Сол себепті «білгенімнен білмегенім көп» дей отыра, білім саласындағы қандай да болса жаңалықтарды назардан тыс қалдырмай, үнемі ізденіс танытып, білімімді шыңдап келемін. Ұзақ мерзімді курстарға барып, жаңалықтардан хабардар болып, өз мектебімде бөлісіп, жиі тәжірибе алмасудамын. 2016 жылдың сәуір айында «Өрлеу» БАҰО АҚ «Қазақстан Республикасы орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында оқу орыс тілінде жүретін мектептердегі «Қазақ тілі» пәні бойынша» 160 сағаттық айлық курсты, тамамдап, заман талабына сай білімімді жан- жақты толықтырып, әр сабағыма жаңа әдіс-тәсілдерді енгізе отырып, оқушы жүрегіне жол тауып келемін. Сонымен қатар осы жылдың қараша айында ШҚОББ КҚМК «Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» «Қазақ тілін деңгейлік оқыту әдістемесі» атты мектеп мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін арттыру курсын (108 сағат) тәмамдап жаңа білімнің тиімді әдіс-тәсілдерін жан-жақты қолдана білуді үйреніп келдім.

Бүгінгі жас ұрпақты оқытып қана қою аз, оны жан-жақты дамыту, жаңаша оқыту, тәрбиелеу қажет. Сондықтан да қазіргі білім беру саласындағы өзгерістерді дұрыс қабылдап, оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, бүгінгі заман талабына сай ұстаз болу мүмкін емес. Мұғалімдердің ортақ мақсаты – жеке тұлғаны қалыптастыру болса, оқушы бойынан табылатын жақсы қасиеттердің бәрі мұғалімнің  де бойында болуы керек. Мұғалім өз білімін үнемі толықтырып отыруына, оқыту мен тәрбиелеудегі заманауи әдіс-тәсілдермен, ақпараттық құралдарды қолдану тәсілдерін меңгерген шығармашылықпен жұмыс жасауды мақсат ете білуі керек.

Жоғарыда аталған курстардың да мен үшін ықпалы зор болды. Әр түйген жаңалықтарымды іске асыру нәтижесінде баланың шығармашылығын шыңдап, пәніме қызықтырып, оқушылардың танымдық әрекетін арттыруды, әр оқушының бойындағы жеке қасиеттерін дамытуды көздеймін. Әрбір өткізген сабақтарымда оқушылар өздігінен ізденіп, тығыз қарым-қатынаста, өзара бірін-бірі толықтыра отырып білім алады. Қазіргі таңда мұғалім бағыт-бағдар беруші. Берілген тапсырмаларды өздігінен игеріп, бір-бірін бағалай отыра, ойларын еркін айта отыра бір-біріне деген сенімі арта түседі. Ал өзім оқушылардың білім деңгейін түрлі әдістер арқылы саралап, сараптап отырамын.

Бағытты білім беруде жаңа технологиялардың жеке тұлғаның дамуына әсері мол. Қазақ тілі және әдебиет пәндерін оқытуда жаңа технологиялардың элементтерін қолдана отырып, сыни тұрғысынан ойлау, деңгейлеп оқыту технологияларына ерекше көңіл бөлемін. Өйткені, бұл технологиялар баланың жеке мүмкіндігіне бағытталған.

Оқушыларды ойлауға үйретуде, тілдерін дамытуда INSERT, екі түрлі түсінік күнделігі, еркін жазу, дөңгелек үстел,үш қадамдық сұхбат, бес жолды өлең, эссе, түртіп алу сияқты стратегиялардың тиімді де ұтымды жақтары көп. Осы аталған стратегиялардың бірнешеуі әр сабағымда қолданыс табады. Мазмұны өте күрделі шығармалардың мәнін жете түсінуде, еске сақтауда сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары оқушыларға көп көмегін тигізеді.

Әрбір баланың бойындағы қабілетті дамыту арқылы өзін, өмірді, әлемді танып білуге, қоғам алдындағы жауапкершілік қасиеттерін сезіндіре білуінде жатыр. Баланың жеке тұлғасын қалыптастыру – оның рухани әлемін байыту, жеке дарындылығын дамыту. Осы мақсатқа жету жолында дарынды оқушыларға арналған жұмыс жоспары құрылып, сол арқылы көптеген жұмыстар жасалуда.

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен дарынды оқушылармен жұмыстың мақсаты:

  1. оқытуды жеке тұлғаға қарай бағыттау, диагностикалық зерттеу жүргізу арқылы дарынды оқушылардың қабілеттерін дамыту;

  2. оқушылардың тілдік көркем стильді ауызша, жазбаша түрде қолдана білу біліктерін жетілдіру;

  3. шығармашылық және зерттеушілік қабілеттерінің дамуына жағдай жасау.

Міндеті:

  1. сабақ және сабақтан тыс кезеңдерде көркем әдебиетке сүйіспеншілікке баулу;

  2. тілдік қолданыстарының әдеби деңгейін қалыптастыру;

  3. таным белсенділігі мен өзіндік ізденісті жетілдіру;

  4. логикалық ойлауын, функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыруға бағыттау;

  5. өзін-өзі дамытуға, болжам жасай білуге жағдай жасау.


Қазақ деген елді өзгелер дарынды түлегімен, ойшыл ғалымымен, ұлтжанды данасымен таниды, ал осындай асылдарды әлемдік биікте таныту тіл арқылы жүзеге аспақ. Ендеше, оқушының тілдік дарындылығын дамыту – бүгінгі таңдағы басты мәселе. Оқушылардың тілдік дарындылығын дамытуға бағытталған бірнеше бөліктерге бөлінген жұмыстың әдіс-тәсілдері белгіленген:

  1. Оқушы дарындылығын зерттеуге арналған жұмыс түрлері қамтылған. Дарындылық белгілері ретінде өз бетімен жағдаяттарды шеше алуы, тілдік қолданыстарға деген қызығушылығы өте жоғары болуы, дербес іздену жұмыстарын іске асыруы, алдына мақсат қою, жету жолдарын қарастырады; өзіне-өзі бақылау жасауы, стилдік зерттеушілік қабілеттері қалыптаса бастауы есепке алынады.

  2. Оқушылармен сабақ барысында жүргізілетін деңгейлік тапсырмалар жүйесі қамтылған. Сабақтарда интербелсенді әдістер сын тұрғысынан ойлау стратегиялары арқылы пәндік-білімдік парадигманы тілге деген сүйіспеншілік парадигмасымен алмастыратыны қамтылған. Ол сабақтың әр кезеңінде қолдануға ыңғайлы стратегиялар негізінде көрсетілген.

  3. Оқушылармен сыныптан тыс кезеңде жүргізілетін жұмыс түрлері түрлі сайыстар мен пәндік олимпиадалар және мен интернет арқылы қашықтан жүргізілетін жұмыс түрлері берілген. Яғни оқушыны жан-жақты дамыту жолдары ескерілген. Сондай-ақ, оқушылардың басқа мәдени шаралармен және қаланың, аудан мен облыстың, республика мен халықаралық деңгейде өткізілетін сайыстар мен шараларға қатысуына бағытталған.

Осының жұмысымның нәтижесі ретінде 8 сыныптан жетелеп келген 6 оқушым түгелімен ҰБТ-ны 100 пайызға тапсырып, сынақтан сүрінбей өтті. 2013  оқу жылында аудандық «Тіл шамшырақтары» атты пәндік конкурстан   Зайцева Анна ІІІ орын, облыстық интелектуалды «Айналайын» сайысында Мукушева Асем ІІІ орын, 2016 жылы ақпан айында аудандық «Махамбет оқуынан» Базарбеков Нұртас жүлделі ІІІ орынды иеленді. «Абай оқуларына» Ержүрек Айсауле қатысып, өз мүмкіндігін көрсете білді. «Бір халық – бір мүдде!» Елбасы күніне арналған республикалық интернет- байқауынан Тлебалдинова Аружанның эссесіне сертификат берілді. Насимолда Маржан ай сайын бір көркем шығарма оқып, өз ойын эссеге түсіріп, республикалық оқырмандар сайысына қатысып келеді. Қазіргі таңда өзім сабақ беретін 6 «А», 5 «А» сыныптарында оқитын Базарбеков Нұртас пен Тлебалдинова Аружан секілді оқушылардың шығармашылық қабілеттерін танып, жеке жұмыстар жүргізіп жүрмін. Олардың авторлық өлеңдері газет беттеріне басылып, ал Нұртастың өлеңдері «Ел Тәуелсіздігін – өрнектейді, көкпектілік жас өрен» атты аудандық жинақта жарық көрді. Сондай-ақ Ұлттық интернет олимпиадасының қазақ тілі пәнінен І дәрежелі дипломымен Базарбеков Нұртас және қазақ әдебиетінен ІІ дәрежелі дипломымен Тлебалдинова Аружан марапатталды. Қазақстанның қашықтықтан өткізілген олимпиадалар лигасының жеңімпаздары 9 «а» сыныбынан Насимолда Маржан, Досанова Карина, 6 «а» сыныбынан Ержүрек Айсауле, Зерембекова Сауле, 5 «а» сыныбынан Тлебалдинова Аружан мен Зерембекова Ақбілек І дәрежелі дипломмен марапатталды.

