Материалдар / Шығармашылық жоба "Қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың қазіргі амалдары"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Шығармашылық жоба "Қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың қазіргі амалдары"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл жарияланып отырған жобаның басты мәселесі Әскери қызмет пен азаматтық қорғаныс негіздерін дұрыс түсініп, келешек жас жауынгерге қажет болатын білім мен практикалық дағдыларды және психологиялық бейімдеушілікті меңгереді. Жаһандану заманындағы патриоттық тәрбие дұрыс бағытта ұйымдастырылуы тиіс. Ол үшін педагогтің өзі саяси сауатты, ұлттық санасы қалыптасқан өз елінің патриоты болуы тиіс. Сонда ғана өскелең ұрпақты сапалы біліммен сусындатып, саналы тәрбие беруге қабілетті болмақ.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
1038
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Шығармашылық жобаның тақырыбы: «Қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың қазіргі амалдары »

Мазмұны

Кіріспе

Негізгі бөлім

Қорытынды

Әдебиеттер тізімі

Жобаның мақсаты: Оқушыларға жауынгерлік патриотизм мен Отансүйгіштік сезімдердің не екендігін түсіндіру.

Жобаның міндеті: Қазіргі кезде тәрбиенің жан-жақты, сан қырлы әдіс-тәсілдерін жас ұрпақтың бойына сіңіре отырып, оларды Отансүйгіштік, елжанды азамат етіп тәрбиелеу

Күтілетін нәтиже: Әскери қызмет пен азаматтық қорғаныс негіздерін дұрыс түсініп, келешек жас жауынгерге қажет болатын білім мен практикалық дағдыларды және психологиялық бейімдеушілікті меңгереді.

Жобаның өзектілігі: Жаһандану заманындағы патриоттық тәрбие дұрыс бағытта ұйымдастырылуы тиіс. Ол үшін педагогтің өзі саяси сауатты, ұлттық санасы қалыптасқан өз елінің патриоты болуы тиіс. Сонда ғана өскелең ұрпақты сапалы біліммен сусындатып, саналы тәрбие беруге қабілетті болмақ.

Кіріспе

Патриотизм азаматтардың, әсіресе жастардың өз Отанын қалтқысыз сүюі мен оны қорғауға әрқашанда дайын болуы, туған жерге деген терең перзенттік махаббат. Шынайы патриотизмді қалыптастыру – жеке тұлғаның нық саяси тұрғыда өзін - өзі нақты айқындау деген сөз. Оны мемлекет туына, елтаңбасына, әнұранына құрметпен қарауға, заңға бағынуға, үкіметті сыйлауға тәрбиелеуден бастау керек. Әрбір адам бала жасынан: «Қазақстан – менің Отаным, ол мен үшін жауапты болғаны сияқты, мен де ол үшін жауаптымын» деген қарапайым ойды меңгеруі керек.

Патриотизмнің адамгершілік сипаты – керек уақытта адамның өзіне «керек» деп бұйрық беріп, ауыр сын сәтінде «істей алмаймын» дегенді жеңе білуі.

Қазір патриот болу дегеніміз – республиканың экономикалық, қорғаныстық әлеуетін нығайту, оны кез келген сыртқы қастандықтан қорғауға дайын болу, әскери міндетке жауапкершілікпен қарау деген сөз.

Патриотизм сезімі мен Отанның жауларына деген жек көрушілік – қасиетті, жалынды, өшпейтін сезім. Қазіргі жауынгер үшін патриот болу дегеніміз - өзінің білімі мен мүмкіндігін, бар күшін ҚР ҚК-нің жауынгерлік қуатын нығайтуға жұмсау мен қашан да оны қорғауға дайын болу.

Жауынгердің патриотизмі, сонымен қатар оның өз бөліміне деген сүіспеншілігінен, бөлімінің жауынгерлік туына адалдығынан, оларды ұрыста табандылықпен қорғауға дайындығынан, халықтың, жауынгерлік дәстүрлеріне адалдығынан, өздерінің күнделікті еңбегі мен даңқты ерліктері арқылы біздің қаруымыздың жауынгерлік даңқын арттырудан көрінеді.

Әрбір жауынгердің патриоттық және интернационалдық міндеті, елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға қосқан үлесі – бөлімшелерді жауынгерлік дайындықта, жоғары деңгейде ұстау, жауынгерлік шеберлігін жетілдіру, тәртіп пен реттілікті нығайту болып табылады.

Тек қана нағыз патриот пен интернационалист қана бейбіт уақыттағы төтенше жағдайлар мен ұрыс жағдайында әскери борышын табандылықпен, ержүректілікпен орындауға қабілетті.

Кейде кейбір жауынгерлердің, әдейі, немесе еріксіз интернационализмге жат идеяларды насихаттайтын жағдайлар да кездесіп жатады. Ол әскери қызметшілер арасында жарғыға жат қарым – қатынастар туғызады. Адамның дене немесе моральдық жағынан кемсітілуінің өзі адамгершілікке жат, ал егер ол ұлттық сезімді қозғаса, оның қиратушы күші бірнеше өседі. Сондықтан ұлттық артықшылыққа байланысты талаптарға кез келген ұжымда жол берілмеуі және әшекерленуі тиіс.

