Материалдар / Шығыс Қазақстан облысындағы Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар 7 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Шығыс Қазақстан облысындағы Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Экология, биология пәндерінің мұғалімдеріне арналған әдістемелік нұсқаулық
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Желтоқсан 2020
739
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сынып:

Күні: 

Сабақтың басысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

Сәлеметсіздерме құрметті қонақтар! Бүгінгі біздің Ашық сабағымызға қош келдіңіздер! Ал балалар сендерде бүгін бізге қонаққа келген ұстаздарымызбен, қонақтарымызбен сәлемдесіп алайық!

СӘЛЕМДЕСУ

Балалар жаңа сабағымызды бастамас бұрын бүгін біз қандай тақырыпта сөйлесетінімізді анықтау үшін, мен сендерге бірнеше жұмбақ жасырамын. Әр жауаптың бірінші әрпін тақтаға тіркеліп отырады соңында бүгінгі сабаққа байланысты сөз шығады. Ал қанекей, оқушылар сәттілік !


Қырда жүрер ол жортып,

Iнi де жоқ бармайтын.

Құйрығымен бұлтартып,

Қандай аң ол алдайтын?    (Түлкi)


Жақпар тастың өркешiне,

Секiредi құламай.

Қия құздың өр төсiне,

Орғып шығар ол оңай.   (Арқар)


Бес қаруы белінде
Самғап жүреді көгімде.
(бүркіт)


Адамға серiк,

Күзетке берiк.   (Ит)


Арманы бар бір ғана,

Талабы зор баламын.

Шынығумен шыңдала,

Тез-ақ өсіп, толамын.

Жұлдыздарды жағалай,

Айға барып қонамын.

Тұңғыш Тоқтар ағадай,

Мен кім боламын ? (Ғарышкер)


Қыс бойына жатады,
Тәтті ұйқыға батады.
(Аю)

Үй iшiн аралап,

Түнде көп жортады.

Қаптарды жарып,

Мысықтан қорқады.   (Тышқан)


Ия балалар бүгінгі сабағымыз ТАБИҒАТПЕН байланысты екен ия.

Табиғат бұл қоршаған орта. Табиғаттың керемет құблыстарын ғалымдар күні бүгінге дейін зеріктеуде. Қазіргі кезде табиғат қорлары азайып бара жатыр. Оның негізгі себебі адамдардың табиғатқа немқұрайлы қарағандығынан болады. Біз адамдар аңдарды аулап терісін сатып, етін азық етіп өз қажеттілігімізге пайдаланып келеміз. Ал өсімдіктерді мал азығына дәрілік мақсатта гүлін тамырын пайдаланып өсімдіктерге зиян келтірудеміз. Соның нәтижесінде, өсімдіктер мен жануарлардың түрлері жойылуда.Табиғатымыз ластанып бара жатыр мысалы: көліктердің түтіні, мұнай завоттарының қалдықтары, қоқыстар бұның барлығы экалогияның ластануына алып келді. Қазіргі кезде, дүние жүзіне әр түрлі табиғатты қорғау ұйымдары құрылып Өсімдіктер мен жануарлардың құрып бара жатқан түрлерін "Қызыл кітапқа" енгізеді. Табиғаттағы аң–құстарды қазіргі кезде қорықтарға, қорғау орындарына қамқорлыққа алып жатыр.

Ал енді, бүгінгі жаңа сабағымызға жақындау үшін видеоға назар аударайық.

ҚОРЫҚТАР видеоролик



ІI. Жаңа сабақ.

Бүгінгі Сабағымыздың тақырыбы: Шығыс Қазақстан Облысындағы Ерекше қорғалатын аумақтар (Қорықтар, ұлттық саябақтар, табиғат ескерткіштері).

Сабақтың мақсаты: ШҚО ерекше қорғалатын табиғи аумақтармен танысу

Ерекше қорғалатын табиғи аумақ — ерекше қорғау режимi белгiленген мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерi бар жер, су объектiлерi және олардың үстiндегi әуе кеңiстiгiнiң учаскелерi.

Қорық – аумағындағы барлық табиғи кешен толығымен шаруашылыққа пайдаланылудан алынған және үкіметтің қорғауында болатын жер не су сирек кездесетін бүкіл табиғи кешендерді қалпында сақтауға арналған, арнайы қорғау режимі бекітілген ерекше қорғалатын табиғи аумақ. 

Мемлекеттiк ұлттық табиғи парк - ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени құндылығы бар оларды табиғат қорғау, экологиялық-ағартушылық, ғылыми, туристiк және рекреациялық мақсаттарда пайдалануға арналған табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесiне ие ерекше қорғалатын табиғи аумақ.

Мемлекеттiк табиғи резерват 

Мемлекеттiк ботаникалық бақ 

Мемлекеттiк табиғат ескерткiшi 

Мемлекеттiк табиғи қаумал 

Шығыс Қазақстан Облысы ЕҚТА

Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстандағы қорғалатын аумақтар жүйесін мыналар құрайды: - 3 мемлекеттік табиғи қорық:

Марқакөл (102979 га) 1976 ж

Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы  1992 ж

Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы

2 ұлттық саябақ

Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі (643477 га)2 001 ж

Тарбағатай Мемлекеттік ұлттық саябақ 2018ж


«Семей орманы» мемлекетік орман табиғи резерваты  (665502 га);

 Алтай ботаникалық бағы
5 мемлекеттік табиғи қаумал

Құлжа (46000 га) мемлекеттік зоологиялық қаумалы 

Тарбағатай зоологиялық қаумалы (240000 га)

ботаникалық қаумалдар – «Қаратал құмы» (1300 га),

«Төменгі Тұрғысын» (2200 га);

1 табиғат ескерткіші -  Көкшілтау самырсын тоғайы» (137 га).


Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы .

Ақын Көпен Ерқасов ағамыз өзінің «Марқакөл» деген өлеңінде.Көл жағасында бір атақты бай өмір сүргенін,сол байдың Марқа деген өте сұлу қызы болғанын жазады.
Ешбіріне жүрегін бермепті де,
Ешкіміне Марқа қыз көнбепті де…
Қайта оралмас сапарға аттаныпты,
Қапияда бір сырқат мендепті де.
Марқа қызды жоқтап жылаған елдің көптігі сонша көздің жасынан көл суы пайда болыпты - мыс.
Осынау асқақ таулар мен ну ормандар құшағында мүлгіген көздің жауын алатын әсем өлкеде сирек кездесетін аңдар мен құстар көп.Оларды қорғау мақсатында
1976 жылы Шығыс Қазақстан облысы Алтай тауы, Азу мен Күршім жоталарының аралығындағы аса әсем Марқакөл шегінде Марқакөл Мемлекеттік қорығы 1976 жылы құрылған.Қорықтың жалпы ауданы 71 мың га, оның 44 мыңын көл айдыны құрайды.  Марқакөлде Дүние жүзінде сирек кездесетін балықтың 4 түрі бар.( Хариус(қарауыз), Теңге, Талма, Майқан (ускуч)
Қорықта хайуанаттардың 59 түрі құстың 254 түрі (Қазақстандық Қызыл кітапқа енгізілген: қара құтан, қыран, суқұзғын, күміс шағала.) Жергілікті ормандарда түлкі, жолбарыс, қоңыр аю, қасқыр, маралдар мекендейді және тағы басқалары кездеседі

Өсімдік 721 түрлері бар (Мұнда Қазақстан қызыл кітабына енгізілген, құрып кету қаупі бар және сирек кездесетін 15 өсімдік түрі- дала және кәдімгі таушымылдық, сібір қандығы, қар дәуаяғы, алакүлте, қызғыл семізот, қызғалдақ, алтай рауғашы, марал тамыры, секпіл шолпанкебіст.б)

Көлдің басты байлығы өте сирек кездесетін ускуч (майқан) балығы. Марқакөлде ғана мекен етеді. Марқакөл тарихын бүкіл бір дәуірдің символы және қорықтың эмблемасы болып саналады. Көрші елдерден жер аудару кезінде адамдар осы маңайда көп қоныстанғанға дейін мұнда балық аз ауланған, Маркөлде балықтың орасан көптігі сырттан келген саудагерлерді қайран қалдырған, Табыскердің күні туып,қайткенде де «өз сыбағасын» алып қалуға жанталасқан, олар балық қорына зиян келтірді. Ол сол кезде 2-3 күнде ұстайтын балықты, қазір бір айда әзер ұстайды екен, салыстырып қарағанда балық саны азайған. Бұрын жұрт 16 киллограмға дейін тартатын майқан (ускуч) аулаған екен. 
Жергілікті тұрғындарының айтуынша ертеде майқанның терісінің мықтылығы сондай, етік тігуге болады дейді.


Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы  1992 жылы құрылған. Кенді Алтайдың солтүстік-батыс бөлігінде Шығыс Қазақстан облысының Риддер (Лениногор) қаласында орналасқан.

Қорықтың жануарлар дүниесінтайгалық жануарлар: бұланмаралелікқұдырқоңыр аюқұнусілеусін,бұлғынкәмшаттиіншұбар тышқансуыртүлкі. Қорықта Қазақстанның Қызыл Кітабына енген сирек сүтқоректі жануарлардың бірі - Иконников жарқанаты бар.

Құстар әлемі алдын ала алынған деректер бойынша 100 аса түрден тұрады. Олардың ішінде Қызыл кітапқаенгізілген: қара дегелектундра шілібүркітаққұйрық субүркіт бар.

Өсімдіктерден 16 түр Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген: 1. Сібір қандығы. Ірі гүлді шолпанкебіс 5. Нағыз шолпанкебіс 6. Телпек сүйсін 7. Алтай рауғашы 9. Қызғылт семізот 10. Алтай суықшөбі 11. Алтай қасқыржидегі -ақ көптеген бағалы дәрілік шөптер өседі: қызғылт семізот – золотой корень, сафлор тәрізді левзей – маральи корень, кәдімгі сәлдегүл (таушымылдық) - пион

Іс жүзінде қорықта тіркелген барлық ғылыми жұмыстарды Алтай ботаникалық бағының (Риддер қаласы) жетекші ғылыми қызметкері Юрий Андреевич Котухов істеген және Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының ғылым бөліміне тегін берілген.
Бұрын бұл жерлер қорғауға алынғанға дейін қатты тозып кеткен еді: осы жерлерде басты мақсатқа пайдалану үшін ағаш кесулер және аң терісін дайындау кәсіпшілігі жүргізілген болатын. Қорық аумағы арқылы Ресей мен Қазақстанды байланыстыратын орман тасымалданған. Соның салдарынан, қорық беткейлері мүлдем жалаңаштанып қалған болатын, ал оларды қалпына келтіру - табиғи қалпына келуіне жағдай жасау жаңа-жаңа қолға алынуда.

Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы

Қорық 1998 жылдың 21 сәуірінде Алматы және Шығыс Қазақстан облысы (Үржар ауданы) аумағында ұйымдастырылды және 20,0 мың.га. жер көлемін алып жатыр. Қорық Жоңғар Алатауы мен Алакөл көлінің - Үлкен, Орта, Тасты - аралдарынан бастау алатын Тентек өзенін сақтау мақсатында құрылған.

Осы аумаққа ұя салған ескек аяқтылар, сұқсыр үйрек, шағала тәрізді көптеген құстардың сулы-батпақты кешені қорғауға алынған. Әсіресе, бұйра бірқазан, қызғылт бірқазан , өгізбас шағала, жалбағай, сұңқылдақ аққу, ақбас үйрек, ақбас тырна, аққұйрық субүркіт тәрізді Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген құстардың ұяларына ерекше назар аударылады.

Алакөл көлінің құндылығы сонда, оның аралдарына Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітабына енген құстың сирек түрі қарамойнақ шағаланың ұялары орналастырылған.

Көлде құстар қайтатын және азықтанатын мерзімде 5 млн. дейін құс жиналады, оларды қорғауда қорықтың атқаратын қызметінің маңызы зор.

Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі 

 Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданыныңаумағында 2001 жылы ұйымдастырылған саябақ. Ауданы 643 мың га. Солтүстігінде  Ресеймен, Шығысында  (Ресей, Алтай Республикасы) және Қытаймен, ал оңтүстігінде Марқакөл қорығымен шектеседі.

Сүтқоректілердің 72 түрі, оның ішінде марал, бұлан, таутеке, аю, сілеусін, құну т.б

Құстардың 250-ден астам түрі кездеседі. Соның ішінде сирек кездесетін, қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген ұлар, қара дегелек, т.б. құстар;

Саябақ жерінде самырсын, балқарағай, қарағай, шырша, қайың, мойыл, терек өседі. Өте сирек кездесетін, жылдан жылға таралу аймағы азайып бара жатқан, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген 40-тан астам өсімдік түрлері (алтын тамыр, алтай рауғашы, марал тамыр) кездеседі.

Мұнда туризм жақсы дамыған яғни Туристер неғұрлым көп баратын 13 туристік маршруттар мен соқпақтар бар. М: (Мұзтау тауына саяхат, Рахман қайнары, Берел қорғаны, Көккөл сарқырамасы т.б); 

Шығыс Қазақстан облысындағы керемет табиғатымен танымал, қазақтың құт қонған қасиетті өңірі Үржар ауданында «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі ашылды. Айта кетейік, бұл еліміздегі 13-ші ұлттық парк. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 27 маусымда ашылды. Парктің ауданы 143550,5 га,

Сәкен Ділдахмет өз жазбасында Тарбағатай тауы жайлы ел ішіндегі бір аңызды жазды. «Кезінде Тарбағатай тауында қазақ жерін жаулап алған қалмақтар мекен етіпті. Бірақ күнделікті бұл жер дамылдауға, қоныс қылуға өте жайсыз болған. Қаптаған суыр түні бойы ащы дауыстарымен шаңқылдап маза бермепті. Қалмақтар суырды «тарбыға», ал тауды «тай» деп атайды екен. Сонан осы биікті «Суырлытау» яғни «Тарбағатай» деп атапты»
«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық паркінің негізгі мақсаты биологиялық және ландшафттық әралуандылықты сақтап қалу.

Парктің ерекшелігі, онда өсімдіктердің өзге аумақта кездеспейтін «Қызыл кітапқа» енген 35-тен астам түрі бар. Яғни, дәрілік өсімдіктердің кең таралған бірқатар түрлері: шырғанақ, мия, итмұрынның бірнеше түрлері, шүйгін және т.б. өсімдік түрлері бар.

Тарбағатайдағы ағаш өсімдіктері көп аумақты емес, ол бүкіл жотада шағын учаскелерде шашыранқы орналасқан, сондықтан үлкен шаруашылық маңызы жоқ. Өкінішке орай, кей өңірлерде жайылма да, беткейлі де ормандар (алма, көктерек) жергілікті тұрғындармен отынға кесілге. Бұдан басқа, 1100 метр биіктікте өсетін Сиверс жабайы алма ағашының табиғи өсуі орын алған. Саябақ осы сирек кездесетін алмасымен ерекшеленеді.



ТАПСЫРМА І :Оқушылар біз алдын-ала екі топқа бөлінген болатынбыз. Кәзір жаңа сабақты қалай түсіндіңдер тексеріп көрейік. Бірінші топ сендер ШҚО ҚОРЫҚТАР командасы боласындар екінші топ ШҚО-ның САЯБАҚТАРЫ боласындар.

І ТАПСЫРМА сендерге ШҚО ЕҚТА туралы мәтін беріледі. Соны мұқият оқып алыңдар. 3 мин

 І топ: ҚОРЫҚТАР

Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы - КЕНЖЕ

Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы – АЯУЖАН

Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы – ЕРБОЛ, АЙЗЕРЕ

ІІ топ: ҰЛТТЫҚ САЯБАҚТАР

Тарбағатай Мемлекеттік ұлттық саябақ – БАЛЖАН, АРУЖАН

Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі – ДИАС, ЕЛАМАН



ІІ ТАПСЫРМА Кестені толтыру

Қорықтың аты


ашылған жылы


Орналасқан жері


Ұйымдастыру мақсаты


Өсімдігі мен жануарлары


1-топ КЕНЖЕ

АЯУЖАН

АЙЗЕРЕ

2-топ БАЛЖАН

ЕЛАМАН






ТАПСЫРМА IІІ: Ал енді командалар сұрақтарға жауап берейік

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!