Материалдар / Сыныптағы достық
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптағы достық

Материал туралы қысқаша түсінік
материалдың өзін өзі тану мұғалімдеріне әдістемелік көмегі бар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Мамыр 2019
607
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі:Бірлес шағын орталықты орта мектебі

Мұғалімі: Молдабекова.Н

Сыныбы: 6

Тақырыбы: Сыныптағы достық

Құндылығы: Сүйіспеншелік

Қасиеттері: Адамдарға риясыз қызмет жасау, шынайылық, жанашырлық


Мақсаты: Оқушыларға сыныптағы достықтың маңыздылығын түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  1. Білімділік: Оқушыларға адамдарға риясыз қызмет жасаудың маңыздылығы туралы түсіндіру.

  2. Дамытушылық: Оқушылардағы шынайылық қасиеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды айналасындағы адамдарға, жанашыр болуға тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

5 Т – ережесі:

    1. Тәртіп.Талап. Тыныштық.Тазалық.Татулық.
      Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Тыныштық сәті.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

1. №18 – сабақ. Оқулықта берілген 2 – тапсырманы орындау.

2. Келесі сабақ. №19, «Аптаның ақырғы күндері» мәтінін оқып келу.

Сұрақтар:

    1. «Дос», «Достық» туралы ойларыңды мәтінмен байланыстырып ортаға салыңдар.

    2. Достар арасындағы ізгі қарым – қатынасқа кедергі келтірмеу үшін не істеуіміз керек?

    3. Достар арасындағы сенім мен құрмет қайткенде тереңдей түседі? Ол үшін не істеуіміз керек?

    4. «Досы көппен - сыйлас, досы жоқпен - сырлас» дегенді қалай түсінесің?


3. Сабақтың дәйексөзі.

(Ұл балалар бір рет оқиды, қыз балалар бір рет оқиды, барлығы бірге қайталайды)

Айнымас досы бар адам – ең бақытты адам.

Халық мақалы

  1. Досқа адал, қамқор болу үшін адам бойында қандай қасиеттер болуы тиіс деп ойлайсыңда?

  2. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?


4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы)

Достық

Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бір отырыста Әйтімбет шешенге замандастары:

Достық нешеу? – деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып:

Достықтың екі түрі болады. Бірі – адал достық, екіншісі – амал достық.

Дұрыс-ақ. Енді қалай ажырата аламыз? – дегендерге:

Адал достық – өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өрісі қысқа болады, – деп жауап берген екен Әйтімбет.

Сұрақтар:

  1. Әйтімбет шешеннің достықтың түрлері туралы айтқан сөзін қалай түсіндіңдер?

  2. Адал дос бола білетін адамның бойынан қандай құндылықтар мен қасиеттер көрінеді?

  3. Қандай адамдардың адал достары көп болады?Неліктен?

  4. Өздеріңнің достықты қалай бағалайтындарыңды әңгімелеп беріңдер.


5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

1 – топ: «Ынтымақ»

  1. Тірлік, тірлік түбі – ....

  2. Ағайын тату болса – ат көп,
    Абысын тату болса – ... ....

  3. Теңге – тиыннан,
    Ынтымақ – ....

  4. Ынтымақ түбі — ....

Бірлік, ас көп, ұйымнан, игілік.

2 – топ: «Татулық»

  1. Бір жеңнен қол шығар,
    ... бас шығар.

  2. Қырық кісі — бір жақ,
    ... кісі — бір жақ.

  3. Ынтымақ — бұзылмайтын ...,
    Қосылып еккен ағаш — орман.

  4. Аздың азаншысы болғанша,
    Көптің ... бол.

Бір жағадан, қыңыр, қорған, қазаншысы.



Топпен ән айту.

Достыққа байланысты


7. Үй тапсырмасы.

1. №19 – сабақ. Оқулықта берілген 2 – тапсырманы орындау.

2. Келесі сабақ. №20, «Қоңыр күз еді» мәтінін оқып келу.


  1. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3].

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!