Материалдар / Шығармашылық жұмыс арқылы сөздік қорды молайту
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Шығармашылық жұмыс арқылы сөздік қорды молайту

Материал туралы қысқаша түсінік
тіл мен әдебиет сабақтарынан сабақ беретін мұғалімдерге арналады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қазан 2018
504
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тіркеу үлгісі


1

Автордың толық аты-жөні

Альмуханова Бибигул Сагиналиевна

2

Баяндама тақырыбы

Шығармашылық жұмыс-ізденіс көзі

3

Секциялық бағыты

Тіл мәдениеті,қазақ шешендік өнері және шешен сөйлеуге баулу мәселелері

4

Жұмыс орны

25 ЖОББМ

5

Лауазымы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

6

Ғылыми дәрежесі


7

Жұмыс телефоны

87769204776

8

E-mail

almuhanova1970@mail.ru

9

Пошталық мекен-жайы

Орал қаласы. Циолковского 6/1 п28

10

Қатысу түр/іштей/сырттай/

сырттай

11

Баяндама жасауға қажетті техникалық құралдар

-

12

Қонақ үйге қажеттілік, келу мерзімі

-











































Шығармашылық жұмыс-ізденіс көзі



Альмуханова Б.С.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

БҚО, Орал қаласы. №25 ЖОББМ


Әдебиет сабағы-нағыз ұлттық болмыс, айнасы. Ұлттық болмысымыз әдеби шығармалар арқылы ашыла түседі. Адамзатты әдемілікке, әсемдікке ынталандыратын, рухани көкжиегін кеңейтетін әдебиет. Әдебиет ақыл-ойды,сана сезімді, ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілікті оятады. Жаңа заман келбеті білімді, тілі жетік, сөз мәнісін түсінетін ұрпақ дейтін болсақ, осы ұрпақтың әдебиет сабағын қызыға да құлшына оқуы ұстаз қолында.

Қазіргі оқу үрдісінде шығармашылық жұмыстың түрлерін, жұмыстану әдістерін айқындаған жөн және әдебиет сабағында оқушы мен мұғалімнің бірлесе жұмыстануы жүйелі болуы шарт. Әдеби шығарманы меңгертуде оқушының шығарма мазмұнын қарабайыр, қарапайым тілмен емес тыңдаушының сезіміне әсер етер тілмен жеткізуіне көңіл бөлген жөн. Бұл орайда, оқушы тілін жандандыратын, шұрайландыратын шығармашылық жұмыстар түрін ойластыру қажет. Әдебиет сабағында қазіргі таңда байқалатын жайттар: оқушылардың сөз мағынасын терең түсінбеуі, қолдану орнын білмеуі (Қарлығаштар қыздарға бауыр басып кетті «жүрек басып кетті») шығарма мағынасын түсіндіруде сөйлем құрлысын дұрыс құра алмауы. Бұл қателіктер балалардың көркем шығарманы толықтай оқымауынан және көркем әдебиетті оқуға деген құлшыныстарының төмендігі. Оқушылардың көркем әдебиетті оқуға деген құлшынысын қалайша оятуға болады?- деген сұраққа әр тіл маманы өзінше жауап іздеп, шығар жолын қарастырады. Өзімнің іс- тәжірибемде ең басты оқушылардың көркем шығарманы толықтай оқуына көңіл бөлемін. Шығарма желісі негізінде қосымша тапсырмалар (шығармашылық, іздену- зерттеу бағытында) даярланады. Әрине 45 минут ішінде көлемді шығармаларды толықтай талдау мүмкін емес, сондықтан да оқушының өз бетімен жұмыстануына жоғардағыдай тапсырмалар даярланып, бағаланғаны жақсы нәтиже береді.

Сондай жұмыстың түрі ретінде 7 сыныпта өткізілген И.Байзақовтың «Құралай сұлу» поэмасын оқыту. Шығарма оқулықтан берілмеген оқушы өз бетінше поэма мәтінін тауып, ертерек таныс болады, поэма авторы, поэмаға байланысты деректер жинақталады. Поэма мәтіні бойынша жоспар құрылып, бөлімдерге атау беріледі, әрбір бөлімнің басты идеясы айқындалады, сөз мағыналары талданады (сөздікпен жұмыс), тарихи кезеңдермен байланыстырылады (Жоңғар шапқыншылығы), поэмадағы жер-cу атауларымен жұмыс түрлері жүргізіледі. Жинақталған материалдар бір жүйеге салынып, оқушылар арасында талданып, ортақ түйін жасалады.

Жұмыс нәтижесі:

- Оқушы өз бетінше қажетті ақпаратты жинақтауға дағдыланады;

- Ақпарат ішінен негізгісін, басты ойды айқындауға үйренеді;

- Бір-бірімен ақпараттарды бөлісу арқылы ой бөлісу, пікір алмасу жүзеге асырылады;

- Өз беттерінше жұмыстану оқушының зерттеушілік қабілетін арттыруға негіз болады;

- Көркем шығарманы қалай оқу керектігін үйренеді;

- Пікірлері мен көзқарастарын жүйелі түрде дамыта отырып, өзіндік ойларын ашық жеткізуге дағдыланады.

Көркем шығарманы оқытуда шығарама мазмұнын толық меңгермейінше мұғалім ұсынған тапсырмаларды орындау мүмкін еместігін оқушы көзін жеткізу қажет. Шығармашылықпен жұмыстану бағытында оқушы қызығушылығын әркез дамытып отыру қажет, ал бұл мұғалімнен әркез шеберлігін шыңдауды талап етеді. Көркем шығарманы оқыту барысында оқушылармен атқарылатын күрделі шығармашылық жұмыс түрі: шығарманы композициялық құрлысына талдау жұмысы. Жұмыстың ерекшелігі оқушылардың бірлесе атқара алатындығы, білімдерін ортаға салып бір- бірінің ойын толықтыруы және бірлесе нәтижеге жетуі. Мұғалім оқушылармен атқаратын жұмысын нақты жоспарлап, нақты нені талап ету қажеттігін айқындап алғаны жөн.Әдеби шығарманы талдау барысында қиындық тудыратын жайттар:

  • Оқушылардың әдебиет теориясы бойынша түсініктерінің терең болмауы;

  • Шығарманы толық оқымауы;

  • Шығарма желісінде байланыстылықты айқындай алмайтындықтары;

  • Шығарманы оқу барысында негізгі түйін ойды айқындап, ойды нақты жеткізе алмауы.

  • Мазмұндау барысында оқушының әдеби сөйлеу тілінің сапасының төмендігі.

Әдеби шығарманың композициялық құрлысын талдау жұмысын жиі ұйымдастырып отыру арқылы:

  • Әдебиет теориясынан алған білімдерін бектіп отыруға мүмкіндік береді;

  • Шығарманы толық оқуын талап етеді;

  • Көркем әдеби тілде сөйлеу, жазу, ойлау дағдысы жетіле түседі;

  • Әдеби эстетикалық талғам қалыптастырады.

Оқушының сөйлеу тілін шұрайландыратын жұмыс түрінің бірі шешендік сөздермен жұмыстану жолдары. Шешендік сөздер қазақ халқында ерте заманнан-ақ дамыған. Халқымыз өз ұрпағының сөйлеу тіліне көп мән берген. Шешендік сөздің алтын ордасы болған ескі грек, Рим шешендеріндей болмаса да, қазақ халқы табиғат берген сыйды дамытып, бала бойына сөз мәнін түсіну, сөзге тоқтау сында түсініктерді жастайынан сіңіруге тырысқан. Қазақтың ғалымы профессоры Қ.Жұмалиев: «Қазақ халқы шешендік жөнінде теориялық еңбектерді қалдырмаса да, шешендік өнері үлгі-өнегесін қалдырды. Тамаша нәрсе, қазақ билерінің сөздерінде шешендік өнеріне қойылатын шарттар анық байқалады»,-деп көрсетті. Өз тәжірибенмде мектеп оқушыларымен атқаратын жұмыс түрлерінің бірі

Шешенің судай төгілген, тыңдаушың бордай езілген», «Билерше сөйлеп көрелік» атты шығармашылық жұмыс оқушылардың қызығушылықпен орындайтын жұмыстарының бірі. Бұл жұмыс оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын жетілдіруге септігін тигізеді. Оқушылар би мен шешендердің сөздеріне еліктей сөйлеу барысында бейнелі сөйлеуге, эпитет, теңеулерді қолданып сөйлеу стиліне айрықша мән береді. Ауызша сөйлеу кезінде сөз басындағы дауысты немесе дауыссыз дыбыстардың ырғақпен үндесіп келуі – аллитерациялар мен ассонанстарды қолданып, әсерлі, шешен сөйлеуге талпынып, тыңдаушыға әсер ету жолдарын ойластырады. Жұмыстың мақсаты: оқушылардың қазақ тілінің мол сөз байлығының ішінде өзіне қажетті сөздерді ұтымды қолдану жолдарын, сөз ішінде және сөз аралықтарында, тіркестерде орфоэпияның негізгі заңдылықтарын сабақтап, әуезді де мәнерлі сөйлей білу, оған қоса дауыс ырғағын, интонацияны дұрыс белгілеп, сәтті де орынды, барынша тиянақты қолдану, тыңдаушыны қызықтыра түсу сияқты

біліктіліктерін қалыптастыру болып табылады.

Ата – ананың қадірін қашан біліп боларсың? Жауабы: (Балалы болғанда білерсің)

Ағайынның қадірін не түскенде білерсің?Жауабы: (іс түскенде білерсің)

Балалықтың қадірін қандай болсаң білерсің?Жауабы: (Саналы болсаң білерсің)

Асыл менен жасықты қандай болсаң білерсің?Жауабы: (Бағалы болсаң білерсің)

Осы бағытта қандай нәрселердің қадірі барын, қандай жағдайда қадірінің кететіндігін өз беттерінше толғай отырып, шешеннің толғауын жалғастырады.

1.«Төле бидің жауабы».

Алты алаш деген кім?

Үш жүз деген кім?

2.Жаманға не қонатын күн болады? – бақ қонатын

Біреудің несі шын болады? – өтірігі шын болады

Батырдан не қайтатын күн болады? – бақ қайтатын

Қаңғыртса ханның қызы кім болады? – күң болады

3.Не жаумаса жер жетім? – жаңбыр

Кім болмаса ел жетім? – ер

Кімге айтқан сөз жетім? – ақымаққа

4.Әйелің жақсы болса,

Біріншіден –

Екіншіден –

Үшіншіден –

5.«Би – шешендер сұрағы» сұрақ – жауап тәсілі.

Қазыбек бидің сұрағы?-Алысыңыз қандай?-Тәттіңіз қандай? -Несиеңіз қандай?

6.Төле бидің сұрағы:

Сендерге айтар он түрлі жұмбағым бар, соны шешіңіздер.

Олар мынау: бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он.

Оқушылар өз сөздерімен, бірден онға дейінгі санның аралығында жауап береді.

Мысалы:

Бір дегеніміз – бірлігі кеткен ел жаман.

Екі дегеніміз - ...


7.Қазыбек бидің сұрағы

Тату болса, кім жақын – абысын

Ақылшың болса кім жақын?– апайың

Бауырмал болса кім жақын? – інің

Инабатты болса кім жақын? – келінің

Қазақ халқында би – шешендер халық алдына шығып, толғау толғайды екен, толғау мазмұны халықты тебірентетін нақыл, ғибрат сөздерге бай болып келеді. Осы бағытта оқушыларға толғау жазу жолдарын үйрету қолға алған жұмысты бірі болды.



8.Кекшіл болма –

Кесапаты тиер еліңе.

Елім өссің десең,

Өршіл болма –

Өскеніңді өшірерсің.

Арызшыл болма –

Сыйластығың кетер,

Дарақы болма -

Қадірің түсер.

Күншіл болма –

Ниетің қараяр.

Елің мақтан тұтар азамат бол – Мерейің өсер!

9. Ата – ананың қадірін Ата – ананың қадірін

Қашан біліп боларсың? Балалы болсаң білерсің

Ағайынның қадірін Ағайынның қадірін

Қашан біліп боларың? Іс түскенде білерсің

Бостандықтың қадірін Бостандықтың қадірін

Қашан біліп боларсың? Бұғау түссе білерсің

Ауыл берекесі неде? Ауыл берекесі – ақылды қария

Үй берекесі неде? Үй берекесі – қазан толы аста.

10.Сырым шешеннің сұрағына жауап беріңіз.

Дау мұраты не? Ұстаз мұраты не?

Саудагер мұраты не? Ер мұраты не?

Қыз мұраты не? Сөз мұраты не?

Жол мұраты не?

11.«Шешендік сөзді аяқтау»

Ауру жазыламын деп.....

Жарлы байырмын деп.....

Қашқан құтылармын деп.....

Ұлсыз адам ұл туар деп.....

Жолаушы жетермін деп.....

12.«Жеті жетімді атаңыз»

Елі кетсе – жер жетім.

Құсы кетсе – көл жетім.

Азаматы жоқ – ел жетім.

Анасыз қалса – бала жетім.

Ұмытылса – қарт жетім.

Малы кетсе – бел жетім Артта қалса – қарт жетім.

13.«Шоқан мен Саққұлақ шешен» сұрақ-жауабы (Өз бетінше жауап құрастырып, түпнұсқамен салыстыру)

Жолдан адасса, кімнен ақыл сұрайды?

Көне адасса, кімнен ақыл сұрайды?


Көрегенді адасса, кімнен сұрайды?

Көп адасса, кімнен сұрайды?

14.Адам басшысы не?

Жетекшісі не?

Шолғыншысы не?

Жолдасы не?

Қорғаны не?

Қорғаушысы не?

Бірінші тілек тілеңіз....

(Бұқар жырау тілегі желісімен)

Бірінші тілек тілеңіз, Жетінші тілек тілеңіз,

Арсызға еріп, азбасқа. Жігерің құм болмасқа.

Екінші тілек тілеңіз, Сегізінші тілек тілеңіз,

Нұр жүзді абзал анаңның Сыйластығың кетпеске.

Ақ жүзін кірбің шалмасқа. Тоғызыншы тілек тілеңіз,

Үшінші тілек тілеңіз, Тоқыраулы заманда

Үкіленген үмітің, Тоқталып бір қалмасқа.

Үзіліп бір қалмасқа. Оныншы тілек тілеңіз

Төртінші тілек тілеңіз, Басыңнан бағың таймасқа.

Төрдегі қамқор әкеңнің Он бірінші тілек тілеңіз,

Көңілі сеннен қалмасқа. Алла берген өмірің

Бесінші тілек тілеңіз, Бекерден, бекер өтпеске.....

Берекелі еліңнің

Іргесі сөгіліп жатпасқа.

Алтыншы тілек тілеңіз,

Алтындай асыл достарың

Достықтан адал безбеске.



Бүгінгі таңда, жас ұрпақ алдында да, болшақ маман алдында да көз ілеспес шапшаңдықпен дамып, өркендеп жатқан заман, жастардың ғылыми-шығармашылық жұмысқа икемді болуларын талап етуде. Қазақстан болашағы жас та алғыр, өз ісінің шебері болуға талпынған жастың қолында десек, сол жастардың шығармашылық қабілеттерін, қиялын дамыту арқылы атқаратын ісіне жауапкершілікпен қарайтын жандарды қалыптастырамыз. Өз ойын еркін, толық жеткізе білетін жандардың сөзі де, ісі де жүйелі болады. Әр педагогикалық қызмет «жақсы адам жарқын болашақ құрушысы» деген бағытта болса, мұғалімнің әр жұмысы үлкен мақсатқа жетуге жасалған қадам болып табылады.














Пайдаланылған әдебиеттер:1.М.Ғабдуллин. Қазақ халқының ауыз әдебиеті.А, 1996 ж.

2. Б.Адамбаев. Халық даналығы. А,1976 ж.

3. Н.Төреқұлов. Қанатты сөздер.А,1977 ж.

4. Ә.Қоңыратбаев. Қазақ фольклорының тарихы.А,1991 ж

5. Бес ғасыр жырлайды./жинақ/






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!