Патриотизмге және интернационализмге тәрбиелеудің негізгі формалары мен әдістері мыналар болып саналады:

  • жауынгерлерді идеялық сеніммен, тәрбие жұмыстарымен саяси саналыққа тәрбиелеу;

  • қоғамдық – гуманитарлық жүйесі жеке құрамның жауынгерлік оқуын іске асыру;

  • жауынгерлерді патритизм мен интернационализм идеяларымен қаруландыру;

  • республика аумағында, ТМД мемлекеттерінде тұратын барлық халықтардың достығын насихаттау;

  • азаматтар мен жауынгерлерді республиканың Қарулы Күштері, халықтың еңбек және жауынгерлік дәстүрлері арқылы тәрбиелеу;

  • жеке қасиеттерін жетілдіру, өзін қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу;

  • әскери мәселеге, мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты республикада қабылданған заң ережелері мен талаптарын білу;

Сөйтіп әскери патриоттық тәрбие дегеніміз:

  • адамдардың Отанға деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу;

  • өзінің азаматтық парызын терең түсінуді дайындау;

  • халықтың жауынгерлік дәстүрі мен оның қарулы күштеріне деген адалдық;

  • әскери және әскери – техникалық білім мен дағдыларды меңгеру;

Әскери – патриоттық тәрбие халықтың жасына, кәсібіне және де басқа ерекшеліктеріне қарай әр түрлі деңгейде жүргізіледі.


Қорытынды

«Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол - Тәуелсіз Қазақстан. Біз туған мемлекетіміздің тәуелсіздігін баянды етуге, қуатын арттыруға, оның игілігіне, халықаралық қоғамдастықта абыройының өсуіне адал қызмет етуге парыздармыз. Ол үшін әрбір азамат еліміздің тұтастығын, жеріміздің бүтіндігін, халықтарымыздың жарастығын аман сақтай білу қаншалықты үлкен тарихи жауапкершілік екенін жан-тәнімен сезінуі керек» - деген Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сөзі партриоттық ұғымның, ел мен жердің бүтіндігін сақтау, халықтар достығы мен бірлігі екенін нақтылай түседі. 
Қазіргі кезде тәрбиенің жан-жақты, сан қырлы әдіс-тәсілдерін жас ұрпақтың бойына сіңіре отырып, оларды Отансүйгіштік, елжанды азамат етіп тәрбиелеу – қоғам алдыңдағы басты міндет.  Ұлтына, нәсіліне, сенімі мен нанымына, саяси көзқарасы мен ұстанған бағыт-бағдарына, т.б. ерекшеліктеріне қарамастан, республикамыздың әрбір азаматы өзі өмір сүріп, ауасын жұтып, игілігін пайдаланып отырған мемлекетін «туған елім, Отаным» деп тануы қажет. Мемлекетке есімін беріп отырған ұлттың салт-дәстүріне құрметпен қарау, оның тілі мен дінін сыйлау, заңдарына бағыну, рәміздерін ардақтап, жетістіктеріне шаттану – қоғамның әрбір мүшесінің басты міндеті.

Елімізде болып жатқан шын мәніндегі тарихи өзгерістер, ұлттық сана-сезімнің өсуі, ұлт арқылы қатынастар үрдісі Отанымыздың ортақ тағдыры үшін жауапкершілікті сезінетін патриоттар тәрбиелеуді ерекше талап етеді. Осыған байланысты мектеп ұжымдарының жас ұрпақтың патриоттық санасын қалыптастыру үрдісіндегі іс-әрекетіне қажетті, адамгершілік ұстанымдар мен тұжырымдардың мәндерін тереңірек анықтау қажет.

Қазіргі қоғамдағы патриоттық сана екі топтан тұратын біртұтас жүйе ретінде беріледі:

  1. Оқушылардың сана-сезімін өз ұлтының мәдениеті мен ана тілін

меңгеру негізінде дамыту.

  1. Әлемдік өркениет жетістіктерін, жалпы адамдық қасиеттер жүйесін меңгеру негізінде дамыту;











Әдебиеттер тізімі 

1. Назарбаев Н. Қазақстан – 2030. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. - Алматы: Білім, 1998. – 37 бет. 
2. Қазақстан тарихы №11.2010 Ә.Тортаева Жас жеткіншекке патриоттық тәрбие берудің маңыздылығы. 
3. Қазақстан тарихы №4.2010. С.Ж.Құттыбаева Қазақстандық патриотизммен полеранттылыққа тәрбиелеу – мұғалімнің басты борышы. 
4. Қазақстан тарихы №1.2010. А.Ешмухамбетов Патриоттық тәрбие берудің бағыттары. 
5. Қазақстан тарихы №8.2009. Д.Өмірбаева Тәрбие тал бесіктен басталады. 
6. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы 
7. Қазақстан Республикасының бiлiм беру ұйымдарында 2006-2011 жылдарға арналған кешендi тәрбие бағдарламасы


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!