Сым қолдану арқылы ермексаздан мүсін жасау

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сым қолдану арқылы ермексаздан мүсін жасау

Материал туралы қысқаша түсінік
Сурет, сызу ембекке балу, қосымша білім беру педаготарына сабақ беру кезінде көмегі бар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ж әнібек аудандық

Мектептен тыс жұмыстар орталығының

Қосымша білім беру педагогі

Сағадатов Елдос Базарбайұлы

«Мүсін» үйірмесі

Сабақтың тақырыбы: «Сым қолдану арқылы ермексаздан мүсін жасау»
Сабақтың мақсаты:
а) білімділігі: Оқушылардың мүсіннін қалай жасалатынын туралы түсініктерін кеңейту.
ә) тәрбиелігі: Мүсін өнерінің айырықша туындыларын көрсете отырып, оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.
б) дамытушылығы: сұрақтар арқылы оқушылардың дүниетанымын, шығармашылық қабілеттерін байқау, дамыту.
Типі: Жаңа білімді меңгерту
Әдісі; Жеке жұмыс жасау , түсіндіру.
Көрнекілігі: Түрлі мүсін үлгілері, мүсіннің жасалу жолы көрсетілген слайд.
Сабақтың барысы:
Жоспар:

1. Жалпылама мүсін өнері сұрақ жауап.

2. Жаңа сабақты түсіндіру.
3. Мүсінді орындау технологиясы.
4. Қорытынды
І. Білімді жан - жақты тексерту
Өткен тақырыпқа байланысты қушыларға сұрақ қойып, жауап алу1 - Мүсіншілер мүсінді неден жасайды?
(Мәрмәр тастан, гранитпен) ағаштан, сазбалшықтан немесе ермексаздың көлемін ұлғайта отырып жасайды.
2 - Мүсіндеудің негізгі объектісі кім?
Мүсіндеудің негізгі объектісі адам.
3 - Бюст, мүсін, топтық мүсін дегеніміз не?
Бюст -(адамның кеудеден жоғары бейнесі)
Мүсін -(Фигураның тұтас бейнесі)
Топтық мүсін -(Бірнеше адамның бейнесі)
II. Жаңа сабаққа дайындық Сабаққа керекті құралдарды дайындау; тақтай, су, ермексаз, қалақ, ал жапқыш, сым, қысқыш.
III. Жаңа сабақ

Мүсіндеу өнері - көркем өнердің бір түрі. Мүсіндеудің графика мен кескіндемеден айырмашылығы кескіннің барлық жағынан анық көрсетілуі. Мүсіндеудің түрлері: 1. жұмыр мүсіндеу 2. рельеф (бедерлі)

Жұмыр мүсінді барлық жағынан қарауға болады.
Мүсіншілер өздерінің шығармаларын жасау барысында адам мен жануарлардың мүсіндерін жан - жақты қарап отырып сомдайды.
Монументтік мүсіндеу – бұл ұлы адамдардың немесе тарихи оқиғаларға орнатылған, асқақ, келісті ескерткіштер.
Монументті – сәндік шығармалар әдетте жеке ансамбльдің, алаңның немесе демалыс орындарының сәулеттік композициясының жиынтығы болып табылады. Мүсіндеудің айтылған барлық түрлерінің сан алуан жасалу түрлері бар , бүгінгі сабағымызда ең жеңіл тәсілімен таныс боламыз. Мысалы: мүсініміз ермексаздан жасалатын болса оған сым мен немесе ағашпен т.б. матералдармен қанқасын құрып алуға болады, Егер мүсін көлемі үлкен болып жасайтын матералы цемент, гипс, т.б. құймалар болса оның ішіне салынатын қанқасы қалың сымнан, темірден торлау тәсілі арқылы жасалады.


IҮ. Машықтық жұмыс.
1. Ермексазбен жұмыс істеу техникасының ерекшеліктерін түсіндіру.
2. Слайдка көз жүгіртіп жасалу жолдарымен таныс болу.
3. Гүлдің немесе жан жануардың қанқасын сыммен құрастыру
4. Дайын болған қанқамызға ермексазды жапсыру.
5. Су қолдану арқылы мүсіннің пішімін келтіру.


Ү. Сабақты қорыту: Оқушылардың жұмыстарын қадағалап, сұрақ қою арқылы түсініктерін тексеру. Өз жұмыстарын қалай, қай әдіспен мүсіндегенін сұрап бағалау. Оқушылардың жұмыстарын салыстырып қателерін айту.


Picture 3 Shape1





















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.11.2018
679
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі