Сабақ
барысы:
Ұйымдастыру кезеңi. Жағымды күйге
келу. Нұрға
бөлену.
Ыңғайланып отырыңыздар,
денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.
Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді
жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн
нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.
Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі
нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр
ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,
жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің
бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе
түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз
нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді
және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр
сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге
апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің
аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі
сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз
тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де
жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді.
Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі
ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын
және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға
сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге,
достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей,
ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға
толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге:
барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға
таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша
айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен
Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат
және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды
жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің
жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға
болады.
Сұрақтар:
Қандай күйде
болдыңыздар?
Жаттығу қалай әсер
етті?
Ішкі тыныштыққа келе
алдыңыздар ма?
Қорытынды:
Олай болса,
бір-бірімізге жақсы тілектер тілейік. Осы тыныштық күйімізді сақтап
қалайық.
Үй
тапсырмасын тексеру.
«Түлкі мен ешкі»
ертегі оқуға берілген болатын.
«Түлкі
мен ешкі»
Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға
түсіп кетіпті.
Шыға алмай тұрғанда, бір ешкі су іздеп жүріп, әлгі
апанға кез болып,түлкіні көреді.
- Ей, түлкі батыр, не қылып тұрсың? – депті.
- Ой, не қыласың, жаным жай тауып тұр. Қырда әрі сусап, әрі
ыстықтап өліп едім. Апанның іші әрі салқын, әрі түбінде тұп тұнық
суы бар екен, – депті түлкі.
Мұны естіп ешкі: «Мен де салқындайын, әрі су ішейін»,
– деп ойлап, секіріп апанға түсіпті. Сонда түлкі секіріп ешкінің
үстіне мініп, онан мүйізіне табан тірепті де, ырғып далаға шығып,
жөніне кетіпті.
«Өтірікке алданба, басың бәлеге душар
болар» деген сөз осыдан
қалыпты.
Сұрақтар:
-
Балалар, түлкінің әрекеті туралы не айта
аласыңдар?
-
«Өтірікке алданба, басың бәлеге душар
болар» дегенді қалай түсінесіңдер?
-
Адам өтірік айтқанда өзін қандай сезінуі
мүмкін?
Балалардың жауаптары
тыңдалады.
Мұғалім жаңа
тақырыпты түсіндіру мақсатында оқушылармен
әңгімелеседі.
Балалардың жауаптары
тыңдалып түйінделеді.
-Жарайсыңдар,балалар!
Өте дұрыс айтасыңдар! Жақсы бала әдепті, сыпайы, қамқор, қайырымды,
жауапкершілікті болады.
Сондай жақсы
қасиеттердің бірі-шыншыл болу, өтірік айтпау.
Балалардың жауаптары
тыңдалып, түйінделеді
- Дұрыс айтасыңдар, әдепсіздік, қайырымсыздық,
жауапсыздық, қызғаншақтық, ашушаңдық-адамға жат қасиеттер. Сондай
адамға жат қасиеттердің бірі-өтірік айту. Біз бүгінгі сабақта
шындық пен өтірікті ажыратуға үйренеміз.
|