Материалдар / Шыңғыс Айтматов «Найман анаә» романынан үзінді.Аңыздағы ана трагедиясы (2-сағаты)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Шыңғыс Айтматов «Найман анаә» романынан үзінді.Аңыздағы ана трагедиясы (2-сағаты)

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ әдебиеті пән мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Маусым 2018
1254
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мұғалімнің аты-жөні

Максотова Калиса Еламанқызы

18.05.2017 ж


8-сынып

Сабақ

Қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы

Шыңғыс Айтматов «Найман анаә» романынан үзінді.Аңыздағы ана трагедиясы (2-сағаты)

Сілтеме

Оқу бағдарламасы, Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. С.Мақпырұлы, Г.Құрманбай, А.Қыраубайқызы «Мектеп» баспасы, презентация.


Жалпы мақсаты

Шығарманың тақырыптық-идеялық мазмұнын ашу, оқушылардың білімдерін қазіргі заман үлгілерінен мысал келтіре отырып жүйеге келтіру; ұрпақ тәрбиесіндегі қазақ халқының бойындағы адамгершілік, бауырмалдық қасиеттерді бағалай білу, ананың балаға махаббатының құдыреттілігін сипаттауға; өз бетімен жұмыс істеу дағдысы қалыптастыру, түрлі әдіс-тәсілдер арқылы ойлау қабілетінің дамуына,тіл байлығының артуына,өз ойын ашық айтуға,көзқарасын дәлелдеп шығуға ықпал ету; Бар адамзат анасына сүйіспеншілігін ояту. Ананың еңбегін ақтауға, ардақтауға, анаға деген махаббаттарын берік ұстауға, ананы үлгі тұтып, әрқашанда сыйлай да аялай білуге және көркем де сыпайы сөйлеп шығармашылық қабілеттерін аша білуге баулу.


Күтілетін нәтиже

Шығарманың не туралы екендігін туралы ойларын тұжырымдап, дәлелді түрде

сипаттама береді,топтасып жұмыс жасайды;

Шығармаға сатылай кешенді талдау жасайды, кейіпкерлер бейнесіне мінездеме береді.

Қазақ халқының ұлттық құндылықтарын,қоғамдағы жат қылықтар туралы, ұрпақтың мәңгүрттікке ұшырауының себептерін айқындап, түйінді ой айта алады;

Негізгі идеялар

Ана махаббаты,перзентке деген қамқорлығы,бала үшін ананың іс-әрекеті туралы ой бөлісу, өзіндік тұжырым жасау, пікірлерін дәлелдеу.

Тапсырмалар

Сұраққа жауап беру, постер қорғау, сұрақтарға жауап беру, тест, шығармаға сатылай кешенді талдау жасау.

Оқыту әдістері

«Блум таксономиясы»,«Топтық жұмыс», «Ой шақыру», «Конверт-сұрақ»әдісі, проблемалық сұрақ-тапсырмалар, «Ротация», «Құндылықтар бәйтерегі» әдісі, «Қаптағы фасоль» әдісі, «Қасиетті сөздер тізбегі» әдісі , «Бағалау баспалдағы» әдсі(өзін-өзі бағалау),топтастыру

Дерек көздері

Оқулық, әдістемелік құралдар, МАН,ақпарат деректері,презентация, интерактивті тақта,сыйлықтар;


Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І. Ұйымдастыру.

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

3 минут

«Бір-бірінің бойындағы жақсы қасиетін айтып,жылы лебіздерін айту»

«Қасиетті сөздер тізбегі» әдісі бойынша анасына өз тілектерін айту;

Оқушылар аналар туралы мақал-мәтелдер, жақсы тілектер айтады.

Білу

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау



8 минут

«Тосын сыйлық» әдісі,асықтар арқылы топқа бөліну.

Ойлан,тап, жұптасып,топтасып жұмыс жасау(Қиынды сөздерден мазмұнды сөз шығару)

АНА. Бұл сөз әрбір халықтың тілінде бар. Барлық тілде бұл қасиетті сөз нәзік, мейірімді, жылы естіледі. Ананы жырлаймын деп тебіренбеген ақын, ана бейнесін мүсіндеймін деп ойға батпаған суретші, қалам сермемеген жазушы жоқ шығар. ендеше, кезекті қазақ жерін мекендеген адамзатқа тіршілік берген аналарымыздан бастайық.

Ахмет Байтұрсыновтың «Анаға хат» өлеңінде

Қарағым, дұғагөйім, қамқор анам!

Арнап хат жазайын деп алдым қалам.

Сені онда, мені мұнда аман сақтап,

Көруге жазғай еді хақ тағалам?

Мағжан Жұмабаев та «Сағындым» өлеңінде

Міржақып Дулатұлының «Шешенің балаларын сүюі» атты өлеңінде-

Кім сендерді, балалар, сүйетұғын,

Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын?

- Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,

Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын.

Кім сағынар сендерді келгеніңше,

Құлындарын көзімен көргенінше?

- Сендер қайтып келсеңдер адам болып,


«Найман ана» әңгімесінің мазмұнын баяндау

Ротация.

«Қаптағы фасоль» әдісі бойынша шығарма /фабуласын / мазмұныны айтады .

Қаптағы фасольді қағып алып, оқушы тізбектен шықпай әңгіме мазмұнын жалғастырады



Ананың құдыреттілігі туралы ақын жырларынан үзіндіні тауып,мәнерлеп оқиды,ананың шексіз сүйіспеншілігі туралы айтады.


ІІІ .Түсіну

5 минут






«Ой шақыру»

1.Әңгіме неліктен «Найман ана»» деп аталған?

2. Шығармадағы ананың психологиялық жан күйзелісі қалай әсер етті?

3 Оған кім кінәлі? Әңгімеге арқау болған негізгі мәселе не?



Топ мүшелері жауап береді. Критерий бойынша бағалау

ІV.Қолдану

5 минут

Топтық жұмыс.

Әр топ шығармадан бүгінгі өмірмен өзектес деп тапқан маңызды тұстарын тауып, постердің келесі жағына не үшін әсер еткенін жазады.

I топ

II топ «Ойтартыс 

  1. Еріксіз мәңгүрт дегеніміз не? (Еріксіз мәңгүрт- Жау қолына түскен адамдардың тағдырлары ) 

  2. Ерікті мәңгүрт дегеніміз не? 

« Жалпы мәңгүрттікті екіге бөліп қарауға болады: біріншісі, жаугершілік замандағы мәңгүрттік. Мұнда адамды күшпен, зорлықпен қашап, адами ойлау дүниесінен айрып, жазалап, құлақ кесті құл қылып, тағылық тұтқында ұстау. Екінші бір түрі, қазіргі жахандану заманындағы рухани мәңгүрттік. Сәбитжан мен аңыздағы мәңгүрт жауынгердің бейнелері осының айғағы. Бұл екі көріністе күрделі мәселелер. Бірі күшпен орындалса, екіншісі айла амал арқылы халықтың ділін, дінін, тілін ұмыттырып нағыз мәңгүртке айналдырған»

Ш.Айтматов өз заманының қыспағына қарамастан, алыстан орағытып, «сөз атасын» түсінген халқына адамзат тағдырындағы ұлы мәселені жеткізген.

7 «Конверттегі ой-сезім» әдісі

Проблемалық сұрақ-тапсырмалар

І топ 1.Бүгінгі қоғамдағы дәстүрімізге қайшы,қоғамға жат қылық. ( тасбауыр тағдыр, мәігүрт бала).   -Жерді, суды тартып алса, мейлі, байлығыңды тартып алса, мейлі, тіпті жаныңды алса да мейлі,- дейді ана үнін шығарып…- Ау, адамның ақыл-ойын тартып алуды қандай қара жүрек ойлап тапты, Құдай-ау?!

II топ

1 Шығармадағы «мәңгүрт»  сөзінің астары неде деп білесіңдер?

2 Қазіргі заманның «мәңгүрттері» деп қандай адамды айтуға болады?


3.Мәңгүрттік – мәңгілік трагедия


ІІI топ. 1. Ананың ендігі үміті кімде еді? Ол үміті қалай үзілді?


Постер қорғау.






Әр топтан бір оқушы ойларын ортаға салады. Критерий бойынша бағалау.



V. Талдау

8 минут

«Ойлан, бірік, бөліс»

Сатылай кешенді талдау. Оқулықпен жұмыс

І топ.

Шығарманың композициялық құрылымына талдау.


Бөлімдер



Негізгі оқиғалар

1

Мәңгүрт атандыру

Жуан-жуандардың айуандық әрекеттері


2

Ананың арманы


Жолаушылар әңгімесінен кейінгі ананың үміті мен күдігі

3

Мәңгүрт баламен кездесу


Баланың селт етпеуі, анасының үгіттеуі. Бесік жыры

4

Түйелі жуан-жуандар



Ананың соңғы шешімі

5

Құсқа айналған жаулық


«Атпа, құлыным, мен сенің анаңмын! »Баласының анасын өлтіруі







    

Ресурстармен жұмыс жасайды,шығарманың компазициялық құрылымына талдау жасайды


















Шығармадағы ананың психологиялық күйзелісі,ана құдыреттілігі туралы айтады

V.Жинақтау

3 минут

«Ортадағы қаламсап» стратегиясы бойынша әңгімедегі түйінді ойларды жинақтап, дәптерге жаздыру. Мысалы: «Адам санасын тонау- қатыгездік» тақырыбында өз ойларыңды жазыңдар және автор орнында болсаң шығарманы қалай аяқтар едіңдер?

