Сын есім 2 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сын есім 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Сын есім

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларға сын есім туралы түсінігін кеңейту тапсырмаларды өз бетімен орындауға дағдыландыру.

2. Мұғалім мен оқушы арасында бір-біріне құрмет, ынтымақтастық қалыптастыру.

3. Оқушының сөздік қорын , ойлауын дамыту.

Сабақтың әдісі: Көрнекілік, слайд,сұрақ-жауап,талдау, ойын.

Жұмыс түрі: топтық, жеке,жұптық.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер,слайд, тірек-сызба, ойын құралдар.

Сабақ барысы

І. Бағдарлау-мотивациялық кезең

Оқушы қызығушылығын ояту.

Көбелек

Жаңбыр жауды себелеп

Қонды гүлге көбелек
Қызыл сары ақ түспен

Жасап берді сан өрнек





Қанаттасып сан түрлі

Ұшты самғап көбелек

Ақ пен сары қызыл түс

Жатыр гүлді бейнелеп.


Түрлі түсті көбелектерді таңдау арқылы топқа бөлу.

1-топ 2-топ 3-топ

Сары қызыл көк

«Кім тапқыр?»

-Балалар бұл не?

-Көбелек

-Осы сөзге сұрақ қоямыз?

-не?

-Көбелек қай сөз табына жатады?

-зат есім

-Осы сөзді қатыстырып бір сөйлем құрайық

Көбелек гүлге қонды.

-Олай болса балалар, сендердің топтарыңа қандай көбелек қонды?

-Сары, қызыл, көк.

-Енді осы жаңа сөздерді қатыстырып сөйлем құрайық.

Сары көбелек гүлге қонды.

-Екі сөйлемдерді салыстырайық. Не өзгеріс байқадық? Ендеше біз бүгін СЫН ЕСІМ деген жаңа ғылыми терминмен танысамыз.

Тірек сызба арқылы ережені шығарамыз.


Сын есім

DrawObject1 DrawObject2

DrawObject3

Қандай ?

Қай?

Сары, ұзын,қатты,

тәтті,ащы.



Сапасын,түр түсін білдіреді.





ІІ. Операциялық-орындаушылық кезең

Оқулықпен жұмыс: Кітаптағы ережені оқып, өздерінің шығарған ережелерімен салыстыру.

Ұжымдық жұмыс.

1-жаттығу. Көшіріп жазу. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қою.

Суық солтүстікте ақ аюлар өмір сүреді. Ақ аюлар сексен градус суыққа шыдамды. Жылы жақтағы ақ аюлар алты ай ұйықтайды. Қоныр, қара аюлар қыс бойы ұйқыда болады.

2-жаттығу: Сын есімдерді теріп жаз.

Түйенің мойны ұзын. Екі өркеші бар. Құйрығы қысқа болады. Түйенің өркешіне кісілер отырады. Түйе күшті мал. Оны арбаға жегуге болады. Түйе шөлге шыдамды. Адам түйенің етін жейді. Сүтінен шұбат жасайды. Түйенің сүті қою және тоқ болады. Түйе жүні ең бағалы жүн болып саналады. Онда қымбат маталар тоқылады. Матадан польто, костюм тігеді.

ҰDrawObject4 зын,қысқа,күшті, шыдамды, қою, қымбат.

ОDrawObject5 қулықтан тыс берілетін жаттығулар.

Ойын: «Гүл күлтешесін жинау»

DrawObject7 DrawObject6



DrawObject9 DrawObject8

DrawObject10



DrawObject12 DrawObject11

DrawObject15 DrawObject14 DrawObject13

DrawObject17 DrawObject16

DrawObject18

DrawObject19

DrawObject20

DrawObject21

DrawObject22

DrawObject23

DrawObject24

  1. Қоңыр аю ақырады.

  2. Биік үй тұрғызды.

  3. Әдемі гүлдер өсті.

  4. Қызықты кітап өсті.

  5. Ала сиыр жайылды.

  6. Ақ үйрек ұшты.

Шығармашылық тапсырма.

Берілген суретке қарап әр топ өзіне берілген тапсырманы орындайды.

1-топ 2-топ 3-топ

Мәтін жазу. Сурет салу. Жұмбақ құрау.

ІІІ. Рефлексиялық-бағалау кезең

Топтық жұмыс

Постерге қандай ? сұрағына жауап беретін сөздерді жазу.


«Жұмбақ зат» ойыны
Бұл ойынның шарты бойынша көрсетілген затты сыныптағы оқушылар түрлі сөз таптарымен сипаттайды. Тақтаға шыққан бала жасырылған затты табуы тиіс. Алғашқы үш сөйлемге дейін тапқан бала жеңімпаз атанады.
Мысалы, шахмат тақтасы туралы оқушылардың берген сипаттамасы мынадай болды.
- Онда ақ, қара фигуралар бар. Ол төртбұрышты. Онда 64 тор көз бар.
Терезе, дөңгелек, жол белгісі, орамал жасырылды.

Өзін-өзі бағалау парағы


Тапсырмалар

Ұпай саны

Бағалау критерийі

1

«Кім тапқыр?»


5


35-37 ұпай – «5», 30-34 ұпай – «4», 25-29 ұпай – «





2

Тірек сызба

4

3

Оқулықпен жұмыс:

5

4

Ойын: «Гүл күлтешесін жинау»


6

5

Шығармашылық тапсырма


5

6

Топтық жұмыс


5

7

«Жұмбақ зат»ойыны

7





Барлығы

37






Үйге тапсырма: 4-жаттығу. Мәтінді көшіріп жаз. Сын есімді табу. Сөз байланысын табу.

Қазақ тілі пәні

2 класс


Тақырыбы: Сын есім










Орындағандар :Бахтыбаева М.Ж. Сәтбаев о.м.

Прназарова А.К. Нұрлыкөш о.м.

Ташанова С.А. Абай о.м.

Жухина Ж.Қ. Ақжар қазақ о.м.

Максимова Г.Т. №6 ХГ

Умарова Г .К. №3 ХОМ

Қалабаева Б.М. № 5 ХГ




2015 жыл.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
10.06.2018
618
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі