Материалдар / Сынып сағаты "Тіс саулығы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сынып сағаты "Тіс саулығы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімге көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қараша 2020
459
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: «Тіс саулығы»
Сабақтың мақсаты: Балаларға тіс туралы мағлұмат беру, оның атқаратын қызметі мен тіс күтімін түсіндіру.
Білімділік:  Денсаулық, жеке бас тазалығы, тіс щеткасы мен пастасы туралы мағлұмат айтып, білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Жан - жақты білім беру, қиялын, сана - сезімін дамыту.
Тәрбиелік: Үлкеннің тілін алуға, сыпайылыққа, ұқыптылыққа, салауатты өмір салтын кіші жастан бастап қалыптастыра білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: баяндау , көрініс.
Әдіс - тәсілдері: түсіндірмелі, сұрақ – жауап.
Көрнекіліктер: суреттер.
Сабақ барысы:


І. Ұйымдастыру бөлімі - Амандасу, шаттық шеңбері:

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Баршаңызға құрметпен

Бас иеміз біз!

ІІ. Ой қозғау:

- Балалар денсаулығымыз мықты, дене сымбатымыз әдемі болу үшін не істеуіміз керек?

- Жеке тазалық құралдарына не заттар жатады?

- Бізде неше тіс бар?
- Тістің атқаратын қызметі қандай?

- Тіс щеткасы, тіс пастасы дегеніміз не?
- Тісті қалай тазалаймыз?


Медбике: Балалар жеке бас тазалығы дегеніміз – әрбір адамның күнделікті жеке тазалық құралдары көмегімен денсаулықты нығайтуға бағытталған іс-шараларымыз. Жеке тазалық құралдарына сүлгі, тарақ, айна, тіс щеткасы мен тіс пастасы жатады.

Тіс (dentes) — адамның ауыз қуысында орналасқан сүйек. Тіс ауыздағы тамақты ұстап, шайнап, ұсақтау қызметін атқарады. Тіс үш бөліктен тұрады. Олар сауыт, мойын, түбір. Сауыт пен түбірді қызыл иекке жалғасатын мойыны бөліп тұрады. 

  • Сүт тістерінің негізі ұрықтың ана құрсағында дамуы сатысында қалыптаса бастайды.

  • Сәбидің сүт тісі 6 – 8 айлығында жарып шығып, 3 жаста толық жетіледі.

  • Баланың тұрақты тістері 6 – 7 жаста, негізінен 14 – 16 жаста толық шығып болады.

Осылай ересек адамдарда барлығы 32 тіс болады. Үстіңгі жақ сүйекте 16 тіс, астыңғы жақ сүйекте 16 тіс болады.

Тіс щеткасы - ауыз қуысын (тістерді) тамақ қалдықтарынан таза ұстауға арналған құрал. Тіс щеткаларының қатты, жұмсақтау және өте жұмсақ түрлері болады. Олар тез ластанады, сондықтан оны үш-төрт айда бір рет ауыстырып тұрған жөн. Тіс щеткасы осыдан мың жылдай уақыт бұрын араб еліндегі мұсылмандардан тараған. «Арак» ағашынан дайындалған тіс щеткасы «мисуәк» деп аталған. 1448 жылы тіс щеткасын Қытайда шошқа терісінің қылшығынан жасаған. Көп ұзамай, оны саудагерлер Еуропаға апарған. Бұл кезде Еуропада жылқы жалынан және борсық терісі қылшығынан жасалған тіс щеткасы қолданылыпты. Уақыт өте келе, бұл щеткалардың бірі қатты, ал екіншісі тым жұмсақ болғандықтан, 1938 жылы АҚШ-тың «Дюпон» фирмасы нейлон талшығынан жасалған тіс щеткасын шығарды. 1961 жылы АҚШ- та электрлі тіс щеткасы қолданысқа енді. Балаларға арналған тіс щетка сабы қалың болса, балаға ұстауға ыңғайлы.
- Талшықтары жиі және дөңгелек щеткалар тіс еттерінің қанамауын қамтамасыз етеді және жұмсақ болады.
- Жуу барысында тіс еттеріне зақым келтірмес үшін тіс щеткасы доғал пішінде орналасу қажет.


МедбикеБалалар мен сендерге жұмбақ жасырайын, шешіп көріңдерші? (Жұмбақтың артында сурет жасырулы)

Аузы жоқ, көзі жоқ.  Жуынып болғанда
Тілі жоқ, сөзі жоқ.
Жүреді қолдарда (сүлгі)

Бірақта тісі бар. Қантта емес, ұнда емес
Шашыңмен ісі бар. Ұқсастық бар ептеген

Бұл не? (тарақ)  Тістің бәрін аппақ қылып

Тигізеді септігін (тіс пастасы)


Қарап тұрсаң өзіңе,    Ертемен күнде сен,
Сурет түсер көзіңе.  Қолыңа сүйкесең.
Ол суретің ұқсайды,  Кетіп кір –ласың
Тура сенің өзіңе  Тап-таза боласың.
(айна)  Бұл не? (сабын)


Арқалығы сүйектен

Жапсырылған қылы бар

Тістен көрсе кірлерді

Тұра алмайтын жыны бар (тіс щеткасы)


Медбике:  Жарайсыңдар! Қане ,балалар, кім денсаулық, тіс туралы тақпақ біледі?

.

Қайсар:

Тісімді ысқылап,

Жуамын,

Жуамын,

Қалмасын тісте қақ.

Жуамын,

Жуамын,

Тес жегі болмасын.

Жуамын,

Жуамын,

Түрлі иіс қалмасын.

Тіс жуды балаңыз,

Анашым, қараңыз.


Каусар Р:

Мен айтайын тақпақ, 
Алғың оны жаттап. 
Тісіңді жу, тазарт 
Маржандай болсын аппақ.


Әділет:

Сырттан келіп үнемі,

Сабынмен қол жуамыз,

Таза болды мұнтаздай,

Тағамға қол созамыз.


Айсұлтан:
Алғашқы тіс – сүт тістер 
Түсіп бірте тынады. 
Алты жастан нық тістер – 
Тұрақты тіс шығады.



Каусар М:

Тазалықты іздесең,

Тіс пастадан табасың.

Тістеріңді шөткеге,

Тазалатып аласың.


Сәнімгүл:
Атқаратын қомақты 
Ауыз қуыс ісі бар: 
Ұсататын тамақты 
Отыз екі тісі бар. 


Нұртас:

Тазалықты іздесең,

Айна,тарақ керегі.

Бірі тарап шашыңды,

Екіншісі көреді.


Інжу:

 Денсаулық ол – шыныққан

Барлық денең мүшесі.

Денсаулық ол - тыныққан

Жүйке тамыр жүйесі.



Өркен:

Шынықтырып денені

Тісін жуып ,тазалап

Бақшасына келеді

Міне , біздей балалар!


Медбике: Жарайсыңдар! Балалар тістің түсі қандай?


Балалар: Түсі-аппақ. Тістің суретін салу.


Сергіту сәті:


Таңертең тұрамын  Айнаға қараймын 
Бетімді жуамын  Әдемі киініп
Тісімді тазалап  Бақшама барарда
Шашымды тараймын  Тап-таза боламын.





Көрініс: «Сүт түс» туралы.

Тіс (Сұлтанбек): Салем, балақайлар! Сендер менің кім екенімді білесіңдер ме ?

Балалар : Тіссің.

Тіс (Сұлтанбек): Дұрыс ! Мен тіспін. Біз сендердің ауыздарыңда өмір сүреміз. Біз сендердің тамақты шайнап жеу үшін, әдемі күлулерің үшін керекпіз.

Медбике: Балаларсендерге ертегі айтып бергенімді қалайсыңдар ма?

Онда , тыңдаңдар...(кішкентай тіс кіреді). Бір күні тістердің ең кенжесі сүт тіс өмір сүріпті. Оның жайлы үйімен, үлкен жанұясы болды. Сүт тіс үнемі үлкеннің айтқанын тыңдамай тәтті кәмпиттер, газдалған сусындар, қытырлақ нандармен тамақтанады екен. Оны ешкім ешқашан бақыламағандықтан әрі тазаламағандықтан, оған қатер төнді. Балақай қатты ауырды, өйткені ол тіске құрт (микроб) түскен еді. Микроб лас жерде өмір сүретінін ол білмеді.(микроб кіреді де, тісті қарайтады)

Микроб (Нұислам) :

Тазалықты сүймеймін,

Тісті жуғымда келмейді

Дос болайық балақай


Уақыт өте берді, балақай кірлей берді, ал микробтар көбейе берді, көбейе берді. Балақай одан әрі қатты ауырып қалды. Бастапқыда ол әппақ әрі әдемі еді, ал қазір ол қап-қара және көңілсіз, ол қатты ауырғандықтан тамақ жей алмады. Оған ауруды жұқтырған микробтар болатын. Балақайға бауырлары көмекке дәрігерді шақыртады.

Дәрігер  (Каусар Ө) (қолында қобдиша, тіс пастасы мен тіс щеткасы бар):

Қайғырма тіс мен саған көмектесем

Болмасын десең микробтар

Тіс пастасын пайдалан

Тіс ауырса шыдатпай

Тіс щеткасын пайдалан.

Осы кезде микроб шығып кетеді, дәрігер сүт тіске тіс жууды үйретеді.

Дәрігер  (Каусар):

Есіңде болсын балақай:

  1. Түсті үстіңгі тістерден бастап, айналдыра отырып 5 мин жуады.

  2. Астыңғы тістерді де айналдыра отырып осы әдіспен жуады.

  3. Сосын аузымызды жылы сумен шайып жуамыз.

тіс (Сұлтанбек) :

Денсаулыққа болаттай

Ауруларды жолатпай

Күнде болған әбдігер

Рахмет саған, дәрігер


Дәрігер: (Каусар Ө): Міне, балалар, Балақай жазылды! Бүгіннен бастап балақай күнде тіс щеткамен және пастамен тісін тазалайтын болады. Балақай бұдан былай тәтті кәмпиттерді, газдалған сусындарды, қытырлақ нандарды жеуге болмайды. Үлкендерді тыңдау керек.

Балалар есте сақтаңдар: тісті күніне 2 рет таңертең және ұйықтар алдында жуып жату керек. Жылына 1 рет тіс дәрігеріне қаралу керек.

Медбике: Балалар сендерге ертегі ұнады ма? Бүгінгі оқу іс- әрекетімізде біз не ұқтық, соны еске түсірейік. Сонымен балалар, тіс бізге не үшін қажет, атқаратын қызметі қандай?

Балалар: тамақты шайнап жеу үшін, деніміз сау болу үшін , әдемі күлу үшін.

Медбике : Дұрыс айтасыңдар, балалар. Балалар бүгінгі сабаққа белсене қатысқандарына көп-көп рахмет.







































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!