Материалдар / Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз не? «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы бойынша ол: - шыңдалған ойлау, кез келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сын көзбен қарау; - күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешім қабылдауға құштарлық; - үйрету мен үйрену бірлігінің, үйренудің қызығушылығынан тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым. Қазіргі кезде мектептерде жиі қолданылып отырған жаңа технологиялардың бірі – оқушылардың жазу мен оқуда сын тұрғыснан ойлау қабілетін қалыптастыруға бағытталған әдіс-тәсілдер. Осындай әдістеме негізінде жасөспірімдерге қазақ тілі мен әдебиетінен терең де тиянақты білім беруді өз тәжірибемде жиі қолданамын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
1677
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Кіріспе

Бүгінгі танда технологиялар өз қолдауларын тауып, оқу үрдісінде қолданылуда. Технология – бұл қандай да бір жұмысты, өнерді шеберлікпен іске асыру жиынтығы. Әдебиет сабақтарында сыни тұрғыдан ойлау технологиясы қолдануға ыңғайлы, былайша айтқаңда, барша үшін қоғамдық маңызы мен мәні зор идеяларды игеруге болатын нақтылы әдістер және тәсілдер.

 

Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз не?

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы бойынша ол:

- шыңдалған ойлау, кез келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сын көзбен қарау;

- күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешім қабылдауға құштарлық;

- үйрету мен үйрену бірлігінің, үйренудің қызығушылығынан тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым.

Қазіргі кезде мектептерде жиі қолданылып отырған жаңа технологиялардың бірі – оқушылардың жазу мен оқуда сын тұрғыснан ойлау қабілетін қалыптастыруға бағытталған әдіс-тәсілдер. Осындай әдістеме негізінде жасөспірімдерге қазақ тілі мен әдебиетінен терең де тиянақты білім беруді өз тәжірибемде жиі қолданамын.


Мен осы жобада «сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясының стратегияларын қазақ әдебиеті сабақтарындағы қолданылу жолдарына тоқталмақмын.


  1. Екі жақты түсініктеме күнделігі


Оқушылардан дәптердің бетін (не таратылып берген парақты) ортасынан вертикаль сызықпен бөлу сұралады. Мәтінді оқу барысында олар:
Бөліктің оң жағына – мәтіндегі қатты әсер еткен тұстар, үзінділерді жазады. Сол жағына әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады (нені еске түсіреді, себеп салдары қандай, қандай сұрақ тағы басқа).
Әр оқушы мәтінмен танысып, күнделікті толтырып біткен соң, жұпта, топта талқылау ұйымдастырылады. Жұмыс аяқталған кезде мұғалім қорытуға арналған әзірлеп келген сұрақтарын қойып, жауаптар алады. Ол сұрақтар оқығанға баға беру, пікірін, көзқарасын білдіруге лайықталынып қойылғаны дұрыс.


Сабақтың тақырыбы: С.Торайғыров поэзиясындағы азаматтық сарын

9-сынып

«Екі жақты түсініктеме күнделігін » толтыру.

Мәтіннен үзінді

Оқушы көзқарасы

Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып, күн болам.

Елімнің жанашыры, өрге сүйреушісі боламын. Қараңғылықтан алып шығамын, сауатсыздықты жоямын.

Мұздаған елдің жүрегін

Жылытуға мен кірермін.

Өзімнің жеке бас мәселемнен гөрі халықтың жағдайын жоғары қоямын.

Әрқашан еліме, туған жеріме адал қызмет етемін.

Бұл әдіс те алдыңғы сияқты оқушыларды ұжым болып жұмыс жасауға үйретеді. Ақпаратты өз бетінше меңгеруге жағдай жасайды. Сөз астарын, құдіретін түсінуге бағыттайды. Сондай-ақ әдістің тиімділігі сабақтан тысқары қалатын оқу-шы болмайды, оқыған мәтінді түсіну оны түсінікті етіп айтып беру, оған қатысты ойын, пікірін білдіру арқылы оқушының тілі дамиды. Осылайша ұйымдастырылған оқу сабақтары арқылы сауатты оқырман қалыптастыру мүмкіндігі туады.


  1. «Еркін жазу» жазу стратегиясы 


Бұл әдісті сын тұрғысынан ойлау жобасындағы сабақтың үшінші ой толғаныс кезеңінде пайдалану тиімді. Мұғалім сабақ бойына қарастырылған жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін т.б. жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде оқушылар өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқуға болады.



Сабақтың тақырыбы: Абайдың поэмалары. «Ескендір» поэмасын талдау 9-сынып


Еркін жазу стратегиясы «Қанағат- қарын тойғызар»


Оқушыларды алған білімдерін қорытуға, оған сын көзбен қарап, ойын түйіндеуге үйрететін бұл әдісті кез келген сабақта қолдануға болады.


  1. Семантикалық карта

Сабақтың тақырыбы: Махамбет Өтемісұлының өлеңдері 9-сынып


Тіл дамыту үшін. Және сергіту мақсатында ерлік, батырлық туған жер туралы мақал-мәтелдер айтқызу. Ол үшін арнайы дайындалған семантикалық карталарды әр-топқа бір-бірден үлестіріп беріп, берілген мақал-мәтелдердің жалғасын тапқызу керек.Балалар мәнерлеп оқып, мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріп шығады.

Семантикаық карта №1

Мақалдар

Көлінен безген қаз оңбас.

Ер үйірін сағынса, айыл-тұрман тағынар.

Өз жеріңдей қайда бар.

Сайының тасы болайын.

Пәлен жерде пайда бар,





Өз елімнің басы болмасам да,





Елінен безген ер оңбас,





Ат үйірін сағынса, Артқы аяғын қағынар.






  1. Салыстыру әдісі

Салыстыру әдісі - екі ақынның бір тақырыпқа арналған өлеңдерін, немесе бір ақынның екі туындысын салыстыра отырып ортақ қасиеттерін табу.

Сабақтың тақырыбы: І.Жансүгіров. «Күй» поэмасы

( С.Сейфуллиннің “Ақсақ киік” өлеңі мен І.Жансүгіровтің “Күй” поэмасын салыстыру, ортақ қасиетін табу)


С.Сейфуллиннің “Ақсақ киік” өлеңі

Ортақ қасиеті

І.Жансүгіровтің “Күй” поэмасы

1. Бетпақ дала көрінісі, киіктің сұлулығын,мерген қолынан жаралануы сипатталады.

2.Жазықсыз киіктің мұңы.

3.Өлең

Екі ақын да жануарлар басндағы зар мен мұңды шебер, көркем бейнелейді.

Сыршыл ақындар.

1.Қобызшы Молықбай шалдың ерекше орындайтын күй, Бозінген зары, күй құдіреті сипатталады.

2.Ұры қолына түскен інген зары.

3.Поэма


  1. Т кестесі стратегиясы. Т кестесі стратегиясы – Мақсаты: қарама – қарсы нәрселерді сөздерді тере білу. Бұл жұмыста салыстыру, салыстыра отырып топтастыру сияқты процестер жүзеге асады. Оқушылардың ойлау қабілетін, есте сақтау қабілеттерін дамытады. Т кестесін тақырыпты ашарда пайдаланылса, жаңа материалды түсінуге дайындық болады. Бұл стратегия жұпта, топта, жеке де орындала береді. Іс – тәжірибеде үй тапсырмасына да беріліп жүр. Кіші жас оқушыларына кескін, сурет түрінде орындауға болады.

Сабақтың тақырыбы: «Ер Тарғын» Суреттеудегі шеберлік 9-сынып

Алғырлар

Таланттылар

Білімділер

-« Қара жерге қар жауар,

Қарды көр де бетім көр,

Қар үстіне қан тамар

Қанды көр де бетім көр».

«Зергер барсаң қасында,

Алтыннан соққан түйме бар,

Түймені көр де басым көр».

-ақыл-парасат иесі.

-ойлы, тапқыр.

-адал жар, ақылшы серік.

-қайратты, адамгершілігі мол жан.

-батыр, ер,

-парасат иесі.

-көпті көрген танымал жан.

-адамгершілігі мол.

