Материалдар / Сыныптан тыс ашық сабақ «Білімді азамат – ел ертеңі»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптан тыс ашық сабақ «Білімді азамат – ел ертеңі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: «Білімді азамат – ел ертеңі» Мақсаты: Оқушылардың білімі мен тапқырлығын, өнері мен ұшқырлығын, ақылдылығы мен жылдамдылығын, білім деңгейін анықтау, танымдық, ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Түрі: интеллектуалды сайыс. Жабдығы: интерактивті тақта, слайд, ұлағатты сөздер Барысы: Информатика болашаққа бастайды, Келешекке білім қуған жастарды. Қадам басып 21-ші ғасырға, Барлық әлем жаңалығын тастайды. Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар, қонақтар! «Таланттылар терін төгіп, толғансын, Тұлпарлары топ жарысында, жүлде алсын», деп бүгінгі «Білімді азамат – ел ертеңі» атты интеллектуалдық ойынымызға қош келдіңіздер! Ойынымызды бастамас бұрын топтарға бірігейік. Оқушыларды топқа біріктіру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қаңтар 2019
473
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Білімді азамат – ел ертеңі»


Мақсаты: Оқушылардың білімі мен тапқырлығын, өнері мен ұшқырлығын, ақылдылығы мен жылдамдылығын, білім деңгейін анықтау, танымдық, ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Түрі: интеллектуалды сайыс.
Жабдығы: интерактивті тақта, слайд, ұлағатты сөздер
Барысы:
Информатика болашаққа бастайды,
Келешекке білім қуған жастарды.
Қадам басып 21-ші ғасырға,
Барлық әлем жаңалығын тастайды.
Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар, қонақтар!

«Таланттылар терін төгіп, толғансын,
Тұлпарлары топ жарысында, жүлде алсын», деп бү
гінгі  «Білімді азамат – ел ертеңі» атты интеллектуалдық ойынымызға қош келдіңіздер!

Ойынымызды бастамас бұрын топтарға бірігейік.

Оқушыларды топқа біріктіру

Мақал –мәтелдер жазылған парақшаларды бір-бірден алып, соларды құрастырып сол бойынша топтарға бірігеміз.

  1. Білген кісі тауып айтады, білмеген кісі қауып айтады. (Білімділер тобы)

  2. Ақыл – алтын сандық, адамына қарай ашылар (Ақылдылар тобы)

  3. Зерек болсаң, шешіп көр. (Зеректер тобы)

  4. Адал еңбек, алғыр ой – анық досың біліп қой. (Алғырлар тобы)

Әділқазы, алқазыға бір сәлем,

Әділеттілікке бас иеді күллі әлем.

Жүйрік озар, сайыстарда неше бір,

Сарапта, әділдікпен шеше біл, – дей келе сайысымызды бастамас бұрын әділқазы мүшелерімен таныстырып өтейін.

  1. _____________________________________________________________

  2. _____________________________________________________________

  3. _____________________________________________________________


Көңілді тапқыштар, білгіштер
Бар өнерін салады,
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады,-  деп бүгінгі ойынымызды ашуға рұқсат етіңіздер.
Ойынымыз 5- бөлімнен турады:

1-бөлім «Бәйге»

2-бөлім «Құпия алаң»

3-бөлім «Ойлан тап»

4-бөлім «Мақал- сөз мәйегі»

5-бөлім «Жылдам тағыда жылдамырақ»

Мәңгі бақи есте қалар

Ғажайып бір кеш болсын

Білімдірек ұстаз бен шәкірт озар,

Қиынырақ сұрақ болсын - дей келе бірінші бөлімімізді бастайық.

1-бөлім «Бәйге» - бұл кезеңнің шартын түсіндіріп өтейін.

Әр бір топқа 10 сұрақ оқылады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Олай болса іске сәт!

