Материалдар / Шығыс – Шәкәрім рухани үндестігі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Шығыс – Шәкәрім рухани үндестігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Әр елдің өз әдебиеті, өз әдениеті, өзіндік ұлттық құндылықтары болады. Әсіресе, әдебиет жайына келетін болсақ, әр елдің әдебиет саласында салған өзіндік дара жолы, өмір сүрген дәуірі, халқы көрген тарихы бар.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Мамыр 2018
290
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Шығыс – Шәкәрім рухани үндестігіӘр елдің өз әдебиеті, өз әдениеті, өзіндік ұлттық құндылықтары болады.Әсіресе, әдебиет жайына келетін болсақ, әр елдің әдебиет саласында салған өзіндік дара жолы, өмір сүрген дәуірі, халқы көрген тарихы бар. Сонымен қатар, әр ұлттың салт-дәстүріне, дініне, өмірге деген көзқарасына орай туған өлең жазудағы өзіндік ерекшеліктері болатындығы айқын. Адамның тіршілік ортасына қарай жалпыға ортақ құрылым атаулары қалыптасқан. Мысалы, топ, ұлт, мемлекет, ел. Яғни, әр елдің рухани, өзіндік ерекше құндылықтық өлшемі қалыптасады. Рухани құндылық – бір тұтастай оның тұрмысы мен мәдениетінің орнын анықтайды. Елдік рухани құндылықтардан тұратын мәдениет адамның шынайылықты мәнін ашады, оның рөлін айқындайды және адамның бұл дүниедегі болмысының мақсатын белгілейді. Кез-келген жаратылыс иесі өзіндік мақсаты мен нысанына жету жобасымен жаралады, сол «жобаны» білмеу – бүгінгі күнде бірден-бір өзекті мәселелердің бірі. Сондағы өмірдің жобасы деп отырғанымыз не болса керек? Мүмкін ол дін, немесе ол дәстүр, белгілі бір қағида немесе наным. Мәселенің мәнін ашу үшін оның негізгі өзегін анықтап алған жөн. Ал өзек деп отырғанымыз – рухани құндылықтар. Шәкәрім шығармалары рухани құндылықтардың шоғырланған көрінісі.Шәкәрім – ұлттық діни дүниетанымының абзал бейнесі және XX ғасыр басындағы қазақ халқының діни санасының көркем көрінісі. Шәкәрімнің діни философиялық ой-пікірлері халықтың бүгінгі дүниетанымына да ағатсыз ықпал бере алады. Шәкәрім өз дүниетанымының дара, «тек менің мысалым» деп жарияламаған. Ол күрделі сабақтастық барысында қалыптасқан, ұлттық бояумен көркемделген еңбектердің жарқын нәтижесі екенін анық көруге болады. Шығыста ежелден бері ұстаз, шәкірттік сабақтастық дәстүрі бар екені хақ. Шәкәрім де сол құдіретті дәстүрдің үлгілі жемісі. «Тұлпардың артқы тұяғы алдыңғы тұяғынан озбай, тұлпар, тұлпар бола алмайды» деген қазақ халқының мәдениеттілігіндей, өз ұстаздарын қадір тұтып нәр алған, қазақ ұлттық өркениетінің асыл тұлғасы – Шәкәрім деуге толық негіз бар. Бұл дүниетаным қайталанбас кемел сана-сезімнің көрнекті үлгісі. Шәкәрім дүниетанымының ұмыт қалған беттері ашылып және қаншама қызық артықшылықтары бар екенін ойласақ, үміттің үзілуі мүмкін емес.Шәкәрім ұлттық өркениетте қалдырған шығармашылығы мақтан тұтарлық мұрамыз. Біріншіден, ол өз дүниетанымын заман талаптарына сай тарихты не кемсітпей не асқақтатпай, асырмай, сол бұлақтай таза қалпындай халық көкейіне жеткізе білген. Екіншіден, адам мәселесі жөнінде ол біріншілік өлшемдер тұрғысынан айтқан: білім, мейірімділік, махаббат, ар-ұждан, әділдік сияқты құндылықтарды ала отырып, экзистенциалды сарынның себептерін аша алған. Үшіншіден, әлемдік діндердің басты түйінін және негізгі мақсатын көрсете білген. «Шәкәрім шығармашылығындағы құндылықтар мәселесі жөнінде ізденістер түбі ортақ адами мәселелерге әкеледі. Адам болмысы бүгінгі күнде де алда тұрған күрделі мәселе. Шәкәрімнің: мейірімділік, ар-ұждан, әділдік дегенінің барлығы бір адамдық түбірі деп түсінеді. Ғибратты (моральдік) құндылықтық өлшемдерді поэзия тілімен бейнелегенде адам болмысының шынайылықты бейнесі айқындалады. Бірақ та поэзияның қиын жақтары да бар: ол өзіндік ерекшелігіне сай тылсым мазмұнмен баяндауы, аллегориялық әдіс арқылы жасырын жатқан мазмұн, рифмаға үйлесу үшін интонациялық идеялар және тағы басқасы .Жоғары зерделі рухани құндылықтарды, яғни діни, ислами мәселелерді жетік білген Шәкәрімнің үлгі етер жақтары басым. Жалпы діни дүниетаным мәселесінде Шәкәрім үлкен белестерге жеткен. Шәкәрімнің «Мұсылмандық шарттары» еңбегінде түбегейлі діни мәселелер Құранның аятттарынан дәлел таба алып, бүгінгі күннің өзінде де еш сын жасалмайтын маңдайлы діни еңбек. Сонымен қатар, ислам ілімі жөніндегі бірқатар ғылыми еңбектер пайдаланылады, Мухаммед Икбал, Джалилов Заур, Ф. Рифаъи, М. Орынбеков, Н. Бәйтенова еңбектерімен салыстыру Шәкәрімнің діни сауаттылығы жөнінде күмәнді тарқатуға негіз болды.Шәкәрімнің Шығыс әдебиетімен, соның ішінде Қожа Хафизбен ортақ дәстүр үндестігі жайлы еңбек жазған зерттеуші ғалым И. Жеменей: «Хафиз бен Шәкәрім араға ғасырлар салып қоғамның ахуалына байланысты адамдардың қаперсіз тіршілік етуіне қынжылып, бір-бірімен жақын сырласады. Екі ұлы шайырдың ой-түйсіктері үндесіп жатады. Хафиздің ғазалы да, Шәкәрімнің жыры да сопылық сарынға құрылған. Екеуі де тазалық, тақуалыққа құштар. Таза жүректі іздейді, армандайды. Міне, тақуалықты жыр еткен Хафиз бен Шәкәрімді рухани үндестігі жарасқан екі шайыр деуіміздің дәлелі осындай»[1, 60], - деп пікір айтады. Осы пікірге көңіл аударатын болсақ, шынымен де Шәкәрімнің ішкі жан-дүниесіне жақын, ойымен ұштасатын әдебиет Шығыс елінің әдебиеті болғандықтан, ұлы ақын өзінің рухани ішкі жан-дүниесіне жақын сыр тапқаны анық. Оның шығыстық дәстүрдегі жазылған тамаша еңбектері ішкі рухани жан-дүниесі жайлы айқын сыр шертіп тұрғандай көрінеді. Кез-келген ұлттың әдебиетінің өзіндік ерекшелігі, рухани құндылығы болатыны жайлы айтып өткен болатынбыз. Әдебиеттану терминдер сөздігінде «ұлттық характер», яғни «ұлттық мінез» тіркесіне тамаша түсінік берген.Ұлттық характерәдеби шығармадағы кейіпкердің ұлттық сипатымен ерекшеленген мінез-бітімі, оның белгілі бір халықтың өкілі екендігін танытатын психологиялық және ойлау, сөйлеу өзгешелігі. Ұлттық характер – тарихи категория. Ол қоғамдық, рухани, экономикалық және саяси жағдайларға сәйкес қалыптасады. Дүниені ұлттық түсінікпен қабылдау жолы қай адамға болсын тән қасиет. Өнерде, әдебиетте адам бейнесінен бұл қасиет толық көрініп отырады. Әр халықтың өз эпикалық туындыларын олардың талай замандар ұлт болып қалыптасуынан бөліп қарауға болмайды. Сондықтан шығармада ұлттық характер жасау үшін оның дүние танымын, психологиясын, әдет-ғұрыптарын тағы басқа қасиеттерін білу керек. Бұл жөнінде Н. В. Гоголь: «Ақын өмірге өз халқының көзқарасымен қарап, әр нәрсені ұлттық психологияға сәйкес құбылыстай сезініп, толғанғанда ғана ұлттық сипатты бейнелеп беруі мүмкін», - деген ой айтады. Бұл дұрыс та. Мысалы «Игорь полкы туралы жыр» орыстардың, «Махабхарата» Индия халқының, «Нибелунга туралы жыр» немістердің, «Манас» қырғыздарды, «Ер тарғын» қазақтардың дүниетанымын, мінез-болмысын айқындайтын шығармалар.Екі елдің әдебиетін ұштастыру үшін екі елдің де әдебиетін жетік меңгеруі тиіс. Яғни, ана тілін қалай оқып, ана тіліндегі әдебиетті қаншалықты жақсы меңгерсе, келесі бір елдің де әдебиетін, мәдениетін, сол елдің жазушы, ғұламаларының өзіндік ерекшеліктерін жетік меңгере білуі керек. Сонда ғана екі елдің әдебиетінің арасында тамаша байланыс туындайды.



































Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!