Материалдар / Сынып сағаты "Абай Құнанбайұлы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сынып сағаты "Абай Құнанбайұлы"

Материал туралы қысқаша түсінік
сынп жетекшілеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Ақпан 2020
734
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Ақмола облысы

Жақсы ауданы

Запорожье ауылы

«Запорожье орта мектебі» КММ









Тәрбие сағаты

Тақырыбы:

«Абай –біздің ұлттық ұранымыз!»

(Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармаларынан)

5 «А» сынып
















Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:

Омарбекова Тазагуль Абдикамедовна

















Picture 4











Тақырыбы: «Абай –біздің ұлттық ұранымыз!»

(Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармалары).

Мақсаты: Абай шығармашылығының мағынасына терең үңіліп, түсінуге және халық оның шығармашылық мұрасына құрметпен, сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу;

Абай шығармашылығының мазмұнын эмоциялық сезінуге тәрбиелеу, көркемдік талғамын дамыту;

Абай шығармалары арқылы күрделі классикалық шығармаларға қызығушылығын қалыптастыру, оған шығармашылықпен қарауға бейімдеу;

Күтілетін нәтиже: -Абай туралы, оның асыл қазынасы туралы білімдері толығады.-Поэзияны сүйетін, эстетикалық сезімдері, дүниетанымдары жетілген тұлғалық қасиеттері дамиды.

-Адамды құрметтеу, оны бағалау сезімдері артады.

-Ұлтжандылық, Отансүйгіштік сезімдері қалыптасады. Азаматтық позициялары беки түседі.

-Адамзат баласын құрметтеу, ізгілік пен имандылықты өмірінің мақсаты ете білетін әділ, «халық» деп соққан жүрегі бар жан-жақты тұлға қалыптастыруға қол жеткізуге болады.-Абай шығармаларын өмірмен байланыстырып, салыстырып өз толғанысын қорытады.

Көрнекілігі: Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған слайдтар жиынтығы, қанатты сөздер, кітаптар.

Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс...”

Н.Ә.Назарбаев

Мұғалім: Көп адам дүниеге бой алдырған

Бой алдырып аяғын көп шалдырған

Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.

Қазақтың ұлттық философиясының негізін салушы, жаратылыстың құпиясына, табиғат пен қоғамның, адам мен заманның сырына терең бойлаған кемеңгер ойшыл, данышпан ақын, тарихи тұлға – Абай Құнанбаев. Абай атамыз адам тіршілігінің сан – саласын қамтып, кешегі мен бүгінді, болашақты ұштастырған дана әрі дара ақын. Халық тарихи дамудың қаншама асуларынан асып, қандайлық биігіне көтерілсе де Абай аты мен Абай сөзі әрдайым оның аузындағы жыры, көкірегіндегі иманы, санасындағы ар-ұжданы болып қала береді.

Ақын мұрасы – халқымыздың сарқылмас асыл қазынасы.

Шағын көрініс: Сахнаға Абай шығады. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін оқып.

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба

Ойнап босқа күлуге,

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз.

Тілеуің, өмірің алдыңда,

Оған қайғы жесеңіз.

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ -

Бес дұшпаның білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым ойлап қой -

Бес асыл іс көрсеңіз.

Мұғалім: Абай-ақын, Абай-дана, ойшыл, замана суреткері, Абай-кемеңгер, Абай-аудармашы, абай-сазгер, Абай-кемеңгер, композитор.

Шағын көрініс: Сахнада Абай қолына домбыра алып, өлең жазып отырады. ( үстінде ескі май шам және құс қауырсынынан жасалған қалам мен шыны құтыда сия.) Осы кезде Абай өзі ақырын дауыспан «Желсіз түнде жарық ай, Сәулесі суда діріл деп...» - деп бастайды. Сол кезде музыка ойналып, ортаға оқушы __________________ «Желсіз түнде жарық ай» әнін айтады.

Абай сәлден соң, орнынан тұрып өлең шумақтарын оқып сахнадан шығып кетеді.

Мұғалім: Ақын жазушылардың ішінде жылдың төтр мезгіліне арнап өлең жазған Абай атамыз ғана екен. Абайдың «Жазғытұрым», «Жаз», «Күз», «Қыс» өлеңдері оқылады, ағылшын тілінде.

1-оқушы:

Winter

Broad-shouldered, white-coated, powdered with snow,

Blind and dumb, with a great big silvery bread,

Grandad Winter plods on with a frown on his brow,

By everything living hated and feared.

Қыс

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр-мылқау танымас тірі жавнды,

Үсті-басы – ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап, келіп қалды. ...

2-оқушы:

Spring

How the poplars rustle when spring arrives!

The wind through the fields clouds of pollen drives.

All alive is caressed by the steppelend

The word like a happy family thrivers

Жазғытұрым

Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан-жануар, адамзат анталаса,
Ата-анадай елжірер күннің көзі. ...

3-оқушы:

Summer

When summer in the mountains gains its peak,

When gaily blooming flowers begin to fade,

When nomads from the sunshine refuge seek

Beside a rapid river, in a glade,

Then in the grassy meadows here and there

Жаз

Жаздыкүн шілде болғанда,
Көкорай шалғын, бәйшешек,
Ұзарып өсіп толғанда;
Күркіреп жатқан өзенге,
Көшіп ауыл қонғанда; ...

4-оқушы:

Autumn

The clouds are grey and gloomy, boding rain.

An autumn mist envelops the bare earth.

Chasing each other through the spacious plain,

To warm themselves, run foals of last year’s birth.

Күз

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.

Мұғалім: Балалар, Абай Құнанбаевті сонымен қатар аудармашы деп те айтамыз. Абайдың орыс әдебиетіне бет бұруына себепкер оның орыс достары Грось пен Михаэлис болды. Ол екеуі де Абай ауылында қонақта болып, Абайды орыс әдебиетімен таныстырған. Абай Пушкин, Лермонтов, Крылов, Толстой, Тургеневтің еңбектерін оқыған. Абай қазақ тіліне «Евгений Онегинді» аударды. Абай аудармаларын зерттеушілер қазір орыс әдебиетінен оның елуден аса аударған өлеңдері барлығын айқындап отыр. Олардың ішінде лирикасы да, баснясы (мысал өлеңдер) да, ұзақ өлеңдері де, сатиралық лирикалары да бар. Қазақ тіліне И.А. Крыловтың бір қатар шығармаларын аударды.

Солардың ішінде «Қарға мен түлкі»,»Есек аен бұлбұл», «Піл мен қанден», «Қарға мен Бүркіт» және «Шегіртке мен құмырсқа» атты басня аударылған.

Қазір біз И. А. Крыловтың «Шегіртке мен құмырсқа» баснясын аударған Абай атамыз екен. Ендеше, сол көрністі тамашалайық.

Көрніс: «Шегіртке мен құмырсқа»орыс тілінде.

Рөлдерде:
Автор-....................
Шегіртке- ...........................

Құмырсқа- ..............................

Стрекоза и Муравей

Попрыгунья Стрекоза
Лето красное пропела;
Оглянуться не успела,
Как зима катит в глаза.
Помертвело чисто поле;
Нет уж дней тех светлых боле,
Как под каждым ей листком
Был готов и стол и дом.
Всё прошло: с зимой холодной
Нужда, голод настаёт;
Стрекоза уж не поёт;
И кому же в ум пойдёт
На желудок петь голодный!
Злой тоской удручена,
К Муравью ползет она:
«Не оставь меня, кум милый!
Дай ты мне собраться с силой
И до вешних только дней
Прокорми и обогрей!» —
«Кумушка, мне странно это:
Да работала ль ты в лето?» —
Говорит ей Муравей.
«До того ль, голубчик, было?
В мягких муравах у нас —
Песни, резвость всякий час,
Так что голову вскружило». —
«А, так ты...» — «Я без души
Лето целое всё пела». —
«Ты всё пела? Это дело:
Так поди же, попляши!»
.

Мұғалім: Парасатты болып туған –

Шыңғыстаудың Абайы.

Ән мен жырын мұпа қылған –

Сарыарқаның Абайы.

Нақылымен сана құйған –

Қазағымның Абайы.

Ақылымен дана болған –

Бүкіл әлем Абайы, — деп ақын жырлағандай, бүкіл қазақ халқының ақыны болған Абай Құнанбайұлы.

«Өлді деуге сия ма ойландаршы,

Өлмейтұғын артына із қалдырған», — деп төрелігін өзі айтып кеткен Абай күні бүгінге дейін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге жасап келеді. Ұлы атамыздың бізге берген еншісі, қалдырған аманаты – асыл сөздері. Осы асыл сөздерін оқып, одан өнеге алу – әрқайсысымыздың парызымыз. Сондықтан да, біз бүгінгі сайысымызды Абай шығармашылығынан, қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, ауыз әдебиеті салаларынан алған білімдерімізді ортаға саламыз. Олай болса, сайысқа қатысушыларға сәттілік тілейміз.










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!