Психологиялық ағарту
жұмысы: «Суицид – жан
дерті»
Мақсаты: оқушыларға өмірдегі
қиындықтарға қарсы тұрып, барынша қиындықтармен күресе білуді
үйрету және кезеңдерден өту жолын қарастыру. Суицид жасауға жол
бермеу.
Білімділігі: суидиц туралы түсінік беру
және оның алдын алу жолдарын
ойластыру.
Тәрбиелілігі: мейірімділікке, ұстамдылыққа,
белсенділікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайд, видео көрсетілім,
ойындар
-
Сәлемдесу
-
«Біреуге мал, біруге жан
қайғы» болған заманда суицид ауруы да әркімнің ығына байланып,
екінің бірінде кездесетін жағдайға айналғандай. Елімізде бұл аураға
шалдыққандардың саны күннен күнге артып отыр. Әсіресе соңғы уақытта
балалар арқасында жиі кездесетін суицид жауапсыз – жұмбақ дүниеге
айналып барады.
Жоспар
-
Суицид туралы
түсінік
-
Қазіргі кездегі суицидттің
себептері
-
Суицид
түрлері
-
Суицидтік жағдаятты
сұрақтар
-
«Мен өмірді таңдаймын»
ойыны
-
Басса-Даркидің
сұрақнамасы
Сабақтың
жүрісі:
«Суицид» латын
тілінен алынған «қасақана өзін-өзі өлтіру» деген мағынаны
білдіретін сөз. Өкінішке орай, бұл термин қазір көп қолданатын
сөзімізге айналды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ)
жақында таратқан мәліметтеріне сүйенсек, жылына миллионнан астам
адам өзін-өзі өлтіреді екен. Бұл қайғылы құбылыс 2020 жылдарға
қарай бір жарым есеге артады дейді мамандар. Қысқасы, өзіне-өзі қол
жұмсаған адамдардың саны соғыста өлгендерден әлдеқайда асып түспек.
Ең көп адам құрбан болатын Жапония елі өткен жылы осы мәселе
бойынша мемлекет қазынасынан 32 миллиард АҚШ долларын бөліпті.
Себебі, 2003 жылы бұл елде 34 мыңнан аса адам өзін-өзі мерт еткен.
Алла сақтасын, Қазақстанның ортаңқол ауданының халқы. Бірақ нәтиже
шамалы.
Дүниежүзілік
денсаулық сақтау ұйымы өзін-өзі өлтіру көрсеткіші бойынша әлем
елдерін жоғары, орта, төмен деп үш топқа бөлген. 100 мың адамға
шаққанда өлім көрсеткіші жылына 20 адамнан асса жоғары, 10-20 адам
аралығында болса орта, 10 адамнан аспаса төмен болып есептеледі.
Жоғарыдағы ұйымының деректеріне сенсек, 100 мың адамға шаққанда
әлемдегі ең көп суицидтік жағдайлар тіркелген
елдер:
-
бірінші орында – Латвия (96-99
адам),
-
екінші орында – Венгрия (88
адам),
-
үшінші орында – Қазақстан (53
адам).
-
Ары
қарай
-
Жапония (47,1
адам),
-
Эстония (50 адам
),
-
Ресей (49,4 адам) деп кете
береді.
Төменгі көрсеткіштегі
елдер:
Ал, мұсылман
мемлекеттері мен Африка елдерінде бұл көрсеткіш жоққа тән. Соңғы
жылдары «Жасөспірімдер суициді» деген ұғым өз алдына бөлек отау
тікті. Бұл дерт өмірдің балдай дәмін енді ғана татып келе жатқан
жас балапандарды да баудай түсіріп, қыра бастады. Таяуда шведтердің
«өзін-өзі өлтіру ісін» зерттеу орталығы 15 пен 19 жас аралығындағы
жастардың өзіне қол жұмсауы жағынан Ресей дүниежүзі бойынша бірінші
орынға шықты деп хабарлады. Ресейде жыл сайын шамамен 2500
кәмелетке толмаған бала өзіне қол жұмсайды. Екінші орынды АҚШ (1800
бала) тұр. Ал, жан басына шаққандағы көрсеткіш бойынша бірінші
орында Шри-Ланка (46,55), екінші орынды Қазақстан иеленген
(24,02).