-алыстан болжайтын ақылды.

Тарлансыз Тарғын жоқ. «Бектер мінген бедеуге,

Сен тұрғанда бармадым».

«Қыран қиқу болғанда,

Қараңғы тұман толғанда,

Менің сенен еді дәрменім».



  1. INSERT стратегиясы. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында V – “білемін”, ― - “мен үшін түсініксіз”, + - “мен үшін жаңа ақпарат”, ? – “мені таң қалдырады” белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну – күрделі жұмыс. Сондықтан да, оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру – аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі.

Сабақтың тақырыбы: Шыңғыс Айтматовтың шығармашылық өмірбаяны 9-сынып


Білетінім

Білгеніме сәйкес келмейтіні

Мен үшін жаңалық

Таңқалдырды

Өмірі мен еңбектері жайлы деректерді білемін

Тұрар Рысқұловтың тәрбиесінде болған. Қазақ жазушыларымен бірге жұмыс жасаған. Мұхтар Әуезовке ең жоғары баға беріп көтере білген

Оның шығармаларын қазақ-қырғыз болып дәріптеуі.

Европаға танымал Ұлы тұлға және оның шығармалары шетелге таралуы, шығармаларының адамзаттық көкейкесті мәселелерді қозғауымен, сыршылдығымен, шыншылдығымен, жаңашылдығымен



  1. «Ой қозғау» стратегиясы . Қазақ әдебиеті сабағына оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттыру үшін қолданылатын стратегия. Оқушыларға ой қозғау мақсатында бір сөз беріледі, оқушы берілген сөз бойынша ой тұжырымдайды.

Сабақтың тақырыбы: Қожа бейнесі 6-сынып

Shape1




  1. Венн диаграммасы
    Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін объектілердің сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жерге екеуіне ортақ сипаттар тізіледі. Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып, оқушылар қызыға толтырады, яғни салыстыру сияқты күрделі ойлау операциясын меңгереді.
    Сабақтың тақырыбы: Махамбет – тәуелсіздік жаршысы 9-сынып


Shape4 Shape2 Shape3

Исатай Қолбасшы Батыр Сері Ержүрек Адал дос Ұйымдастырушы

Елі үшін еңіреп өткен ерлер

Махамбет Ақын Шешен Батыр Жырау Халықтың досы Үгітші












  1. Куббизм стратегиясы ойын арқылы оқыту. Кубиктің алты жағына жазылған сөздер бойынша жұмыс жасайды. Қандайда бір затты жан -жақты талдайды, талқылайды, сол арқылы білімдерін қайталайды, жаңа білім қосады.

Сабақтың тақырыбы: Абайдың поэмалары «Ескендір» поэмасын талдау 9-сынып


Суретте. Шығармадағы аталған тарихи тұлғалардың ақын идеясын жеткізудегі орны.

Салыстыр. Ескендір мен Аристотельді салыстыру (Венн диаграммасы қолданылады)

Зертте. Абай ақын туралы не білесің?

Қолдан. Ескендірдің психологиялық жай-күйін ақын қалай берген? Тауып оқы. (Оқулықпен жұмыс)

Бұл туралы ойланғанда көз алдыңа не елестейді? (Ойтолғау, сурет) Ақынға хат жазып көр.

Талда,қолдан,қарсы шық.-------------


  1. "Бес жолды өлең" Sinkuein немесе бес жолды өлең стратегиясы – оқушы берілген тапсырма бойынша өлең құрастырады. Бес жолды өлеңді құрудың ережесі мынадай: бірінші жолда 1 зат есім, екінші жолда 2 сын есім, үшінші жолда 3 етістік, төртінші жолда 4 сөзден тұратын сөйлем яғни ойды түйіндеу, бесінші жолда тақырыпқа байланысты 1 синоним сөз жазылады.

Сабақтың тақырыбы: Т.Айбергенов «Ана» 8-сынып
Кім? Ана
Қандай? Мейірімді, ақылды
Не істеді? Бағады, тәрбиелейді, өсіреді.
Түйін Ағайын - алтау, ана –біреу.
Синоним Адам




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!