Материалдар / Сынып сағаты "Рухани қазына" 2 сынып

Сынып сағаты "Рухани қазына" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Рухани жаңғыру аясында өткізілген сынып сағаты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
478
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Рухани қазына

Сабақтың мақсаты: Рухани жан дүниемізді, білімімізді молайтып, үлгі –өнеге алуға шолу. Оқушылардың өлең оқуға, сахналық көріністерде шеберлік танытуға үйрету. Сахна төрінде өздерін емін-еркін ұстап ақындар өлеңін нақышына келтіріп оқуға үйрету. Әдептілік, адамгершілік, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көренкілік:

Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.

Біз бақытты баламыз
Ойнап күліп аламыз
Жетілсін деп санамыз
Оқып білім аламыз

2.Әдеби монтаж

Жақсы бала құлақ сап

Айтқаныңды ұғады

Төсегінен тұра сап

Таза ауаға шығады.



Жақсы бала, ол анық

Істемейді шалалық.

Тап-таза боп жуынып,

Алады ол таранып.



Жаман бала құрысып,

Өз-өзінен тырысып,

Түске дейін жатады,

Шешесімен ұрысып.



Жақсы бала әрдайым,

Деп «ұятқа қалмайын»

Сабағына барады,

Күнделікті дап-дайын.



Үлкенді де сыйлайды,

Достарын да ол жинайды.

Әлсіздерге қамқор боп,

Жамандыққа қимайды.



Түйіп зерде, ойыңа

Жастайыңнан ұғып қал.

Қандай жаман қылық бар?

«Бес нәрседен қашық бол!»

Деген Абай атамыз.

Әдепсізге машық сол

Бес жаманды атаңыз.



«Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ»

Сақтандырған атамыз

Бес жаман іс аңғарсақ.

Тамсандырып баршаны

Аңыз болған көп елге

Айтыңдаршы, ал қане,

Әдептілік деген не?



Әдептілік- бұлақтай

Тазалығы арыңның.

Өлшемі – ол сынаптай

Бойыңдағы барыңның.

3. Көрініс:

Математика: Ей, тұрсаңшы! Қайда келдік?Тірімісің өзі?

Ана тілі: Ой, мазамды алма, бүйткен тірлігің құрысын! Мұнан да парақтарым дал-дұл болып желмен бірге ұшып, не өртеніп кеткенім жақсы еді!

Математика: Не болып қалды? Жалғыз сенің басыңа келді деймісің бұл қасірет?! Біздің де көрген қорлығымыз аз емес. Биылғы оқу жылын зорға аяқтап шықтық. Басыңды көтер, жөн сұрасайық. Кімсің өзің? Сыртың бүп-бүтін ғой.

Ана тілі: Сыртымды қайтесің? Сыртым бүтін, ішім түтін. «Ана тілі» оқулығымын. Мен үшін авторлар түн ұйқысын төрт бөліп қанша қызмет етті десеңші! Сонда кім үшін? Балалар оқысын, сауатын ашсын, адам болсын деген ізгі ниет еді ғой бәрінікі. Мен де қолымнан келгенше өз бойымдағы білімімді беріп балаларды адамгершілікке, парасаттылыққа тәрбиелеуге тырыстым. Сонымен күнім не болды? Сорыма қарай Адырбай деген баланың қолына түсіп, бір жыл бойы осындай күйге ұшырадым. Қайтейін, өткен күнім есіме түссе сай сүйегім сырқырайды!

Қазақ тілі: Тұрыңдар, достар! Мені ұстаған Дәуренбек деген бала бар. Сол сендерді бүтіндейді. Құдайым Адырбай мен Сотқарбай сияқтылардан сақтасын. Келесі оқу жылында Дәуренбек сияқты балаға тап болыңыздар.

Математика:

Бөбектерім, оқы, ойна,

Оқу-білім саған пайда.

Кітабыңның шетін жыртып,

Сияменен бояп қойма.

Ана тілі:

Оқы талмай, түй санаңа, жас бөбек,

Сыр құямын, жыр құямын бойыңа.

Таза ұстап, оқы мені қастерлеп,

Бар білімді мен егемін ойыңа.