Оқушылардың бәрі де жақсы оқығысы келеді. Бірақ олардың ақыл-ой қабілеті, бағдарламадағы берілген материалды ұғуы бірдей емес. Оқушылардың кейбіреулері мұғалімнің түсіндірген сабағын тез ұғады кейбіреулері орташа ұғады. Кейде үлгіре алмайтын да оқушылар кездеседі. Сонымен қатар үлгерімі төмен оқушылармен де жұмыс жүйесі құрылған. Қосымша дәптер бастатып, қатемен жұмыстар жүргізіліп тұрады.

Мақсаты: пән бойынша оқушыларға мемлекеттік стандартты меңгеру,

үлгермеушілікті, нашар оқитын оқушылар қатарын азайту.

Міндеті:

  • Оқушылардың кластағы, мектептегі психологиялық микроклиматына ерекше мән беру;

  • оқушыларға тактикалық түрде көңіл бөліп қарау;

  • оқушылардың қызығушылығын ескеру.

Оқытудың түрі:

жеке

жеке –жұптық

жеке-топтық топ мектепте жұмыс істейді

Өзара бірлесіп оқыту

Саралап оқыту


Жұмыс түрлері:

Сабақ барысында жеке жұмыстар ұйымдастыру

Сабақтан тыс жеке жұмыстар ұйымдастыру

Ата-аналармен әңгімелесу

Тестік, бақылау жұмыстары алу.

Үлгермеу кестесін құру.

Біз қашан да «Білім мен тәрбие егіз» дейміз. Шынында да, сапалы білім, саналы тәрбиені тал бойына сіңірген жас ұрпақ ұлт тірегі болары анық. Сол себепті де  2015 жылдан бері бүгінгі 9-сыныпқа сынып жетекшілік қызметін атқарып келем. 2015 оқу жылында «Азаматтық және патриоттық тәрбие» беру деп тақырып ала отырып, «Отанға деген сүйіспеншілік пен азаматтық негізінде, Қазақстанның гүлденуіне үлес қосуға деген ұмтылысын қалыптастыру. Баланы өмірге дайындау және бейімдеу» деп алға мақсат қойып, сол мақсатпен бірге бірқатар міндеттер жоспарланды.

Жыл басында оқушылардың үйлерін аралап, үй жағдайын, яғни сабақ қарайтын орнын, тамақтанатын, ұйықтайтын бөлмелерін, оның тазалығы тексеріліп, акт жасалды. Сынып белсенділері тағайындалып, ата-аналар комитеті сайланды. Сонымен қатар оқушылардың тәрбие деңгейі, азаматтық деңгейі анықталып, диагностика мен диаграмма жасалды.

Білім мен тәрбиені ұштастыру мақсатында сыныбымда тәрбие саласында түрлі жұмыстар атқарып келемін. Сегіз бағыт бойынша жұмыс жоспарланып, сол бағыттар бойынша әр түрлі іс-шаралар жүргізілді. Атап айтсам, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Денсаулық – зор байлық», өзін-өзі тәрбиелеу бағытында «Мінез – жанның айнасы», адамгершілік құндылықтарды насихаттау мақсатында «Мейірімді аналардың мерейі», патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында «Желбірей түс, Тәуелсіздік жалауы!» , «Елін сүйген елбасы», «Менің Отаным –Қазақстан», «Аңызға айналған ұстаз», «Қазақ хандығының 550 жылдығы», «Мемлекеттік тіл – ана тілім», «Денсаулық – зор байлық», «Армысың, алтын күз», «Елбасымыз – Нұрсұлтан, еліміз – Қазақстан», «Тәуелсіз елім – Қазақстан», «Экономика – біздің өмірімізде», «Мейірімді аналардың мерейі», «Наурыз мейрамы» сонымен қатар дөңгелек үстелдер, әңгімелесу т.б. ашық тәрбие сағаттарын өткіздім. Сонымен қатар сауалнамалар, интелектуалды сұрақтар, аукциондар, рефераттар сайысы, түрлі тренингтер, пікірталастар т.б. жұмыс түрлері жүргізіліп отырылды. Және де қарттарға көмек көрсетіп, қарттар күнінде құттықтап, мектепішілік шараларға қытысып, сонын ішінде жәрмеңкеге, мұғалімдер күніне, айтулы мерекелерде, мүсін жасауда, кезекшілік атқаруда белсене араласып отырамыз. Мектепішілік «Қыз сыны» сайысында 1 орын, «Жыл оқушысы» 1 орын, СОТФИ ойынында, «Күзгі балл» сайысында ІІ орындарды иеленіп келеміз.

Білім жолында өз тәжірибеммен бөлісу мақсатында мектепішілік, аудандық ашық сабақтарға, аудандық, облыстық семинарларға қатысып, коучингтер көріп өз тәжірибемді одан сайын шыңдай түстім. Мектептішілік әдістемелік пән бірлестігі отырыстарында бірнеше тақырыптық баяндамалар оқыдым:

1.«Дидактикалық ойындар мен сыныптан тыс сағаттар». Баяндама, әдістемелік пән бірлестігінің коферециясында оқылды.

