Материалдар / Шығармашылық жұмыс арқылы оқушылардың ой-танымын, тілдік қорын дамыту.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Шығармашылық жұмыс арқылы оқушылардың ой-танымын, тілдік қорын дамыту.

Материал туралы қысқаша түсінік
Заманауи бәсекеге сай қабілетті, дарынды тұлғаны қалыптастыру үшін шығармышылық жұмыстың тиімділігі. В данной статье рассматириваются вопросы эффективности творческой деятельности студентов в формировании современной конкурентноспособной личности In this article are regarded the questions about the efficacious of creative works of students in stimulation to the present-day competitive (personality.) individual
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қазан 2024
106
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

DrawObject1


Махмет Алтайгүл

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы

«Қаржы академиясы» АҚ колледжі

Астана қаласы

Заманауи бәсекеге сай қабілетті, дарынды тұлғаны қалыптастыру үшін шығармышылық жұмыстың тиімділігі.

В данной статье рассматириваются вопросы эффективности творческой деятельности студентов в формировании современной конкурентноспособной личности

In this article are regarded the questions about the efficacious of creative works of students in stimulation to the present-day competitive (personality.) individual


Шығармашылық жұмыс арқылы оқушылардың ой-танымын, тілдік қорын дамыту.

Заманауи бәсекеге сай қабілетті, дарынды тұлғаны қалыптастыру үшін шығармашылық жұмыстың тиімділігі.


Қоғамдағы әр түрлі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, техниканың, ғылымның күн санап дамуы білім беру жүйесіне де көптеген өзгертулер енгізуде. Білім беру жүйесіне жаңаша міндеттер, талаптар қоюда. Білім жүйесін жетілдіру, әлемдік білім кеңістігінен өзімізге қажетімізді алып, заманауи бәсекеге қабілетті білім жүйесін қалыптастыру басты ұстаным болса, білімді жеке тұлғаға бағыттау, оның қабілетін, дарынын дамыту, яғни өзіне шешім қабылдату арқылы жан-жақты дамыған рухани бай, заманауи бәсекеге сай тұлғаны қалыптастыру білім жүйесінің міндеттерінің бірі екені анық. Әрине, қазіргі кезеңдегі қоғам алдындағы, білім жүйесінің ең басты мақсаты – оқу-тәрбие үрдісінде ұлттық құндылықты сақтай отырып, оқушылардың зияткерлік ойын, дүние танымын қалыптасырып, өз мемлекетіне деген потриоттық сезімін ояту, болашақтың іргесін қалар жастардың бәсекеге қабілетті болуы үшін бар мүмкіндікті жасау екені даусыз. Ендеше, әр оқушының өзіне ерік беру арқылы, оның жан-жақты ашылуына жағыдай жасай отырып, оқушының көкірек құтысына еліме мен не істеймін, қандай үлес қосамын деген ойды сіңіру білім беру жүйесінің бір мақсаттарының бірі болмақ.

Білім жүйесіндегі келелі мәселелердің бірі - мемелекеттік тілді оқыту, үйрету екені баршаға аян. Бүгінгі күнге дейін қазақ тілін үйрету қазіргі қазақ тілінің әдістемесіндегі өзекті, өткір мәселе ретінде қалып отырғаны анық. Тілді оқытуға, білімді меңгертуге арналған әр түрлі жаңа технологиялар шығып жатқанмен, мемлекетік тіл - басқару тілі, іс қағаздар тілі деңгейіне әлі жете алмай келеді. Оның басты себебі – тілге деген қажеттілікті тудырмауымыздан шығар?! Бәлкім, оқушыларға жаңа ақпаратты өзіміз терлеп-тепшіп түсіндіріп, дайындап беріп, олардың өздеріне саралатуға өз бетімен түсініп қабылдап, өзіне қажеттісін алу керектігіне назар аудармағандығымыздан болар. Оларға берілген ақпаратты әртүрлі тұрғыдан зерттетіп, өздеріне тұжырым жасата алсақ, өз қажетіліктеріне, мақсаттарына пайдалана ала білуіне мүмкіндік жасасақ берген біліміміміз нәтижелі болар ма еді?! Әйгілі неміс педагогі Адольв Дистерверг «Жаман мұғалім шындықты өз деңгейінде жеткізеді, хабарлайды, ал жақсы ұстаз шәкірттерін шындыққы өздігінен жетуге баулиды» деген пікірі қазіргі талапқа сай келеді. Оқушыларға шығармашылық жұмыстар арқылы білімді өздігінен меңгертсек, олардың барлық қабілеттерін ашуға, өз пікірін, көзқарасын қалыптастыруға, жауапкершілікке, шешім қабылдауға жетелері хақ. Шығармашылық жұмыс арқылы оқушы біріншіден танымдық іс-әрекеттен, шығармашылық іс-әрекетке көшіп, әр-түрлі жағдаяттан шығу жолдарын қарастырып, өзіндігінен шешім қабылдайды да, жеке адамның тұлғалануымен ерекшеленеді. Осындай күрделі іс-әрекет түрлерімен қарым-қатынасқа түсе отырып, бүгінгі талапқа сай «құзіреттілік» негізінде өзінің рухани түрде дамытады.

«Шығармашылық» ұғымына тоқталар болсақ: И. Лернер «Шығармашылық» ұғымы жөнінде «Шығармашылық әрекет - білім, білік дағдыны жаңа жағдайға тасымалдай білу, жаңа шешім табу», - деп атап көрсеткен. Демек, оқушы шығармашылық жұмыс арқылы білім, білік дағдысын біреудің түсіндіруінсіз, талдамасынсыз өзі жаңа шешемін тауа отырып жетілдіреді, өз мүмкіндігін көрсетуге мүмкіндік алады.

Ал, А.Лук «Шығармашылық әрекеті мәселені шешудегі көрегендік, идеяларды іске асыру, болжай білу» деп атап көрсетті. Яғни шығармашылық жұмыс оқушыларды өзіндік ойлауға, талдама жасай білуге, әр нәрседен нәтиже шығаруға үйретеді. Демек, оқушы ақыл-ойымен өзіндік тұжырымы арқылы жаңа тақырыпты саналы түрде меңгеруге дағдыланады. Шығармашылық жұмыстың негізгі ерекшелігі оқытушы оқушыларға бағыт-бағдар беріп жетелейді, ойлаудың жолдарын дамытады. Ал, оқушы белсенді әрекет етуші субьектіге айналады да, оқытушы көмек беруші, алға жетелеуші, ұйымдастырушы, бағдар беруші болып қалады. Оқытушы шығармашылық жұмысты оқытушыға берер алдында шығармашылық жұмыстың мақсат пен міндетін айқындап алып, зерттеу әдіс-тәсілдерін белгілеу, болжам құру, болжамды тексеру, нәтижесін шығару сияқты кезеңдерге алдын-ала дайындалып, шығармашылық ізденпаздықпен келуі міндетті. Яғни, оқытушы негізінен оқушыларға жүйеленіп өңделген оқу материалын ұсынбай, оқушыны өз бетімен ізденуге, өзіне қажет білімді іздестіруге жетелеуі керек

Оқушыларды шығармашылық жұмыстарға баулып, олардың белсенділігі мен дербестігін, қызығушылықтарын арттыра түсу үшін әр түрлі амал-тәсілдерді, заманауи технологияларды қолдануға болады. Шығармашылық жұмыс арқылы оқушының ой-танымын, тілдік қорын дамыту үшін В.Ф. Шаталовтың «Тірек сызбалар арқылы оқыту технологиясы», Қ. Бітібаеваның ізденуге негізделген озық технологияларын, М. Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы» және «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы», «Деңгейлеп- саралап оқыту технологиясы» сияқты жаңа технологияларды тиімді түрде пайдалана отырып оқыта алсақ, бәсекеге қабілетті, өмірде өзін-өзі дамытуға бейім, Қазақстан азаматы деген атқа лайық өзінің ғана емес, өзгенің де, елінің де өсуіне ықпал ететіндей жеке тұлға тәрбиелеп шығаратынымыз аян. Шығармашылық жұмыстарды да, тіл үйренушінің тілді меңгеруіне сай әр түрлі деңгейлік негізде беру керек. «Проблемалық оқыту технологиясының» да шығармашылық жұмыстарын беру кезеңінде тиімділігін байқауға болады. Проблемалық оқытуға негізделген жұмыстар, тапсырмалар оқушылардың ғана өзіндік ойлауына, өзіндік ізденісіне бағытталады, білімді өз беттерімен алуға жол ашады, таным белсенділігін арттыруға түрткі жасайды. Проблемалық сұрақтарды, ситуацияны шешу – шығармашылық үдеріс болып табылады. Ал, шығармашылық, өнерпаздық сөзінің мәні – жеке тұлғаның бір нәрсе жасап шығаруы немесе өзіне ғана тән бір нәтижеге қол жеткізуі. Шығармашылық жұмыс – оқушыны дербес ізденуші, ал оқытушыны ақылшы, кеңесші, ұйымдастырушы, бағыт беруші ретінде қалыптастырады.

Шығармашылық жұмыстың басты мақсаты да – оқушылардың таным белсенділігін арттыру, дербес белсенді ізденуге жетелеу, шығармашылық ойлау арқылы өзі шешімін тауып, қиын мәселелерді өзіндігінен зерделеуге, талқылауға, түсінуге итермелеу, шығармашылық дарынын, қабілетін дамыту, тілдік қорын молайту болмақ. Шығармашылық жұмыспен айналысқан оқушы өзіне берілген тапсырманы орындау үшін әртүрлі болжам жасайды, дәлелдеу, салыстыру, қорытынды шығару тәсілдерін қолдана отырып,өз беттерімен, өз ізденістерімен мақсатқа жету үшін еңбектенеді, шығармашылық шабытқа беріледі. Сөйтіп, біреудің еңбегін қайталамай, өзінің жеке қолтаңбасы, пікірі, көзқарасы бар тың, жаңа өнім жасайды.Тек бағыт-бағдар дұрыс берілуі қажет. Оқытушы шығармашылық жұмысты бергенде, қабылдап алғанда мыналарды ескеру тиіс:

  1. Оқушының тілді меңгеру дәрежесіне;

  2. Шығармашылық жұмыстың сауатты орындалуына;

  3. Оқушының пікірі мен жеке көз қарасына;

  4. Шығармашылық жобада оқушының өзіндік қолтаңбасының болуына;

  5. Шығармашылық жұмыстың мазмұнының айқындылығы мен дәлділігіне; т.б.

  6. Тың ойлар мен пікірлердің болуына;

Әрі, оқытушы әр оқушының талпынысына, шығармашылық жұмысына құрметпен қарап, кем тұстарын жөндеуге бағыт-бағдар беріп отырса, оқушы өз туындысына бар ынтасын салатыны кепіл. Шығармашылық жұмыстың екі сатысы болады:

  • сабақ үстінде орындалатын шығармашылық жұмыстар;

  • белгілі бір уақытты қажет ететін сабақтан тыс уақытта орындалатын шығармашылық жұмыстар;

Сабақ үстінде орындалатын шығармашылық жұмыстарды сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасының элементтері арқылы, пәнаралық байланысқа негізделген проблемалық оқыту технологисының элементтері арқылы өткізу тиімдірек. Мәселен, ойшақыру, ойтүрткі, топтастыру, венн диограммасы, кубизм, мағынаны тану, бесжолды өлең т.б. Қазіргі кезеңде ұмыт бола бастаған шығарма жазу, жазбаша мазмұндау сияқты амалдарды қолдануда нәтижелі болмақ. (Тақырыпқа сай тірек сөздер беріледі, сол тірек сөздер арқылы шағын шығарма жазады немесе берілген тақырып жөнінде білетін сөздерін жазу, ал тілді нашар меңгергендер өзі сөйлейтін тілінде берілген тақырып бойынша сөздерді жазып, сөздік арқылы аудару сияқты оқушының тілді меңгеру дәрежесіне сай тапсырманы күрделендіру, немесе жеңілдету)

Ал, белгілі бір уақытты қажет ететін сабақтан тыс уақытта орындалатын шығармашылық жұмыстарға: тест (берілген тақырып бойынша тесттің әр түрлерін жабық тест, сәйкестендіру тесті, толықтыру тесті т.б.) құрастыру, сөзжұмбақ құрастыру, тақырып бойынша қосымша ақпарат жинау, әр түрлі тапсырмалар жинағын құрастыру, сөздік құрастыру, деңгейлік тапсырмалар құрастыру, берілген ақпаратты екінші оқушыға тиімді жолмен түсіндіру жолдарын қарастыру яғни өз жобасын ұсыну т.б.

Бұл әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың ой-танымын, заманауи бәсекеге қабілетті білімді, білікті, елдің мақтанышы болар, ең бастысы біреудің жетегімен жүрмейтін өзіндік пікірі, көзқарасы бар азамат тәрбиелейтінімізге сенімім мол.



Пайдаланған әдебиеттер тізімі:


1. Хайдарова С. Оқушының шығармашылығын дамыту // Бастауыш мектеп. – 1997 ж. - №4 -15-16 бет.

2. Қадірова Б.Н Оқушылардың шығармашылық әрекетін дамыту – ғылыми-педагогикалық шарттары //Білім-Образование. – 2004 ж. – 2

. – 16-20 бет.

3. Шығармашылық дарындылықты дамыту бағдарламасы // Алматы.2002ж. -45-47 бет.

4. Жанатбекова Н. Шығармашылық қабілеттілік – даму негізі. // Қазақстан мектебі. – 2006 ж. №2. – 15-17 бет


 




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!