Қазақ тілі:

Кітабыңды құрметте,

Күтіп ұста кірлетпе.

Кішілерге табыс ет,

Дақ түсірмей бір бетке.

Балалар, бізде Дәуренбек сияқты балалар бар ма?

Ән: «Тұлпарым»

Көрініс: «Науқас кітап»

(Бірде оқушының кітабы науқастанып қалып дәрігерге әкелді.)

Оқушы: Дәрігер, мен сізге кітабымды әкелдім. Ол қатты науқас.

Дәрігер: Жарайды, алдымен диагнозын анықтап алайық.

Оқушы: Мен үйде жоқта кішкене балалар алып осындай күйге жеткізіпті.

Дәрігер: Мұңайма, емдеп жазамыз. Кітабыңа су тиген, жыртылған. Кітабыңды түптеймін, жыртылмасын. Мұқабасын бүкпеймін, қырқылмасын. Таза болсын беттері, кірлемесін. Көрген адам «Кітабың кір» демесін. Мен кеңестер жазып беремін. Үнемі есте сақтап жүр.

Кітап беттерінің бұрыштарын бүктеме.

Кітап мұқабасы бүлінбес үшін қаптап ал.

Кітап беттерін жыртпа.

Кітапқа сурет салма, жазба.

Тамақ ішіп отырып кітап оқыма.

Кітап беттерінің арасына қалам, қарындаш салма.

Оқушы: Жарайды, дәрігер. Кеңестеріңізді үнемі есте сақтаймын.

Дәрігер: Жазылып кетіңіздер! Сау болыңыз!

Оқушы: Сау болыңыз! Сізге үлкен рахмет!

Оқулығым-құралым,

Жағар білім шырағын.

Баса алмайсың ешқашан

Онсыз алға бір адым.

Дәрігер: Балалар, кітап- шебер ұстаз,тілсіз мұғалім. Кітап –адал пейіл, асыл дос. Қойған жеріңде жатады, қолыңа алсаң былай тіл қатады.

Кітап:

Оқы талмай, түй санаңа, жас бөбек,

Сыр құямын, нұр құямын бойыңа.

Таза ұстап, оқы мені қастерлеп,

Бар білімді мен егемін миыңа.

Өлең: Мұқағали Мақатаев «Өмір сүрейік алмасып»

Көрініс: «Телефон соғу»

Түс ас кезі. Отбасы жиналып тамақтануға отырды. Бір кезде телефон шырылдады. Тұтқаны баласы көтерді. Әке- шешесі баласына өздерін «жоқ» деп айтуды өтінді.

2- көрініс:

Таңертеңгі уақыт. Анасы баласын сабаққа баруға оятады. Бала ұйқысынан тұрғысы келмеді. Әкесі баласын жақтап сабаққа бармауын құптады. Осы кезде телефон соғылды. Тұтқаны алған шешесіне баласы өзін «Жоқ» деп айтуды айтқызды.

Ән: «Бау –бақша белдер »

Көрініс:

Үш ана басы қосылып, әңгімелесіп тұрды.

Бірінші ана (Баласын мақтап): Менің балам өте ақылды, өнерлі, әнші. Математикадан нашар болғанымен болашақта керемет бір танымал кісі болатынына сенемін.

Екінші ана (Мақтанып): Менің балам әдемі, таза киінгенді ұнатады. Ақшаның да есебін жақсы біледі. Шамасы балам болашақта үлкен бизнесімен болады-ау!

Үшінші ана үндемей тұрып қалды.

Сол кезде үш ана қарияның жолдан өтуіне көмектесіп, қолтығынан демеп, сөмкесін көтерісіп келе жатқан баланы көреді. Бұл үндемей қалған үшінші ананың баласы еді. Қария балаға алғысын жаудырып кете барды. Алғашқы екі ананың балалары балмұздаққа ақша сұрай келді. Ал үшінші бала анасына бүгінгі сабақтан «бестік» баға алғанын айта келді.

Сұрақ: Қай баладан болашақта не күтуге болады?

Өлең: Ф. Оңғарсынова «Анама»

Нақыл сөз: Қорқыттың нақыл сөзі

Қорытынды: Әдеби монтаж «Мен не үйрендім?»

Би: «Фиалько»







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!