Материалдар / Сынып сағаты Амал келді-Жыл келді
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сынып сағаты Амал келді-Жыл келді

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып сағаты Амал келді-Жыл келді 2-сынып. 14 наурыз - Көрісу мейрамы, амал мерекесі. Мақсаты: Көрісу туралы түсінік беру. Қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қазан 2021
5636
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Авторы: Молдажанова Ақтолқын Жұмабекқызы

Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжі, 4-курс стуленті
Өткізілген күні: 22.09.2021

Тақырыбы: Амал келді – Жыл келді

Мақсаты: Көрісу туралы түсінік беру. Қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету.

Көрнекілігі: Нақыл, қанатты сөздер, киіз үй, дастархан, суреттер көрмесі.

Барысы: Кіріспе.

Мұғалім: Бір жасыңыз құтты болсын! Жыл жасыңыз құтты болсын!

Амал күні қазағым көріседі

Көрісу, бұл көненің желісі еді

Жасың құтты болсын деп жамырасып,

Ақ ниетпен адал бол деліседі

Көріседі көңілдер жібісін деп

Көріседі тасысын ырысың деп

Көріседі көк мұзда жібісін деп

Көріседі оң болсын ырысың деп

- Армысыздар, ұстаздар, ата – аналар, қонақтар! Бір жасыңыз құтты болсын! Бәріміздің асыға күткен Амал да мерекеміз де келіп жетті. Бүгінгі 2 сыныбының дайындаған «Амал келді, жыл келді» тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

14 наурыз - Көрісу мейрамы, амал мерекесі. Көрісу күнінде халық қыстан аман - есен шыққанына қуанып, бір - бірімен қол алысады. Бұл күні барлық өкпе - реніш ұмытылып, кешіріледі.

Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Міндетті түрде бауырсақ пісіріп, дастарханға тәттісін үйіп қояды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Бір – біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман - есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. Содан кейін әр отбасы көршілерімен көріседі. Жасы кіші отбасы мүшелері жасы үлкен жанұяларға кіріп, көрісіп шығады.


Айдында аққудай сылаңдаған

Біреулер күй, біреулер жыр арнаған

Шықсын енді ортаға бишілерің,

«Қазақ» биін билеумен тамсандырған.


Би: 2 сыныбының қыздарының орындауында би «Сағым дала»


Жиналған жұрт: Анау жерде жүрген кім? Бұл Қожанасыр емес пе? Ау, Қожеке мында келіңіз, мында келіңіз.

Ортаға Қожанасыр келіп:

Жамағат, менің сөйлейін деп тұрғаным не нәрсенің жайы, білесіңдер ме?

- Жооқ, білмейміз

- білмесеңдер, білмейтін нәрселерің жайынан қалай сөйлеймін?- деп тағы кетіп қалады.

- Енді Қожеке сұрағанда білеміз дейік - деп келіседі

- Жамағат, мен не жайында сөйлемекпін, білесіңдер ме?

- Білеміз, білеміз - деп шулайды.

- Өздерің біліп тұрсаңдар, мен несін айтайын - деп тағы кетіп қалады.

- Енді Қожеке сұрай қалса, білетініміз де бар, білмейтініз де бар деп айтайық - деп келіседі

- Жамағат, мен нені айтайын деп тұрмын білесіңдер ме?

- Білетініміз де бар, білмейтініз де бар - деп шулайды.

- Олай болса, білетіндерің білмейтіндерге үйретсін, білмейтіндерің білетіндеріңнен үйренсін - деп мінбеден түсіп кетеді.

Ой мынауың не деп кетті? Нені білуіміз керек? Нені білмейміз?

Ау ағайын, бүгін амал мерекесі емес пе? Бүгін көрісу ғой. Ендеше көрісейік.

Жүргізуші:


14 наурыз - Көрісу мейрамы. Көрісу күнінде халық қыстан аман - есен шыққанына қуанып, бір - бірімен қол алысады. Таң атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Үлкендер кішілерге ақ батасын береді, жақсы тілек тілеседі. Бір – біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман - есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. Бұл күні бүкіл жұрт шат - шадыман, көтеріңкі көңіл күйде болады.


Ұлдар шығып тақпақтарын айтады

Мирас:

Наурыз менің елімнің берекесі,

Жаңа жылы қазақтың мерекесі.

Шаңырағы биіктеп күнге жақын,

Ұлаңғайыр керілсін керегесі.

Аңсар:

Қымбат білген адамға сөз өнері,

Бұрқ - сарқ етіп қайнасын көжелері.

Жаңа жылда елімнің көркі өсіп,

Гүлге толсын көгеріп көшелері.

Ислам:

Жарқыраттың шығыс Күнін,

Бар адамдар туыс бүгін.

Тілеп елдің тыныштығын,

Жүректерде жүр ұшқының,

Наурызым!

Ерасыл

Аңсап жүрсең осы күнді,

Ашып таста есігіңді.

Болайықшы кешірімді,

Ән тербетсін бесігіңді,

Наурызым!


Тәуелсіз елдің адамы,

Бейбіт күн берік қамалы.

Құт болсын дейік ағайын,

Жаңа күн Наурыз қадамы

Өлкеме Наурыз келді, көктем келді,

Құлпырып гүлге орап көк пен жерді.

Халқымның салт-дәстүлерін аялаған,

Арманы асқақтады көптен бергі.


Уа, халайық! Бүгін үлкен мереке, үлкен той! Ата - бабаларымыздың сөзімен айтсақ, ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы! Бұл біздің халқымызда күн мен түн теңелер мезгіл. Жер жүзі көгеріп, көктеп, тіршілік атаулыға жан бітіп, жасарып жаңаратын шақ. қорада қой қоздап, түйе боздап, бір малы екеу болып, аузы аққа тиіп, мол ырысқа кенелетін жайдарман шақ.


«Наурыз көктем» әнімен барлық оқушыларды ортаға шақырамыз. Қабыл алыңыздар.

Бұл күні үлкен кішіге ақ баталарын беріп, ізгі тілек тілесетін кез.

Ал, халайық! Енді осы мерекемізге ата - салтымыз бойынша ортамызға әжемізді шақырайық. баршамызға тілек тілеп, оң батасын берсін!

Әже :

Армысыңдар, жамағат!

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын,

Қайда барсақ, жол болсын!

Ұлыс бақты болсын!

Төрт түлік ақты болсын!

Ұлыс береке берсін,

Бәле – жала жерге енсін!

Ұлы халқым тоқ болсын!

Көйлектерің көк болсын!

Қайғы - уайым жоқ болсын!

Қуаныштарың көп болсын!

(Бетін сипап, бата береді. Жұрт тегіс бетін сипап, айтқаныңыз келсін деп айтады)

Құшақтасып, көріскен.

Жаңа ағытқан қозыдай,

Жамырасып өріскен.

Ұлыстың ұлы күнінде

Қасында жас жеткіншек

Тұлымшағы салбырап.

Бәйбіше шығар балпиып,

Күндігі баста қайқиып.

Келіншек шығар керіліп,

Шашбаулары төгіліп.

Ұлыс күні қар еріп,

Сай - салалар гүрілдер.

Көк шөбі шығып желкілдеп,

Дүние біткен күлімдер.


Осымен 2 сынып оқушыларының дайындаған тәрбие сағаты да өз мәресіне жетті. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!