1-топ

  1. Ақпараттарды бейне бетке шығаруға арналған құрылғы? (монитор)

  2. Алгоритмнің түрлерін атап беріңдер (сызықтық, циклік, тармақталу)

  3. Write операторының қызметі?(мәліметтерді экранға шығарады)

  4. Турбо Паскаль бағдарламасында айнымалыларды сипаттау бөлігі қандай қызметші сөзден басталады? (var)

  5. Символдық типті айнымалылар қандай идентификаторы көмегімен жазылады? (Char)

  6. Турбо Паскаль бағдарламасында операторлар бөлігі қандай қызметші сөзден басталады? (begin)

  7. Астрономияда пайдаланатын ең басты құрал ( телескоп)

  8. Сегіз биттен тұратын код? (байт)

9. Алыс қашықтықтағы компьютерлер арасында байланыс арналары бойынша мәліметтер алмасу үшін қолданылатын құрылғы?  (модем)

10. «Амперметр» тізбекке қалай жалғанады? (тізбектей)

2-топ

1. 1Гбайт неге тең? (1024Мбайт)

2. Электр заряды жоқ бөлшек? (нейтрон)

3. div және mod амалдарының әрекеттерін сипаттаңдар. (div амалы бүтін сандарды бөлу,mod амалы – бүтін сандарды бөлуден қалған қалдықты алу)

4. CapsLock перненің қызметі? (түгел бас әріптермен жазады)

5. Alt+F4 пернелер тіркесімінің қызметінің? (терезені жабу)

6. Ақпарат тасушы? (сигнал)

7. Экранды тазалау операторы (Clear Screen)

8. Турбо Паскаль бағдарламасында меңзерді жаңа жолдың басына апармай тұрып, мәліметтерді шығару үшін қолданылатын оператор? (read)

9. Ақпаратты қағазға басып шығару құрылғысы? (принтер)

10. Ctrl+V пернелер тіркесімінің қызметінің? (кірістіру)

3-топ

1. Турбо Паскальда кез келген программа қандай түйінді сөзімен басталады? (Program)

2. Ақпараттарды енгізу құрылғысы? (пернетақта)

3. Сандық блокты іске қосу пернесі? (NumLock)

4. Айнымалы мен олардың типтерін сипаттауға арналған бөлім? (var)

5. Компилятор бір бұйрықтан екінші бұйрықты айыру үшін операторлар арасында қандай белгі қойылады? (нүктелі үтір)

6. End операторынан кейін программа соңында қойылатын белгі?(нүкте)

7. Квадраттық функциясының графигі қандай? (парабола)

8. Ақпараттық процесстерді жүзеге асыратын негізгі құрал? (компьютер)

9. Ақпаратты сақтауға арналған құрылғы? (жад)

10. Зиянкес бағдарлама (вирус)

4-топ

1. Информатиканың ең кіші өлшем бірлігі (бит)

2. Офистік бағдарламадағы мәтіндік редактор (Word)

3. Бүкіл әлемдік желі (интернет)

4. Өткізгіштерді параллель жалғағанда қандай шама өзгермейді? (кернеу)

5. «Компьютердің атасы» кім? /Чарлз Бэббидж/

6. Компьютер жанына қойылатын өсімдік /Кактус/

7. Ақпараттық процесстерді зерттейтін ғылым (информатика)

8. Оң жақта орналасқан символдарды жоятын перне (Delete)

9. Writeln операторының қызметі? (экранға жолды шығарған соң меңзерді жаңа жолға ауыстырады)

10. Бүтін типті айнымалылар қандай идентификаторы көмегімен жазылады? (Integer)

Әділқазылар, сөз кезегі өздеріңізде. Әділ – қазылар алқасының бағаларын көрсек. Рахмет


Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білім шыңына.

Ұқыптылық пен зеректілік,

Жеткізер сіздердей өренді,

Жеңістің мынау шыңына - дей келе келесі кезеңіміз яғни екінші бөліміміз

2-бөлім «Құпия алаң» деп аталады

Ойынның шарты бойынша топ өзіне кез-келген ұяшықты таңдайды, ұяшық астында сұрақ жасырылған, сұраққа дұрыс жауап берген жағдайда ұпай саны көрсетіледі. Егер таңдаған ұяшықтағы сұраққа дұрыс жауап берілмесе басқа топқа жауап беруге мүмкіндік беріледі.

