Материалдар / Шығармашылық жұмыс: «Тірек –қимыл аппараты зақымдалған оқушылардың сөйлеу тілін дамытудың тиімді жолдары»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Шығармашылық жұмыс: «Тірек –қимыл аппараты зақымдалған оқушылардың сөйлеу тілін дамытудың тиімді жолдары»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми тақырып: «ТҚАЗ оқушылардың сөйлеу тілін дамытуда тиімді әдістерді қолдану» Мақсаты: Тірек-қимыл аппараты зақымдалған оқушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу тілінде кездесетін кемістіктерді тиімді әдістер, жаттығулар арқылы түзету және алдын алу. Балалардың мәнерлі, дұрыс сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Міндеттері: • Оқушылардың дұрыс тыныс алу машығын жетілдіру; • Балалардың сөйлеу тілінің дыбысталу жағында кездесетін кемістіктерін түзетудің тиімді тәсілдерін сұрыптау; • Оқушылардың әуезді-мәнерлі оқу және сөйлеу дағдысын дамыту; • Ұлттық педагогиканың әдістерін қолдана отырып, оқушылардың жан-жақты, үйлесімді дамуына жағдай жасау. ТҚАЗ оқушыларының тіл кемістіктерін түзету жұмысында түрлі әдістемелер, тапсырмалар қолданылып, оқыту жұмысы жүргізілді. Ақпараттық бағдарлама бойынша ойындар мен тапсырмалар орындалып, оқушылардың барлық психикалық қабілеттері (қиял, ақыл-ой, зейін) мен ұсақ моторикасын жетілдіру жұмысы жүргізілді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Ақпан 2022
915
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Айдарбекова Акмаржан Калдарбековна



(мұғалім-логопед)

Білімі:

-жоғары, Оңтүстік Қазақстан Педагогикалық университеті, 2009ж

-жоғары, Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар Достығы университеті, 2015 ж.

Мамандығы: Дефектолог.

Педагогикалық өтілі: 13 жыл

Санаты: екінші  категория

Берілетін пән: тіл дамуы кемшіліктерін түзету

Зерттеу жұмысының тақырыбы:

«Тірек –қимыл аппараты зақымдалған оқушылардың сөйлеу тілін дамытудың тиімді жолдары»

Педагог кредосы: «Өзімнің уақытымды аямаймын, өзгенің бақытын аялаймын»; «Әр қашан өз ісіңе берік бол!»

Мамандық  туралы қысқаша дерек:

Кәсіптің сипаттамасы

Логопедтер тіл кемістігі бар (белгілі бір дыбысты дұрыс айта алмау, тұтығу және т.с.с.) балалармен де, ересектермен де жұмыс істейді. Алдымен, маман тіл кемістігінің себебін анықтайды. Бұл үшін ауыз қуысындағы сөйлеу аппаратының  қалай орналасуын, дыбыстардың қалай шығатынын, дауысы қалай шығып тұрғанын білуі керек. Бұдан әрі логопед пациентке толық сабақ оқыту курсын өткізеді. Оларға жаттығуларды маман өз бетінше таңдап алады. Осы жұмыстың барлығына жарты жыл немесе одан да көп уақыт кетеді.

Кәсіптің ерекшелігі

Кәсіп өте қажет, өйткені көптеген адамдар кейбір дыбыстарды дұрыс айта алмайды, ал логопед оларға дұрыс сөйлеуге көмектеседі. Логопедтің жұмысы асқан шыдамдылықты талап етеді — сенімсіз пациенттерге күн санап жаттығу жасату тек өз дегенінен қайтпайтын, табанды маманның ғана қолынан келеді. Емдеу процесі кем дегенде 5 ай уақытты алады; кейде қиын пациенттермен жұмыс жасау бір жылға және одан да көп уақытқа созылады. Жұмыс бір қарағанда оңай болып көрінгенімен, күшті теориялық дайындықты, бірінші кезекте сөйлеу дыбысын келтіру тетігін және сөйлеу патофизиологиясын білуді талап етеді.

