Материалдар / Сынып сағаты. Жол тәртібін жадыңда сақта!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сынып сағаты. Жол тәртібін жадыңда сақта!

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Ақпан 2019
602
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



142 жалпы білім беретін мектеп














Тақырыбы: «Жол тәртібін жадыңда сақта!



Бисенова Умит Молдахметовна





















Сабақтың тақырыбы: «Жол тәртібін жадыңда сақта!»

Сабақтың мақсаты:

1) оқушылардың жол ережесі туралы білімін кеңейту, жол   белгілерін, олардың топтарын

    ажырата білуге үйрету; 

2) жол ережесін қатаң сақтауға дағдыландыра отырып, көше ережесіне байланысты

     ұғымдар мен терминдерді білу адам өмірі үшін қажеттілігін түсіндіру;

3) жолда жүру мәдениетін қалыптастыру, әдептілікке, өзара достыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ.

Сабақтың әдісі: сүрақ-жауап, топтық жұмыс, жеке жұмыс 

Көрнекілігі: жол белгілері, жол таңбалары, бағдаршам, суреттер.

Барысы:

Мұғалім: Құрметті оқушылар! Бүгінде ауылда да, қалада да үлкен көшелер және онда жүйткіген автокөліктер көбеюде. Көше кеңейген сайын ерсілі-қарсылы жаяу жүргіншілер мен  жүргізушілердің де көбейетіні даусыз. Соңғы жылдары еліміздің қай жерінде болмасын  автокөліктердің барлық түрлері еселеп артып келеді. Мұның өзі машина жүргізушілер мен  жаяулардың, әсіресе мектеп оқушыларының жол ережесін неғұрлым жете біліп, қатаң сақтауын  қажет етеді. Көшенің тәртібін үйде ата-ана ескертсе, көше қиылысында күзет қызметкерлері  мен бағдаршам қадағалайды. Ал сендер көше ережесін жақсы біліп, оны орындауға, сақтауға  тиіссіңдер. 

Бүгінгі «Жол тәртібін жадыңда сақта!» атты сайысымызға 3 топ қатысады. Бұл топтар жол 

ережесіне байланысты білімдерін көрсетіп, жол белгілері мен топтарын анықтап, әртүрлі 

жағдаяттарды шешіп, өздерінің ептілігі мен жылдамдығын сынға салады.Сайысты әділқазылар 

алқасы бағалайды. Сонымен сайысымызды бастайық. Топтардың танысуы. 


I          топ. "Бағдаршам"

Топтың ұраны: Тоқта! Сақтан! Жол ашық!

     Жүрме жолға таласып.

II         топ. "Жүргізуші"

Топтың ұраны: Жол тәртібін білейік,

         Аман-есен жүрейік!

IІI       топ. "Аялдама"

Топтың ұраны: Тоқта! Демал! Аялда!

         Күтеді бізді жол алда!

1-сайыс «Көше ережесі тарихынан» 

І топ. «Бағдаршам» (Бағдаршамның шығу тарихы) 

Балалар, бағдаршамды кім ойлап тапканын білесіңдер ме? Ал ендеше тыңдап көрелік. Алғашқы бағдаршам теміржол бойында пайда болды. Оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сакталмаған.Оны көше қиылысына ыңғайлап, кайта жасаған ағылшын инженер-механигі Д. Найт болатын. Ол 1868 жылы Лондондағы парламент үйінің алдына бағдаршам орнатты.Алдымен түрлі түсті сигнал қайыс берілістің көмегі арқылы өзгертіліп отырды. Сосын аппарат ортасына газды шам орнатылды. Өкінішке орай бірде газ жарылып, кезекте тұрған полицей қаза болады да, содан жарты ғасыр бойы ұмыт болады.Тек 1914 жылы Американың Кливленд қаласына, сосын Нью-Йорк, т.б. қалаларында пайда бола бастайды. Бұл жолы олар электрлі болды. Тек екі түсті ғана: қызыл және жасыл. 1918 жылдан бастап қана үш түс қолданыла бастады.Кеңес одағы бойынша алғаш рет бағдаршам 1924 жылы Мәскеу қаласының Кузнецк көпірі мен Петровка көшелерінің қиылысында орын алды. Ал бүгінгі таңда  бағдаршамды электронды есептеу машинасы арқылы басқару жүзеге асырылған. Қазақстанда  бағдаршамдар барлық ірі қалаларда орнатылған. 

ІІ топ «Жүргізуші» (Көше ережесі тарихынан)

Ертеде көліктің қазіргідей түрі болмаған заманда адамдар ат жеккен күйменен жердің тегіс жерімен баяу жүретін. Келе-келе жолдың қажеттілігі туды. Ресейде алғаш жолдар І  Петр салына бастаған. Автокөлік жүргізушілеріне жолда дұрыс жүру қатаң ескертілді.  Қазақстанда 1917 жылға дейін небәрі 127 км ғана жол бар болатын. Елуінші жылдары республикамыздағы асфальт жолдардың ұзындығы отыз мың км болды. Ал қазір сегіз жүз  миллион км-ден асады. Қазақстанның асфальт жолдарындағы қазіргі заманымызға лайықты дүниеге келген сан түрлі маркалы автомобильдерді айтсаңызшы! Жаңа ғасыр техникасының  өркендеп, дәуірлеген заманы болды. Маңайымызда қаптаған техникадан жолда жүріп-тұруымызға қиындық туды. Сондықтан бізге көмектесу мақсатында бағдаршам дүниеге келді.

ІІІ-топ. «Аялдама»    (Аялдама тарихынан)

Аялдама – 1) қысқа уақытқа жол қозғалысының тоқтауы; 2) көпшілік пайдаланатын көліктен жолаушыларды түсіретін орын, негізінен жолаушылар демалатын құралдармен жабдықталған, маршруты туралы хабарлайтын кесте ілінеді. 3) жорық лектері бөлімшелерінің жорықта жеке құрамның демалыс, тамақтану, материалдық бөліктердің жағдайын тексеру, ақаулықтарды жою, машиналарды техникалық қамтамасыз ету үшін аялдауы. Аялдаманың ұзақтығы мен олардың аралықтары нақты қалыптасқан жағдайға қарай анықталады. Әдетте, аялдама 3 – 4 сағат жүрістен кейін 1 сағат, ал тәуліктің екінші жартысында 2 сағат ұзақтыққа дейін белгіленеді.  

2-сайыс «Кім байқағыш?»

Сурет бойынша тиісті жол белгілерін табу. 5 ұпаймен бағаланады.

1.Мына белгі нені білдіреді? (Абайлаңдар, балалар!) 

2.Бағдаршам жарықтарының белгілеріне талдау жаса. (сары-дайындал, жасыл -жүруге рұқсат,

   қызыл-тоқта)

3.Мына белгі нені білдіреді?  (жолды жөндеу жұмыстары жүріп жатыр деген белгі) 

4. Мына белгі нені білдіреді? (теміржол өткелі) 

5. Мына белгі нені білдіреді? ( жаяу жүргінші өтетін жол белгісі) 

6. Мына белгі нені білдіреді? (аялдауға тыйым салынады)

7. Мына белгі нені білдіреді? (тоқта)

8. Мына белгі нені білдіреді? (басып озуға тыйым салынады)

9. Мына белгі нені білдіреді?  (велосипедпен жүруге рұқсат бар) 

10.Мына белгі нені білдіреді? (жол жоқ) 

11. Мына белгі нені білдіреді? (кері бұрылуға тыйым салынады)

12. Мына белгі нені білдіреді? (ашық жол )

3-сайыс «Жол белгілерінің топтарын табу»

Жол белгілері 7 топқа бөлінеді. Олар пішіні мен бояуы жөнінен бір-бірінен ерекшеленіп тұрады.

Ескерту белгілері. Үшбұрышты қызыл бояумен көмкерілген бұл белгілер жол бойында жағдайсыз, яғни қауіпті жерлер бар дегенді білдіреді.

Басымдылық белгілері. Бұл белгілер жүріс бөлігінің немесе жолдың жіңішкерген бөліктерінің көше қиылыстарын өтпелерін кесіп өту кезектілігін белгілейді.

Тиым салынатын белгілер. Дөңгелек шеңбер түрінде қызыл бояумен беріледі. Ол қозғалыс атаулының бәріне тиым салады.

Нұсқау белгілері. Бұл топтағы белгілер жаяу жүргіншілер мен велосипедшілер жүретін жерлерді көрсетеді, қандай да болмасын көлік түрлерінің біреуінің нақты бағыттағы қозғалысына рұқсат береді.

Ақпараттық-көрсеткіш белгілер. Бұл топтағы белгілер жол қозғалысына қатынасуларға, жаяу жүргіншілер өтпесі орналасқан жер, қоғамдық көлік аялдамасы, көлік тұратын орын т.с.с туралы хабарлайды.

Қызмет көрсету белгілері. Тиісті обьектілердің орналасуын хабарлайды.

Қосымша ақпарат белгілері. Қосымша ақпарат белгілері өздерімен бірге пайдаланылатын белгілердің ықпалын нақтылайды немесе шектейді.

Әр топқа таңба белгілері көрсетіледі, анықтама беру керек. 5 ұпаймен бағаланады.

1-топ «Ескерту белгілері» 

2-топ «Анықтама белгілері»

3-топ «Көрсеткіш белгілері»

4-сайыс «Көше ережесін білесің бе?»  Сұрақтарға жауап беру. 5 ұпаймен бағаланады.

І топтың сұрақтары: 

1.Жиек жол деген не ? (Адамдар  жаяу  жүретін көше жиегіндегі тар жол)

2.Жаяу жүргінші жол бойында қалай жүріп-тұруы керек?  (жиекжолдың оң жақ шетімен) 

З.Қандай көліктің түрлеріне бағдаршамның қызыл жарығына жүруге рұқсат етеді? 

(жедел жәрдем, полиция, өрт машиналарына) 

4.Жолаушы таситын қоғамдық көліктерді қай жерден күтеді? (Аялдамада) 


 

ІІ топтың сұрақтары: 

1.Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге рұқсат етіледі?  (14 жастан) 

2. Жаяуға қай жермен  жүруге болмайды ? (Көлік жүретін  көшенің  ортасымен  жүруге  рұқсат етілмейді)

3. Бағдаршам жоқ жерде жолды қалай қиып өтуге болады? (алдымен сол жағымызға қараймыз, жолдың ортасына жеткенде оң  жағымызға қараймыз)

4. Балалар қай жерлерде ойнау керек? (арнайы алаңдарда)

ІІІ топтың сұрақтары:

1. Жолаушылар дегеніміз кімдер ? (Кез-келген көлік түрін пайдаланатын адамдар)

2. Бағдаршам дегеніміз не ? (Бағдаршам автомат жүйесіне қосылған үш көзді аспап. Жол қозғалысын реттейді)

3. Жиекжол жоқ жерде қалай жүру керек ? (Ауылдық жерлерде жиекжол болмау мүмкін, ондай жағдайда жолдың бір шетімен келе жатқан көлікке қарама-қарсы бағытта жүрген жөн)

4.  Жол-көлік оқиғасына куә болған адамдар қандай әрекет жасайды? (жедел жәрдем машинасын, полицияны шақырып, машинаның нөмірін жазып алу керек) 5-сайыс «Кім жылдам?»  5 ұпаймен бағаланады.

Құрастырғышпен көліктің бір түрін құрастырып жасау. Топтарға үш минут уақыт беріледі.  6-сайыс «Жұмбақтар шешу» 5 ұпаймен бағаланады.

1) Сөйлеуді ол білмейді,

 Бірақ «тоқта», «жүр» дейді. (Бағдаршам)

2) Арқаным бар тым ұзын, 

Ала алмайсың бір үзім.

Ақылға салып ойланып,

Тапшы мұны пысығым. (Жол) 

3) Екі аяқты, бір ізді, 

Үстіне мені мінгізді. 

Мінгізгенмен ол мені

Аяғымды жүргізді. (Велосипед) 

4) Үзенгісін тептім, 

Зымырап кеттім. (Велосипед) 

 

5) Ала таяқ ұстаған, 

Жол тәртібін нұсқаған. 

Өмірінді күзеткен, 

Ысқырығы күшті адам. (Полиция қызметкері) 

6) Үш көзді батыр Бізді аңдып жатыр. (Бағдаршам)

7) Өзі тым күшті, 

Аяғы тісті. 

Ілезде тындырар 

Қыруар істі. (Трактор) 

8) Төрт аяғы дөңгелек,

 Адамсыз ол жүрмейді. (Машина)

9) Көше бойлап аяңдайды,

Адам тасып аялайды.  (Автобус)

10) Көліктің  қаншасын жанынан өткізген,

 Іргеден басталып, алысқа жеткізген.     ( Жол)

11)  Жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ та,

Бақырайған  үш көзі  бар бірақ та.                (Бағдаршам.) 

12) Бір тұлпар, су ішпейді, жем жемейді,

Ескеріп ешбір адам емдемейді.

Жүк емес жануарға жүз адам да,

Шылбырын сымға байлап тез жөндейді. (трамвай)

Қорытынды.

Құрметті, балалар! Бүгінгі сайысқа үлкен дайындықпен келгендерің көрініп тұр.



.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!