«Сынып жетекшісінің бала тәрбиесіндегі алатын орны»

Тақырып бойынша 16 материал табылды

«Сынып жетекшісінің бала тәрбиесіндегі алатын орны»

Материал туралы қысқаша түсінік
эссе
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы қаласы

Наурызбай ауданы

208 мектеп-гимназиясының

Бастауыш сынып мұғалімі

Әбдірайым Балнұр Мәмбетқұлқызы



«Сынып жетекшісінің бала тәрбиесіндегі алатын орны»

Бала тәрбиесіндегі сынып жетекшінің атқаратын қызметін, бау өсіретін бағбанмен теңегім келіп тұр. Жас шыбықты қисық отырғызсаң – қисық, түзу отырғызсаң – түзу өседі ме? Оны отырғызып, баптау бағбанның шеберлігіне байланысты, солай ғой? Дәл солай, сынып жетекшінің қызметі бағбанның еңбегімен пара-пар. «Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы», «Шәкірттеріне қарап –ұстазын таны» деген асыл сөздер тап осы сынып жетекшіге арналып айтылған десек қателеспеймін. Яғни, әрбір білім алушысын білімділікке дағдыландырудағы басты тұлға – сынып жетекшісі. Сонымен, сынып жетекшісі бала тәрбиесіндегі рухани сәулеткер, бағбан ретінде бағаласақ, өз туған анасынан кейінгі екінші анасы деуге де болады.

Сынып жетекші үшін әр білім алушы ашылмаған құпия. Сол құпияны білу үшін, өз сыныбындағы оқушының мінез-құлқындағы ерекшелікті, жан-дүниесін, жанұядағы тәрбиені зерттеп, білмейтін болса – ол құпияның кілтін таба алмайды. Әр оқушының тілін тауып, оның жан дүниесін ұғынбаса ол сынып жетекші оқушы жүрегінен орын таба алмайды.

Сыныбындағы оқушыларды жақсы тану үшін әртүрлі сыныптан тыс тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастыру керек. Тәрбиелік іс-шаралардың түрлері өте көп.

Мен өз тәжірибемде, оқушыларды танып, оларға дұрыс бағдар беру үшін түрлі сұрақтарды қойып, ойын, сурет салу арқылы ұйымдастырамын. Сонымен қатар, саябаққа қыдыру, театр, музей аралап жақсы бағыт беріп, рухани бай болуына ықпал ету арқылы тәрбиелеймін.

4-сынып оқушыларыммен бірге саябақта демалыстан естелік


Кітапханада халық ертегілерімен танысып, кітап оқуда

Сынып жетекшісі оқушыларға ұрысып емес, саналы тәрбие, аз сөзге көп мағына сыйғызып түсіндіру арқылы өзін-өзі тәрбиелеуге, жіберген қателігін түзеп, қайталамайтын жағдайға жетуге үйретуге болады.

Әр шәкіртінің бойындағы қабілет, дарынын уақытында байқап, пән мұғалімдерімен, ата-анамен тығыз байланыс жасап, болашақ өмір жолына пайдасы тиетіндей олимпиада, ғылыми жоба жарыстарына қатысуын қадағаласа орасан пайда келтіргені...

Осы орайда мен өз оқушыларымның қызығушылықтарына қарай түрлі конкурстарға қатыстыру арқылы олардың сабаққа деген ыталарын арттырып, белсенділіктерін нығайтып келемін. 4-сынып оқушыларым Рүстемқызы ШОлпан, Рүстемқызы Айман сурет үйірмесіне қатысу арқылы жүлделі орындар иеленсе, Абдығарып Шерхан оқушым Республикалық «Зерде» ғылыми жобасына қатысып, Бурабайдан 2-орын алды..

Сынып жетекші оқушылардың бойындағы талантын ашып, қолдау білдіріп отыру керек. Ата-ана, мектеп, мұғалім осы үштік бірігіп, саналы ұрпақты тәрбиелеп шығуымыз керек. Көмекбай Дидар, спортты жаны сүйіп, қазіргі таңда жүлделерді қанжығасына толтыруда.

Тәрбиенің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатт, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да жақсы қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу.

Қорытындылай келе, «Адамға ең бірінші білім емес тәрбие керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне опат әкеледі» - дейді Әл-Фараби. Менің сынып жетекші ретінде басты арманым, білім беріп, тәрбиелеген шәкірттерім өмірде қателеспей, сүйікті мамандығының иесі болып, Отанына, ата-анасына қызмет ететін азамат болса, қай ортада болмасын, өзінің тәрбиесімен ерекшеленіп, халық ілтипатына ие болса, менің миссиямның орындалғаны.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.05.2023
414
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі