Материалдар / Шынжырға байланғандар
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Шынжырға байланғандар

Материал туралы қысқаша түсінік
Құмар ойындар қазіргі кезде түрлері көп.Әлеуметтік желіде уақытын осындай құмар ойындарға арнап,уақытын босқа өткізіп,кейін күйзеліске түсіп,өз өмірлерін пайдасыз,босқа өткізуге мәжбүр болады.Сондықтан мұндай әуестіктің арты құмар ойынға ұласпас үшін адам мүлдем жоламағаны дұрыс.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қазан 2022
276
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Шынжырға байланғандар.

Данышпан Абай атамыз : «Өсек,өтірік,мақтаншақ,еріншек,бекер мал шаш-

пақ, Бес дұшпаның білсеңіз» демекші бұлар нәпсінің құмарлары білген адамға.

Яғни адам баласы өз нәпсісін тыя алмаса осындай байланып,мағынасыз өмір сүруі мүмкін.Суреттерде темір шынжыр құрсауына байланған адамдарды көрдім.Неліктен дейсіз ғой? Бұл мәселе әлем бойынша азаматтардың жаһандық деңгейге дейін өсіп,шешілмей келе жатқан ең күрделі де,түйінінің шешілуі де қиын проблемалардың бірі.Байланып қалуға дейін әкеліп соғатын жағдайлар-

дың бірнеше салдары бар.Мысалы,адам өзінің көп уақытын әлеуметтік желіде құмар ойындарға арнауы, діни сауатсыз болса алдау мен арбаудың жолында

ақ пен қараны ажырата алмай алданып,құрбан болуы (Сирияға кеткендер) немесе қаражаттың жетіспеушілігінен мұқтаждыққа бой алдырып өмірден адасуы т.б.Мұндай жағдайларға ұшыраған пенде өз кезегінде амалы мықты,тек қара басын ойлап,үлкен пайда көруді мақсат еткен адамсымақтарға ұрынатыны айдан анық.Олар бірінші кезекте жылы сөздерімен психологияларына әсер етіп,жаны ашыған кейіп танытып,өздеріне сендіріп,кейін торларына түсіреді.

БҰҰ мәліметіне сүйенсек әлемде жасырын түрдегі «құл базарлары» көбейген.

Ал бұл қазіргі уақытта ең табысты бизнес болып тұр.Құл базарында немесе өзін шынжырға байлап берген пенделер сол баяғы нәпсінің жетегінде кеткен жандар екені дәлел.Ендеше,уақыт зымырап өте береді,сіз шынжырға байланып қалды екен деп ешнәрсе сізді күтіп тұрмайды.Мұнда уақыт ұтылмайды,керісінше сіз ұтыласыз.Рухани күйзеліске ұшырап,өмірде адамдарға пайда келтіре алмай,

қара басыңыздың жайын күйттеп,уақытыңызды өткізіп аласыз да,өкінішпен өткен өміріңізді еске алып,күйінішпен қаласыз.Сондықтан да саналы түрде мұндай өкіндіретін істерге қолыңызды былғамай,дүниеде кірпіш секілді пайдалы болуды ойлап,әрекет жасасаңыз, әсте ұтылмайсыз да.Мұны әрдайым есіңізде ұстағаныңыз абзал.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!