Мамандар болса
жасөспірімдер арасында суицид оқиғаларының жиiлеуiне көбінесе,
отбасылық және қоғамдық тәрбиенiң жоқтығы, зорлық-зомбылық, есiрткi
қолдану, әртүрлі компьютерлік ойындар, атыс-шабыс, қантөгіске толы
фильмдердің тікелей әсері бар дейді. Ғалымдар бұл абыройсыз өлім
көбінесе өмірдегі таршылық, материалдық тапшылықтан, одан қалса
ақыл-есі кемдіктен болады деген болжам айтып келеді. Алайда, бай
немесе мансапты адамдардың өзін-өзі өлтіруін қалай түсінеміз.
Мысалы, америкалық ірі қаржы компаниясының қожасы миллионер Картик
Раджарам өзінің әйелі мен екі баласын өлтіріп, соңынан өзін опат
қылды. Алпауыт консалтингтік компанияның негізін қалаушы атақты бай
Тьерри де ля Виллюше де жарық дүниемен өздігінен қош айтысқан.
Жылжымайтын мүлік сататын әлемге әйгілі бай Стивен Гуд бұл
жалғаннан пана таппай, өзін-өзі мерт етіп тынды. Танымал неміс
миллиардері, Қазақстанда да цемент өндірісін орнатып үлгерген
магнаттардың бірі Адольф Меркле пойыздың астына түсіп
өлді.
Ал, мансаптыларға
келсек: 2007 жылы Жапонияның ауыл шаруашылығы министрі пәтерінде
асылып қалды. Кеңес үкiметi кезiнде министр болған жалғыз әйел
Екатерина Фурцева да өз өмірін өзінің қолымен қиды. Атақты
композитор Родион Шедрин ол жөнінде: «Фурцеваның өзiне-өзi қол
жұмсағанына таң қалмаймын. Ол мансабынан айырылатыны туралы қауiптi
сезiнсе, өзін өлтіруге даяр тұратын, аса тәкаппар әйел едi»,
депті.
Суицидтің салқыны
Қазақстанда қаулап өсіп келеді. Қажет статистиканы жоғарыда
келтірдік. Қасіреттен қара жамылған қауымның жағдайын халық
қалаулылары енді ғана қозғай бастады. Айтпасқа амал да қалмай бара
жатыр. Өйткені, оқушылар арасындағы суицид жылдан жылға өрттей
қаулап өсіп келеді. Ресми деректерге сүйенсек: 2010 жылы елімізде
237 жасөспірімнің балғын өмірі қиылған. Бұл құзырлы органдарда
ресми тіркелгені ғана. Шындығында бұдан екі есе көп. Соңғы бес
жылда (аман қалғандарын қоспағанда) өз-өзіне қол жұмсаған 16 жасқа
дейінгі жасөспірімдер саны 7 пайызға өскен. Өткен жылдың желтоқсан
айының 6-12 аралығында еліміз аумағында үш қыз, екі ер бала
суицидтік жағдаймен қайтыс болғанын жергілікті ақпарат құралдары
жазды. Алты күннің ішінде бақандай бес жеткіншек! Қазіргі жағдайда
Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстары қаралы көштің алдында
келеді. Әрқайсысында жылына 40 шамалы жасөспірім өздерін мерт
етеді. Оңтүстік Қазақстан, Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды
облыстарының әрқайсысында 25-тің үстінде бала өз қолдарынан ажал
құшқан. Біздің елде кісі қолынан жазым болатындардың санынан,
өзін-өзі өлтіретіндер саны әлдеқайда көп. Енді қайтпек керек?
Статистикалық мәліметке жүгінсек, өзіне-өзі қол жұмсағандардың 1/3
бөлігі маскүнемдік пен нашақорлықтың кеселінен, 2/3 бөлігі
депрессияның себебінен көз жұмады,
депті.
Депрессия дегеніміз
бір сөзбен айтқанда торығу деген ұғымды білдіреді. Сонда суицид
жағдайында жан үзетіндердің көбі торығудың торынан құтылудың жолы –
өлім деп біліп, солай шешім қабылдайды деген сөз ғой. Қара түнектей
қаптап келе жатқан бұл зұлмат мұсылман елдерін неге айналып өтеді?
