Сабақтың
мақсаты: Оқушыларды сыйластыққа
баулу.
Міндеттері:
-
Оқушыларды адамгершілікке,
сыйластыққа жақсылыққа үйрету
-
Оқушыларды кішіпейілділікке
баулу.
-
Ақыл ойды қортындылауға
уйрету.
Сабақ
барысы:
І.Сабақтың
басы.
Ұйымдастыру
кезеңі:
Тыныштық сәті. Нұрға
бөлену
Елестетіп көріңіз: Күн нұры
сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің
орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу
ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр
сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,
жүрегіңіздің қауызын ашты.Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай
бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды
қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп,
сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға
көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін
шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.
Олар нұр мен махаббат құралына айналды.Одан әрі нұр сіздің
аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі
сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз
тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де
жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана
көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі,
сәулелі ой келеді.Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды,
сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды
туысқандарыңызға, балаларыңызға, мұғалімдерге, достарыңызға,
таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп
жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы
нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге,
барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр
бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен
Нұрмын».Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра
тұрыңыз…
Енді осы Нұрды жүрегіңізге
орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны
осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға
болады
1.Үй
тапсырмасы «Бабалар аманаты» үзіндіні
талқылау
2.Дәйексөз.
Дәйексөзді оқып, мағынасын
түсініу.
«Сыйласаң – сыйысымды
боларсың» Халық мақалы.- Нақыл сөздің мағынасын қалай
түсінесіңдер?
ІІ. Сабақ
ортасы
3.Әңгімелеу. Мұғалім
сыйы
Әлеуметтік
бейнеролик:
«Сыйластық, кішіге ізет,
үлкенге құрмет».
Сұрақтармен
жұмыс
4. Шығармашылық жұмыс,
топпен жұмыс.
«Мақалалар тақырыбынан әңгіме»
жаттығу
4 топқа бөлініп орындайды,
қорғайды. Оқушыларға қиындыға газет, журналдар, фламастер,
маркерлер таратылады, балар содан, қиып жапсырып мақала
құрастырады. Әр топ қорғайды
Ойын «Сыйластық дегеніміз
не?» қатыспай отырған оқушыларға
тарату Мұғалім «Сыйластық дегеніміз не?» деген
сұрақты қоя отырып, балаларға жүрекше ұстатады,жүрекшені алған бала
«Сыйластық дегеніміз- ......» өз ойын жалғастырып айтады да, келесі
балаға «Сыйластық жүрекшесін» ұсынады.Әр бала өз түсінігін жүрекше
арқылы айтып береді.
ІІІ. Сабақтың
соңы
5. Топпен ән
айту
« Жан досым»
С.Байтереков
6.Үй
тапсырмасы Сыйластық туралы эссе жазып
келу Кері байланыс,
рефлексия.
7.Соңғы тыныштық
сәті.
Баяу әуен орындалып тұрады.
Бүгінгі сабақтан қортынды жасаймыз.Бәізге үлкен
рахмет!
|
Ресурстар:(аудио жазба,үнтаспа, сюжетті
суреттер, маркер, клей А3, газет, журнал)
|