Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
Шығармашылық жұмыстың түрлері
Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған, Мақалада оқушыларға арналған шығармашылық тапсырма үлгілері. Эссе, шағын шығарма түрлері ұсынылып отыр.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
13525
15 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Шығармашылық жұмысты ұйымдастыру жолдары Альмуханова Б.C,№25 ЖОББМ Шығармашылық-танымдық іс-әрекет нәтижесі болып табылады. Шығармашылық дегеніміз-өзінің жаңашылдығымен, өзгешелігімен ерекшеленетін өнім алуға мүмкіндік жасайтын жеке тұлғаның бойындағы қабілеттіліктің, білім мен біліктіліктің, түрткінің (мотивтік) болуы. Көптеген зерттеулерді талдау нәтижесінде шығармашылық іс-әрекет нәтижелері оқушының жеке тұлғасына, біліктерінің жетілуіне, психологиялық тетіктер аркылы оң әсерлері бар рефлексия нәтижесінде өз әрекетіне және сол әрекеттің бірлескен іс-әрекет мазмұны мен түріне сәйкес көзқарастары қалыптасатыны анықталып отыр. Оқу үрдісінде танымдық тапсырмаларды орындау шығармашылықты, ізденімпаздықты талап етеді, сондықтан мұндай тапсырмаларды орындау: өзекті мәселені табу, мақсаты мен міндеттерін айқындау, зерттеу әдіс-тәсілдерін белгілеу, болжам құру, болжамды тексеру, нәтиже, іс-әрекет рефлекциясы кезеңдерімен жүзеге асады. Оқу жұмысына шығармашылық мақсат қою, оны жоспарлау оқушыдан зеректік, ізденімпаздық, енбеққорлық, шабыт,мақсаткерлік,белсенділік қызығушылық, өмірлік белсенді ұстаным сияқты көптеген касиеттерді талап етеді. Мұғалім оқушылардың танымдық іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру біліктерін дамытуы кажет. Оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін жетілдіру бағыты танымдық біліктерінің қалыптасу белгілеріне, танымдық тапсырмаларды орындау мүмкіндіктеріне қарай оларды шартты түрде мынадай 3 топқа бөлуге болады. Бірінші топ-танымдық іс-әрекетте табанды, міндеттері мен мақсатын біледі; ізденімпаз, пән бойынша дербес шығармашылық жұмыстарға белсене қатысуымен ерекшеленеді.Екінші топ- ізденіске ұмтылады, бірақ шығармашылық тапсырмаларды орындауға барлық уақытта бірдей ұмтылыс көрсете бермейді, танымдық тапсырмаларды орындау әдіс-тәсілдерін табуға құлшыныс білдіреді, тапсырмаларды орындауда мұғалім көмегін кажет етеді.Үшінші топ-шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды орындауға құлықсыз; белсенділігі төмен; репродуктивті сипаттағы тапсырмаларды ұнатады; жұмысты орындауда үлгіні қажет етеді, оны орындауда көмекті қажетсінеді. Сонымен, шығармашылық іс-әрекет талаптарын, сондай-ақ оларды мектепте ұйымдастыру жолдарын зерттеу-мәселені дамытып, жетілдіру тетігін анықтауға және мынадай тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді:-оқушылардың шығармашылық дербестігін дамыту арқылы оның жеке тұлғасын қалыптастыруға болады;-танымдық іс-әрекет түрлері төменнен жоғары қарай, кезекті түрде, белгілі бір ретпен, жүйемен жүргізілуі нәтижесінде шығармашылығы дамиды;-танымдық іс-әрекетті дұрыс ұйымдастыру біліктері мен ізденімпаздықтың қалыптасуы оқушыларды шығармашылыққа баулиды; Оқушыларды танымдық тапсырмаларды орындау мүмкіндіктеріне қарай топтарға бөліп, сәйкес жұмыс түрлерін таңдап, жүйелі жұмыс жүргізудің маңызы зор. Танымдық іс-әрекетте дәстүрлі емес әдіс-тәсілдерді пайдалану зияткерлік қабілеттерін дамытып, оқу-танымдық және ғылыми ізденістер жасауға талаптандырады. Оқушылардың танымдық ізденімпаздығын қалыптастыруға бағытталған шақтар түрлері төртке бөлінеді: «танымдық, коммуникативтік, шығармашылық, әдіснамалық».Оқушылардың танымдық ізденімпаздығын арттыруда шығармашылық сипаттағы сабақтар түрлерін өткізудің маңызы зор. Мұндай түрдегі сабақтардағы түрлі оқу жұмыстары оқушының шындық белсенділігін арттырып, оқу мен ойлау әрекетінің тиімді амал-тәсілдерін, яғни материалының негізгі ұғымдары мен тұжырымдарын айыру, жаңа материалды өткен материалмен салыстыру оларды белгілі жүйеге топтастырады және қортындылау жасау сияқты амалдарды дайындауға үйренеді. Шығармашылық сабақтардың жоспарын жасауда оқушының шығармашылық әрекетінің бағдарына сәйкестендіріп, олардың қабілеттері ескерілуі тиіс. Оқушылардың шығармашылық әрекетін тудыратын сабақтарды өткізу жоспары мен кезеңдерін қарастырамыз. Шығармашылық сипаттағы сабақтардың жоспарын жасау үшін тақырыбы, мақсаты, әрекет түрі және нәтижелері бір-біріне жуық байланысты сабақтарды топтастырып, таңдап алуға болады. Жалпы бағдарламада көрсетілген пәндік сабақтардың әр тарауында жететін жетістіктері негізінде оқушылар білім алуда нәтижеге жетеді. Оқушылардың шығармашылық әлеуетін көтеруді мұғалім алдынамақсат етіп қояды. Мұғалім оқушы күйіне кіріп, олардың тақырыпқа қатынас әрекетін ойлайды, өтілетін сабақтың проблемасына қажет жағдайда жоспарланған сабақ мазмұны мен оқыту әдістеріне түзетулер енгізеді. Сабақ тақырыбы бойынша мұғалім оқулықтар, кітаптар, әдістемелік кітаптар, басқа да материалдармен танысады. Мұғалім өзіне, оқушыларға қызықты болатын мәселелерді іздестіреді. Осы мәселелер жөнінде көптеген материалдарды қарастырып, мамандардың пікірлерін ескере отырып, табу қажет. Әр оқушының пән бойынша ізденімпаздық деңгейлері анықталады. Сонымен қатар пәнге қабілеттілігі, қызығушылығы анықталады. Шығармашылық — әр оқушының жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерінің, танымдық іс-әрекеттері мен дағдыларының дәрежесін көрсетіп береді. Шығармашылық дегеніміздің өзі ізденімпаздықтан туады. Баланың өзіне деген сенімін туғызу, өзінен шығармашылық қасиет іздете білу. Шығармашылыққа баулу, қалыптастыру процесі нақ мектепте басталады. Кез-келген оқушы мұғалімнің басшылығымен орындаған шығармашылық жұмысының нәтижесінде өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Оқушыларды шығармашылыққа баулуда алға қойылған мақсат:-рухани бай, жан-жақты, түсінігі мол, өзін-өзі басқаруға, бір-бірінің пікірін тыңдап, бағалай білуге қалыптастыру;-әдебиет сабағында оқушылардың қабілетін арттыру және дамытудың тиімді әдісін қалыптастыра білу;-ойын ажарлап ашуда тіл шеберлігіне мән беру;-қосымша әдебиеттер оқып, білімді күнделікті толықтыру;-«сенің қолыңнан келеді», «сенен үміт күтеміз» деген сөздермен үнемі шабыттандырып отыру;-үй тапсырмасын беруде оқушы бейімділігін, қабілетін ескеру.Шығармашылық бағытта жұмыстандыратын тапсырма түрлерін оқушылардың орындай алу әлуетіне байланысты бірнеше деңгейде ұсыну қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер: Выготский Л. Психология.-Мәскеу: Пресс Эксмо-Пресс. Ғабдуллин.М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. –Алматы,1958
Тіркелу үлгісі
- бірінші деңгейінде мәтінді түсініп оқып, мазмұнын айта білу;
- екінші деңгейінде образдарға мінездеме беру;
- үшінші деңгейінде шығармадағы метафора, эпитет т.б. да көркем сөздерді тауып оқу, дәптерге тіркеу;
- төртінші деңгейінде мәтінге деген өз көзқарасы, оны өз ойымен аяқтау, баға беру;
- бесінші деңгейінде мәтінге байланысты өз шығармашылығы бойынша жұмыстар жүргізу.
Пайдаланылған әдебиеттер: Выготский Л. Психология.-Мәскеу: Пресс Эксмо-Пресс. Ғабдуллин.М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. –Алматы,1958
Тіркелу үлгісі
1 | Автордың толық аты- жөні | Альмуханова Бибигул Сагиналиевна |
2 | Баяндама тақырыбы | Шығармашылық жұмысты ұйымдастыру жолдары |
3 | Секциялық бағыты | Қазақ тілі мен әдебитін оқытуда жаңа технологиялардың әдістемелік жүйесі |
4 | Жұмыс орны | №25 ЖОББМ |
5 | Лауазымы | Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі |
6 | Ғылыми дәрежесі | |
7 | Үй\жұмысы телефондары | 8776 920 47 76 |
8 | ||
9 | Пошталық мекен-жайы | Циалковский 6\1 |
10 | Қатысу түрі (іштей\сырттай) | сырттай |
11 | Баяндама жасауға қажетті техникалық құралдар | - |
12 | Қонақ үйге қажеттілік келу мерзімі | - |
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)