Материалдар / Шығыс Қазақстандағы сақ ескерткіштері
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Шығыс Қазақстандағы сақ ескерткіштері

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада Шығыс қазақстанның сақ обалары және ескерткіштері туралы жазылған. Кез келген өркениетті ел өз тарихының тамырын тереңнен іздестіретіні белгілі. Тарихының бастауын ежелгі дәуірлерден таратқан мемлекет мызғымас саяси-идеологиялық сана қалыптастырып, онда ұлттық құндылықтар негізінде қоғамдық келісім және демократиялық өрлеу, нарық пен ғылым байланыстары дамиды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Желтоқсан 2022
351
7 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Орындаған:

Советов Ерсін Сәулетұлы


















«ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ САҚ ЕСКЕРТКІШТЕРІ»




















СЕМЕЙ 2022

Кез келген өркениетті ел өз тарихының тамырын тереңнен іздестіретіні белгілі. Тарихының бастауын ежелгі дәуірлерден таратқан мемлекет мызғымас саяси-идеологиялық сана қалыптастырып, онда ұлттық құндылықтар негізінде қоғамдық келісім және демократиялық өрлеу, нарық пен ғылым байланыстары дамиды. Сондықтан да ұлттың болашағы үшін өткенге бет бұру, одан сабақ алудың маңыздылығы ешқашан өзектілігін жоймайтын құбылыс болып қала береді.

Еуразия тарихы мен өркениетінің көптеген түйіткілді мәселелерінің түйінін шешетін Шығыс Қазақстан аумағындағы ерте темір дәуірі ескерткіштері болып табылады. Аталған тарихи аймақта ерте темір дәуірінде тіршілік еткен тұрғындардың мәдениетін зерттеу отандық тарихнамадағы көкейтесті мәселелердің бірі екендігін оның жалпы Еуразия тарихымен тікелей байланысты екендігі де аңғартады. Нәтижесінде, қарастырылып отырған Шығыс Қазақстан аумағының мәдени дамуы, тұрғындарының этникалық келбеті мен заттық мәдениеті де азды-кемді өзгерістерге ұшырады. Мұндай өзгерістердің барысын, қайнар-бастаулары мен тарихи жазба деректердің кемдігіне байланысты, біз тек қана археологиялық қазба зерттеулері негізінде қалпына келтіруге болады деп есептейміз. Жарқын мәдениеттерін, бірегей мәдени туындыларын қалдырған тайпалар мен халықтардың өткенін екшеп, даму деңгейін айқындау бүгінгі күн талабынан туындап отыр. Олар жайында жазбаша және материадық дерек көздерінен азды-көпті болса да мәлімет алуға болады. Алайда ғалымдар арасында әрбір этностың мәдениеті мен оның таралу ерекшеліктеріне қатысты бірнеше көзқарастар орын алып отыр.Жалпы алғанда, зерттеушілер назарын ертеден-ақ өзіне аударған этнонимдердің бірі «сақтар» болып табылады. Осы мәселе төңірегіндегі сан алуан ғылыми зерттеулер мен пікірлерді талдау үшін тақырыптың зерттелу тарихын негізінен бес географиалық аймаққа бөліп қарастыруға болады. Олар:ШҚО, Жетісу өңірі, Орталық Қазақстан, СҚО, БҚО-ры. Осы аймақтардың ішінде біздің негізгі мәселе ретінде алып отырған аймақ Шығыс Қазақстан Облысы.

Шығыс Қазақстан аумағын орналасу аймағы негізінен үш негізгі бөлікке бөлінеді: 1) Ертіс аңғарындағы далалы аймақтар, 2) Алтай ландшафтық аудандарының құрамына кіретін жоғары Бұқтырма су қоймасы мен таулы аудандары, 3) Сауыр Тарбағатай тауларының қыраттары. Соңғы бөлігі оңтүстік-шығыс пен Орталық Азияның Шығыс бөлігін Саян-Алтайы мен Жетісу және Орта Азияны біріктіріп тұрған таулы жүйе. Бұл аудандарды зерттеу жұмыстары ХҮІІІ ғасыр дан бастау алып осы күнге дейін өз жалғасын тауып келеді. Шығыс Қазақстан облысының зерттелген, зерттеуге алынған және әлі күнге дейін зерттеліп жатқан негізгі сақ ескерткіштері:Берел, Шілікті типтес ескерткіштер.

