400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сынып сағаты “Салауатты өмір салты”

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: адам өміріндегі салауатты өмір салтын ұстанудың мәнін түсіндіру. Салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сынып сағаты сценарийі

Тәрбие бағыты: Дене тәрбиесі

Тақырыбы: Салауатты өмір салты

Мақсаты: адам өміріндегі салауатты өмір салтын ұстанудың мәнін түсіндіру. Салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу

Міндеттері:

Салауатты өмір мәнін түсіндіру;
Зиянды заттарды қолданудың алдына алу;
Салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Буклеттер, слайдтар, бейне таспалар, DVD.

Сабақтын барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі

Сәлеметсіздер ме балалар, көніл күйлерін қалай?

Сабағымызды бастамай тұрып шаттық шеңберін құрайық.

Шаттық шеңбері

Қ. Жұмағалиевтің “Жастар әні” өлеңі орындалады.

Балалар шеңберге тұрып бір - біріне келген күнге сәттілік тілейді.

Бүгінгі сынып сағатымыздың тақырыбы «Салауатты өмір салты».

«Салауатты өмір салтын ынталандыру – әрқайсысымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі, алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және т. с. Бағытталған» деп тұнғыш президенттіміз Н.Ә.Назарбаев

  1. Негізгі бөлім

• Адам өміріне зиянды заттарға нелерді жатқызар едіңіз? Неліктен

• Адамның салауатты өмір сүруіне не кедергі болуы мүмкін?

• Зиянды әдеттерге адам неліктен үйір болады?

• Зиянды әрекеттерден аулақ болу үшін адамға қандай қасиеттер керек?

• Зиянды әдеттерге нелер жатады?

• Салауатты өмір сүру дегеніміз не?

Балалар мына бір керемет өсиетті естерінізде сақтаныздар:

Өсиет:

Лұқпан хакімнен «Өмірде байлық қымбат па, жоқ даңқ қымбат па?» деп сұраған екен. Сонда ол «Байлық та, даңқ та адам баласын бақытты ете алмайды. Біле білсеңдер, ауру ханнан дені сау қайыршы бақытты. Ал бақыт дегеніміз не? Әрбір адам өзінің күш - жігерін халқына, өз еліне, ұрпақ тәрбиесіне жұмсап ақылды, парасатты және денсаулығы зор болса ғана бақытты» деген екен.

Лұқпан хакім ерекше дарынды, зерек болыпты. Соның қалдырған жеті өсиеті бар.

Біріншісі - ерте тұру.

Екіншісі - орта тазалығын сақтау.

Үшіншісі - дене шынықтыру.

Төртіншісі - үнемі денені таза ұстау, ыңғайлы киіну.

Бесіншісі - үнемі сергек жүру.

Алтыншысы - артық тамақ ішпеу.

Жетіншісі - көп ұйқтап жалқау болмау

Осылардың барлығы денсаулықты сақтаудың негізгі кепілі болып табылады.

Ұзақ өмір сүргің келсе денсаулығыңды күт, спортпен шұғылдан.

Біздің халқымыз «Деннің саулығы –бастың байлығы» - деп тегін айтпаған. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев халқымыздың денсаулығына өз жолдауында үлкен мән беріп, азаматтардың денсаулығына, қоршаған ортаның таза болуына күш салу қажеттілігін атап айтқан. 
Ендеше, денсаулықты сақтау өз қолымызда. Денсаулықты сақтау –ең әуелі тазалықты сақтаудан басталады екен. Біздің дінімізде де денсаулығымызды сақтау жолдары туралы айтылады екен.

-Енді, балалар біз де денсаулығымызды сақтау жолдарын қаншалықты білетінімізді екі топ боп сайысып, ортаға саламыз. 

1. Топ оқушыларын екі топқа бөлу. (Түрлі –түсті қағаз арқылы )
1- топ «Денсаулық» 
2- топ «Салауат»
 
Ұраны: «Денсаулық –зор байлық». 
Ұраны: «Салауатты өмір –денсаулықтың кепілі» 
2. Әділ қазылар алқасын сайлау, сайыс шартын таныстыру: 
Бүгінгі сайысымыздың негізгі кезеңімен таныстырып өтейін:

І -«Түсіп қалған әріптер». Берілген сөздерге әріптерді қою. 
ІІ- Мақал-мәтелдер жарысы.

III-тапсырма: Шығармашылық тапсырма: тақпақ құру .

І-тапсырма бойынша:

«Түсіп қалған әріптер». Берілген сөздерге әріптерді қою. (2-минут)

  1. топ: 1. Д...... і (дәрі) 
    2. в...та...н (витамин) 
    3. ....ны.....у (шынығу) 
    4. с....ау......т (салауат) 

    2- топ: 1. Г...и...на (гигиена) 
    2.ту...ку....ез (туберкулез) 
    3. тұ......у (тұмау) 
    4. д...
    ау.... қ (денсаулық) 

II – тапсырма бойынша:

Денсаулық тақырыбына байланысты мақал мәтелдерді жазу. 3 минут уақыт беріледі.

III – тапсырма бойынша:

«Салауатты өмір салты» тақырыбында тақпақ құру керек. Тақпақ 2 шумақтан кем болмау қажет. Берілетін уақыт: 5 минут.

  1. Қорытынды бөлім

Құрметті оқушылар денсаулық адамға берілген ең құнды байлық. Денсаулығымызды сақтап, спортпен айналысып жүрейік.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
15 желтоқсан
245
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі