Материалдар / Сынып сағаты : Ұлттық валюта - теңге күні 5 "Ә " сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сынып сағаты : Ұлттық валюта - теңге күні 5 "Ә " сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру. Басқа ел валюталарымен таныстыру. Жаңадан айналымға енген ұлттық валюта, оны енгізудің қажеттілігі, безендірілуі туралы кеңірек таныстыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қараша 2022
1188
8 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«№10 жалпы білім беретін мектеп» КММ

 

 

Тәрбие сағатының тақырыбы:

 

 

                                                                                               Орындаған:

5 «Ә» сынып жетекшісі

Унгарбаева А.С. 

Кітапхана меңгерушісі:

Рыскалиева Ж.О. 

 

 

 

 










 

Актау -2022

Ұлттық валюта- теңге күні

Мақсаты: Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру.

Білімділік: ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру. Басқа ел валюталарымен таныстыру. Жаңадан айналымға енген ұлттық валюта, оны енгізудің қажеттілігі, безендірілуі туралы кеңірек таныстыру.

Дамытушылық: оқушылардың ақша туралы түсініктерін кеңейту, белсенділіктерін дамыту.

Тәрбиелік: оқушылардың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін ояту.

Көрнекілігі: ақшаның түрлері, суреттер

Ұйымдастыру кезеңі : Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындау.

Барысы: Қайырлы күн, оқушылар! Біздің Отанымыз - егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті. Олай болса Тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай, құрметтеп келер ұрпақтар қолына аманат етіп тапсыруға тиіспіз. Бүгінгі сынып сағатымызды жұмбақпен бастамақшымын:

Әлемнің тынысы

Байлықтың белгісі

Ол не балалар? -... (ақша, теңге)

Олай болса «Ұлттық валюта-теңге күні» атты сынып сағатымызды бастаймыз.

Әр мемлекеттің өзіне тән белгілері болады. Бүгінгі сабағымызда сол басты белгілердің бірі Қазақстанның ұлттық валютасы теңге туралы әңгімелейміз.

Ақша ертеден адамзат пайда болуымен қатар өмір сүріп келеді. Әлемде күн сайын қыруар адам тауар сатып алғанда, қызмет атқарғанда ақшамен байланыста болады.

Ақша ( теңге) дегеніміз не? (барлық басқа тауарлардың құнын көрсететін ерекше тауар)

Ақша не үшін қажет?

Ақша қайдан келеді?

Ақша-жалпыға бірдей балама ретінде барлық басқа тауарлардың құнын көрсететін ерекше тауар. Ақша барлық тауар өндірушілер, сатушылар, тұтынушылар арасындағы экономикалық байланысты қамтамасыз етеді.



Түсіндірме жұмыс: теңгенің шығу тарихы туралы баяндалады

Қазақстан валютасының пайда болу тарихы

1991 жылға дейін КСРО құрамына енген 15 республикалардың ортақ ақшасы-рубль болды. Тәуелсіздік алғаннан кейін әр ел өзінің теңгелерін шығара бастады. Елімізде ақшаны бастыратын фабрика жоқ болатын. Тіпті құнды қағаз бастыратын қаржы да тапшы болатын. Теңгені дайындау үрдісі өте құпия түрде жүргізілді. Оның бәріне қаржы керек болды, сондықтан Жоғарғы Кеңестің және Елбасының келісімімен Қазақстанда өндірілетін алтын мен күмісті сатып ала бастады. 1990 жылдардың басында Қазақстан бар болғаны 6 тоннадай алтын шығаратын. Бір жылдың ішінде бұл көрсеткіш 8 тоннаға жетті, екінші жылы 10 тоннадан асып кетті. Осылайша алтын қор құрылды. Кеңестік рубльдер 1993 жылғы 15 қарашада сағат таңертенгі 8:00-де теңгемен ауыстырыла бастады. Бұл күні Ұлтық валютаның туған күні болып саналады.

(Алғашқы қағаз ақшалар қай елдерде пайда болды?

Алғашқы қағаз ақшалар б.з. 12 ғ. Қытайда, 1690 ж. Ұлыбритан отары болған солтүстік Америкада, 1762 ж. Австрияда және 1769 ж. Ресейде пайда болды.

Қазақ жерінде пайда болған монеталар мен қағаз ақшалар туралы не білесіңдер?

Б.з. 704-706 ж. Таразда арнайы теңгелер құйылып айналымға енгізілген. Оның бетінде « Түргеш қаған теңгесі» деген анықтама жазулар болған. Орта ғасырда Қазақстан жерінде Тараз, Отырар қалаларында теңге соғатын сарайлар болған. 1271 ж. айналымға енген жаңа реформа бойынша алтын ақша орнына күміс ақшалар көбірек қолданысқа енгізілді.

Қазақ валютасын өмірге келтірген суретшілер: Тимур Сүлейменов, Мендібай Алин, Ағымсалы Дүзельханов. 1991 жылы теңге дизайнын әзiрлейтiн мамандар тобы құрылды. Осы топқа кiрген Тимур Сүлейменов, Меңдiбай Әлi, Досбол Қасымов, Ағымсалы Дүзелханов пен Хайролла Ғабжәлел ұлттық валюта дизайнын әзiрлеуге кiрiстi. Ал тиынның дизайнын жасау Айрат Исмамбетов пен Виктор Ивженкоға тапсырылды.

Тапсырма. Ұлы ғұламалар – теңгемізде. Төл теңгемізде ұлт қайраткерлерінің, батырлардың, хандардың суреттері салынған. Кәне балалар еске түсірейік.

1 теңгеде – Әл Фараби

3 теңгеде – Сүйінбай

5 теңгеде – Құрманғазы

10 теңгеде – Шоқан

20 теңгеде – Абай

50 теңгеде – Әбілхайыр хан

100 теңгеде – Абылай хан

-Біздің теңгеміз болашақта қандай болады деп ойлайсыңдар?

Олай болса, біздің теңгеміздің болашағы мынандай болады:

  1. оқушы

Теңге күнім – мерекем Әр адамның жүрегінде қуаныш,

Таптырмайтын тіршілікте сұраныс.

Енді, ағайын өз теңгеміз бар бізде,

Өз теңгемнен құралады үлкен іс.

2-оқушы

Теңгемнің беттерінде данышпандар,

Халқымның қамын ойлап қамыққандар.

Әл Фараби, Сүйінбай мен Құрманғазы,

Шоқан да теңгемізге бауыр басқан.

  1. оқушы

Ұлттық теңге – даму көзі елімнің,

Қазыналы – халық асыл байлығы.

Құндылығын сақтап мәңгі жерімнің,

Арта берсін, мәртебесі, бар жыры.

  1. оқушы

Міне, бүгін теңге күнім – мерекем,

Қандай дұшпан «олай - бұлай» дер екен.

Осы теңге арқасында келешек,

Елге келер тойымшылық, берекем.

5 - оқушы

Сол сияқты біліп ал:

Теңгенің де туған күні бар.

Он бесінші қараша ол,

Банк деген оның үйі бар.

Мақал – сөз мәйегі.

1. Теңге тиыннан өсер, Жылқы құлыннан өсер.

2. Ақша кетуге тырысады, Есеп ұстауға тырысады.

3. Ақша ашпайтын құлып жоқ.

4. Ақшада көз жоқ.

5. Ар-намысы таза адамның ақшасы аз болады.

Түйін сөз: Саябақта серуендеп кележатқан 2 достың әңгімесі.

2 дос саябақта келе жатып, біреуі кенеттен жерге еңкейіп, 1 теңге тауып алады. Екіншісі оған:

- Оны қайтесің, оған ештеңе сатып ала алмайсың,-депті. Сонда досы:

- Мен елтаңбамды көтеріп жатырмын. Елтаңбамыздың еңсесі биік, көк байрағымыз көгімізде қалықтай берсін дейік. Ұлттық теңгеміздің – ұлттық құндылығы жоғалмасын. Елімнің мәртебесін аяқ асты етпей жоғары көтеріп жүру – өз басым парызым деп білем, - деп жауап беріпті.

Мен төл теңгемізге қатысты сұрақтар қоямын, сіздер жауап беріңіздер!

-Төл теңгеміздің туған күні? (1993 ж 15 қараша)

-Ақша сақтайтын мекеме. (Банк)

-Жеке есепшоты бар төлем-қағаз. (карточка)

-Ақша беретін құрылғы. (Банкомат)

-Төлемді растайтын қағаз. (Чек)

-Біздің елімізде қандай қалаларда «Теңге сарайлары» бар? (Өскемен мен Алматы)

-Теңгенің неше құпия қорғанысы бар? (16 құпия қорғанысы бар)

-Қазақ теңгесі қайда басылды? (Ұлыбританияда «Харрисон және оның ұлдары» атты банкноталық фабрикада)

Қорытынды сөз

Қазіргі кезеңде мемлекетіміз көтеріліп келеді, болашақта білімді , саналы азамат болып өсуімізге барлық жағдай жасалуда. Осы мүмкіндікті дұрыс пайдаланып еліміздің ертеңі жарқын болуына сіздер де ертең еңбек етесіңдер, соған лайықты ұлан болып өсіңіздер.

Тәуелсіздік таңы арайлап атып, егемендігіміз еңселі бола берсін дей келе бүгінгі сынып сағатымызды аяқтаймыз. Баршаңызға зор денсаулық, бейбіт өмір тілеймін. Назарларыңызға рахмет!







































































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!