Ғылыми тақырып: «ТҚАЗ оқушылардың сөйлеу тілін дамытуда тиімді әдістерді қолдану»

Мақсаты: Тірек-қимыл аппараты зақымдалған оқушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу тілінде кездесетін кемістіктерді тиімді әдістер, жаттығулар арқылы түзету және алдын алу. Балалардың мәнерлі, дұрыс сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Міндеттері:

  • Оқушылардың дұрыс тыныс алу машығын жетілдіру;

  • Балалардың сөйлеу тілінің дыбысталу жағында кездесетін кемістіктерін түзетудің тиімді тәсілдерін сұрыптау;

  • Оқушылардың әуезді-мәнерлі оқу және сөйлеу дағдысын дамыту;

  • Ұлттық педагогиканың әдістерін қолдана отырып, оқушылардың жан-жақты, үйлесімді дамуына жағдай жасау.

ТҚАЗ оқушыларының тіл кемістіктерін түзету жұмысында  түрлі әдістемелер, тапсырмалар қолданылып, оқыту жұмысы жүргізілді. Ақпараттық бағдарлама бойынша ойындар мен тапсырмалар орындалып, оқушылардың барлық психикалық қабілеттері (қиял, ақыл-ой, зейін) мен ұсақ моторикасын жетілдіру жұмысы жүргізілді.

Сонымен қатар,тіл кемістігі бар оқушыларға  дыбыстарды дұрыс дыбыстауға үйрету және бұрмалап айтылатын дыбыстарды түзету жұмысы барысында, артикуляциялық мүшелердің бұлшық еттерін жаттықтыру маңызды  болып табылады.

Тіл – қарым-қатынас құралы болғандықтан, бұл жағдайда тіл кемістіктері бар балаларда көптеген қиындықтар туындайды. Адамда сөйлеуге арналған негізгі орган болмайды. Сөйлеуге өңеш, өкпе, жұтқыншақ, тіл, тіс, ерін, ұрт, жақ қатысады. Баланың миының даму процесі белгілі бір кезеңге жеткенде ғана дұрыс сөйлей бастайды. Тіл кемістігі бар балалар өз кемшіліктерінің себебінен өздеріне достар таба алмай қиналып, сөйлеуден де қорқады. Ондай балалардың жалпы және ұсақ маторикалары да толық дамымайды. Өздеріне басқалар тарапынан сұрақтар қойылса, жауап беруден қашқақтап, сұрақтарды толық тыңдамай мазасызданып, әр түрлі ретсіз  қимыл-қозғалыстар жасайды. (басын қасу, қозғалақтау, тамағын қырнау т.б) сенімсіз, мазасыз, жасқаншақ балаға айналады. Бұл қиындықтар бала өскен сайын тереңдей түседі. Тіл кемістігі бар балалармен жұмыс жүргізуде әр түрлі әдістер мен тәсілдерді қолдануға болады.

Артикуляциялық жаттығу   және оның маңызы

Артикуляциялық жаттығулар дегеніміз – ол сөйлеу тілі аппаратының бұлшық еттерін шынықтыратын, оның мүшелерінің қимыл-қозғалыстарын қалыптастыратын және нығайтып, жетілдіретін арнайы іріктеліп алынған жаттығулар болып табылады. Артикуляциялық жаттығудың басты талабы-жүйелілік. Жаттығуды орындау кезеңі активті және пассивті болып екіге бөлінеді

— активті, бала барлық тапсырманы өз бетімен орындағанда;

— пассивті, балаға қимылдарды дұрыс орындауға үлкен кісі көмектеседі.

Егер бала артикуляциялық аппарат ағзаларымен қажетті қимылдарды дұрыс орындай алмаса, оған көмектесу керек. Оны механикалық дыбыс қоятын және массаж жасайтын зонд аппаратымен немесе тілге массаж жасау арқылы көмектесуге болады.

Артикуляциялық жаттығулар төменгі тәртіппен ұйымдастырылады:

Ересек адам жаттығу атауларын атай отырып, алдағы орындалатын жаттығулар туралы айтып береді. Оның орындалуын көрсетеді. Бала жаттығуды орындайды, ал ересек адам оның дұрыс орындалуын бақылайды.







Логопедиялық түзету жұмысында тыныс алу жүйесін дамытудың маңызы.

Тыныс алу-автоматты, рефлекторлы түрде өтетін аса маңызды физиологиялық үрдіс. Тыныс алу үрдісі үш фазадан тұрады: тыныс шығару, үзіліс және тыныс. Дәстүрлі тыныс жаттығуларының мақсаты- алынатын және шығарылатын ауа көлемін көбейтіп,тыныс шығаруды жеткілікті ету. Біздің мектеп –интернат оқушыларының негізгі диагнозы БЦС (балалардың церебральді салдылығы) болғандықтан негізгі сөйлеу тіліңің кемістігі дизартрия , оқушылардың  басым бөлігінде байқалады. Логопедиялық жеке және топтық түзету жұмысында тыныс алу гимнастикасының бірнеше түрі кеңінен қолданылады.



 





Түзету жұмысындағы логопедиялық массаж және  өзін –өзі уқалаудың маңызы.

Түзеу жұмысында белсенді қолданылатын логопедиялық массаж және өзін-өзі уқалауға үйрету артикуляциялық бұлшық еттердің тонусын тез қалпына келтіруге және үйлесімді артикуляциялық қимылдарды қалыптастыруға ықпал етеді. Логомассаждардың әрбір түрлерін жекелеген элементтермен: классикалық, нүктелік, массаж жасайтын құралдармен, тіс щеткаларымен, тіске арналған кескіштермен, силиконнан жасалған саусаққа кигізгіштермен т. б. құрамдастыруға және толықтыруға болады. Тілдік биологиялық белсенді аймақтармен жұмыс істеу кезінде иммунитетке жауап беретін биологиялық нүктелер де автоматты түрде жұмылдырылады, бұл баланың сауығуына ықпал етеді.










Дисграфияның әр түрінің логопедиялық түзету жұмыс бағыттары

Дисграфияның түріне байланысты түзету жұмысында біршама өзгешеліктер болғанмен, дисграфияның барлық түрінде ортақ бірқатар маңызды жағдайларды ескеру қажет. Біріншіден, алдымен жазу процесіне қажет операцияларды қалыптастыру қажет. Мысалы, акустикалық дисграфияда бала ұқсас дыбыстарды ажырата алмайды, сол себептен ол әріптерді алмастырады. Бұл жағдайда алдымен дыбыстарды ажыратуын дамыту қажет. Бұл жұмыс бағыты дисграфияның барлық түрінде қолданылады. Екіншіден, жұмыс барысында сақталған анализаторға сүйену қажет. Себебі, бала С-Ш дыбыстарын ажырата алмайды, өйткені есту анализаторының функциясы жеткілікті дамымаған, онда алдымен баланың көңілін артикуляциялық аппараттың қалпына, қимылына аудару керек. Яғни, мұнда көру, қимыл, сезім анализаторын жұмысқа қосу тиімді.

Түзету жұмысының негізгі міндеттері:

заттың атауын, іс — әрекетін, сипатын білдіретін сөздерді мағынасымен сәйкестендіруін қалыптастыру, дамыту, жетілдіру;
сөздің морфологиялық құрамы туралы түсінігін қалыптастыру, дамыту, жетілдіру;
сөйлеу тілінің грамматикалық жағын қалыптастыру, дамыту, жетілдіру.
Логопедиялық түзету жұмысының негізіг бағыттары:

көріп қабылдауын және тануын (гнозисын) дамыту;
көріп есте сақтауын анықтау және кеңейту;
кеңістік түсінігін, қабылдауын дамыту;
көріп талдау, жинақтауын дамыту;
шатастыратын дыбыс және әріппен жұмыс.
Ажырату жұмысы келесі кезектілікпен жүргізіледі:

жеке әріптерді ажырату;
шатастыратын әріптерді буында ажырату;
шатастыратын әріптерді сөзде ажырату;
шатастыратын әріптерді сөйлемде ажырату;
шатастыратын әріптерді мәтінде ажырату.


Бала саусағын ойната отырып, тілін дамыту.

Саусақ ойыны — саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын сахналау болып табылады.

Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашылады. Саусақ ойынын ойнай отырып,балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды,құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс-қимылына қарап, бала қуанады шаттанады, сөзді айтуға тырысады және өлеңдегі үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т.б. түсініктерді бағдарлай алуды үйренеді.

Тіл кемістігі кездесетін балалардың жалпы қимылдары, соның ішінде саусақ бұлшық етінің қимылдары жеткілікті деңгейде дамымайды.

Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының нәзік, қимылдарының дамуымен тығыз банланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, тузету — тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды.











Мұғалім -логопедтің  мектеп-интернат педагогтарымен қарым қатынас жасау жұмысы

Жоспар бойынша  ашық сабақтарға қатысу,  сөйлеу тілінің кемістіктерін алыдын алу мен түзету жолдарын айқындау үшін жеке және жалпы консультациялық жұмыс жүргізу, мектеп жасындағы  ТҚАЗ балаларына көрсетілетін логопедиялық  көмектер туралы  тәжірибелік кеңестер ұйымдастырылады.





Мұғалім-логопедтің ата-аналармен қарым-қатынас жасау  тәсілдері

Логопедиялық кеңес беру қызметі:

 — сөйлеу тілінде кемістігі бар балалардың ата-аналарына ақыл-кеңес беру;

Оқу жылының басында  танысу және оқушылардың сөйлеу картасын толтыру кезінде  деректер жинау мақсатында ата-аналар қауымымен кездесу жүргізіледі, сонымен қатар оқу жылы бойы жеке консультациялық  кеңес беру жұмыстары атқарылады. Сабақ кестесі бойынша аптасына екі рет ата –аналармен кездесу  ұйымдастырылады. Логопедиялық түзету жұмысын таныстыру мақсатында алғашқы логопедиялық  сабақтарға балалардың  ата-аналары қатыстырылады. Арнайы түрде ата-аналармен кездесу, дөңгелек үстелдері ұйымдастырылады.

Ата-аналарға ұсыныстар

1. Өзіңіздің балаңызбен  барлық жағдайда сөйлесіңіз, тамақ дайындау, жинастыру, киіндіру-шешіндіру, ойын, серуендеу және т.б. Не істеп жатқаныңыз туралы, баланың не істеп жатқандығын көріп, басқа адамдар не істеп жатқандығын және балаңыздың не көргендігін айту.

2. Сөйлегенде асықпай, қалыпты темпте, интонациямен сөйлеу. 

3.  Сөйлегенде, ДҰРЫС сөздермен құрылғанды қолданып. Сіздің сөйлемдеріңіз баладан 1-2 сөзден ұзағырақ болуы қажет. Егер балаңыз бір сөзді сөйлеммен ғана шектелсе, ал сіздің сөздеріңіз 2 сөзден құралу керек.

4. АШЫҚ сұрақтар қойыңыз. Бұл балалңыздың бірнеше сөздерді жауап үшін қолдануына ынталандырады. Мысалы, сұраңыз «Не істеп жатырсың?» «Ол ойнап жатыр?» орнына. Егер бала жауап беруге қиналса, сұрақ қоярда немесе деген сөзді қолданыңыз. Мысалы «Бала секіреді немесе жүгіреді?». 

5.  Уақытша үзілісті ұстаңыз, баланың сөйлеуіне және сұрақтарға жауап беруіне мүмкіншілік беріңіз.

6. Бізді қоршаған дыбыстарды және шуларды тыңдаңыз. Балаға айтыңыз «Тыңдашы ит қалай үреді, ал мына жел шулайды» және т.б. Содан кейін сұраңыз «Бұл не?» Бұл иттің үргені, желдің гулегені, ұшақтың моторы, жапырақтар сыбдыры, өзеннің ағысы және т.б. болуы мүмкін.

7. Қысқаша әңгіме, болған жағдайды айтып беріңіз. Содан кейін балаға осы жағдайды Сізге немесе басқаға айтуға көмектесіңіз. Қиындық туған жағдайда, балаға бағыттайтын сұрақтар қойыңыз.

8.  Егер бала тілінде бірнеше сөздер ғана қолданса, оған жаңа сөздермен сөздік қорды  көбейтуге көмектесіңіз. 5-6 сөздерді таңдап (дене мүшелерінің бөлігін, ойыншықтар, азық-түліктерді) және оны балаға атаңыз. Балаға осы сөздерді қайталауға мүмкіншілік беріңіз. Бала оны дұрысты айтады деп тоспаңыз. Баланы жандандырыңыз және оларды айтуды жалғастырыңыз. Содан кейін, бала қалай осы сөздерді айтты, 5-6 жаңа сөздер енгізіңіз. Сөздерді қосуды бала көптеген заттарды білмейінше, қошаған ортаны білмейінше жалғастыра беріңіз. Баламен күнде дайындалыңыз.

9. Егер бала бір сөзді ғана айтса, онда оны қысқа сөйлемде айтуға үйретіңіз. Балаңыз білетін сөздерді қолданыңыз. Оған түстерді, өлшемдерді, жағдайларды қосыңыз.

10. Көп сабақтарды ойын түрінде өткізіңіз. Баламен жұмыс тілді қайталауды белсендіру қажет, байланыс тілін қалыптастыру, еске сақтауын және көңіл-күйін жетілдіру қажет.

Ұмытпаңыз: Баламен ойнап үйретіңіз.

Сіздің балаңыз ең керемет!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!