Топ мүшелері түйінді сөздерді қолдана отырып, тақырыпты қорытындылайды.

VI.Бағалау


6 минут

«Жағдай картасы» әдісі,сызбаларды толықтыру,кластермен көрсету,дәлелдеу;

  І топ: Мәңгүрт болу адамның өзіне байланысты.

ІІ топ: Адамның мәңгүрт болуына қоғам кінәлі

III топ Адамның өз тағдыры өз қолында

«Құндылықтар бәйтерегі» әдісі

Тақырыпқа қатысты түйінді сөздерді беріледі. Оқушылар стикерге жазылған сөздерді бәйтерек ағашына орналастыру қажет. Маңызды тармақтарды әдетте ағаштың жоғарғы жағына, ал оншалықты маңызды еместерін төменгі бөлігіне орналастырады. Әр қатарда орналасқан тармақтардың маңызы бірдей. Кейбір топтар ең маңызды карточкаларын орталықта орналастыра алады .

Ата-анаға құрмет көрсету, оларды сыйлау -перзенттік борышымыз екенін ұмытпайық, оларды құрметтеп, қадірлейік!

Олай болса, парасат биігінен көрініңдер, ұлттық сана-сезімдерің өмірлік достарың болсын!


Өзін-өзі өлшемді бағалау және топ басшысының бағалауы.

Кері байланыс

3 минут

«Қоржын қоры» ұрпақ тәрбиесіндегі ұлы қасиеттер ден, үлгі-өнегелік әсерін түрлі түсті қағаздарға жазып,қоржынға салу




Сабақтан алған әсерлері туралы жазу

Бағалау


2 минут

«Бағалау баспалдағы» (Оқушылардың өзін-өзі бағалайды)

Тіл – ұлы Ана, өз анасын менсінбеудің мұңы бар,Кінәлілер сөзсіз оның кие-күшін ұғынар...
Қаптап кетті өлкемізді әңгүдіктер - әңгүрттер,
Тілін, рухын сүймегеннің барлығы да мәңгүрттер.
Бұл бағытпен мүмкін бе ертең
ұлттың ұлт боп қалмағы?
 М.Шаханов


Оқушылардың өзін-өзі бағалау жүйесіне талдау жасау

Үйге тапсырма


2 минут

«Адамзат тағдырының ұлы мәселесі» тақырыбында эссе жазу,әдеби-теориялық талдау жасау;

Эссе жазады,әдебиет теориясы тұрғысынан талдайды




14

Бағалау критерилері


Оқушының аты -жөні

Шығарманың мазмұнын білемін

Сұрақтарға жауап бере алдым

Тапсырмаларды толық орындай алмадым



5-6 ұпай

4-5ұпай

3-4 ұпай


































































Шыңғыс Айтматов өз естелігінде былай деген екен: «Ғасырдан да ұзақ күн » романын жазарда мәңгүрт тақырыбын ұзақ зерттедім, бала күнімде жөн-жосықты білмейтін біреулерге «Ей, мәңгүртсің бе, өзің?» деп жатқанын құлағымызбен талай естідік. Адамның мәңгүртке қалай айналатынын білмесек те, сүйегіңнен өтер ауыр сөз екенін сезуші едік».






« Жалпы мәңгүрттікті екіге бөліп қарауға болады: біріншісі, жаугершілік замандағы мәңгүрттік. Мұнда адамды күшпен, зорлықпен қашап, адами ойлау дүниесінен айрып, жазалап, құлақ кесті құл қылып, тағылық тұтқында ұстау. Екінші бір түрі, қазіргі жахандану заманындағы рухани мәңгүрттік. Сәбитжан мен аңыздағы мәңгүрт жауынгердің бейнелері осының айғағы. Бұл екі көріністе күрделі мәселелер. Бірі күшпен орындалса, екіншісі айла амал арқылы халықтың ділін, дінін, тілін ұмыттырып нағыз мәңгүртке айналдырған»[5.6].

Ш.Айтматов өз заманының қыспағына қарамастан, алыстан орағытып, «сөз атасын» түсінген халқына адамзат тағдырындағы ұлы мәселені жеткізген.

«Боранды бекет» романында әңгіме болған жасанды мәңгүрт пен рухани мәңгүрттің арасы жер мен көктей. Сәбитжан сынды рухани жетімдер образын мен қазақ аңызының көне тағлымын қолдана отырып Шыңғыс Айтматов адамзат атаулыны мәңгүрттіктен құтқарғысы келеді.