Өйткені, олар жан – Алланың адам баласына берген аманаты екенін, өз
өмірін қию – сол аманатқа жасалған қиянат екенін біледі. Сонымен
қатар өзін-өзі өлтіру ауыр күнә екенін, ауыр күнә жасағандығы үшін
тозақта азапқа тартылатынын да жақсы біледі. Құдіреті күшті Алла
Тағала қасиетті Құранда: «өз өздеріңді өлтірмеңдер (және соған
апаратын бұзықтыққа бармаңдар). Расында (сендерді бұдан тыйған)
Алла сендерге ерекше мейірімді» («Ниса» сүресі, 29-аят) дейді.
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) әл-Бұхариден жеткен хадисінде: «Кімде-кім
өзін темір қарумен өлтірген болса, ол тозақта әрқашан сол темірді
көтеріп жүреді. Ал кімде-кім у ішіп өлетін болса, ол адам тозақта
мәңгі у ішіп жүретін болады. Егер біреу өзін өлтірмек болып таудан
құласа, ондай адам тозақта мәңгі құздан құлап бара жатады» депті.
Ендеше, бұл қасіреттен құтылудың жолы – балаларымызға ерте бастан
ислам тәрбиесін үйретіп, жүректерін тыныштандырғанымыз абзал.
Алланы еске алмайтын жүрек тыныш таппайды. Ақиқатқа жүгінер болсақ
Құранда: «Сондай иман келтіргендер; Алланы еске алу арқылы
көңілдері жай тапқандар. Естеріңде болсын; Алланы еске алумен
жүректер орнығады» («Рағыд» сүресі, 28 аят) дейтін аят бар.
Болашақта суицидтен құтылу үшін: Жапонияның тірлігін қайталау дұрыс
па, әлде мұсылман елдерін үлгі тұту жөн бе? Көзқарақты адамның
қауашағына сыймайтын ауыр сұрақ емес бұл. Үкіметтің де ақылы осыған
жетеді деп ойлаймыз. Ол үшін жастарға имандылық ілімін үйрететін
оқшау бағдарлама керек. Мүмкін оны орта мектептерде оқытылатын
«Дінтану» сабағы негізінде жүргізген дұрыс шығар. Әлде, осылай қара
жамылып отыра береміз бе?!
Басса-Дарки
сұрақнамасы
Отбасындағы зорлықтың боуы
агрессиялық мінез-құлықтың пайда болуына әкеліп соғады. Төменде
Басса-Даркидің сұрақнамасы ұсынылған.
Мақсаты: тұлғалық агрессия деңгейін
бағалау. Жеке тұлғаның агрессияның жоғарғы деңгейі отбасы
іс-әрекетіне әсер етіп отбасындағылардың бір-бірімен қақтығыстың
және бәсеклестіктің көрінуіне әсер етеді.
Зерттелушіге Басса-Даркидің сұрақнамасы, жауап парағы
ұснылады.
Нұсқау:
Сізге
берілген 40 сұраққа «иә» немесе «жоқ» деп жауап беру
керек.
Жауап
парағына өзіңіздің жауабыңызды сәйкес бағананы
белгілеңіз.
Өңдеу:
ВА-
вербалды агрессия, ФА- физикалық агрессия, ЗА- заттық агрессия, ЭА-
эмоционалды агрессия, ӨА-өзіндік агрессия.
ВА
|
ФА
|
ЗА
|
ЭА
|
ӨА
|
1.
иә
|
17.жоқ
|
3.иә
|
19.иә
|
5.иә
|
21.иә
|
6.иә
|
23.жоқ
|
7.иә
|
31.жоқ
|
2.
иә
|
25.иә
|
4.иә
|
27.жоқ
|
12.иә
|
29.иә
|
14.иә
|
30.иә
|
8.иә
|
32.иә
|
9.иә
|
26.иә
|
11.иә
|
28.иә
|
13.иә
|
35.иә
|
15.иә
|
37.иә
|
16.иә
|
39.иә
|
10.
иә
|
33.иә
|
18.иә
|
34.иә
|
20.жоқ
|
36.иә
|
22.иә
|
38.иә
|
24.иә
|
40.иә
|
Басса-Дарки
сұрақнамасы
-
Келіспеушілік кезінде мен жиі дауыс
көтеремін.
-
Егер
менде біреу тітіркендірсе мен оған өзі туралы не ойлайтынымның
барлығын айтып саламын.
-
Егер
өзімнің құқығымды қорғау үшін денелік күш көрсету керек болса, мен
оны ойланбай істеймін.