2. «Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында оқушылардың тілін дамыту бойынша атқарылған жұмыс түрлері» әдестемелік бірлестік отырысында тәжірибемен бөлісу.

3.«Педагогтың баламен әрекеттесуінің ерекшеліктері». Баяндама, мектепішілік сынып жетекшілер отырысында оқылды.

4.«Сабақта оқытудың модульдік технологиясын пайдалану». Тәжірибемен бөлісу, тірек мектептердегі өткізілген педоқулар.

5.«Өздік жұмыс – тілдің құзіреттілігін қалыптастырудың бірден-бір жолы». Баяндама, әдістемелік пән бірлестігінің дөңгелек үстелінде талқыланды.

6. «Қазақ тілі сабақтарында жаңа инновациялық технологияларды пайдалану» тәжірибемен бөлісу.

7. «Жаңаша оқытудың білім беру жүйесіндегі маңызы» баяндамасы аудандық педоқуда оқылды.

Сонау ХХ ғасырдың басында Жүсіпбек Аймауытовтың «Сабақ беру бұл үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол- жаңадан жаңаны табатын өнер»,- деген екен. Сол пікір бүгінде жүзеге асып жатқандай. Сондықтан соңғы бес жылда «Музыка аспаптары», «Сын тұрғысынан ойлау», «Мемлекеттік тіл», «Жастар киімі» семинар сабағы , «Омоним» , «Менің елім», «Қыс айлары», «Үш қабатты мектеп», «Сілтеу есімдігі» атты ізденіс сабақтарым жаңа әдіс - тәсілдерді қолдану арқылы заманауи талапқа сай өз дәрежесінде өтті. Және «Өмірмен өзектес өнер» атты вариативтік сабағына жоспар жазып өткізгенім де бар, «Абайтану» қолданбалы курсында Ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығын оқушылармен жан-жақты танып, зерттеулермен танысып келеміз. Соңғы жылдар көлемінде өткізген пән бойынша сыныптан тыс «Білгірлер сайысы», «Білімпаз көшбасшы», «Тіл – халық мұрасы» «Біз қазақша сөйлейміз», «Сөзмерген», «Мемлекеттік тіл – менің тілім», «Тіл тағдыры – ел тағдыры», «Қызықты қазақ тілі әлемі», «Ойнайық та, ойлайық!» және мектепішілік «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз», «Тәуелсіздік күні», «Желбірей түс, Тәуелсіздік жалауы!» іс-шаралары өз дәрежесінде өтті. Сондай-ақ, жыл сайын өткізіліп келе жатқан апталықтар, Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына, Қанипа апамызды еске алу күніне орай өткізілген іс-шаралар, Абай, Махамбет оқулары да осы жолда жасалып жатқан жұмыстардың бір парасы дей аламын.

«Басқаларды үйрете жүріп, біз өзіміз үйренеміз» дегендей, тәжірибемен алмасу мақсатында «infourok.ru», «тәрбие.оrg» ұстаздар сайтына сабақтарымды жібергенім үшін сертификаттармен марапатталдым. Тіл мамандарының ерікті бірлестік сайтарында және Sabaktar.kz , «Копилка», «Инфоурок», «Мультиурок» , «Ұстаз.кз», «Кітап кз», «Білімленд» т.б. сайттарындағы материалдарды үнемі сабақтарымда қолданып отырамын.

Сондай-ақ, «Қазақ тілі мен әдебиеті қазақ, орыс сыныптарына» атты республикалық ғылыми-әдістемелік және педагогикалық журналдың 2015 жылдың № 5, 6 сандарында сабақтарым жарыққа шықты.

Мұғалім шығармашылығының кәсіби іс – әрекетіне  деген қажеттіліктің  туындауына ықпал ететін мына шарттарды атап айтқан жөн.

–       қайшылықтарды  жеңе білу.

–       өзінің жеке тұлғалық кәсіби қасиеттерін танып білу.

–       іс-әрекеттің біріккен түрін қолдана білу. Оқыту процесінің өзекті мәселелері шеңберіндегі шығармашылық сипаттағы таңдалған тақырыптар әр мұғалімнің көздеген мақсатына қол жеткізу үшін тиімді ізденіс жұмыстарын ұтымды ұйымдастырып жүргізе білуге мол мүмкіндік туғызады. Мұғалімнің беделі өсіп, білім сапасы жақсарады. Елдің, жердің қамын ойлар жас буын тәрбиеленеді. Олардың білімге, ғылымға деген құлшынысы артады.










































Соңғы 2 жылдың көрсеткіштері:


Пән

Сапа

Жылдар

Пән

Сапа

Қазақ тілі

68 %

2013-2014

Қазақ әдебиеті

71 %

70 %

2014-2015

74 %


































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!