«№40 жалпы орта білім
беретін мектебі»
Информатика пәнінен
сыныптан тыс іс-шара
«Ғажайып
Информатика»
6 сынып оқушыларына арналған
ойын
Дайындаған:
Ақтөбе
қаласы
2020 –
2021 оқу жылы
Сабақтың
тақырыбы: «Ғажайып
Информатика»
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік: оқушылардың информатика
пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, танымдық іс - әрекеті мен
ақпараттық мәдениетін
қалыптастыру.
Дамытушылық: ойлау қабілеттерін
дамыту, сөз мәдениетін жетілдіру, шығармашылық ізденістерін
арттыру.
Тәрбиелік: өз білімдерін дамытуға,
бір – бірін құрметтеуге, информатика пәні туралы білімін
толықтыру.
Сабақтың
типі: Сыныптан тыс жұмыс
Жабдықталуы: Интерактивті тақта, тапсырмалар, викториналық
сұрақтар.
Көрнекілігі: Слайд
презентация.
Пән аралық
байланыс: ағылшын тілі, қазақ тілі, математика, орыс
тілі.
Сабақтың өту
барысы:
І.
Ұйымдастыру.
1. Сайыс жоспарын
таныстыру.
Жарыс
кезеңдері:
І. “Кім жылдам?” (Әр топқа
5 сұрақ қойылады. Дұрыс жауапқа 1 ұпай
беріледі).
ІІ. “Тіл - өнер”
(Жұмбақталып 10 жасырын сөз оқылады. Сол сөзді тауып қазақ, орыс,
ағылшын тілдерінде айтқан оқушыға 3 ұпай, ал екі тілде айтса 2
ұпай, бір тілде айтса 1
ұпай).
ІІІ. “Логикалық ойлау”
(Логикалық есептер беріледі, дұрыс жауапқа 1
ұпай).
ІV. “Адасқан әріптер”
(Дұрыс жауапқа 5 ұпай).
V. «Тапқыр болсан тауып
көр» (Информатикаға қатысты торкөзде сөздер жасырылған дұрыс
жауапқа 5 ұпай)
VI.
Марапаттау.
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Ғажайып Информатика» атты
сайысымызға қош келдіңіздер!
Компьютер – сенің
көмекшің
Қаламың, әрі
қағазың!
Керек емес
демессің,
Аздаған болса
хабарың.
Үйрену керек бәрін де
–
Ақпараттық заманың! – дей келе
«Ғажайып
Информатика» атты ойынымызды бастайық.
Бірінші кезекте топтармен
таныс болайық.
6
«ә»
6
«б»
6
«г»
Ойынымыздың «Кім
жылдам?» деп
аталатын І кезеңін
бастайық. Бұл бөлімде
ойыншыларға сұрақтар қойылады. Жауап нақты, тез болу керек. Әр
дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.(слайд)
I топ.
-
Ақпаратты шығару құрылғысы
(Принтер)
-
Қағаздағы ақпаратты компьютерге тікелей енгізетін
құрал (Сканер)
-
Ақпаратты өңдеу құрылғысы
(Процессор)
-
Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі
(бит)
-
Компьютерге зақым келтіретін арнайы шағын
программа? (вирус)
II топ.
-
Адам көзі мен монитор арасындағы ара қашықтық
қанша болу керек? (60 - 70 см)
-
Дүниежүзілік компьютер арасындағы байланыс ортасы
(Интернет )
-
Бит қандай цифрлардан тұрады? (0 және
1)
-
Вирустың кері әсерін жоятын программа
(Антивирус)
-
Бас әріп режимін іске қосатын перне?
(CapsLock)
Жүргізуші: Топтардың жауап
бергендеріне байланысты ұпайларын
береміз.
Жас достарым, мұны айтпаймын
несіне,
Информатиканы құрметтеу менің
есімде.
Қазақ, орыс, ағылшын тілін
білсеңіз,
3 ұпай, шәкіртім саған несібе, - дей
келе
“Тіл -
өнер” атты ІІ
кезеңімізді бастайық. Бұл
кезеңде жұмбақ беріледі. Жауабын тауып, сөзді орыс, ағылшын
тілдеріне аударасыздар. Бір тілде жауап берсе 1 ұпай, екі тілде
жауап берсе 2 ұпай, 3 тілде жауап берсе 3 ұпай
қосылады.
Тұнып тұрған әлек. (монитор -
монитор)
Тұрмай ылғи
жатады.
Қозғала қалса
артынан,
Ешбір белгі қалмайды. (бос орын пернесі - пробел
- blank)
Компьютер жаны мекені (кактус - cactus -
тікенекгүл)
Жазады қалам, қағазсыз (пернетақта - клавиатура -
keyboard)
Қажетті файлды ашасың (тышқан - мышка -
maus)
Ұзындығы жазулы тұр
бойында. (сызғыш, линейка, a
ruler)
Ақылың болса
аттама. (кітап, книга,
book)
-
Түйеқұс таразыда бір аяғымен тұрғанда 12 кг.
тартады. Ал егер екі аяғымен тұрса, қанша
тартады? (он екі, двенадцать,
twelve)
-
Батырмасын
басасың
Қажетті файлды ашасың (тышқан, мышь,
mouse)
Бейнебетте төртбұрыш болып бейнеленеді. (терезе,
окно, windows)
Жүргізуші:
“Логикалық ойлау” атты ІІІ
кезеңімізді бастайық. Бұл
бөлімде логикалық есептер, сұрақтар беріледі дұрыс жауапқа 1
ұпай.
Логикалық
сұрақтар:
1. Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған
қарама – қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар? -
4
2. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат
бір стакан шиені жеп қойды.
неше стакан қалды? - 3 стакан
3. Үш ат жегілген шана бір сағатта 15 км
жүріп өткен. Әрбір аттың жылдамдығы қандай еді?
(15км/сағ)
4. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту
үшін оны қалай лақтыру керек? -
жоғары–
5. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы
бар. Бірінші не жағасыз? – шырпы–
6. Баспалдақ 15 басқыштан
тұрады. Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышта тұру
керек? – 8.
Жүргізуші: Ойынымыздың IV кезеңі
“Адасқан әріптер” бұл кезеңде
информатикаға қатысты сөздер берілген. Осы адасқан әріптер арқылы
дұрыс сөз құрастыру. Дұрыс жауапқа 5
ұпай.
-
Нимотор -----------
Монитор
-
Пьюромтек -------
Компьютер
-
Енрепатқат --------
Пернетақта
-
Лайф ----------------
Файл
-
Рльоукятакл ------
Калькулятор
-
Атқсуа --------------
Сақтау
-
Аэкторикелн -----
Электроника
-
Дңеөу --------------
Өңдеу
Жүргізуші:
«Тапқыр болсан тауып
көр» атты бесінші
кезеңімізді бастайық. Берілген торкөздердегі әріптерден кім
жылдам және информатикаға қатысты атауларын табар екен?
Топтардың тапқан сөздеріне байланысты ұпайларын береміз.Әр жауап 5
ұпай
Жауап: бұл жерде информатикаға
қатысты 7 сөз жасырылған (МОНИТОР, КОМПЬЮТЕР, ВИРУС,
ПЕРНЕТАҚТА,ТЫШҚАН, АҚПАРАТ)
Әділқазыларға сөз беріледі. Ойынның қорытындысы айтылып, оқушыларды
марапаттау.
Жүргізуші. Бүгінгі
көріп тамашалаған «Ғажайып
Информатика» атты сайысымыз өз мәресіне жетті.
Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз
шексіз!
Нимотор
-----------
Пьюромтек -------
Енрепатқат
--------
Лайф
----------------
Рльоукятакл
------
Атқсуа
--------------
Аэкторикелн -----
Дңеөу
--------------