-
Мен өзім
ұнатпайтын адаммен кездескенде мен оны байқатпай түртіп немесе
итеріп жібере аламын.
-
Басқа
біреумен келісе алмай жатқанда мен столды қолымен ұра алам, себебі
маған көңіл аударғанын немесе өзімнің дұрыстығымды дәлелдегім
келеді.
-
Мен
ылғида басқалар менің құқығымды сыйламайтынын сезініп
тұрамын.
-
Мен
өткенді еске ала отырып, кейде өзіме деген өкпені
сезінемін.
-
Сырт
көзге байқатпағаныммен, кейде мені ішкі көреалмаушылық сезімім
жегідей жейді.
-
Егер мен
таныстарымның жағымсыз қылықтарын ұнатпасам оны мен өздеріне
тікелей айта аламын.
-
Мен қатты
ашуланғанда ауыр сөздер қолданамын.
-
Егер
маған қол көтерсе, мен оны бірінші болып ұруға
тырысамын.
-
Мен соншалықты ашуланғанда
заттарды лақтыра бастаймын.
-
Менде
пәтерімдегі мүліктердің орнын ауыстырып қоюға немесе мүлдем
ауыстырып тастағым келетін кездер жиі болып
тұрады.
-
Адамдармен қарым-қатынаста мен жиі өзімді жарылуға дайын
тұрған «оқ толы бөшке» сияқты сезінемін.
-
Кей-кездері мен басқаларды келемеждеп, әзілдескім келіп
тұрады.
-
Мен ашуланғанда, түнеріп
кетемін.
-
Басқа адаммен
сөйлескенде оның сөзін бөлмеуге, құлақ салып тыңдауға
тырысамын.
-
Жас кезімде менің
елді «жұдырықтауым жиі болатын» .
-
Егер мені
әдейі итеріп жібергенін білсем, онда іс нашырға шауып, қол жұмсауға
дейін барамын.
-
Менің
жұмыс столымның үстіндегі ретсіздік шығармашылықта әрекет етуіме
мүмкіндік береді.
-
Мен қатты
ашуланған кезімде қолыма не түссе, соны сындыратыным
есімде.
-
Кейде
адамдарды көрудің өзі мені тітіркендіреді.
-
Көбінде
мені жиі өзге адамдарға жақсылық жасауыма қандай жасырын себептері
болатыны қатты таңдандырады.
-
Егер мені
қатты өкпелетсе, онда менің ешкіммен сөйлескім
келмейді.
-
Кейде мен
өзіме ұнамайтын адам туралы әдейі жағымсыз нәрселер
айтамын.
-
Қатты
ызаланғанда мен өте ауыр, ауыр сөздер айтып
ұрысамын.
-
Мен
кішкентайкезімде төбелестен аулақ жүретінмін.
-
Мен қашан
және не себепті біреуді ұру керектігін білемін.
-
Мен қатты
ызаланғанда есікті тарс жабуым мүмкін.
-
Менің
айналамдағы адамдар мені жақтырмайтын сияқты.
-
Мен жиі
өзімнің мазасыздану мен сезімімді жиі айналамдағылармен
бөлісемін.
-
Мен өте
жиі сөзім және іс-қимылым арқылы өзіме зияндық
келтіремін.
-
Маған
біреу қатты дауыс көтерсе, менде солай жауап
беремін.
-
Егер
маған біреу бірінші болып қолкөтерсе менде сондай қимылмен жауап
қайтарамын.
-
Мені киім
мен заттардың өз орнында жатпауы ашуландырады.
-
Егер
бұзылған не жыртылған заттарды орнына келтіру қолымнан келмесе,
ызаланып оны соңына дейін жыртып және сындыратын
боламын.
-
Мен үшін
өзге адамдар табыстырақ сияқты.
-
Мен өзіме
ұнамайтын адамды ойыма алсам, оған қалай жамандық келтірсем деген
ой келеді.
-
Кейде
тағдыр менімен қатал әзілдескен болып көрінеді.
-
Егер
менің қалауымша қарым-қатынасқа түспесе, мен қатты ренжитін
боламын.
Қорытынды: Оқушылармен ой бөлісу.
Тақырыпқа байланысты сұрақтарға талдау жасау. Жүргізілген
жаттығулардан алған әсерлерімен
бөлісу.