Шығыс Қазақстанның далалық бөлігінің тамаша ескерткіші Шілікті обасы болып табылады, ол 51 үйіндіден тұратын үлкен қорымның құрамына кіреді. Басқа жерлердегі сияқты, мұнда да ұсақ обалар жоқ. Қорымның үйілген топырағының диаметрі 100 метрге, биіктігі 8-10 метрге дейін жетеді. Бұл-жүздеген жылдар бойы кісі жерленген, тайпалар мен ру көсемдерінің үлкен зираты. Обаны қазу жұмыстары оның құрылымын қайта қалпына келтіруге мүмкіндік берді. Жердің бетінен аумағы 58 шаршы метрдей, тереңдігі 1 метрдей шұңқыр қазылған. Оның ішіне балқарағайдың жуан бөрелерінен шаршы қима жасалған, бөліктерінің қабырғалары екі, ал төбесі бір қатар бөренелерден тұрады; бөренелер жылжып кетпес үшін шұңқырдың қабырғалары мен ағаш құрылыс арасына уатылған тас толтырылған. Қиманың бұрыштары бөренелердің бір-біріне тиер жерінде күйдіріліпті. Ағаш моланың ішінде, батыс жақ қабырғасы жағында, жонылған қалын тақтай еденде 40-50 жастағы еркек пен 50-60 жастағы әйел және олардың жанына қойылған заттар жатты. Өліктерді қабірге шығыс жағынан жалғасқан дәліз-дромос арқылы кіргізген. Жерлеп болғанан кейін дромос бөнелерімен жабылып, бүкіл құрылыс уатылған ірі тастармен көмілген.. [11, с. 63-67]

Шілікті жазығында екі ірі сақ «патша» обасы және бірнеше кіші қорғандар зерттелді. Зерттеу барысында сақтың «Шілікті алтын адамы» осында табылды. Таза құйма алтын заттардың табылған саны 4303 дананы құрайды. Барлығы аң стилінде жасылынған арқар бейнесі, бұғы, бұркіт-грифон, барыс, қасқыр, қонжық бейнелерінде.Солардың ішінде айрықша назар аудартатыны, мызғымас билікті көрсететін «бес жұлдызды» түйме.Шілікті обасы б.з.б ҮІІ-ҮІ ғасырлар аралығына жатқызылады. Бұл Қазақстанның солтүстік далалық өңіріндегі ең ертедегі ”патшалық” оба және Евразия аймағындағы сондай обалардың бірі. Мұнда Евразия далаларындағы мал өсіруші тайпалардың қолданбалы өнері айқын көрсетілген. Шілікті обасындағы аң стиліндегі бірқатар көркем туындылар (аяқтары бүгулі бұғы, шиыршақтала бүктетілген қабылан, басы бұрулы бүркіттер) сақ-скиф дүниесі өңерінің алғашқы үлгілеріне жатады. [1, с. 63-67] Оған қоса мал сүйектері, айнала орналасқан тас шеңбер тізбектері, от орындары көне түсініктерден хабар беретін этноқайнар көздермен қазақ халқымен сабақтастық негізі қарастырылуда. Шілікті патша обасынан табылған алтын заттардың жергілікті жерде өңделіп жасалғандығы жөніндегі ғылыми жаңалықты ашуға Ғылым Академиясының академигі Т. Жаутиков бастаған ғалымдар тобы еңбек етуде. 2005 жылдан бастап осы зерттеулер нәтижесінде Шілікті өңірінен үш алтын кенішінің орыны табылды. Тоналғанына қарамастан, обада өте бағалы заттар: ертеректегі жебелердің ассиметриялы ромб формалы деп аталатын ұңғылы қола ұштарының он үші салынған былғары қорамсақтың қалдығы, темір заттың сынығы және ертедегі қолданбалы өнердің 524 алтын бұйымынан тұратын жарқын үлгілері сақталған. Олардың арасында қорамсақтарды сәндеген, аяқтары бүгулі бұғы түріндегі қаптырмалар, басы бүрулы бүркіттердің, шығыршықтала бүктетілген қабыланның бедерлі мүсіндері, жұқа қаңылтырдан қиып жасалған қабандардың мүсіндері, балық бейнесі, перуза тас еткермеленіп, майда домалақ алтын түйіршік-термен әшекейленген, қанаттары жаюлы құс түріндегі қаптырма және басқа неғұрлым ұсақ зергерлік әшекейлер бар. Шілікті обасы б.з.б. VII–VI ғасырлар аралығына жатқызылады[1, с. 63-67]

Берел кезеңінде Шығыс Қазақстаның ежелгі мал өсірушілерінің мәдениеті бұдан да айқындалып, кемелдене түседі. Таулы аудандарында обалардың таспен нобайланған, жер шұңқырына ағаш қимасы бар және аттар көмілген бұрыннан белгілі тұрақты түрі таралады.Ескерткіштердің бұл түрі Шығыс Алтайдың кеңінен мәлім Пазырық обаларынан ерекше айқын көрінеді. Қарапайым жерлеу құрылыстары өздерінің көсемдерінің молаларын кішірейтілген түрде қайталайды. Олардың ішінде ағаш астау-саркофаг болғаң жоқ, орнына 3-4 қатар бөренелерден қаланған аласа қима ғана болды. Көптеген дағдылы қабірлерде солтүстік жағындағы биіктеу басқыштарға аттарды көму ғұрпы да сақталған. Мысалы, сол Берел қорымының екі-обасында бес ат, ал үшінші обасында - үш ат көмілген. Иелерін аттарымен қосып жерлеу Шығыс Қазақстаның басқа таулы аудандарын да белгілі

Олар Таулы Алтайдың басқа жерлерінде де, соның ішінде Шығыс Қазақстан аумағында да тараған. Олардың ішінде маңыздысы Берел қорымы болып табылады; мұның атымен шартты түрде тұтас бір тарихи кезең аталған.Тағы бір айта кететін жайт Берел қорымында Зейнолла Самашевтын бастауымен сақ дәуіріне тән бесінші Алтын адам табылған. Алтын адамнан өткен дәуірдің көркем сюжетінің бағыты аңдар шайқасы, жануарлардың серпінді бейнелері бола бастаған ”аң” стиліндегі өнер гүлденген кезі байқалған. Сонымен қатар Археолог З. Самашев Берелде табылған Алтын адамның әйел болуы мүмкін деп божам жасаған.Берел кезенінің аяқ кезіне таман барлық жерде қоланы темір ығыстырып шығарады. Қола ауыздықтарының орнына шығыршықты темір ауыздықтар шығады; қысқа ақинақ-семсерлер мен пышақтар да темірден жасалады. [5, с. 53-60].

Сонымен қорыта келгенде бұл мақаланы зерттеу барысында Шығыс Қазақстан территориясында өмір сүрген сақ тайпаларының ескерткіштеріне жалпы сипаттама беріліп, олардың аймақтық таралу ерекшеліктері мен мәдени ұқсастықтары, айырмашылықтары талданды. Қазақ халқының шығу тегі, қалыптасуы ежелгі дәуірлерден бастау алатыны даусыз. Бірақ, оны салиқалы тұжырымдармен дәлелдеу үшін сол кезеңдерді егжей-тегжейлі зерттемейінше, ұлттың қалыптасу кезеңдерін, даму тарихы мен өзіндік бірегей мәдениетін көрсету қиын.Сол себепті де ұлттық тарихымыздың тамырын, қайнар-бастаулары мен мәйегін құрайтын ежелгі Қазақстанда территориясында сақ атауымен өмір сүрген бұл кезеңді тұтастай алып қарастыру одан кейінгі дәуірлердің бірқатар мәселелерін шешуде объективтілікке жетелейтіндіктен отандық тарих ғылымында өзекті мәселелер қатарына кіреді.

Сайып келгенде, ежелгі Қазақстан тарихын зерттеу барысында анықталған ескерткіштер, археологиялық мәдениеттер Еуразия көне тарихының құрамдас бөлігі болып табылады. Шығыс Қазақстанның сақ дәуіріне қатысты қалам тартқан отандық археологтар мен деректанушы, тарихшылардың еңбектері арқылы әлем жұртшылығы қазақ халқының сан ғасырлық тарихы бар екендігін, оның тамыры тереңде екендігін біледі. Сондықтан да көне замандарды зерттеген мамандардың еңбектері дүниежүзілік рухани-ғылыми мұраның қомақты да салихалы бөлшегі болып қала береді.




Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Төлеубаев Ә.Т. Шілікті патша обалары және сақ проблемасының кейбір түйінді мәселелері // Каспий – Арал өңірінің тарихи-мәдени мұралары. Халықаралық ғылыми - практикалық конференция матиериалдары. Ақтау, 2007. – 1 бөлім. 229-235 бб.

  2. Самашев З.С. Древние номады казахских степей // Материалы 2-ой международной конференции. историческая роль Александра Гумбольдта и его экспедиций в развитии мировой, региональной и национальной науки. – Алматы, 2004. – С. 145-157.

  3. Радлов В.В. Из Сибири: страницы дневника. – М.: Наука, 1989. – 749 с.

  4. Адрианов А.В. К археологии Западного Алтая. Из поездки в Семипалатинскую область в 1911 г. // Известия Алтайского края. Вып. 2. Пг., 1991. – С. 1-94.

  5. Черников С.С. К вопросу о хронологических периодах в эпоху ранних кочевников (по материалам Восточного Казахстана) // Первобытная археология Сибирии. – Л., 1975. – 132-137 с.

  6. Арсланова Ф.Х. Новые материалы VІІ-VІ вв. до н.э. из Восточного Казахстана // Бронзовый и железный век Сибири. – Новосибирск: Наука, 1974. С. 77-83.

  7. Қазақ ССР тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. – Алматы, 1980. – Т.1. – 246-273 бб.

  8. Жолдасбайұлы С. Жетісу тарихы (XVI-XVIII ғғ.) (Тарихи және палеоэтнологиялық зерттеу). – Алматы: «Қазақ университеті», 1996. – 299 б.

  9. Бартоьд В.В. Очерк историй Семиречье. Соч., Т. 11, ч.1. М., 1963. – С. 210-215.

  10. Бернштам А.Н. Основные этапы историй культуры Семиречья и Тянь- Шаня // СА. Т. XI. М., 1950. – С. 110-131.





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!