Материалдар / Шығармашылық жоба 6 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Шығармашылық жоба 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Технология пәнінен оқушылардың әр бір жыл сонында орындайтын шығармашылық жобаны ұйымдастыру жөніндегі түсініктері мен әдістер жас ұстаздарға көмек ретінде ұсынылып отыр. Шығрмашылық жоба оқушының аған білімдерін жинақтап, жүйелеуін, оларды қолдану барысында жаңа мағлуматтар (өз бетінше) алуын көздейді. Сонымен қатар шығармашылық жұмыс оқушылардың жас ерекшелігін, білім деңгейіе ескере отырып қажетті техникалық және технологиялық талаптарын орындауды талап етеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Желтоқсан 2017
1889
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Шығармашылық жоба

Жоба –латын тілінен аударғанда алға лақтырылған деген ұғымды білдіреді .

Шығармашылық жоба – бұл мұғалімнің жетекшілігімен орындалатын жұмыс

Жобаның мақсаты:

  1. Шығармашылық іс-әрекеттегі өз мүмкүндіктерін бағалау. Өз ойларын қалауы бойынша жеке-дара немесе топпен жүзеге асыру .

  2. Оқушылардың еңбек дағдысын дамыту, эстетикалық талғамдарын арттыру, қызығуы мен еңбексүйгіштігін қалыптастыру және икем мен бейімділігін анықтау, ізденістеріне мүмкіндік беру.

  3. Еркін сөйлеуге, өз көзқарасын білдіруге, жаңаша ойлауға өз шығарма-шылығын тантуға үйрету.

Шығармашылық жобаны жүргізу әдістері.

Репродуктивті әдіс үлгі бойынша қызмет тәжірибесін қалыптастырады, есте сақтау қабілетін дамытады, технологиялық операцияларды орындау тәсіліне деген зейінін арттырады,, педагогтің кәсіби іс-әрекетін қайталау дағдыларын қалыптастырады.

Белсенді оқыту әдістерін пайдалану барысында ұжымдық іс-әрекетінде оқушылардың теориялық және сарамандық қызметін қалыптастыруға мүмкүндік туғызады.

Жобалау әдісін қолдану негізінде оқушылардың технологиялық дайындығын ұйымдастыра бұйым жасау барысында шығармашылық көзқарасын білдіруге ізденушілік қабілеттерін дамытуға ықпал етеді.

Жобалау әдісі- «идеядан бұйымға дейін» түсінігінде оқушылар технология сабағында алған білімдерін шығармашыл қолданып және қайта өңдеу әдістерінің кешенін қолданып жеке ақырғы бұйым алу. Оқу қызметінің репродуктивті түріне көшу оқу барысында ғылыми-зерттеу компонентіне ауысуды қамтамасыз етеді, әр түрлі ақпараттармен және олардың көздерімен жұмыс істеу дағдыларын дамытады.

Жарнамалау –сатып алушыларға, тұтынушыларға ұсынатын ақпараты.

Жарнама мақсаты- тұтынушылардың тауарға немесе қызмет көрсетуге назарын аударып, оларға сұранысын арттыру. Дайындаушының өз өнімін сатуы жарнамаға байланысты. Жарнама-бұл сауданың «қозғалтқышы» сатып алушы қызығушылығын арттыру керек.

Заттың жарнамалық қысқаша мазмұны жобаның қажетті бөлігі болып табылады. Заттың жарнамалық қысқаша мазмұны:

  1. Фирманың (өндірушінің) сауда белгісі(сауда маркасы немесі лейбл)

  2. Зат атауы, оның қолдануы:

  3. Бірнеше жарнамалық сөз(тұтынушы естігісі, көргісі келетін нәрсені хабарлау)

Жобаны таңдау ережесі

  1. Не істегім келеді?

  2. Нені өз қолыммен істей аламын?

  3. Ойлағанымды материалдық жағдайым көтере ме?

  4. Жасап шығарған затымды қайда (неге?) пайдалануыма болады?

  5. Қажетті әдебиеттерді кітапханадан, интернеттен қарап қажетін таңдап алу.

Жобамен жұмыс істеу нені үйретеді?

  1. Әдебиеттерді және басқадай да ақпарат көздерін пайдалануды,

өздік білім көтеруді.

  1. Жинақтаған ақпараттармен материалдарды өңдеуді.

  2. Эстетикалық талғам, шығармашылық қабілетті дамытады.

  3. Өзіңнің жұмыс уақытыңды жоспарлауды.

  4. Болжамдық жоспар құруды.

  5. Политехникалық дүниетанымды кеңейтеді.

  6. Үлгімен (алгоритммен) жұмыс істеуді.

  7. Сарамандық жұмысты ойластыруды, кезендерге бөлуді, дұрыс таңдау жасай білуді.

  8. Өзіңнің және достарыңның іскерлік әрекеттеріне бақылаужасап бағалауды.

  9. Ақпараттық құралдармен жұмыс жасай білуді.

  10. Көпшілік алдына шығып өз жобаңды қорғауды.

Жобаның тақырыптары

Гүлдердің аранжировкасы. Экибана құру. Ілмек бізбен тоқу (салфеткалар, шұлықтар,биялайлар, мойынсалы және т.б.) Макраме өру (панно, сувенирлер, кулон, түйреуіш, кашпо) Квилтинг техникасы (қалдық қиықтармен құрақ құрау) Аппликация. Оригами . Квиллинг. Сиқырлы өрмек-ойыншықтар жасау. Изонить. Су моншақпен әшекейлер жасау. Кестелеу (айқастап және бедерлі тігіспен)

Жобамен жұмыс істеу барысы

І) Ұйымдастыру кезеңі.

Тақырып ұсыну. Таңдау кезінде міндетті түрде мынандай талаптар ескеру қажет:

а) өздеріне жақсы таныс, түсінікті, жеке қызығушылық болуы керек

б) жергілікті жағдай және аймақ ерекшелігі

в) технология кабинетінің материалдық-техникалық жабдықталуына сәйкестігі

г) шығармашылық дербестілігі, тұрмысқа қажетті болу

д) күрделілігі және көп еңбек сіңіруді қажет етуі

е) бұйымды жасау мүмкіндігі

ж)таңдаған жұмыс сенің шығармашылығынды көрсете ала ма

з) алға қойған міндеттерді орындай аласың ба

и) жұмысқа қажетті әдебиеттер оқу, қажетті құрал-жабдықтарды дайындау

ІІ) Технологиялық кезең.

-жұмыс жоспарын құру

-теория негізінде алған білімдерін іс жүзінде тәжірибеге еңгізу

-бұйымға кеткен шығындарды есептеу

-бұйымның өзіндік құнын шығару

-жарнама дайындау

ІІІ) Қорытынды кезеңі.

Жобаны қорғау

-орындаған шығармашылық жобасын сыныптастарына таныстырып, көрсету

-жобаны таңдау себебін, орындаудағы мақсаты мен міндеттерін айту

- жобаны дайындау барысында жинаған теориялық негіздерін түсіндіру

- жобаны дайындау барысында қолданған амал-тәсілдерді көрсету

- орындау барысында жинақтаған(білімінің, шеберлігімен)тәжірибесімен бөлісу

-қазіргі сәнге, заманға қажеттілігі

-таңдаған бұйымның материалының қасиеті, түстер үйлесімділігі т.б.

-жарнамалау

-бұйымның өзіндік құнын жариялау




Жобаға талдау жасау



Озық идеяларды таңдау. Таңдауды негіздеу


Жобадағы бұйым төмендегідей

болуы шарт

1

DrawObject2 DrawObject12 №3 №4

1

Жобаның мазмұны




2

Жобаның экономикалық негіздемесі

Бастапқы капиталын сақтау



3

Жұмыстың техникалық сипаттамасы

Қажетті құрал-жабдықтары



4

Сурет сұлбалары, сызбалар,

үлгі макеті



5

Үлгінің, моделдердің орындалу жүйесі



6

Басқа бөлімдер(кеңестер,ауызша көмек)



7

Жаңалығы және толықтығы




8

Баяндаманың мазмұны жеткізілуі




9

Көпшілік алдында сөйлей білуі




10

Жаналығымен толықтырылуы




11

Ұпай бойынша жалпы бағасы










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!