Материалдар / сынып сағаты "Зерде" интелектуалды сайысы

сынып сағаты "Зерде" интелектуалды сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімге арналған сынып сағаты жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
697
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: « Зерде » интеллектуалды сайысы
Мақсаты:
1. Оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету.
2. Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру.
3. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу.
Көрнекілік: сөзжұмбақтар,суреттер,аудиожазба, асықтар
Түрі: интеллектуалды ойын-сайыс
Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
1) Алдын ала тағайындалған топтарды шақыру.
2) Әділқазылар алқасын сайлау.
3) Сайыстың мақсатымен таныстыру.
4) Топтардың аттарымен
танысу.
Ойынның тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда - дегендей, бүгінгі интеллектуалды ойынымыз сайыс түрінде өтеді. Осы уақытқа дейін алған білімдеріңді көрсетіп, ортаға салыңдар.
Ойынға  2 топ қатысады. Ойын 
8 кезеңнен тұрады.
Ойын ережесімен таныстыру.
Ойынды бастамас бұрын әр топ
оқушысы өзін таныстырады.
І
-топ. Топтың аты – «Тапқырлар»
ІІ-топ. Топтың аты – «
Білгерлер»
Енді ойынымыздың І- сайысы бастаймыз.
І –кезең: «Білгенге маржан»
Тақтадаға алты кітапты т
оптар кезек-кезектаңдайды. Қазақ тілі пәнінен 6 сұрақ сұрақ қойылады. Тез, жылдам, нақты жауап беру керек.

  1. Дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді? (2: жуан, жіңішке)

  2. Дыбыстар нешеге бөлінеді, түрлерін ата.(2; дауысты, дауыссыз)



  1. Қазақ тілінде қандай дыбыс буын құрайды?(дауысты дыбыс)

  2. Жуан дауысты дыбыстарды ата (а,ы,ұ,о)

  3. Оқушы сөзінде неше дауысты дыбыс бар?

  4. Сөз неден құралады?(буыннан)

Сайысымыздың 2 кезең: «Математик»
Бұл айналымда әр топқа оқушыларға өрнектер беріледі.Оқушылар өрнектің +,- амалдарын табу керек.

Сайысымыздың 3 -кезең: «Ұшқыр ой»

Асықпаймыз саспаймыз

Ұшқыр ойға бастаймыз

Тақтадағы сөзден

Бірнеше сөз құраймыз.

Тақтадағы қолшатыр сөзінен бірнеше сөз құрап жазу.

Сайысымыздың 4 -кезең: «Бұл қандай ертегі?»

Аудиожазбадан әр топқа кезек-кезек ертегі үзінділері тыңдатылады. Оқушылар ертегі тақырыбын табуы керек. Тапсырма орындалған соң ұжымда «Үйшік» ертегісін сахналау.

5 –кезең : Сөзжұмбақ шешу

Әр топқа сөзжұмбақ беріледі. Оқушылар сөзжұмбақта шешулері керек.

Жарысымыздың 6-кезеңі « теңге алу» деп аталады.

ТЕҢГЕ АЛУ — қазақ ұлттық ертеден келе жатқан ойындардың бірі. Бұл ойын ат спортына жатады. Теңге алу ойыны тегіс жерде өткізіледі. жерден шауып бара жатып, ақ киіздің үстінде жатқан тиынды немесе ақ шүберекке түйілген затты еңкейе беріп, іліп кетулері керек. Ақшаны ат үстінен алған адам иеленеді.

Ендеше мұқият мына тиіндерге қараймыз. Балалар неше теңгеліктерді көріп тұрсыңдар, Яғни әр теңгеге берілген сұрақтарға дұрыс жауап берсеңдер, сонша ұпай санын иеленесіңдер!

1 теңге Бауырсақ сөзінде қанша буын бар?

2 теңге Ежелгі адамдар қайда өмір сүрген?

5 теңге 9 бен 2 нің айырмасы

10 теңге 20 мен 10 қосындысы

10 теңге Өрнектерді салыстыр, қандай таңба қою керек?

20 теңге Ежелгі сақ патшайымы кім?

Сайысымыздың  7-кезеңі « Ханталапай»  деп аталады.

Балалар «Ханталапай»  туралы естігендерің бар ма?

Ендеше ханталапайды топ командирлері ойнайды.

Берілген асықтардың ішінен мәні тек 5 тең 1 оқушы, екінші оқушы мәні 4-ке тең асықты жинастырады.

Талапай-ау талапай,
Табылды
ойын алақай!
Асықты
алға шашамыз,
Талапайға
басамыз, — деп асықты шашып жіберемін. Оқушылар шашылған асықты жинап алады да әр оқушы өзінің қолындағы асығын топпен қосыла санап шығады.

 Сайысымыздың шешуші 8-кезеңі « Жұмбақ » деп аталады.

Мұғалім жұмбақ жасырады, ал топ мүшелері жұмбақтың шешуінің суретін қағазға салады.

 Қорытынды: Оқушылардан сабаққа кері байланыс алу. Сынып сағаты туралы оқушыларға кері байланыс айту. Ендігі сөз кезегі әділқазылар алқасында. Оқушыларды сыйлықтар беру.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!