«Дүниедегі жаза біткеннің сұмдығы адамды ақыл-есінен айыру да. Ақыл-ой адам өле-өлгенше өзімен бірге болатын жалғыз қазына ғой.Біреудің қолында бар байлық бақада да  бар болар, ақыл-ой тек саған ғана тән, басқалардікінен бөлек  жалғыз асылың» [3.115]-деп жазушы ой қортады.

Қазіргі таңда рухани мәңгүрттік- ақын-жазушыларымыздың шығармаларында қаралып жүрген мәселе. Бұл өзекті тақырып ғылыми тұрғыдан зерттеп, терең  зерделеудi, пайымды да парасатты пiкiр айтуды талап етедi.



Мәңгүрттік - өзінің кім екенін, ел-жұрты, руының кім екенін, өз атының кім екенін білмес. балалық шағы, әке- шешесі мүлде есінде қалмаған мылқау адам. Ол да бір, тілсіз мақұлық малда бір, сондықтан ол қауіпсіз де, иесіне шексіз бағынған құлақ кесті құл. Бар тілері қу тамақ, далада үсіп өлмес үшін ескі-құсқы қомыт киім, басқа ештеңенің керегі жоқ.









«Ой  түрткі»

Осындай  бейбіт заманда мәңгүрттер бар ма, жоқ па?
Ерікті және еріксіз мәңгүрт дегеніміз не?
Мәңгүрттікке жетелейтін жолдарға нені  көрсете аласыздар?
Адамды ақыл-естен айыруға, қорлауға бола ма?















































8



Бөлімдер



Негізгі оқиғалар

1

Мәңгүрт атандыру

Жуан-жуандардың айуандық әрекеттері


2

Ананың арманы


Жолаушылар әңгімесінен кейінгі ананың үміті мен күдігі

3

Мәңгүрт баламен кездесу


Баланың селт етпеуі, анасының үгіттеуі. Бесік жыры

4

Түйелі жуан-жуандар



Ананың соңғы шешімі

5

Құсқа айналған жаулық


«Атпа, құлыным, мен сенің анаңмын! »Баласының анасын өлтіруі








  1. Топ жұмыс істеу бағыты: Еріксіз мәңгүрт дегеніміз не?

(Еріксіз мәңгүрт- Жау қолына түскен адамдардың тағдырлары )

  1. Топ жұмыс істеу бағыты: Ерікті мәңгүрт дегеніміз не?

(тілін, халқын, ата-тегін, дінін ұмытқандар)











   -Жерді, суды тартып алса, мейлі, байлығыңды тартып алса, мейлі, тіпті жаныңды алса да мейлі,- дейді ана үнін шығарып…- Ау, адамның ақыл-ойын тартып алуды қандай қара жүрек ойлап тапты, Құдай-ау?!



1 Шығармадағы «мәңгүрт»  сөзінің астары неде деп білесіңдер?

















































2 Қазіргі заманның «мәңгүрттері» деп қандай адамды айтуға болады?











































 №14

«Мендік пікір» аймағына ену арқылы шығармадан алған әсерін       жеткізу ( өз ойларын жазады)

  Мені қинағаны…

 

Мені түңілдіргені…

 

Мені жұбатқаны…


Мені өкіндіргені…


Мені үрейлендіргені…


Мені сүйсіндіргені…


Мені қуантқаны…


Мені  қайраттандырғыны…


Менің  тілегім…


Мені қызықтырғаны…


Біздің түйгеніміз…











8



Мәңгүрттік-мәңгілік трагедия



Мәңгүрттік-төл мәдениетті ұмыту. Ұлттық әні, күйі, домбырасы мен қобызының, сырнайы мен сыбызғысының үнін естіп, одан  зәредей де ләззат ала алмайтын жастар көбейіп келеді. Қазақ әнінің оның орнына шет елдің әуенін қойып берсең, жүзіне қан жүгіріп, көзінде жылт еткен ұшқын пайда бола бастайды. Шет елдің даңғыра әуендерінен  кесірінен төл өнерге, төл мәдениетке деген талғамнан айрылған, рухани мәңгүрт ұлтқа  айналып баратқанымызды да байқаудан қалдық. Жастайынан  Құрманғазының «Сарыарқасын», «Көбік шашқаны» мен Динаның «Әсем қоңырын», Қазанғаптың «Домалатпай», «Көкіл», «Құс қайтаруын», Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқасын» тыңдап, содан жас жанына ләззат алып, солармен бірге қуанып, солармен бірге мұңайып өспеген адам төл мәдениетті қайдан түсінсін? 


























8




Мәңгүрттік – адам бойындағы  имансыздық. Иманы жоқ адам – қуыс кеуде, санасы сайтанға құл болған, ар-намысы өлген, тектілігін жойған жан.

Атаны билеп ұл кетті,
Қожаны билеп құл кетті,
Баласы келсе он беске,
Ата-анадан күн кетті,
Білмеді бала құрметті,–дегенде күндердің күні болғанда туған ата-анасынан, баласынан безініп, мүлдем ажырап, мәңгүртке айналатын ұрпақ көбейіп кететінін дәл болжады ма, кім білсін?!

 

Мәңгүрттік-діннен безіну. Қазіргі уақытта 11 пайыз қандасымыз өз дінінен безініп, бөтен пиғылдың шылауында кетіп отыр. Жат діннің құрбанына айналған көген көздерімізді сара жолдан адастырып, азғырушы 500-ге жуық шетелдік миссионердің жұмыс салдары осындай. Бүгін сол дінін сат­қан жастарымыздың күні ертең Отанын да сатпасына кім кепіл?

 «Байығың келсе, жаңадан дін ойлап тап» деген сөзді қасиетті кітапта «аса алдаушы» деп аталған адамзаттың жауы – сайтан лағынның пенделерді алдап, азғындыққа салу үшін ойлап тапқан амал-айласының бір парасы десе болады. Мәселен, бүгінгі күні елімізде әр 5 жыл сайын бір жаңа діни ағым пайда болады екен. Олардың арасында кімдер жоқ дейсіз. Жылтыр сөзбен адамдарды арбап, құлдыққа түсіретін «бейкүнә» секталардан бастап, ашықтан-ашық сайтанға табынуды уағыздайтын, азғындықты басты бағдары етіп алған анайы секталар да жетіп артылады.

Мәңгүрттік-есірткіқұмарлық.  Есірткі-грек тілінде "ұйқы” мағынасын білдіретін "narke” сөзі, ағылшын тілінде "narkotik” деген сөзге айналып, ұйықтату, жансыздандыру, сезімсіздендіру деген мағынаны береді.. Есірткі дегеніміз адамның орталық жүйке жүйесіне әсер етіп, рухани және физикалық тепе-теңдікті бұзатын, рухани және физикалық тәуелділікке жол ашатын, жеке адам және қоғамдық жағынан экономикалық және әлеуметтік құлдырауға әкеліп соғатын заттар. Есірткі қару контрабандасында, тыңшылықта, бір мемлекеттің басқа мемлекет жастарын аздыруда, заңсыз жолдармен табыс табуда ең әсерлі және ең көп пайдаланылатын құрал.

Біздің ортақ келешегіміз – ізгілікті және өсіп-өркендеген Қазақстан! Елбасымыздың сөзінде  «Қазақстандағы қоғамдық келісім, ең алдымен, қазақтың келісімі екендігін мықтап есте сақтау мүмкін емес». сақтаған абзал. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша, мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес.»
















































Ғылыми - шығармашылық жұмыс нәтижесі.



«Адамның өз ынтасымен талап-мақсат қойып,оны өзі таңдаған талпыныс,ізденіспен игеруі өзіне де,өзгеге де,қоршаған ортаға да пайда келтіреді.Ұдайы ізденген адам өз бетімен білімін жетілдіріп, өздігінен дами алады»

Ж.Аймауытов

Атырау облысы,Құрманғазы ауданы, Н.К.Крупская атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Максотова Калиса Еламанқызы.

Менің мұғалімдік қызметім ең алғаш Ганюшкин ауылдық гимназиясын бітіргеннен кейін 1994-1995 жылы М.Әуезов мектебінен басталды.1999 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірдім.1999-2002 жылдары аудан мектептерінде-Абай, Еңбекші, Әбу Сарсенбаев, Атырау қаласында Ғани Мұратбаев мектептерінде өз мамандығым бойынша жұмыс жасадым.Н.К.Крупская атындағы жалпы орта мектебінде 2003 жылдан бастап қазақ тілі мен әдебиеті пәінінің мұғалімі қызмет жасап келемін.

Еңбек өтілім  22 жыл.  І санатты.

Мұғалім – мектептің басты тұлғасы. Мемлекеттің  білім саясаты осы мұғалім арқылы жүзеге асырылады.  Ал, бүгінгі таңда мұғалім міндеті- рухани бай, жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыру.Қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын, қазіргі қолданып жүрген пән ерекшеліктеріне қарай қолдана білу – оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы.

Шығармашылық позициям:«Адамның өз ынтасымен талап-мақсат қойып,оны өзі таңдаған талпыныс,ізденіспен игеруі өзіне де,өзгеге де,қоршаған ортаға да пайда келтіреді.Ұдайы ізденген адам өз бетімен білімін жетілдіріп, өздігінен дами алады»

Көкейтесті мәселем:Көркем шығарманың рухын асқақтатып,ұлттық құндылықтың қуатты күшін ұрпақтың жан дүниесіне ерекше әсер ететіндей сезіндіру,сезімін оятып,жүрегін жылытатын,көңілін нұрландыратын,өмірдің бағыт-бағдарын айқындай алатын, ұлттық танымдылықтан ұлағат алатын, тың ізденіспен, шығармашылықпен жұмыс жасайтын жеке тұлғаны қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже, ізденіс тақырыбым:  «Қазіргі заман білім беру парадигмасының тиімді әдістерін қолдана отырып, оқушылардың шығармашылығын және білім сапасын арттыру»

Мақсатым: Оқушыларды да шығармашылық жұмысқа тарта отырып, өзіндік пікірі бар белсенді тұлға етіп тәрбиелеу.

Мен үшін әлемдегі бар ұлылық пен парасаттылық,сыпайылық пен салтанаттылық,кемеңгерлік пен кішіпейілділіктің,төзімділік пен даналықтың тау тұлғасы,биік үлгісі-Ұстаз ұлылығы дер едім.Ұлылық – адам баласының әр кезде талмай таңданатын қасиеті. «Ұлылықта-қажыр-қайрат,ұлылықта-өмір,ұлылықта-көркемдік пен болашақ бар» дегендей,баланың түпсіз терең жан дүниесін түсіне білу - тек ұстаздың жүрегінде ғана жазылған ұлы қасиет.Осы қасиетті ұғындырып қана қоймай,жүрегіме мәңгілік жыр мен нұр ұялатқан аяулы да ардақты ұстазым, ақын Гүлзада Ниетқалиеваның осы мамандықты таңдауымда жан дүниеме ерекше әсер етті.Өйткені,мен 17 жасымда,мектеп бітіргеннен кейін бірден мұғалім атандым.Менің кішкентай ғана талабыма сенімділікпен қараған ұстазымның жанарында үміт ұшқынының ұялағанын байқадым.Өмір сахнасында әлі күнге дейін сол ұстазымның болмысы көз алдымда,ал қажырлы еңбегі мен ұлағатты сөздері көкірегімде сайрап жатыр.Міне,ұлылық деп осыны айт.

Міне, мен де ұлы мамандық иесі «ұстаз» атандым.Менің ұстаздық жолындағы мақсатым:«Сөз өнері – дертпен тең» дегендей, киелі де құдыретті ,қасиетті тілімнің құдыреттілігін таныту, мәртебесін арттыру,ұрпақ зердесіне ұялар тіл оралымдылығын арттырып,өзіндік ой-өрісін кеңейту, ұлтжандылық сезімдерін ұлттық үрдісте тәрбиелеу,жаңа иновациялық технологиялар негізінде жан-жақты даралаған жеке тұлғаны қалыптастыру.Білім алу,іздену-үздіксіз үдеріс,сондықтан да үнемі өз білімімді жетілдіруге ерекше мән беремін. «Адамның өз ынтасымен талап-мақсат қойып,оны өзі таңдаған талпыныс,ізденіспен игеруі өзіне де,өзгеге де,қоршаған ортаға да пайда келтіреді.Ұдайы ізденген адам өз бетімен білімін жетілдіріп, өздігінен дами алады» деп ұлт жаршысы Жүсіпбек Аймауытов айтқандай,осы қағида өмірлік ұстанымым десем де болады. Оқыту үдерісінде әр сабақтың мақсатын оқушының жеке мақсатын айқындайтындай,даралық сипатын ашатындай,шығармашылық ізденісін арттыруға,бір-бірімен бірлесе жұмыстануына ,проблемалық мәселелерде түйінді ой-пікірлерін ашық айтып,дәлелдеуге, сыни тұрғыдан ойлауға, жас ерекшеліктеріне қарай жеке әрі кеңейтілген тапсырмаларды шығармашылық деңгейде орындай алу мүмкіндіктеріне қарай жоспарлап, жұмыстарының нәтижесіне талдау жасаймын. Сабақта және сабақтан тыс уақытта да дебат,іскерлік ойын,сайыс,көрініс,рухани сырласу сабағы,модульдік,сын тұрғысынан ойлау,ой таным сабақтарын түрлендіре өткізу арқылы оқушылардың ана тілінде еркін сөйлеп,өз ой-пікірін ашық,әдемі де әуезді сөздерді шешен тілмен жеткізу, сөз өнерінің қыр-сырын терең меңгертіп,халық даналығынан нәр алғызу арқылы талаптандыра алдым деп айта аламын. Оған дәлел - түрлі сайыс,байқауларда оқушыларымның сөз өнерін жан-тәнімен сүйіп, нақышына келтіре мәнерлеп оқып,жүлделі орындарды иеленуі.Ұстаздық ұстанымымда мен үшін ең алдымен шәкіртімнің адам болып қалыптасуы маңызды.Ұлы Абай айтқандай,адам болудың бес асыл ісінің бірі-«терең ой», адамдықтықтың үш қасиеті- «ыстық қайрат», «нұрлы ақыл», «жылы жүрегі» қалыптаспаған адамда тұлғалық қасиеттің болуы мүмкін емес.Ал, «Жүрегімнің түбіне терең бойла..» деген Абайдың қырық бес қара сөзі - тәрбиенің түп қазығы,өмір сүрудің қағидасы.Ендеше,ұлы қағиданың ұлылығын таныту-ұстаздың қолында.

«Бала жүрегі - кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт тұру керек» - деп, М. Шаханов ағамыз айтқандай,  әр баланың жүрегіне жол табу, бала бойындағы дарынды ашу мұғалімнің ең басты міндеті деп ойлаймын.

«Ұстаз» - Қаратаудың қойнауындай тереңде жатқан кенді ашып, білім мен ғылымның жемісінің дәмін таттыратын, армансызға арман ұялатып, қанатсызға дарын қанатын бітіретін ғажайып күш иесі. Менің мамандығым әлемдегі ең қажет мамандықтардың бірі. Сондықтан мен өз мамандығымды мақтан тұтамын.                                                          

Ұстаз еңбегі оқушы білімімен өлшенеді десек, ұстаз еңбегінің күрделілігі әрбір оқушы жүрегінен жол таба білуінде. Әрбір баланың бойындағы қабілетті дамыту арқылы өзін, өмірді, әлемді танып білуге, қоғам алдындағы жауапкершілік қасиеттерін сезіндіре білуінде жатыр. Баланың жеке тұлғасын қалыптастыру – оның рухани әлемін байыту, жеке дарындылығын дамыту.Менің мақсатым –киелі де құдыретті сөз өнері арқылы шәкірт жүрегінде ұлтжандылық,танымдылық пен талғампаздық қасиеттерді ұялатып,ана тілінің мәртебесін асқақтату,

«Бұлақ көрсең ,көзін аш» дегендей,әр баланың бойындағы даралық,дарындылық, қабілеттілік танымдылық қасиеттерін дер кезінде анықтап,қажеттілігіне қарай әрекет етпесек,баланың жан дүниесі өмір бойы рухани құлдырауға ұшырайды.Мен бастауыш буыннан орта буынға келген оқушыларға дәріс беремін,әрқайсысының болашағы үшін алаңдаймын,баламен жұмыс жасауда өзіме ләззат аламын.Мен үшін мамандығым-мақтанышым,шәкіртім-мәртебем.Мұғалімдік қызметімдегі маңызды дүние - жекелеген оқушылардың тақырыпты қабылдау ерешелігіне қарай әрекет ету,өзіндік көзқарас,салыстырмалы түрде сипаттама беру,сыни тұрғыдан ойлау,талдау,іздену,зерттеу,шығармашылық танымдық жұмыстарға бағыттау,бағдарлау.Сабақтарымда әрі тәрбие жұмыстарында да жаңа технологияларды: ақпараттық-коммуникативтік технологины,дамытаоқыту,деңгейлеп,жас ерекшелігіне қарай оқыту,сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолданып отырамын.

Жаңа оқыту технологиясы негізінде өткізілген сабақ үрдісінде    өзімнің іс-әрекетім.

1.Топқа бөліп, ой қозғау, салыстырмалы түрде талдау,ой жинақтау.
2. Тақырыпқа сыни көзқарас негізінде ой талқы.

3.Шығармаға қатысты проблемалық дәлелдемелер ұсындым. 
4.Шығарманы талдауға пікірталас ұйымдастырдым.

5.Оқиғадағы өзекті мәселелерге оқушы көзқарасын анықтадым.
6.Шынайы өмірмен байланыстыру арқылы баға беруге бағыттадым.

Оқушы белсенділігі:

1.Топтарда жұмыс жасады.
2. Мәтінмен өздері ізденіп, топтаса,жұптаса жұмыстарға сипаттама береді. танысты.
3. Әр түрлі әдістер арқылы шығарманы сыни тұрғыда шығармашылықпен саралады.
 
4. Жеке кейіпкерлерді талдады, олардың іс-әрекетін зерттеді.
5. Ой қорытып, оны қағаз бетіне түсірді.

Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды көздейді. Нәтижелі сабақта оқушы жауаптарынан ойындағы айтар сөзін жүйелеп жеткізуге тырысуынан, өзгелердің жауабынан ой түйіп, басқаша қырынан танылуынан, әрбір ситуациялық мәселелерді жан-жақты қарастыруға белсенділік танытуынан көрінді.

Шығармашылық жұмыстар бағытындағы 2014-2017 оқу жылдарындағы жетістіктерім туралы

2016 жылы- Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша аудандық олимпиадада Сүлейменова Назерке -3 орын,2012 жылы «Кең байтақ елім бар» аудандық шығармалар байқауы- Гильманова Айдана -2 орын,«Ертегілер елінде» аудандық байқауда оқушылар тобы -Алғыс хат, «Өлең -менің Шоланым,Айым,Күнім» аудандық Мағжан оқулары -3 орын, 2015 жылы «Кітап оқитын адам-табысты адам» аудандық байқауда Ихсанова Асылай- 2 орын, «Менің топырағым» атты Жұмекен оқуы байқауы,аудандық-3 орын, «Ар-намысым,қасіретім,мақтанышым-желтоқсан» атты ауд. байқау- Алғыс хат,2015 жылы Аудандық «Жарқын болашақ» олимпиадасы «Сөз шеберлері» бағыты бойынша-1 орын,Қабдулхамитова Нұрдария,2016- 3 орын,2017 жылы -2 орын, «Жазушылар» бағыты бойынша Ихсанова Асылай-Алғыс хат.

«Үздік филолог» аудандық байқауы –III орын,2013 жылы

Сертификат - «Нұр –Астана» Педагогика және психология орталығы -2016 жылы

Облыстық педагогикалық оқу – Тақырыбы: «Ақын-жазушылардың филоофиялық ой-пікірін таныту», 2010 жыл, алғыс жарияланды.

Иновациялық-педагогикалық идеялар аясында Қолданбалы және элективті курс (авторлық) бағдарламаларының облыстық байқауы - Құрмет грамотасы,марапат

2013-2014 оқу жылында ҰБТ қорытындысы бойынша 2 оқушы-Қайыржанова Нұргүл,Сүлейменова Айсұлу «Алтын белгі иегері», 1оқушы Сұлтангереева Жарқынай – «Қазақстанның үміт артарлары»аттыкітабына енді

«Көркемсөз –жан сәулесі» дегендей, аудандық, облыстық газет,баспасөз беттеріне мақалаларымды ұсынып отырамын.











Олимпиада қорытындысы

Жылы


Пәні

Оқушының

аты-жөні

Сыныбы

Орын

Олимпиада

деңгейі

2015-2016


Қазақ тілі менн әдебиеті

Сүлейменова

Назерке

8 «А»

III

Аудандық





Шығармашылық жетістіктер туралы мәлімет

2016-2017 оқу жылы

Р/с

Оқушылардың аты-жөні

Сыныбы

Байқау,сайыстар атауы

Нәтижесі

1.

Гильманова Айдана

11 «Б»

«Кең байтақ елім бар» шығармалар байқауы

Аудандық

Диплом

IIорын,2014 жылы

2.

Аудандық

«Үздік филолог» байқауы


Аудандық байқау

Аудандық диплом

III орын,2013 ж


3.

«Кітап оқитын адам – табысты адам» , «Сүйікті жазушымның сүйікті кітабы»

байқауы

Ихсанова

Асылай

7 «А»

Аудандық

Диплом

II орын,

2015жылы

4.

Жұмекен оқуы байқауының II кезеңі бойынша


7-11-сынып оқушылары

Аудандық

Алғыс хат,

2014 жылы


5.

«Кең байтақ елім бар» шығармалар байқауы

Гильманова Айдана

11-сынып

Аудандық

Диплом

IIорын,2014 жылы

6.

«Ертегілер елінде» байқауы


5-11- сыныптар

Аудандық

Диплом

IIIорын,

2014 жылы

7.

Жұмекен оқуы байқауының II кезеңі бойынша


6-11-сынып оқушылары

Аудандық

Диплом

IIIорын,

2015 жылы

8.

«Жарқын болашақ» олимпиадасы

Ихсанова Асылай

6 «А»

Алғыс хат,

2015 жылы


9.

«Ар-намысым,мақтаны-

шым-желтоқсан» сайысы


7-11-сынып

оқушылары

Алғыс хат,

2015 жылы

10.

«Жарқын болашақ» олимпиадасы

Қабдулха-

митова Нұрдария

8 «А»

Диплом

III орын,

2016 жылы

11.

«Жарқын болашақ» олимпиадасы

Ихсанова Асылай

8 «А»

Алғыс хат,

2016 жылы

12.

Аудандық қазақ тілі мен әдебиет пән олимпиадасы

Сүлименова

Назерке

7 «А»

Диплом

III орын,2016

жылы

13

«Жарқын болашақ» олимпиадасы

Қабдулха-

митова Нұрдария

7«А»

Диплом

I орын,2015

14

«Жарқын болашақ» олимпиадасы



Қабдулха-

митова Нұрдария

8 «А»

Диплом

II орын,2017















Кәсіби даму нәтижесінің динамикасы

















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!