Нақтылы жауап, сапалы  шешім бере біл,

Қарсыластарды сайыстарда жеңе біл.

дей келе сайысымыздың келесі 3-ші бөлімі Ойлан тап!»

3- бөлім  «Ойлан тап!» деп аталатын бөліміне кезек береміз. Бұл кезеңде топ басшыларына суреттер беріледі, топ басшысы өз тобының мүшелеріне мимикамен суретті бейнелейді. Топ мүшелері суретке қарамай тұрып суретті тауып, жауап беру керек. ( 2 мин ойланғанға)

1-топ - жүйелік қорап, кактус, наушник, жүзім - 20

2-топ – қарындаш, калькулятор, телефон, флешка - 20

3-топ – глобус, тінтіуір, сағат, доп - 20

4-топ – принтер, кітап, штанга, гүл. (Әрбір дұрыс жауапқа 5 ұпайдан беріледі) -20

Бәрікелді

4-бөлім

Ақпараттану күнбе – күн,

Тез – ақ дамып келеді.

Таппай іздеп жүргенің,

Компьютерге енеді.

Керек емес демессің,

Аздаған болса хабарың.

Үйрену керек бәрінде,

Ақпараттық заманың – дей келе сайысымыздың келесі бөлімі «Жылдам тағыда жылдамырақ» деп аталады. Тақтада «ПРОГРАММАЛАНҒАНДЫҚТАН» деген сөз беріледі. Арнайы парақша таратылады. Тақтадағы сөзден  5 минут ішінде сөз құрау  керек. (Әрбір сөзге 1 ұпай беріледі).

 Осымен 4-бөлім аяқталды әділ-қазылар алқасының бағаларын көрсек.

Білімнің ұшқырлығын танып сен,
Асып-тасып, асықпа, қалыспа сен!
Уақыт деген зымыран, зулап жатыр,
Шапшантық бұл сайыста қажет екен -дей келе
5 – бөлімді бастайық
 
5- бөлім « Мақал –сөз мәйегі».
- бұл бөлімде топтарға информатикаға байланысты аударылған мақалдар беріледі, әр топ тақтадан өзіне ұнаған шарды таңдайды, сол шардың астында мақал-мәтел жасырылған, мақалдардың дұрыс жағын айту керек, дұрыс аударылған мақалға

5-ұпай беріледі.
1. Байт биттен құралады (Теңге тиыннан құралады) -5
2. Білмесең, «Googlе»-дан сұра (Білмесең білгеннен сұра) -5
3. Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы одан да жақсы (Бір бас жақсы, ал екі бас одан да жақсы). -5

4. Антивирусы күштіні-Вирус ала алмайды (Досы жақсыны – жау ала алмайды) - 5

Осымен бұл қызықты тамамдасақ,
Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ?
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағы да үйренеміз аман болсақ!
----------------------------------------
Жетпесіңе жеткізген,
Қызықты уақыт өткізген.
Бар ғылымды сыйдырып,
Білетіні көп бізден.
Жаңалықтың жаршысы,
Жұртты елең еткізген
Физика-информатикаға мың алғыс! – дей келе әділ қазылар алқасына сөз кезеңін береміз.
( топтардың қорытынды ұпайларын санап, жеңімпазды анықтайды, марапаттау рәсімі).


Жүрекке адалдықтың еккен гүлін,

Ғажайып келешектің төккен үнін.

Ардақты қонақтарға шын көңілден,

Жолдаймыз біз алғыс бүгін.

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет! Келген қонақтарымызға қанаттарыңыз биікке қағыла берсін. Алар асуларыңыз көп болсын деген ниетпен біз сайысымызды тәмәмдаймыз. Қош, сау болыңыздар!







Тексерді ________

10.12.2016ж.





Үлкеншыған орта мектебі

Коммуналдық мемлекеттік мекемесі











«Білімді азамат-ел ертеңі»

(сайыс сабақ)





Физика-информатика пәндер мұғалімдері













2016-2017 оқу жылы































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!